Банктік қызметті, сондай-ақ лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептiлiгiн жасау қағидалары



жүктеу 40.67 Kb.
Дата14.03.2018
өлшемі40.67 Kb.


Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2014 жылғы «25» желтоқсандағы

№ 587 бұйрығына

83-қосымша

 

Банктік қызметті, сондай-ақ лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептiлiгiн жасау қағидалары



(2.3 – 2.5-нысандар)

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы негізінде банктік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің (бұдан әрі – салық төлеушілер) салық есептiлiгiн жасау және табыс ету тәртібін көздейді.

2. Салық төлеушілер мониторингі нақты салық салынатын базасын айқындау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың


қаржылық-шаруашылық қызметiн талдау жолымен жүзеге асырылады.

3. Мониторинг салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын қамтамасыз ететін уәкілетті органның (бұдан әрі


– уәкілетті орган) орталық серверінің дерекқорына деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы салық төлеушілерден негізгі
қаржылық-экономикалық және салықтық көрсеткіштер бойынша ақпарат жинау жолымен жүзеге асырылады.

Мониторингті уәкілетті орган жүзеге асырады.

Мониторинг бойынша салық есептілігі шоғырландырылып табыс етіледі.

4. Мониторинг бойынша дерекқор осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бағдарламалық қамтамасыз етудің электрондық пішімінде (файлдарында) салық төлеуші табыс ететін, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтитын, осы Қағидаларға «Салық есептілігі нысандарын жасау тәртібі» деген 2-тарауға сәйкес нысандар бойынша жасалатын салық есептілігінің негізінде қалыптасады.

5. Мониторинг бойынша салық есептілігі нысандарын толтыру бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету салық төлеушілердің барлық есептерін (салық есептілігінің толтырылған нысандарын) бірыңғай стандартта жазылған бір үлгідегі файлдарға келтіру функциясын орындайды.

6. Деректерді берудің электрондық жүйесі салық есептілігінің толтырылған нысандарын белгіленген стандарттағы файлдар түрінде дерекқорға дейін жеткізу тәсілін білдіреді.

7. Мониторинг бойынша салық есептілігі нысандары және оларды толтыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз ету уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

8. Мониторинг бойынша салық есептілігінің толтырылған нысандарын салық төлеушілер уәкілетті органға деректерді беру жүйесі арқылы табыс етеді.

9. Мониторинг бойынша салық есептілігі нысанының түрі.

Аталған торкөздер Салық кодексінің 63-бабына сәйкес белгіленеді. Салық есептілігінің түріне байланысты тиісті торкөз белгіленеді.

10. Мониторинг бойынша салық есептілігінің әрбір нысанын толтыру кезінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

2) құрылтай құжаттарына сәйкес салық төлеушінің атауы;

3) мониторинг бойынша салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі;

4) салық төлеушiнiң тiркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды.

Есепті кезеңде қаржылық-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері болмаған кезде мониторинг бойынша салық есептілігі қажетті бағандар толтырылмай табыс етіледі.

11. Қажет болған кезде уәкілетті орган табыс етілген мониторинг бойынша салық есептілігі нысандары бойынша таратып жазуды сұратуға құқылы.

2. Салық есептілігі нысандарын жасау тәртібі
12. «Бухгалтерлік теңгерім» 2.3 және «Табыстар және шығыстар туралы есеп» 2.4-нысандары Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк жөніндегі заңнамасына сәйкес есепті салық кезеңi үшін әзірленген салық төлеушiнің қаржы есебi болып табылады. Нысандар өспелі қорытындымен толтырылады, өлшем бірлігі мың теңге болып табылады.

13. «Дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу»


2.5-нысанында осы берешек бойынша соңғы операция кезінен бастап бір жылдан астам қалыптасқан дебиторлық (кредиторлық) берешек сомалары көрсетіледі.

Жеке тұлғалар бойынша берешек бір жолмен көрсетіледі және тек «Сома» 7-бағаны толтырылады;

Бұл ретте «Дебитордың (кредитордың) атауы» 2-бағанында «жеке тұлғалар» көрсетіледі.

Өлшем бірлігі мың теңге болып табылады.

«№» деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат нөмірлеуді үзбеуі тиіс.

«Дебитордың (кредитордың) атауы» деген 2-бағанда заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

«Резидент/резидент емес» деген 3-бағанда жеткізушінің резиденттігін белгілейтін код көрсетіледі:

0 – Қазақстан Республикасының резиденті,

1 – Қазақстан Республикасының резидент емесі.

«СТН» деген 4-бағанда дебитордың (кредитордың) СТН көрсетіледі.

«ЖСН/БСН» деген 5-бағанда дебитордың (кредитордың) сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда көрсетіледі.

«Резиденттік елінің коды» деген 6-бағанда резидент емес салық төлеушінің резиденттік елінің кодын толтыру кезінде елдердің сандық кодталуын пайдалану қажет.

«Сома» деген 7-бағанда дебиторлық (кредиторлық) берешектің қалыптасқан сомасы көрсетіледі.

«Берешектің қалыптасқан мерзімі» деген 8-бағанда кредиторлық (дебиторлық) берешектің қалыптасқан кезеңі көрсетіледі.



«Қалыптасу себептері» деген 9-бағанда дебиторлық (кредиторлық) берешектің қалыптасу себептері көрсетіледі.


Каталог: sites -> default -> files -> npa -> fno -> 2015 -> kaz -> erezhe2015
erezhe2015 -> Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240. 00-нысан) Жалпы ережелер Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
erezhe2015 -> Нысан Жалпы ережелер
erezhe2015 -> Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебінің салық есептілігін жасау қағидалары
erezhe2015 -> Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және
erezhe2015 -> Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті толтыру және табыс ету ережесі
erezhe2015 -> Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын, банктік қызметті, лицензия негізінде кейбір банктік операцияларды, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақыны төлеу жөніндегі қызметті
erezhe2015 -> Нысан Жалпы ережелер
erezhe2015 -> Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
erezhe2015 -> Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет