Балтасап негізгі мектебінің бастауыш сыныптары бойынша аналар мерекесіне арналған танымды да тәр



жүктеу 24.5 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі24.5 Kb.

«Ана-бала – бір ұғым»

Балтасап негізгі мектебінің бастауыш сыныптары бойынша аналар мерекесіне арналған танымды да тәрбиелігі мол кеш өтті.

Кіріспе бөлімінде аналарға арналған балаларының арнау өлеңдері айтылып , жеке әндер шырқалды.Әсіресе үшінші төртінші сынып оқушыларының «Қара жорға» биін үлкен қошеметпен қабыл алды.

Екінші кезеңінде аналар балаларымен бірге дастархан басына төрт топ болып жайғасты.Әрқайсысы өзіне сыйлаған гүл бойынша топтарымен сайысқа түсті.Бастауыш сынып мұғалімі Иманқұлова А.Б алдын ала әр топқа сайыс бағдарламаларын таратты. Дастарханнан дәм тата отырып, ортаға шығып, берілген тапсырмаларды орындады.Апалардан құралған «Қызғалдақ» тобы өз өнерлерімен ерекше көзге түсті. Сонымен бірге «Бәйшешек», «Жауқазын», «Раушан» топтары да өз кезектерінде белсенділік танытты. Мектеп психологы Атағұлова А.С қонақтармен бірге қызықты тренингтер өткізді. Кеш соңында топтар әр номинация бойынша марапатталды.Балалар аналарына арналған сыйлықтарын ұсынды.Кеш соңында Қажы әже өздерінің осы кеште демалып, жасарып қалғандарын айтып, шын көңілмен жақсы тілектерін білдірді.



Ақтоғай ауданы,

Балтасап негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі :

Қажмағамбетова Р.Ж.


Дені сау ұрпақ- елімнің ертеңі

Жастық шақ – өзгерістер белеңі, қоғамдық өмірдің маңызды орындарына ие болу кезеңі.Ата – анасының жанында еркін өскен жас буын уақыт өте келе достарына тәуелді болып,олардың ыңғайына қарай бейімденеді.Достарының ортасынан ажырау- жас буын үшін ең қиын жағдайлардың бірі болып келеді. Темекі, алкоголь, есірткі тәрізді кез келген зиянды заттарды қолдануға еш қиындықсыз бет бұра алады.Балалардың зиянды әдеттерден қорғау үшін бос уақыттарын пайдалы жұмыстармен айналысуын қамтамасыз ету басты шарт.Ол үшін түрлі шаралар өткізіп, балаларды қызықтыруымыз керек.Мәселен: Балтасап негізгі мектебінде психолог Атығұлова Анар Самарханқызының жетекшілігімен «Денсаулық апталығы» өтті. 1-ші күні психолог барлық сыныптарда «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында баяндама оқылды. 2-ші күні әр сынып өздеріне берілген тақырып бойынша рефераттар даярлады. Мәселен, «Нашақорлық –ең ауыр індет» - 9 сынып оқушылары, «Ішімдік-сатып алған ауру» - 8 сынып оқушылары, «Темекінің адам өміріне зияны» - 7 сынып оқушылары, «Дені саудың – жаны сау» - 5-6 сынып оқушылары, сонымен бірге « Уланбасын өміріміз» атты өлеңдер, газеттерсайысы өтті.

Дене шынықтыру мұғалімі Сматаев Жұмабек Рахметұлы мен тәлімгер Жүсіпова Әсем Төлеуліқызының ұйымдастыруымен эстафеталық ойындар өтті. Соңғы күні сыныптар « Өмір –көтеріңкі көңіл» әдеби –музыкалық қойылым қойды. Бастауыш сыныптар үшін « Біз салауатты өмір сүруді қалаймыз!» атты суреттер сайысы өтті. Оқушылардың суреттерінен мектепте көрме ұйымдастырылды. Апталықтың қорытындысы шығарылып, белсенді оқушылар әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған апталық Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналды.Еліміздің болашағы -дені сау ұрпақтың қолында!




Бастауыш сынып мұғалімі:


Қажмағамбетова Рауза Жатбекқызы

Балтасап ауылы

Құрметті редакция алқасы! Мен сіздердің 2003 жылдан бері тұрақты оқырмандарыңыздың бірімін. Сіздерге жолдаған мақалаларымды уақытында газет бетіне жариялап отырғандарыңызға алғысымды білдіремін.
Каталог: uploads -> 2017 -> post10
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г
post10 -> Әдістемелік баяндама Тақырыбы: «Компьютерлік желілер туралы түсінік, оның тағайындалуы»
post10 -> «Қант және оның пайдасы мен зияны» Дайындаған: ТҰ-43 топ студенті : Жамбыл д жетекшісі арнайы пән оқытушы: Закираева Р. Шардара
post10 -> Сабақтың тақырыбы Жай бөлшектерді қосу және азайту Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
post10 -> Бастауыш сыныптарда информатиканың элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі
post10 -> Баяндама:"Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы " Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде
post10 -> Кіріспе I. Теориялық бөлім
post10 -> Жубаниязова Гульнара Камановна


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет