Балшықтан жасалған косметикалық масканы дайындау мен қолдану ережелері



жүктеу 17.57 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі17.57 Kb.

Балшықтан жасалған косметикалық масканы дайындау мен қолдану ережелері:

Балшықтан жасалған косметикалық масканы дайындау мен жағу сұлбасы басқа кез-келген маскаларға ұқсас.



  1. Балшықтан жасалған косметикалық масканы таңдағанда және қолдану кезінде, қосымша енгізілетін ингредиентке әсерін міндетті түрде тексеріңіз. Өзіңіз дайындаған өнімді міндетті түрде білектің терісіне жағу арқылы алдын-ала сынамадан өткізіңіз.

  2. Егер тері жамылғысында қандайда бір қатерлі мәселе болса (іріңді қабыну, ашық жаралар, терінің зең ауруы) алдын-ала дерматолог-маманнан кеңес алу қажет.

  3. Балшықты қолдану кезінде мимикалық қозғалыстарды жасамау ұсынылады: жатып демалыңыз. Бар болғаны 15–20 минут.

  4. Масканы жылы сумен жуу керек;

  5. Балшықтан жасалған масканы аптасына екі рет қолданыңыз. Бұл тұрақты әсер мен алынған нәтижені нығайтуды қамтамасыз етеді;

  6. Косметикалық балшықты қолдану курсы терінің түріне тәуелді және жеке көндігу қабілеттілігіне байланысты 10-15 рәсімді құрайды, курстан соң 10 күн үзіліс жасау ұсынылады.


Көк балшықтан жасалған маска
Ағартатын масканың рецепті:

* көк балшықты (2 ас қасық) қышқыл сүтке (1 ас қасық) араластырып, қызанақ шырынын (1 ас қасық) қосу керек.


Әмбебап масканың рецепті:

* Бірдей өлшемде көк балшық пен айран немесе қаймақты алыңыз. Араластырып, бетіңізге көзбен еріннің айналасынан басқа жерге жұқа қабатпен жағыңыз. Маска құрғаған бетте, оны сумен жуыңыз. Маска қалыпты және майлы бет терісіне арналған.


Көк балшықтан жасалған аралас бет терісіне арналған дәруменді масканың рецепті:

* 1/2 ас қасық көк балшықты ½ ас қасық майсыз қаймақпен араластырыңыз. 1 шәй қасық ұсақталған жүзім мен қарбыз балдырын қосыңыз. Қоспаны бетіңізге жағып 10 минут қойыңыз, уақыт өткен соң салқын сумен жуыңыз. Ұнтақталған ақжелкен жапырағынан 1 ас қасық, 2 ас қасық қышқыл сүт және 1 шәй қасық көк балшықтан қоспа дайындаңыз. Қоспаны бетіңізге жағып жарты сағаттан кейін түймедақ тұндырмасымен жуыңыз. Маска ағарту қасиетіне ие.



Бір (кез-келген) масканы қолдану арқылы, оның бет терісіндегі мәселені жасырып қана қоймай оның себебін жоятынына көзіңіз жетеді. Өнімді ұзақ уақыт жүйелі түрде қолдану бет терісінің әр түрлі мәселелерінен құтылуға көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет