Алматы полиция департаменті мектеп оқушысына қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеуді тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.zom

Полицияның хабарлауынша, тергеу қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылды. 

"Сараптама мен мамандар жүргізген зерттеулер сексуалдық зорлық-зомбылықты растамады. Алматы қаласының прокуратурасы тергеу органының шешімімен келісті", – делінген хабарламада.

  • “Анасы тергеуге кедергі келтірді”: Полиция Алматыдағы беделді мектептегі зорлау дерегіне қатысты мәлімдеме жасады
  • Алматыдағы беделді мектептегі бала зорлау оқиғасы: Оқушының анасы сұмдық деректердің бетін ашты

Еске салайық, 1-сыныпта оқитын оқушының зорланғаны туралы 2023 жылдың күзінде анасы хабарлаған еді. Оның айтуынша, баласы үйге жыртық киіммен оралған, келесі аптада оның денесінен жаралар мен сызаттар анықталыпты.

Тергеу басталғаннан кейін мектеп әкімшілігі полицияға бейнебақылау камераларының бейнежазбаларын берді. Жанжал кезінде мектеп дәретханаларына мұндай камера орнату туралы бастамалар көтерілгенімен, оқу-ағарту министрлігі этикалық жағын рұқсат берілмейтінін атап көрсетті.

Бұған дейін Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тергеуді бастағаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.