Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-о-5 санаты үшін



жүктеу 83.11 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі83.11 Kb.
түріКонкурс

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды



Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы

біліктілік талаптары:

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; 

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; 



  Осы лауазым мемлекеттік органның штат кестесінде төмен болып табылатындықтан жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

С-О-5

83 282

112 430


ҚР ҚМ ММЖК «Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ, 060002, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10а, анықтама үшін телефоны: 8(7122)354300, факс: 8(7122)354308, e-mail: b.almuratova@minfin.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Негізгі құралдардың және құны аз тез тозатын заттардың есебін жүргізу, олардың жыл сайынғы түгендеуін жүргізу; Қолданыстағы заңнамаға сәйкес физикалық және моральды тозығы жеткен негізгі құралдар мен құны аз тез тозатын заттарды есептен шығаруға құжаттар рәсімдеу; Тоқсандық, жылдық бухгалтерлік, қаржылық есептерді тапсыру; Департаменттің теңгеріміндегі ғимараттар мен үй-жайлар бойынша коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу; Ғимараттар мен үй-жайларды жалдаушылардың коммуналдық қызметтерге ақы төлеулері үшін тиісті шарттар дайындау; Бюджеттік тапсырысты құру үшін алдағы жылға коммуналдық төлемдер бойынша мәлімет беру, «Е-минфин» бағдарламасын меңгеру және жүргізу; Департаментке берілетін жылжитын және жылжымайтын мүліктерді қабылдау-беру бойынша шаралардың жоспарлау, ұйымдастыру; Департаменттің жылжитын және жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу органдарында мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді ұйымдастыру; Бастапқы құжаттар және мемлекеттік қызмет стажын есептеу туралы хаттамалар негізінде департамент қызметкерлерінің еңбекақысын есептеу және уақытында аудару; Бюджет аударымдарын, зейнетақы және басқа да міндетті төлемдерді аудару, еңбекақының есептелуінің, ұсталуының және аударылуының тиісті шоттар бойынша талдамалы есебін жүргізу, төлеу шоттарын дайындау; Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері мен штаттан тыс қызметшілерінің штаттық кестесін дайындау; Тоқсандық, жылдық бухгалтерлік есептілікті жасауға қатысу, салықтық және статистикалық есептерді құрастырып уақытылы тиісті органдарға жолдау; Штаттық кестенің сақталуын, қаржыларды, кассалық тәртіптерді, еңбекақылардың көлемін бақылау; Мемлекеттік зейнетақы қорына аударылған зейнетақы төлемінің есебін жүргізу және қадағалау; Департамент қызметкерлерінің және жұмысшыларының өтініштері бойынша еңбекақысы туралы анықтамалар дайындау; әкімшілік ғимаратты, қызметтік үй-жайларды ұстау, негізгі құралдар мен автокөліктердің қызмет етуін қамтамасыз ету; коммуналдық қызметті көрсету шарттарын рәсімдеу, тіркеу бойынша қызметтерді мерзімінде орындау; ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру; Департаменттің негізгі қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; бөлімнің негізгі қызметінің мәселелері бойынша бөлім өкілеттілігі шеңберінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру; Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру бойынша бөлім жұмыстарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысатындарға білім бойынша қойылатын талаптар: : жоғары білім; экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

  3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;


  1. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  4. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  5. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде немесе «www.еgov.kz» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта немесе «www.еgov.kz» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Атырау мемлекеттік мүлік және жешелендіру департаменті» ММ-де өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ «Атырау мемлекеттік мүлік және жешелендіру департаменті» ММ басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарлату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталағанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртібі:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілеттіорганға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

____________________

(мекеме атауы)

Өтініш

     


Мені ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

  Қоса берілген құжаттар:


_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________
_____________________________________________________________________________

________                               ______________________________


  қолы     аты-жөні (болған жағдайда)

«____»_______________ 20__г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет