«Балдырған» балабақшасы мм



жүктеу 43.52 Kb.
Дата01.03.2018
өлшемі43.52 Kb.

«Балдырған» балабақшасы ММ
(Баяндама)


Дайындаған: мектепалды даярлық «Жұлдыздар» тобының

тәрбиешісі Мусина М.Б.


Державин қаласы

Өсімдіктерді бала көзімен зерттеу

Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп, оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа тәуелді болып, оның аясында төл баласы болып өскен ата-бабаларымыздың туған жерге, табиғатына деген қарым-қатынасы халық педагогикасынан айқын көрініс тапқан.

Көпшілік жұрт қауым өзін қоршаған ортаны, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерд, жеке адамның басындағы құбылыстарды түсінуге, басқаларға түсіндіруге әрекет жасап, өз танымын кеңейтіп отырған. Табиғат таным процесі ұрпақтан-ұрпаққа жарасымды жалғасын тауып, жетіліп дамыған. Осы көзқарас негізінде халық педагогикасы сияқты халық философиясы да болғанын, ауыз әдебиетінің үздік үлгілерінен көрініс тапқанын атап айту керек.Бала сәби шақтан бастап-ақ халықтың бай мұрасынбойына сіңіріп өссе, табиғаттың сан сырын, қоршаған ортаны қадірлеуге, қорғауға , сақтауға, ынтасы зор болатыны белгілі.

Табиғаттың әсемдігін көріп, сезіне білу балалардың өмір тәжірибиесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық шексіз сүйіспеншілігін күшейтеді.

Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер-ана, туған жер, атамекен түрінде көп айтылады.Осыған орай халық арасында нақыл, даналық сөздер жиі кездеседі. «Жолға ағаш еккен сауап» деп ата-бабамыз табиғаттың жанашыры болып,келер ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеген. «Жері байдың елі-бай», «Күте білсең жер жомарт», «Жер –байлықтың көзі» сияқты нақыл сөздердің түп-төркінінде қаншама тәрбиелік мән жатыр.Табиғаттық бар байлығы жермен тікелей байланысты, содан ғана нәр алады. Бұл табиғаттың құбылыстары, заңдылықтары мен байлықтары бір-бірімен өзара байланысты, әрі олар бір-біріне тәуелді деген ұғымды білдіреді.

Халқымыздың ерекше қастерлеп, талай ғасырлар бойы аялы қамқорлық жасап келген табиғат байлығының бір тобы-өсімдіктер әлемі. Өсімдік өссе-тамақ, саялы баспана, күнделікті малыңа өріс, өзіңе қоныс болған.Ата –бабамыз өз ұрпғына «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал кессең он тал ек», «Шөпті жұлма, көктей соласың», «Ағаш ексең аялап, басына болар сая бақ»,деп табиғаттың көз тоймас әсемдігін, ну орман бар жер сұлу болатынын, ағаштың тигізер пайдасын түсіндіріп, әсемдіктің белгісі, таза ауаның кепілі екенін, табиғаттың сұлулығына мән беріп,күтіп баптау қажеттілігін міндеттеп отырған. Осындай нақыл сөздерді балалардың табиғат жайындағы білімін кеңейту мақсатында орынды пайдалану әрбір біздердің яғни тәрбиешілердің басты міндетіне айналуы тиіс.

Балаларға өсімдік тірі ағза, олда тіршілік ететінін түсіндіре отырып,өсімдіктер далада және бөлмеде өсетінін және олардың тіршілік ету ортасы, жалпы өсімдіктерді қалай күтіп баптау керек екені жайында мол мағлұматтар бере отырып, балалармен «Өсімдікте әлеміне саяхат» деп бір күнімізді арнап, балалармен бірге өсімдіктердің тіршілік ету әрекетін зерттедік.Яғни саяхатымызды саябаққа барудан бастадық. Саябақта ағаштардың жапырақтарына зер сала отырып, неліктен жаздағы жасыл жапырақтар жасыл түсті болатынын және қазіргі уақытта яғни күзде неге сары түске, қызыл түске айналып бара жатқаны балалардың қызықтырған сауалына жауап бере отырып,жапырақтар дың жерге түсу себебін де айта кеттім.Балалар үшін бәрі қызық.

«Әр нәрсені білмекке» құштарлықтан туатын бала жастан қалыптасқан әдет пен дағдының орны бөлек емес пе? Бұл орайда бала бойындағы құштарлықтың, яғни қайнар бұлақтың көзін ашып, орынды арнасына салу-біздердің , үлкендердің міндеті,сондай мақсатта балаларды не қызықтыратыны, нені білгісі келетінін, тағы да көкейлеріндегі мазалап жүрген ойларын оқи отырып, ағаштар қалай өсетінін, неге өсіру керектігін, қыста ағаштың жапырақтары неге болмайтынын, көктемде бүршік жарып,қайта ағаштың жапырақтары өсетіні жайында балабақша маңайындағы жас шыбықты ағаштарды көрсете отырып түсіндірдім. Балалар ағаштарға үлкен қызығушылықпен зер салып,кішкентай ағаштар апай үлкен болып, саябақтағы ағаштардай бола ма, олардың да жапырақтары өсіп, күзде түсе ме, деген тағысын-тағы толып жатқан сұрақтарын тыңдай отырып,ағаш үлкен болып өсу үшін суарып, күтіп баптау керек деп айтып жатқанымда балалар менің жауабыма «Апай, көп су құяйықшы тезірек үлкен болып өсіп кетсінші» деген тілектерін де айтып қалып жатты.

Саябақта жүргенімізде жапырақтың түрлерімен таныстыра кеттім, әр жапырақтың түрінен балаларға жинаттым.Жапырақты жинағанда балалар бір-бірімен жарыса жүріп, көп жинауға тырысты. Кейбір зейінді балалар жапырақтардың көлемі әртүрлі болатынын байқап қалып жатты және әр түрінен жинап беріп жатты. Осы орайда балалардың назарын жапырақтардың әртүрлігініне аудартып, әр ағаштың жапырағы әртүрлі болатынын айтта кеттім.

Сонымен қатар балабақша ауласында өсіп тұрған әсем гүлдерді көрсетіп, олар дала гүлдері және оны не үшін өсіретіні жайында айтып жатқанымда балалар гүлдердің өсіп тұрғанын тек қана жаңа ғана байқағандай «Апай, қандай әдемі гүлдер, иіскеуге болама, ұстайықшы, кім оны өсірді деп таң қалысып жатты. Топта бөлме өсімдіктер жайында кеңірек мағлұмат бере отырып, екі түрлі гүлдерді балалармен бірге қалай өсіп тұрғанын зерттедік. Яғни суарылмаған, жапырақтары солып бара жатқан бір гүлді алып, неліктен мұндай күйге түскенін және құлпырып, әдемі өсіп тұрған гүлді салыстыра отырып, өсімдіктер адамның көмегін, күтіп-баптағанын күтетінін, сондықтан да су құйсақ мына гүл екі-үш күннен кейін қайта құлпыра кететінін айта кеттім, Ал дала гүлін бөлме де өсіре алмаймыз,олар көп тұрмай өліп қалатын жайында айтып жатқанымда балалар даладан бөлмеге бір гүл әкеліп қояйықшы, оны да

зерттеп көрейікші деген тілегінен байқағаным балалар өсімдіктерді зерттеуге қатты қызығады.

Табиғатты аялай білу, қорғауға тәрбиелеу үшін балаларға көрсете отырып, немесе зерттей отырып түсіндірсе балалардың есіңде жақсы сақталады. Өйткені бала ес білгеннен бастап үлкендерден естіген өнеге-өсиеттерінен сусындап өседі.Табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланып,оны қорғау үшін еңбек етуге жетелейді. Бала тәрбиесін дұрыс жолға қоюға жетелейді.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет