«Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы»



жүктеу 428.11 Kb.
бет1/2
Дата02.05.2019
өлшемі428.11 Kb.
  1   2

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2014.16.07 № 147 ҚАУЛЫСЫ

Дата: 01.03.2017 10:10:08


Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 Қаулысы

(2016.30.05. берілген өзгерістермен)

 

Нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 



Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Қ. Келімбетов

 

Қазақстан Республикасының



Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 16 шілдедегі

147 қаулысына



қосымша

 

 



Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық актілердің

тізбесі

 

1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 тіркелген).



2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 115 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4681 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы мамыр-маусымда жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысының 13-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы мамыр-шілдеде жарияланған).

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4847 тіркелген).

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5156 тіркелген).

6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 192 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5443 тіркелген).

7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 шілдедегі № 137 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5748 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 4 қыркүйекте № 134 (1557)), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жылы № 9 жарияланған).

8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 20 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6133 тіркелген).

9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесiнің 10-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 26 тамыздағы № 14 және «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған).

10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6556 тіркелген).

11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7661 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 16 тамызда № 516-521 (27594) жарияланған).

12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 379 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8316 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 18 мамырдағы № 129 (28068) жарияланған).

 

Қазақстан Республикасының



Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 16 шілдедегі

147 қаулысымен



бекітілген

 


Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін

(уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері

қағидалары

 

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) банк және өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан (бұдан әрі - лицензия) айыруға байланысты банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі - ұйым) уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау тәртібі, ұйымның жұмыс тәртібі және ұйымның уақытша әкімшілігінің өкілеттіктері айқындалады.

 

 

1. Жалпы ережелер



 

1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

1) уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарушы) - уәкiлеттi орган мүліктiң сақталуын қамтамасыз ету және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн тағайындайтын орган (бұдан әрі - уақытша әкiмшiлiк);

2) уақытша әкiмшiлiктiң басшысы - уәкiлеттi орган Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз қызметкерлерінің қатарынан не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың қатарынан тағайындайтын адам;



3) уақытша әкiмшiлiктiң мүшесi - уәкiлеттi орган өз қызметкерлерінің қатарынан не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың қатарынан, уақытша әкiмшiлiктiң жұмысына қатысу үшiн тағайындайтын адам.

 

 



2. Уақытша әкімшілікті тағайындау тәртібі және оның құрамы

 

2. Уақытша әкiмшiлiк уәкiлеттi органның шешiмiмен тағайындалады.



Уақытша әкiмшiлiк ұйымның лицензиядан айырылған күнінен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңге тағайындалады.

3. Уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінде:



1) ұйымның толық әрі қысқартылған атауы;

2) уәкілетті органның ұйымды лицензиясынан айыру туралы шешімінің күні және нөмірі;

3) уақытша әкімшіліктің қызмет ету мерзімі;

4) уақытша әкімшілік басшысының және мүшелерінің, олардың лауазымдарын көрсете отырып, тегі, аты, болса әкесінің аты;

5) уәкілетті органның уақытша әкімшілікке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау туралы тапсырмалары көрсетіледі.

4. Уақытша әкімшіліктің құрамын ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінің болуына, сондай-ақ алдағы жұмыс сипатына және көлеміне қарай уәкілетті орган айқындайды.



Уақытша әкімшілік басшысы және мүшелері уақытша әкімшіліктің құрамына уәкілетті органның қызметкерін тағайындау жағдайын қоспағанда, олардың келісімімен тағайындалады.

Уақытша әкімшіліктің құрамына кіретін, уәкілетті органның, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкерлері болып табылатын адамдар уақытша әкімшіліктегі қызметінің барлық кезеңіне негізгі жұмыс орны бойынша лауазымдық міндеттерді орындаудан босатылады.

Көрсетілген кезеңде оның жалақысы және негізгі жұмыс орны бойынша белгіленген өзге де төлемдер сақталады.

Уақытша әкімшілік басшысы болып Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, жоғарғы экономикалық не заңгерлік білімі және қаржы ұйымдарында жұмыс тәжірибесі бар адам тағайындалады. Уақытша әкімшілік басшысы болып уәкілетті органның, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметкері тағайындалған жағдайда қаржы ұйымдарында жұмыс тәжірибесінің болуы талап етілмейді.

Басшының жазбаша тапсырмасы бойынша уақытша әкімшілікке оған жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру, сондай-ақ уақытша әкімшілік қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін көмек көрсету қажеттігі туындаған уәкілетті органның қызметкерлері ұйым иеленген үй-жайларға кіруге және уақытша әкімшіліктің басқаруындағы құжаттарға рұқсат беріледі.

5. Уақытша әкiмшiлiктiң құрамына:



1) ұйымның қызметкерлері, оның iшiнде ұйымның, оның филиалдарының, өкілдіктерінің және еншiлес ұйымының басшылары, басқару органы мен атқару органына кiретiн адамдар, сондай-ақ бас бухгалтер, ревизиялық комиссия басшысы (ревизор) және ұйымның iшкi аудит қызметiнiң басшысы;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйыммен үлестес тұлға;

3) Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, ұйымның кредиторы болып табылатын адам;



4) ұйым алдында берешегi бар адам;

5) соңғы жыл iшiнде қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам;

6) уәкiлеттi орган лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдағанға дейiн бiр жылдан артық емес кезең iшiнде қаржы ұйымында жұмыс iстеген адам кірмейді.

6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің уақытша әкімшілігінің құрамына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері кіреді. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің құрамына Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өкілдері кіреді.

 

 

3. Уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері



 

8. Уақытша әкiмшiлiк уәкiлеттi орган оны тағайындаған күнi өз мiндеттерiн орындауға кiрiседi. Уәкiлеттi органның ұйымды лицензиясынан айыру және уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмдерiнiң көшiрмелерiн уақытша әкiмшiлiк ұйымның басшысына қол қойдырып тапсырады.

Уақытша әкімшілік тағайындалған күні ұйымда Банктер туралы заңның 62-бабына, Сақтандыру туралы заңның 55-1-бабына сәйкес тағайындалған ұйымды басқару жөніндегі уақытша әкімшілік жұмыс істеген жағдайда, уәкілетті органның лицензиядан айыруға байланысты тағайындалған уақытша әкімшілік тағайындау туралы бұйрығы ұйымды басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің басшысына (басшының орынбасарына) қол қойдырып тапсырылады.

Уәкiлеттi органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешiмдерін қол қойдырып тапсыруға мүмкін болмаған кезде уақытша әкімшілік бұл туралы акт жасайды және уәкілетті органға хабарлайды. Уәкiлеттi органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешiмдері жөнінде ұйым басшысына хабарлау Қағидалардың 16-тармағының 3) тармақшасында көзделген шараларды жүзеге асыру арқылы жеткізіледі.

Ұйым басшысының (оның орнындағы адамның) болмағаны немесе оның уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешiмдерімен танысып шығудан бас тартуы уақытша әкімшілікке ұйымның үй-жайына кіруге, мүлкі мен құжаттамасын көруге кедергі жасамаса, уақытша әкімшілік уәкілетті органның оны тағайындау туралы шешімінде көрсетілген күні өз міндеттерін орындауға кіріседі.

Ұйымның басшысы (оның орнындағы адам) немесе өзге де адамдар уақытша әкімшілік жұмысына кедергі жасайтын болса, Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында белгіленген іс-қимылдар жүзеге асырылады.

9. Уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшіліктің жұмысын басқарады және үйлестіреді, мүлкін сақтауды және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады, уақытша әкімшілік мүшелерінің арасында міндеттерді бөледі.

Міндеттерді бөлуді уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшілік мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы бұйрық шығару және олардың өкілеттіктерін бекіту арқылы жүзеге асырады.

Уақытша әкімшілік басшысы болмаған жағдайда оның міндеттерін басшы уақытша әкімшілік мүшелерінің қатарынан тағайындаған оның орынбасары атқарады.

10. Уақытша әкімшілік ұйым басшысынан және өзге адамдарынан уақытша әкімшілік қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайтын ұйымның, оның ішінде ұйымның филиалдары мен өкілдіктері бойынша барлық мөрлерін, мөртабандарын, клише мен пломбаларын дереу өткізуін талап етеді.



Органдар, ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары), акционерлері және уақытша әкімшіліктің өзге адамдары ұйымның мөрлерін және (немесе) мөртабандарын бермеген жағдайда уақытша әкімшілік мөрлерді және (немесе) мөртабандарды бермегендігі туралы акт жасайды және екі жұмыс күні ішінде мөрдің (мөрлердің) телнұсқасын жасау жөнінде шаралар қабылдайды. Қажетіне қарай мөртабанның (мөртабандардың) телнұсқасы жасалады.

Уақытша әкімшілік мөрдің телнұсқасын әзірлеген күннің алдындағы жұмыс күнінен кешіктірмей, мөрдің телнұсқасының және мөрдің телнұсқасы бедерлемесін әзірленгендігі туралы уәкілетті органға хабарлама жібереді.

11. Уақытша әкімшіліктің жұмыс жасау мерзімі аралығында ұйымның мүлкімен келісім жасауға және жүргізуге, оның ішінде кезкелген нысандағы берешекті өтеуді қоса алғанда, ұйымның міндеттемелерді орындауына, ыңғайлас біркелкі талаптардың сынағын жүзеге асыруға, ұйымның ағымдағы міндеттемелерін орындауға байланысты мәмілелерді жасауға заңнамамен көзделген жағдайлардағы және лицензиядан айырылған күнге дейін туындаған міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға жол берілмейді.



Уәкілетті орган бақылайтын және қадағалайтын функцияларды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкімшіліктің қызметін тексеруді жүзеге асырады.

12. Уақытша әкімшілік шығындарды барынша төмендету мақсатында уәкілетті органға хабарлама жібере отырып, ұйымның мүлкін жалға береді.



Мүлікті жалға бергеннен түскен ақша ұйымның банктік шотына аударылады.

Уақытша әкімшілікпен жасалған жалға беру шартын жасау уақытша әкімшіліктің алғашқы талап етуі бойынша мүлікті босатуға (қайтаруға) және жалданған мүлікті жалға беру (қосалқы жалдау) мүмкін еместігіне кедергі жасауға шектеулер қоюға жалға берушінің келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.

Уақытша әкімшілік жалға алушыны таңдауды тендер өткізу арқылы жүзеге асырады, соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 тіркелген) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату қағидаларының 84-2, 84-3, 84-4, 84-5 және 84-6-тармақтарының талаптарына сәйкес шарт жасалады.

13. Уақытша әкімшілік өзінің қызмет жасау мерзімі аралығында ұйымның барлық үй-жайына кедергісіз кіре алады, қызметтік үй-жайларды, байланыс құралдарын (автомобиль көлігі мен өзге де техникалық құралдар) (бұдан әрі - қызметті қамтамасыз ету құрал-жабдықтары) уақытша әкімшілік қызметін жүзеге асыруға арналған тиесілі ұйымдарды пайдалана алады.

Уәкілетті органның уәкілетті бөлімшесі ұйымның қызметті қамтамасыз ету құрал-жабдығының жоқтығынан немесе оларды пайдалану мүмкіндігі жоқтығынан уақытша әкімшіліктің кіріс және шығыс хат-хабарларын қабылдауды және жіберуді жүзеге асырады, сондай-ақ уақытша әкімшілік уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарға кіру рұқсатын ұсынады.

14. Уақытша әкімшілік ұйымның мүлкін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында ұйымның ақшасы бар болса:



1) үй-жайлардың, ғимараттардың, қақпалардың, металл шкафтардың, сейфтердің (бұдан әрі - арнайы құрылғылар)құлыптарын, кілттерін арнайы кіру құрылғыларын пайдалана отырып, ауыстыруды жүзеге асырады;

2) күзет қызметін (ғимараттар, үй-жайлар, ұйымның мүлкі) көрсететін ұйыммен жасалған шартты бұзып, күзету қызметін ұсынатын басқа заңды тұлғалармен шарт жасайды.

Уақытша әкімшілік уәкілетті органға уәкілетті органның тиісті бөлімшелерінің электронды құжаттарды сақтау мен ұйымның автоматтандырылған жүйесіне кіру рұқсаты үшін пайдаланатын кілттер мен парольді ауыстыру жөніндегі өтінішпен хабарласады.

15. Уақытша әкімшілік тағайындалған күні мынадай іс-қимылдарды атқарады:



1) ұйымның басшысына лицензиядан айыру және уақытша әкімшіліктің тағайындалғаны туралы уәкілетті органның шешімін табыс етеді және лицензиядан айыру және уақытша әкімшіліктің тағайындалғаны туралы уәкілетті органның шешімінің көшірмесін ұйым клиенттерінің шолып шығуы үшін қол жетімді орынға орналастырады;

2) ұйымның басшысынан және өзге адамдардан ұйымды тіркеуге байланысты құжаттарды, ұйымға берілген лицензиялардың түпнұсқаларын, фирмалық бланкілерді, ақпараттың электрондық тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, басқа заңды тұлғалардың құжаттамалық нысанда шығарған бағалы қағаздарын, ұйым меншік иесі болып табылатын жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттарын, кіру кодын, ақпаратқа рұқсат беру мақсатындағы парольдерге байланысты барлық құжаттарды оларға дереу өткізуді талап етеді және оларды қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды;

3) ұйымның кассаларын, банкоматтарын, оның филиалдарындағы, өкілдіктеріндегі және өзге де бөлімшелеріндегі бар барлық ақшаны және өзге құндылықтарды тексеруді (ревизияны) бастайды және оны үш жұмыс күні ішінде аяқтайды;

4) ұйымда банктік шоттардың болуын анықтайды және банктерді лицензиядан айыру және уақытша әкімшіліктің тағайындалғаны туралы уәкілетті органның шешімін, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тек уақытша әкімшілік жүргізетіндігін және банктік шоттар бойынша үзінді көшірмелер ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;

5) осының алдында ұйымның атынан берілген сенімхаттарды жояды, сондай-ақ бұл туралы сенімхатта көрсетілген заңды және жеке тұлғаларды хабардар етеді;

6) Банктер туралы заңның 48-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасымен, Сақтандыру туралы заңның 69-бабы 2-тармағының 6) тармақшасымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады;



7) уақытша әкімшілік тағайындалған күні электронды түрде бар автоматтандырылған жүйенің есепті деректерін жеке электронды тасымалдағышқа көшірме (резервтік көшірме) жасай отырып, бухгалтерлік ақпаратты басып шығаруды жүзеге асырады (банктер үшін - баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін - бас бухгалтерлік кітап). Электронды түрдегі осы ақпарат болмаған кезде осы аталған күнгі қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады.

16. Уақытша әкімшілік мынадай іс-қимылдарды орындайды:



1) ұйымды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және ұйымның барлық құжаттарына қол қояды;

2) тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

Банктің корреспонденттік шоттарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларының талаптарына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері мен мөр бедерлері бар жаңа құжаттарды уәкілетті органға және банктерге ұсынады;



Ұйымның бухгалтерлік есептік деректерімен банктік шоттардағы (оның ішінде шетелдік банктердегі) қалдықтарды салыстырады және салыстыру қорытындысы бойынша акт жасайды;

мүлікті және олармен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асырушы органдарды, сондай-ақ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі», «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі», «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамдарын уәкілетті органның ұйымды лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімімен хабардар етеді және уақытша әкімшілік жасамаған ұйымның мүлікті айыру және мәмілені тіркеу, сондай-ақ ұйым кепіл ұстаушы болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгілейді;

3) уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімдік баспасөз басылымдарының кем дегенде екеуінде орыс және мемлекеттік тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы ұйымның акционерлерін, кредиторларын және дебиторларын мәлімет ретінде хабардар етеді;

4) активтерге, міндеттемелерге (баланстық және баланстан тыс), ұйымның құжаттарына түгендеу жүргізеді, Қағидалардың 6-тарауында белгіленген тәртіп бойынша мүліктер мен құжаттарды қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды, олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

5) толық материалдық жауапкершілігі бар, оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізетін адамдардың және автоматтандырылған ақпараттық жүйеге рұқсаты бар адамдардың ұйымның қаржылық және өзге де есептілігін жасау бойынша аясын анықтайды;

6) ұйымның активтерін анықтайды;

7) ұйымның мүлкіне ауыртпалық қойған органдарға, ауыртпалықты алып тастау туралы өтініш жасайды;

8) қолма-қол ақшаны ұйымның банктік шотына одан әрі есепке алу үшін қолма-қол ақшаның инкассациясын ұйымдастырады;

9) уақытша әкімшілік жұмыс істеген кезеңде қызметкерлермен еңбек қатынастарын жалғастыру қажеттігі жоқ болса, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлермен еңбек шарттарын бұзады;



10) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды тартады;

11) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеулі қызмет көрсету шарттарын бұзады;



12) егер олардың іс-әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) ұйымға зиян келтірілген болса, ұйымның атынан соттарға шағым түсіреді, оның ішінде ұйымның органдары мүшелерін, бас бухгалтерін және өзге тұлғаларын жауапкершілікке тартады;

13) өз функцияларын жүзеге асыру барысында үшінші тұлғалардың қылмыстық белгісі бар іс-әрекет жасағаны анықталса, ақпарат құқық қорғау органдарына жіберіледі және бұл туралы уәкілетті орган хабардар етіледі;

14) ұйымның мүлкі мен құжаттарын қабылдау-өткізу аяқталған соң уақытша әкімшілік тарату комиссиясына уақытша әкімшіліктің жұмысты орындау туралы есебін бекітуге уәкілетті органға ұсынады.

17. Банктің уақытша әкімшілігі мынадай іс-қимылдарды атқарады:



1) тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін жібереді;

2) лицензиядан айырылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 176 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5770 тiркелген) бекiтiлген Банктiк операцияларды жүргiзуге берiлген лицензиядан айырылған банктiң активтерiн және мiндеттемелерiн бiр мезгiлде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргiзу ережесiнде белгiленген тәртiпте банктiң активтерiн және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы мiндеттемелерiн бөлiгiмен не толық көлемде бiр мезгiлде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;



3) тағайындалған күнiнен бастап отыз жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға кепiлдiк берiлуі тиіс депозиттер туралы және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйыммен келiсiлген нысандар бойынша оларға есептелген сыйақы сомасы жөніндегі ақпаратты береді;

4) банкке келiп түсетiн ақшаның, оның iшiнде қарыз алушылардың бұрын берiлген кредиттер бойынша қайтарғанын, қарыздар бойынша сыйақы мен өзге де кiрiстердi, сондай-ақ тұрақсыздық айыптарын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды, банктiң аванстық төлемдерiнiң қайтарылуын, сондай-ақ банкке меншiк құқығында тиесiлi бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражатты қоса алғанда, бұрын жасалған мәмiлелерден болған кiрiстердiң есепке жазылуын бақылайды;

5) «Мерзiмiнде төленбеген есеп айырысу құжаттары», «Банктiң корреспонденттiк шотында ақшаның болмауынан мерзiмiнде төленбеген клиенттердiң есеп айырысу құжаттары» баланстан тыс шоттары бойынша картотекадан төлем құжаттарын қайтарады;

6) банктің клиенттеріне банктің сейфтік ұяшығында орналастырылған мүліктерін қайтарады.

18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгi мынадай iс-әрекеттер жасайды:



1) уәкiлеттi органның лицензиядан айыру туралы шешімін және уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмiн Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына жібереді;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Сақтандыру туралы заңның 54-1-бабында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 171 қаулысымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6722 тiркелген) Сақтандыру портфелін беру ережесінде көзделген тәртiппен уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс сақтандыру портфелiн табыстау туралы шешiм қабылдайды;



3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын және мүлкін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан қабылдау-өткізу жиынтықты актісіне қол қойған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзімде уақытша әкімшіліктің басшысына (уақытша басқарушыға) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарының тiзiлiмiн ұсынады;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, полистерiнiң бланкiлерiн және сақтандыру агенттерiндегi қолма-қол ақша қалдығын алады. Қолма-қол ақша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шотына тапсырылады;

5) орналастырылған сақтандыру резервтерi мен кiрiстерiнiң қайтарылуын, оның iшiнде сақтандыру сыйлықақылары мен өзге де кiрiстердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аванстық төлемдерiн, дебиторлық берешегiн, тұрақсыздық айыптарын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына меншiк құқығында тиесiлi бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражатты қоса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келiп түсетiн барлық қолма-қол емес және қолма-қол ақшаның есепке жазылуын бақылайды.

19. Егер ұйымның басшылары және қызметкерлері немесе олардың тапсыруы бойынша әрекет ететін өзге адамдардың заңсыз әрекет жасауы немесе әрекет етпеуі арқылы уақытша әкімшілік оған жүктелген қызметтерді толық немесе ішінара жүзеге асыра алмайтын жағдайлар жасаса, уақытша әкімшіліктің жұмысты жүзеге асыруына кедергі ету туралы актіні (бұдан әрі - кедергі ету туралы акт) уақытша әкімшілік жасайды.



Кедергі ету туралы акт кедергі ету фактісі анықталған күні жасалады және оған уақытша әкімшіліктің басшысы және мүшелері қол қояды.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.30.05. № 127 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

20. Уақытша әкімшілік кедергі ету туралы акт жасау күні 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес кедергі ету туралы актіні әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді.

Өңірде уақытша әкімшілік мүшесі жасаған және қол қойған кедергі ету туралы актінің көшірмесі уақытша әкімшіліктің басшысына жіберіледі.

 

 



4. Уақытша әкімшіліктің шығыстарын жүзеге асыру, уәкілетті органға ақпарат ұсыну

 

21. Лицензиядан айырған және уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап ұйым қаржылық қызметті, оның ішінде:



шығыстар сметасы шеңберінде уақытша әкімшіліктің қызметін қамтамасыз етумен және ұйымға келіп түсетін ақшаны есептеумен байланысты ұйымды күтуге;

банктiң активтерiн және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы мiндеттемелерiн бөлiгiмен не толық көлемде бiр мезгiлде басқа банкке (банктерге) беру бойынша операциялар жүргізуге;

сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруге;

қате төлем құжаттары бойынша келіп түскен ақшаны қайтару бойынша шығыстармен байланысты жағдайларды қоспағанда бар шоттар бойынша барлық операцияларды жүзеге асыруды тоқтатпайды.

22. Уақытша әкімшіліктің басшысы бекіткен шығыстар сметасына сәйкес уақытша әкімшіліктің шығыстары Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.



Шығыстар сметасы жоспарланатын ай сайынғы шығындарға сүйене отырып жасалады және уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей түсіндірме жазбамен бірге уәкілетті органға ұсынылады.

Бұдан кейін шығыстар сметасы ай сайынғы негізде жоспарланатын кезеңнің алдында айдың жетісі күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынылады.

Филиалдық желісі бар ұйымда уақытша әкімшіліктің басшысы уақытша әкімшілік бөлімшелерінің шығыстар сметасын жасау бойынша қызметін үйлестіреді және шығыстарды уақытша әкімшілік бөлімшелері бойынша бөлігінде шығыстардың шоғырландырылған сметасының жасалуын қамтамасыз етеді.

23. Уақытша әкімшілік, уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын жасау, қарау және бақылау кезінде шығыстардың нақтылығы, негізділігі, мақсатқа сәйкестігі және шынайылығы қағидаттарын басшылыққа алады.



Шығыстардың нақтылығы қағидаты, шығыстар сметасын жасау кезінде ұйымның нақты қаржылық жағдайына, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешек көлеміне сүйену қажеттігін білдіреді.

Шығыстардың негізділігі қағидаты уақытша әкімшіліктің қызметін жүзеге асырудың белгілі бір кезеңіндегі болжанатын шығындардың объективті қажеттілігін ұғыну қажет.

Мақсатқа сәйкестігі қағидаты уақытша әкімшілік жасайтын шығындар алдыға қойған мақсатқа сәйкестігін білдіреді, яғни мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Шығыстардың шынайылығы қағидаты уақытша әкімшіліктің жасалған (жоспарланған) шығындарының құжаттық расталуын білдіреді.

24. Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасымен көзделген ақшаның пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.



Ұйымның нақты қаржылық жағдайын негізге және уақытша әкімшілік орындайтын жұмысты есепке ала отырып бекітілген шығыстар сметасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, олар сондай-ақ сметаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.

Егер уақытша әкімшіліктің басшысы бекіткен шығыстар алдыңғы кезеңде жүзеге асырылмаған болса және оларды жоспарланған кезеңде жүзеге асыру қажеттігі бар болса, көрсетілген шығыстар жоспарланған кезеңдегі тарату шығыстары сметасына енгізілуі тиіс.

25. Шығындар сметасында шығындардың мынадай баптары көзделеді:



1) еңбекке ақы төлеу шығындары;

2) бюджетке аударым жасау;

3) әкімшілік шығындары;

4) тауар-материалдық құндылықтар иелену бойынша шығындар;

5) іссапар шығындары;

6) қате нұсқаулар бойынша келіп түскен ақшаны қайтару бойынша шығындар;

7) банктің активтер және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру бойынша операцияларды жүргізуге шығындар;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін толық көлемде басқа сақтандыру ұйымына беру бойынша шығындары;

9) күтпеген шығындар.

Екінші бап бойынша үнемдеу есебінен шығындардың бір бабы бойынша артық шығындануға рұқсат етілмейді.

26. Еңбекке ақы төлеу шығыстары мына шығындарды көздейді: уақытша әкімшіліктің құрамына қосылған уәкілетті орган қызметкерлерінің, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының еңбегіне ақы төлеуді қоспағанда, уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу, ұйымының бар филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, ұйым қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу.



Еңбекке ақы төлеу бөлігіндегі шығыстардың сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған еңбек шарттарына, ақылы қызмет көрсету шарттарына және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарға негізделеді.

Уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шарттарын өзгертуіне жол беріледі.

27. Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес жасалады.

28. Әкімшілік шығыстар уақытша басқару шығынының негізгі бөлігін білдіреді. Осы шығыстар:



жасалған шарттардың талаптары (көлікті күзету, мүлікті бағалау және т.б.);

заңнама талаптары (жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алымдарды төлеу - салық заңнамасына сәйкес);

құжаттамалық расталған алдыңғы кезеңдегі және айдан айға қайталанып тұратын шығыстар (шот-фактуралар негізіндегі коммуналдық қызметтер) ескеріле отырып, жоспарлануы тиіс.

29. Әкімшілік шығыстар:



1) қызметтік және шаруашылық қажеттіліктер үшін көлік жалдау қызметтері;

2) байланыс қызметтері (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта және анықтамалық қызметтер бойынша шығыстар);

3) үйлер мен ғимараттар күзеті және сигнализациясы бойынша қызметтер (меншікті және кепіл мүлкін), құлыптар мен кілттерді жасау;

4) көлікті күзету қызметтері;

5) көлікке арналған тұрақтарды ұсыну қызметтері;

6) көлікті тіркеу қызметтері;

7) көлікті техникалық тексеру бойынша қызметтер;

8) көлікті сақтандыру қызметтері;

9) коммуналдық қызметтер;

10) мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, оларға техникалық, сервистік қызмет көрсету (тексеру) жұмыстары;

11) бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсету;

12) үй-жайды жалдау;

13) тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікке құқықтарды және тиісті құжаттаманы тіркеу қызметтері;

14) мүлікті бағалау қызметтері;

15) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері;

16) сауда-саттықты ұйымдастыру және оны жүргізу бойынша қызметтер;

17) жылу жүйелерін іске қосуға дайындық жасау қызметтері;

18) сантехникалық жұмыстар;

19) мүлікті сақтау қызметтері;

20) нотариатта куәландыру қызметтері;

21) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру бойынша қызметтер;

22) инкассация қызметтері;

23) сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер;

24) құжаттарды аудару бойынша қызметтер;

25) телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе көшіру;

26) бағалы қағаздар ұстаушылары тізілімдерінің жүйесін жүргізу бойынша тіркеушінің қызметтері;

27) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу қызметтері;

28) банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпай жатып жүзеге асырылған ақша аударымдары мен төлемдері жөніндегі қызметтер.

Жұмыстарға және қызмет көрсетулерге ақы төлеу тұрақты және бір жолғы сипатқа ие.

30. Қаржы ұйымының қаражатын үнемдеу мақсатында уақытша әкімшілік Қағидалардың 25-тармағында көзделген шығыстарды қысқарту бойынша шараларды қабылдайды.

31. Ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға және:

1) офистік жабдықтарды жұмыс жағдайында ұстауға;

2) көлік құралдарын ұстауға;

3) үй-жайларды ұстауға;

4) қағаз және бланк өнімдерін сатып алуға;

5) жанар-жағар май материалдарын сатып алуға;

6) кеңсе тауарларын сатып алуға арналған ең аз рұқсат етілетін қорды құруға бағытталған тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған шығыстар.

32. Уақытша әкімшілік сатып алынатын әртүрлі қызметтер мен тауар-материалдық құндылықтарды шығыстар сметасына енгізу кезінде есептерді тиісті өңірде белгіленген тарифтік кестелер мен орта нарықтық бағалар негізінде жүргізеді.



Жанар-жағар май материалдарының мақсатты әрі орынды пайдаланылуына бақылау болмаған кезде уақытша әкімшілік бақылау жүйесін әзірлеуі (жол парақтарын және талондарын жүргізуі) не жанар-жағар май материалдарын тұтыну лимиттерін белгілеуі қажет.

33. Уақытша әкімшілік басшыларының және мүшелерінің, ұйым қызметкерлерінің іссапарларға шығу шығыстары сметада көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.



Осы шығыстар:

1) іссапарда болғанда күнтізбелік күнге, оның ішінде жолдағы уақытқа тәуліктік;

2) тұрғын үй-жайларды жалдау бойынша шығындарды;

3) іссапар орнына және одан кері көлік шығыстарын құрайды.

Қызметкерлер мәселені қашықтықтан шешу (байланысты пайдаланумен) немесе адамдарды жергілікті жерлерде тарту мүмкін болмаған жағдайда іссапарға жіберіледі.

34. Қате көрсетілу бойынша келіп түскен ақшаны қайтару Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

35. Болжанбаған шығыстар уақытша әкімшіліктің кезек күттірмейтін қажеттіліктеріне жұмсалатын, Қағидалардың 25-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделмеген, мөлшері банкке - екі жүз айлық есептік көрсеткіштерден және сақтандыруға (қайта сақтандыруға) жүз айлық есептік көрсеткіштерден аспайтын жоспарланбаған шығындарды құрайды.

36. Уақытша әкімшілік жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды уәкілетті органға шарттарды, шот-фактураларды, чектерді және өзге де растаушы құжаттарды ұсыну арқылы растайды.

37. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша уақытша әкімшілік өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты ұсынады.

 

 



5. Ұйымның ақша қаражатын және басқа құндылықтарын тексеру (ревизия),



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет