«Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы»



жүктеу 451.01 Kb.
бет3/3
Дата22.04.2019
өлшемі451.01 Kb.
1   2   3
25-тармағында көзделген шығыстарды қысқарту бойынша шараларды қабылдайды.

31. Ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға және:

1) офистік жабдықтарды жұмыс жағдайында ұстауға;

2) көлік құралдарын ұстауға;

3) үй-жайларды ұстауға;

4) қағаз және бланк өнімдерін сатып алуға;

5) жанар-жағар май материалдарын сатып алуға;

6) кеңсе тауарларын сатып алуға арналған ең аз рұқсат етілетін қорды құруға бағытталған тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған шығыстар.

32. Уақытша әкімшілік сатып алынатын әртүрлі қызметтер мен тауар-материалдық құндылықтарды шығыстар сметасына енгізу кезінде есептерді тиісті өңірде белгіленген тарифтік кестелер мен орта нарықтық бағалар негізінде жүргізеді.



Жанар-жағар май материалдарының мақсатты әрі орынды пайдаланылуына бақылау болмаған кезде уақытша әкімшілік бақылау жүйесін әзірлеуі (жол парақтарын және талондарын жүргізуі) не жанар-жағар май материалдарын тұтыну лимиттерін белгілеуі қажет.

33. Уақытша әкімшілік басшыларының және мүшелерінің, ұйым қызметкерлерінің іссапарларға шығу шығыстары сметада көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.



Осы шығыстар:

1) іссапарда болғанда күнтізбелік күнге, оның ішінде жолдағы уақытқа тәуліктік;

2) тұрғын үй-жайларды жалдау бойынша шығындарды;

3) іссапар орнына және одан кері көлік шығыстарын құрайды.

Қызметкерлер мәселені қашықтықтан шешу (байланысты пайдаланумен) немесе адамдарды жергілікті жерлерде тарту мүмкін болмаған жағдайда іссапарға жіберіледі.

34. Қате көрсетілу бойынша келіп түскен ақшаны қайтару Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

35. Болжанбаған шығыстар уақытша әкімшіліктің кезек күттірмейтін қажеттіліктеріне жұмсалатын, Қағидалардың 25-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделмеген, мөлшері банкке - екі жүз айлық есептік көрсеткіштерден және сақтандыруға (қайта сақтандыруға) жүз айлық есептік көрсеткіштерден аспайтын жоспарланбаған шығындарды құрайды.

36. Уақытша әкімшілік жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды уәкілетті органға шарттарды, шот-фактураларды, чектерді және өзге де растаушы құжаттарды ұсыну арқылы растайды.

37. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша уақытша әкімшілік өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты ұсынады.

 

 

5. Ұйымның ақша қаражатын және басқа құндылықтарын тексеру (ревизия),



ұйымның мүлкін және құжаттарын түгендеу, қабылдау-өткізу

 

38. Ревизия банкноталарды, монеталарды, қатаң есептегі бланкілерді, өзге құндылықтарды және құжаттарды сақтау орындарындағы (материалды жауапты тұлғаларда жеке тұрған кассалардағы, банкоматтардағы, қоймалардағы (сейфтердегі және құндылықтарды сақтаудың басқа орындарындағы) барлық банкноталарға, монеталарға, қатаң есептегі бланктерге, өзге құндылықтарға және құжаттарға тексеру жүргізеді. Ревизияның нәтижелері актімен ресімделеді. Ревизия нәтижелері бойынша қолма-қол ақшаның және құндылықтардың жетіспеушілігі белгіленген кезде арыз және осы факті бойынша растайтын құжаттар құқық қорғау органдарына тапсырылады.

39. Ұйымның бас офисінде, филиалдарында және өзге құрылымдық бөлімшелерінде қолма-қол ақшаны және өзге құндылықтарды тапсыруға уәкілетті тұлғалар болмаған кезде және (немесе) оларға кілттер (кіру кодтары) болмағанда уақытша әкімшілік акт жасайды және құндылықтарды сақтаудың көрсетілген орындарын ашу мақсатында ұйымның уақытша әкімшілігінің мүшелерінен, ұйым қызметкерлерінен комиссия құрады.

40. Ұйымның мүлкін және құжаттарын түгендеуді жүргізу үшін түгендеу комиссиясы құрылады, оған уақытша әкімшіліктің мүшелері, басшысы, бас бухгалтер және ұйымның қызметкерлері кіреді. Түгендеу комиссиясының құрамын уақытша әкімшіліктің басшысы бекітеді.

Уақытша әкімшілік түгендеу басталған күннен бастап бір ай бойы түгендеуді жүргізуді. Түгендеуді жүргізу мерзімі жұмыстың сипаты мен көлемі ескеріле отырып, уәкілетті органның келісімімен ұзартылады.

41. Уақытша әкімшілік түгендеуді жүргізу алдында:



1) бөлек кіретін және шығатын есіктері бар қосалқы үй-жайларды, жертөлелерді және мүлікті сақтаудың басқа да орындарын пломбалайды;

2) түгендеу кезінде соңғы кіріс және шығыс құжаттарын немесе түгендеуге жататын мүліктің қозғалысы туралы есептерді алады.

42. Уақытша әкімішілік түгендеуді жүргізу кезінде уақытша әкімшіліктің басшысымен бекітілген түгендеу тізімдемелерінің нысандарын басшылыққа алады. Түгендеу нәтижелері түгендеу тізімдемелерімен ресімделеді, олар екі данада жасалады және оған түгендеу комиссиясының мүшелері мен материалды жауапты тұлғалар қол қояды.

43. Түгендеу нәтижелері бойынша уақытша әкімшілік ұйымның мүлкі мен құжаттарын түгендеу (салыстырып тексеру) нәтижелерін ескере отырып, оларды қабылдайды, ал ұйымның басшысы, бас бухгалтері және қызметкерлері тапсырады.

Ұйымның бұрынғы басшысынан уақытша әкімшілік басшысына ұйымның құжаттары мен мүлкін қабылдап-өткізу үш данада жасалатын қабылдап-өткізу актісімен ресімделеді. Қабылдап-өткізу актісінің бір данасы уәкілетті органға жіберіледі.

Ұйымның бұрынғы басшысы қабылдап-өткізу актісіне қол қоймаса, онда ол туралы белгі қойылады.

44. Егер ұйымның басшысы және (немесе) бас бухгалтері және ұйымның өзге де қызметкерлері мүлікті, бухгалтерлік және өзге де құжаттаманы толық көлемде бермесе, уақытша әкімшілік басшысы уақытша басқарушыға берілмеген мүлікті және құжаттарды көрсете отырып олардың жоқ екендігі туралы акт жасайды.

45. Егер ұйымның басшысы және (немесе) бас бухгалтері және өзге де қызметкерлері ұйымның мүлкі мен құжаттарын беруден бас тартса, уақытша әкімшілік басшысы қарсылық білдіргендігі туралы акт жасайды.

46. Түгендеу өткізу және ұйымның мүлкі мен құжаттарын ұйымның бұрынғы басшылығынан қабылдап-өткізу аяқталғаннан кейін ұйымның мүлкі мен құжаттары табылған жағдайда уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшілік мүшелерінің және ұйым қызметкерлерінің қатысуымен олардың анықталған орнын және анықталу себебін, олардың сақталу жағдайын, тізімдемесінің болуын, жүйеге келтірілгендігі, сақталу талаптарын көрсете отырып мүлік пен құжаттардың анықталғандығы туралы акт жасайды.



 

 

6. Уақытша әкімшілік қызметінің аяқталуы



 

47. Уақытша әкімшіліктің қызметі уәкілетті орган ұйымның тарату комиссиясын тағайындаған сәттен бастап тоқтатылады.

48. Уақытша әкiмшiлiк тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап өз өкiлеттiгiнен босайды және Банктер туралы заңда, Сақтандыру туралы заңда белгiленген мерзiмдерде және тәртiпте мүлiк пен құжаттарды (ұйымның бухгалтерлiк және өзге де құжаттамасын, мөрлерiн, мөртабандарын, материалдық құндылықтарын және өзге де мүлкiн) тарату комиссиясының төрағасына табыстауды қамтамасыз етедi.



 

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру)



ұйымының уақытша әкімшілігін

(уақытша басқарушысын) тағайындау

және олардың өкілеттіктері қағидаларына

қосымша

 

 

Нысан

 

«Бекітілді»

Уақытша әкімшілік басшысы

___________________________

(қолы)

20 __ жылғы «___»___________

Мөр орны

 

жылы _____ айы____________
__________________________________________________

ұйымның атауы

уақытша әкімшілігі шығыстарының сметасы

 



Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен)

1

2

3

1

Қызметкерлерге еңбекақы төлеу

 

1.1

Уақытша әкімшілік басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін ұйымның қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу

 

1.1.1

Лауазымдық еңбекақы

 

1.1.2

Табыс салығы

 

1.1.3

Міндетті зейнетақы жарналары

 

1.2

Өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу

 

2

Бюджетке аударымдар

 

2.1

Салықтар

 

2.2

Төлемдер

 

2.3

Өзге де аударымдар

 

3

Әкімшілік шығыстар

 

3.1

Қызметтік және шаруашылық қажеттікке арналған көлікті жалдау қызметтері

 

3.2

Байланыс қызметтері (телекоммуникация шығыстары, телефон, телеграф пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесу шығыстары, почта және анықтамалық қызметтерінің қызмет көрсетулері)

 

3.3

Үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепілге қойылған) күзету және сигнализация қызметтері

 

3.4

Көлікті күзету қызметі

 

3.5

Көліктерге арналған тұрақтар ұсыну қызметі

 

3.6

Көлік тіркеу қызметі

 

3.7

Көлікті техникалық бақылаудан өткізу қызметі

 

3.8

Көлікті сақтандыру қызметі

 

3.9

Коммуналдық қызметтер

 

3.10

Мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтардың ағымдағы жөндеу, техникалық сервистік қызмет көрсету жұмыстары

 

3.11

Үй-жайды жалдау

 

3.12

Тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттамаларды тіркеу қызметі

 

3.13

Жылжымайтын мүлікті бағалау қызметі

 

3.14

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметі

 

3.15

Жылыту жүйесін іске қосуға дайындау қызметі

 

3.16

Сантехникалық жұмыстар

 

3.17

Мүлікті сақтау қызметі

 

3.18

Нотариаттық куәландыру қызметі

 

3.19

Мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметі

 

3.20

Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қызметі

 

3.21

Инкассациялау қызметі

 

3.22

Сараптама өткізу қызметі

 

3.23

Бағдарламалық қамтамасыз етуге ілеспе қызметі

 

3.24

Құжаттарды аудару қызметі

 

3.25

Телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру және аудару

 

3.26

Акционерлер тізілімін өзекті күйде ұстап тұруға арналған тіркеушінің қызметі

 

3.27

Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу қызметі

 

3.28

Банк шоттарын ашу, банк шотын ашпай жүзеге асырылған ақша аударымы және төлемі қызметін көрсету қызметі

 

4

Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары

 

4.1

Офистік жабдықты жұмыс күйінде ұстауға арналған шығыстар

 

4.2

Көлік құралдарын ұстауға арналған шығыстар

 

4.3

Үй-жайларды ұстауға арналған шығыстар

 

4.4

Қағаз және бланк өнімдер сатып алуға арналған шығыстар

 

4.5

Кеңсе тауарларын сатып алуға арналған шығыстар

 

4.6

Жанар-жағар май материалдарын сатып алуға арналған шығыстар

 

5

Іссапар шығыстары

 

6

Жаңылыс нұсқау бойынша келіп түскен ақшаны қайтару шығыстары

 

7

Банктің активтер мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру бойынша операцияларды жүргізуге арналған банк шығыстары

 

8

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық көлемде сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына беру бойынша шығыстары

 

9

Күтілмеген шығыстар

 

Айына жиынтығы

 

 

Бас бухгалтер _________________________________________________________________________________

Орындаушы __________________________________________________________________________________

Телефон

 
Каталог: files -> uploads -> file -> rules
file -> Администрация Жерновецкого сельского поселения Троснянского района Орловской области сообщает : в соответствии со ст
file -> Документ: ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2016. 26. 12 №311 Қаулысы
file -> Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өтуге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
file -> Тұрақтандыру банкін басқару, оларды жасасуға қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу, консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу
file -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі 2014 жылғы 11 ақпандағы
rules -> Тұрақтандыру банкін құру, лицензиялау, жарғылық және меншікті капиталдарының барынша
rules -> Конкурс өткізу ережесі мен агент банкке қойылатын талаптарды бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет