Басқа белгісіздер туралы



жүктеу 24.23 Kb.
Дата09.06.2018
өлшемі24.23 Kb.

Басқа белгісіздер туралы

Кәсіпті таңдау — көптеген белгісіздермен жұмыс. Кәсіп әлемімен танысқан кезде, сізге тек қана бірінші белгісіз нәрсе анық болып табылады – сізге ұнаған кәсіптер шеңбері, және де оның ішінде – сізге ерекше ұнайтыны.

Ал бұл жұмыс сізді ұната ма? Басқаша айтқандай, сіздің жеке қасиеттеріңіз, мінез құлқыңыз, темперамент белгілі бір кәсіптің талаптарына сай келе ме. Біз ұшқыш және экономист туралы айтқан болатынбыз. Мұнда бәрі аман-есен: кәсіптің өзі сізді тоқтатады, егер сіз оған сай келмесеңіз. Бірақ та, одан да жаман болуы мүмкін: «ұнайды» дегеніне сеніп, алғашында ондай қатал талаптарды қоймайтын жұмысты таңдайсыз, бірақ та содан кейін қатал талаптары бар екен анықталады да сіз оған дайын болмайсыз. Өзіңізді қайтадан өзгерту керек болады, немесе кәсіпті ауыстыру.

Сондықтан алдын ала өзіңізге аңғарысу керек. «Иә, сонда мен өзімді білмеймін дейсіз бе?» - сіз наразылық білдіресіз. Қапаланбаңыз. Әрбір адам емес, тіпті қарт адам да өзінің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін біледі деп айта алмайды. Ал жастар өздерін тым жоғары бағалайды. Мұнда сіз өздігінен анықтаудың нақты нәтижесін ала алмайсыз – бұл мүмкін емес те шығар. Керек емес те. Өзіңізді объективті түрде зерттеуге тырысып көріңіз (мұны қалай істеу керек екендігін біз кейінірек айтамыз), содан кейін сіз екінші белгісізді тауып аласыз, шамалы бірақ та мәселені шешуге жеткілікті.

Жол-жөнекей үшінші белгісізді табу керек: денсаулық жағдайын анықтау. Өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, таңдаған кәсіпке қойылатын қарсы көрсетілімдер бар ма жоқ па деп білу үшін, дәрігерлерде толығымен қаралу керек.

Бірақ мұнымен бәрі бітпейді.

Әрбір жұмыста ешқандай да теория, жүйе айта алмайтын қандай да бір көрегендік, нюанс болады. Бұл жұмысты атқаратын адамдармен, егер мүмкіндік болса дәл жұмыс орында сөйлесу керек. Және содан мұнда сіз күтпеген егжей тегжейлер шыға келеді. Бұлар кәсіпті одан да тартымды етіп көрсетеді немесе шешімді өзгертіп жаңадан бастауға мәжбүрлейді.

Мысалы, кәсіппен танысу сізді қапаландырған жоқ, керісінше, қуантты. Тағы бір белгісіздік белгілі болды. Сонда ең соңғысы қалды – қайда оқуға баруға болады? Кәсіпке бағыттаушы жолдардың арасында тек біреуін ғана таңдау керек.

Жұмысты таңдаудың күрделі, көпжолды стратегиясы пайда болады. Сонда да стратегияның мақсаты да өте маңызды – жақсы көретін жұмыс.

Бірақ та шыныңда өмірде адам ешқандай стратегиясыз да өзіне қызықты жұмысты табуы мүмкін. Әрбір үшінші адам өз жұмысыңды ұнатады деген есіңізде ме? Өйткені сүйкімді іспен айналысқан адамдардың бәрі жүйенің көмегімен тапқан емес. Бірақ та былай айтуға болады: тек қана әрбір үшінші адам өз ісіңді сүйеді. Ал басқа екеуі? Егер олардың қатарына тұруға қаламасаңыз, онда кез келген жағдайға сенуге болмайды.

Дәл осы кез келген жағдайларға немесе ойланылған таңдауына сену кезінде не болатыны туралы келесі оқиғаларда айтылады.

«Ал бұл оқиғалар не үшін? – деп сіз сұрайсыз. – Уәделескен стратегияға көшсек жөн емес пе?» Стратегияға көп уақыт кетеді. Ал уақыт сізде жоқ деп есептейік: мектептегі емтихандар аяқталды, және бүгін не ертең бір шешім қабылдау керек. Қалай болса да, сіз кәсіпті қалай таңдау керек екенін білесіз. Ал бұл аз емес.

Бірақ кез келген жағдайлар басқа жағдайлардан сақтай ала ма – олар бәрі әр түрлі ғой? Сақтай алады. Өйткені олар тек сыртынан ғана әр түрлі, ал егер оларды талдап алсақ, бірнеше типтілік қате болып та қалады.

Бірақ бұл туралы – келесі әңгімеде.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет