Бүгін үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасап, минералды тыңайтқыштарды пайдалануға тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: botanichka.ru

Министрдің сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында барлық өңірге тыңайтқыштарды қолдану бойынша индикаторлар жеткізілген. 

“Биыл шамамен 1,5 млн тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр, бұл ғылыми қажеттіліктің 46%-ы. Өз кезегінде, тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда”, – деп атап өтті ол. 

Десе де ауыл шаруашылығы басшысының бұл саладағы ең өзекті мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігі екенін де тілге тиек етті.

“Бірінші және ең маңызды мәселе – қаржыландыру. Жыл сайын тыңайтқыштардың құнын арзандату бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының тапшылығы сақталып отыр”, – деді Айдарбек Сапаров.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.