Басќа материалдардан жасалєан конструкциялар ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар техникалыќ регламентін бекіту туралы



жүктеу 1.09 Mb.
бет1/7
Дата03.06.2018
өлшемі1.09 Mb.
түріРегламент
  1   2   3   4   5   6   7

Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1351 Қаулысы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2008 жылғы 31 желтоқсандағы

1351 қаулысымен



Бекітілген

 

«Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті



 

1. Қолданылу саласы



 

1. Осы Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) басқа материалдардан жасалған конструкциялардың қауіпсіздігіне, оларды жобалау, өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану  және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады:

1) ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын қасбеттік қоршау конструкциялар мен шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар (бұдан әрі - конструкциялар);

2) конструкцияларды жобалау, өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану және кәдеге жарату процестері (тіршілік циклі).

2. Конструкциялардың механикалық, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық және радиациялық қауіпсіздігінің жалпы талаптары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексімен және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарымен және «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қауіпсіздігі» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 96 қаулысымен белгіленеді.

3. Сәйкестендіруді конструкцияны нақты конструкцияның түрі - ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын қасбеттік қоршау немесе шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияға жатқызу үшін жиынтығында жеткілікті мәліметтер мен сипаттамалар бойынша, таңбалануы мен ілеспе құжаттары, өлшемдері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша жүргізу қажет.

4. Конструкцияларды сәйкестендіру мына тәсілдермен:



1) ілеспе құжат бойынша және/немесе көзбен шолумен;

2) құрал-саймандық тәсілмен;

3) сынақтармен жүргізіледі.

5. Конструкцияның тіршілік циклі процестерінде жол бермеу қажет болатын негізгі қауіпті факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады:



1) жылу оқшаулағыш материалын қолдану кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының тітіркенуі мен терінің қышуын тудыратын минералды талшықтың шаңы мен шаңсыздандырғыш қоспалардың (көмірсутегілердің булары) ұшпа компоненттері зиянды факторлар болып табылады;

2) шу мен дірілдің жоғары деңгейі;

3) жабдықтың, құрал-сайманның қозғалғыш бөліктері, жылжытылатын бұйымдар, дайындамалар, материалдар;

4) дайындауға арналған материалдардың ұшқын сынықтары мен бөлшектері;

5) дайындамалар, құрал-саймандар, жабдықтар, қалдықтар беттеріндегі өткір жиектер, қылтанақтар, кедір-бұдырлар;

6) қауіпті сәулеленулердің болуы (радиоактивті, рентгендік, ультракүлгін, жылулық);

7) қоршаған орта факторларының (температураның, ылғалдың, химиялық агрессияның) әсері;

8) бекітілмеген жүкті тасымалдау кезінде оның ығысып немесе түсіп қалу мүмкіндігі;

9) конструкцияны монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде монтаждалатын элементтердің көтеру тетіктерінен, монтаждау құрылғыларының, ағаштың немесе тақтай төсемдердің құлау қаупі туындайды;

10) оларды монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау нәтижесінде аспалы желдетілетін қасбеттер конструкцияларының, жанғыш ылғалдан қорғау мембраналарының жылытқыш қабын қорғау үшін қасбеттік жүйелерді пайдалана отырып, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жану мүмкіндігі;

11) өртке қауіпті факторлардың таралуы (жалын, түтін, уытты жану өнімдері) және өрт шыққан кезде - қасбет конструкциясының бұзылуына әкелетін өзінің құрылымдық мақсатын жоғалту қабілеті;

12) қатты жел жүктемелері туындаған кезде басқа материалдардан жасалған конструкциялар қирауы және оларды жел жұлып әкетуі мүмкін;

13) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қирауы, олардың жақтаушадан шығып кетуі кезінде ғимараттардың жоғарғы қабаттарынан ірі әйнек сынықтарының құлау қаупі;

14) конструкциялардың құлайтын элементтері адамдар үшін, әсіресе көп қабатты ғимараттарда болатын өрт кезінде елеулі қауіп тудырады;

15) түссіз мөлдір табақтық шыныдан жасалған шыны конструкцияларымен адамдардың соқтығысу ықтималдығы.

6. Осы Техникалық регламент бұрын пайдалануда болған және құрылыста қайтадан пайдаланылатын конструкцияларға қатысты болмайды.



 

 

2. Терминдер мен анықтамалар



 

7. Осы Техникалық регламентте сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі аясындағы техникалық реттеу саласындағы заңнамалық актілерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар қолданылады және мына терминдер қосымша пайдаланылады:

1) айна (шағылыстырғыш) жабыны бар шыны - көрінетін жарықты шағылыстырудың жоғары коэффициенті бар (табақты шынымен салыстырғанда) шыны;

2) аязға төзімді жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар - төменгі температуралардың әсеріне төзімділігі жоғары конструкциялар;

3) әуе соққы толқынының қосарлы зақымдау факторлары - әуе соққы толқынының бастапқы зақымдау факторлары әсерінің нәтижесінде қираған заттардың бөлшектері, оның ішінде қасбеттік қоршау конструкциялары мен әйнектердің сынықтары;

4) оған жабындарды (лак-бояу жабындарын қоспағанда) түсіру кезінде қосымша қасиеттерге ие болатын жабыны бар шыны;

5) жылу өткізу кедергісі - шыныдан жасалған конструкцияның екі жағында да қоршаған орта температуралары айырмашылығының жылу ағымы тығыздығына қатынасы;

6) шудан қорғайтын көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - жоғарғы дыбыс оқшаулау қасиетін қамтамасыз ететін (көп қабатты шынының басқа түрлерімен салыстырғанда) конструкция;

7) сындыруға төзімді көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - ол арқылы адам өте алатын өтпелі саңылау түспейтін, көп мәрте механикалық соққыларға шыдауға қабілетті конструкция;

8) жарылуға төзімді көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - жарылыстың соқпалы толқынының әсерін азайту және шыны сынықтарынан жарақаттанудан сақтандыру қасиеттеріне ие конструкция;

9) оққа төзімді көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - оқпен атыс қаруынан атылған оқтан қорғауды қамтамасыз ететін конструкция;

10) соққыға төзімді көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - қатты зат соққысына қирамай төтеп беретін конструкция;

11) күн факторы (күн энергиясын жалпы өткізу коэффициенті) - шыныдан жасалған конструкция арқылы үй-жайға түсетін жалпы күн энергиясының түсетін күн сәулесінің қуатына қатынасы;

12) шамадан тыс күн сәулесінің енуінен қорғауға арналған күннен қорғайтын жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар;

13) қауіпсіз шыны - сынған кезде ірі сынықтар пайда болмайтын (шындалған қауіпсіз шыны) немесе сынықтар полимерлік үлдірмен ұсталатын шыны (көп қабатты қауіпсіз шыны);

14) конструкцияның соққы әсерлеріне төзімділігі (соққыға төзімділігі) - конструкцияның нормаланатын сипаттамалары бар қатты денемен механикалық соғылуға төтеп беру қабілеті;

15) конструкцияның сыртқы отқа төзімділігі - конструкцияның берілген уақыт ішінде жалынның немесе жану өнімдерінің конструкция арқылы отқа қарама-қарсы жаққа енуіне кедергі болу қабілеті;

16) мүсінделген шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - қыздырылған күйінде иілген табақтық шыныдан жасалған конструкция;

17) отқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - оттың, жану өнімдерінің таралуына және жылу сәулеленуінің берілуіне кедергі бола отырып, өрт кезінде туындайтын жылулық және механикалық жүктемелердің әсеріне төтеп беретін конструкция;

18) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір оттан қорғау конструкциясы - шыныны, рама мен монтаждау элементтерін қамтитын және отқа төзімділікке арналған сынақ нәтижелері бойынша отқа төзімділік өлшемдеріне сәйкес келетін конструкция;

19) өздігінен тазаланатын жабыны бар шыны - жаңбыр суы мен ультракүлгін сәулеленуі әсерімен ондағы ластанулар жойылатын шыны;

20) пайдалану кезінде қауіпсіз шыны - жеткілікті механикалық беріктілігі бар және берілген биіктіктерден құлайтын белгіленген салмақтағы жұмсақ дененің соққысына қирамай төтеп беретін шыны;

21) радиациядан қорғау шынысы - иондаушы сәулеленуді сіңіретін қорғасын мен барий тотығының жоғары мөлшері бар шыны;

22) радиоқорғау шынысы - жоғары жиілікті ток кезінде шағын электрлік кедергілі жабыны бар және үй-жайды электрлік-магниттік сәулеленудің енуінен қорғауға мүмкіндік беретін шыны;

23) соққыға төзімді жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар - қатты заттардың соққысына төзімділіктің талап етілетін дәрежесі бар конструкция;

24) стемалит (эмальданған шыны) - шыңдау процесі алдында конструкцияның осы түрін өндіруге арналған бояу жағылатын шындалған шыны;

25) термикалық шытынау - жарық өткізгіш мөлдір конструкциядағы шынының әртүрлі учаскелерінде күн сәулесі әсерімен әркелкі қызуынан шынының өздігінен қирауы;

26) төмен эмиссиялық шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - жылудың шығынын азайтып, сондай-ақ ғимаратқа күн энергиясының шамадан тыс түсуін төмендетуге мүмкіндік беретін конструкция;

27) шудан қорғайтын жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар - дыбыс оқшаулау қасиеті жоғары және қатты шу жағдайларында пайдаланылатын үй-жайларды шынылауға арналған конструкция;

28) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың жарылысқа төзімділігі - әуелік соққы толқынының (ӘСТ) әсерінен зақымдағыш сынықтар тудырмай төтеп беретін конструкция;

29) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың жарылуға төзімділігі - әуелік соққы толқынының әсеріне орнықтылығы;

30) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың оққа төзімділігі - оқ атыс қаруынан атылған оқтан қорғауды қамтамасыз ету қабілеті;

31) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияның отқа төзімділігі - өрт кезінде туындайтын жылу және механикалық жүктемелердің әсеріне төтеп беру қабілеті;

32) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияның жұмсақ денемен соғылу төзімділігі - конструкцияның бұрыс пішінді жұмсақ дененің нормаланатын сипаттамалары бар механикалық соққыларға қирамай төтеп беру қабілеті;

33) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қорғалу сыныбы - олардың әртүрлі әсерлерге қарсы тұру қабілетін көрсететін сипаттама;

34) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың ұзақ уақытқа шыдамдылығы - берілген мерзім ішінде пайдаланылу қасиеттерін сақтау қабілетін айқындайтын сипаттама;

35) шыңдалған шыны - оның механикалық және термикалық беріктілігін, сондай-ақ қауіпсіз қирау сипатын (ірі сынықтар қалыптастырмай) қамтамасыз ететін арнайы термикалық өңдеуге түскен табақ шыны;

36) термикалық беріктетілген шыны - нәтижесінде оның механикалық және термикалық мықтылығы кәдімгі (күйдірілген) шыныдан жоғары, бірақ шыңдалған шыныдан төмен, арнайы термикалық өңдеуге түскен шыны, бұл ретте шыңдалған шыныға қарағанда термикалық беріктетілген шынының қирау сипаты қауіпсіз болып табылмайды;

37) энергия үнемдегіш жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар - энергия үнемдеу қасиеті жоғары бар және үй-жайлардағы жылудан қорғау мен қалыпты жарықтандыру талаптарын қамтамасыз етуге арналған конструкция.

 

 

3. Конструкциялардың Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым шарттары



 

8. Ғимараттарды, құрылымдарды, құрылыстарды салу кезінде пайдаланылатын конструкциялар осы Техникалық регламенттің талаптарына, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған қасбеттік қоршау конструкцияларына және жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға қатысы бар басқа да техникалық регламенттерде бекітілген қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

9. Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын конструкциялар (оның ішінде импортталатын) залал келтірудің ықтимал қатерлеріне баға беру және олардың тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін қажетті тұтынушыларға арналған ілеспе құжатпен (сапа паспорты, техникалық немесе нормативтік құжаттар және басқасы) қамтамасыз етілуі тиіс.

10. Ескерту таңбаларына қосылған ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысының және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

11. Тұтынушыларды адастыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу үшін конструкциялардың осы Техникалық регламентке сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

12. Тұтынушыларды адастыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу үшін таңбалау, сипаттамалар туралы деректердің сақталуын, осы Техникалық регламенттің мақсаттарын орындау үшін конструкцияның әр бірлігі немесе дайын конструкциялардың партиясына арналған конструкциялар бойынша елеулі деректерді айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін автоматтандырылған есепке алу жүйесі болу қажет.

 

 

4. Конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын техникалық талаптар



 

4.1. Конструкцияларды жобалау кезінде олардың механикалық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



 

13. Конструкцияларды жобалау кезеңінде мақсатына, түріне, ғимаратта немесе құрылыста орналасуына қарай олардың қауіпсіздігіне қойылатын барлық қажетті талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін конструкцияларға қойылатын талаптар кешені қалыптастырылуы тиіс.

14. Механикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жобалау кезеңінде оларды дайындау үшін қолданылатын материалдарға мынадай негізгі өлшемдер бойынша талаптар кешені қалыптастырылуы тиіс:



1) конструкциялардың көтергіш қабілеті қаптама элементтерінің салмағы арқылы ғимараттың немесе құрылыстың сыртқы қабырғасына берілетін жүктемелердің шамасына сәйкес болуы тиіс;

2) конструкциялардың бекіту бұйымдары қаңқа мен қаптама элементтерінің құрастырма ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс.

15. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды жобалау кезінде механикалық беріктікті қамтамасыз ету үшін табақ шыны мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:



1) қалдық кернеулер шамасы, өлшеулер жүргізу ережелері, бақылау кезеңділігі өндірушінің технологиялық құжаттамаларында белгіленуі тиіс;

2) шыныдағы ішкі қалдық кернеулерін (босаңдығын) өндіруші бақылауы тиіс;

3) шыныда қиратқыш кемістіктердің (ақаулардың) болуына жол берілмейді;

4) жиек бойында ұзындығы 5 мм астам және тереңдігі шыны қалыңдығының жартысынан астам жарықтардың болуына жол берілмейді.

16. Жобалау кезінде қирайтын конструкция астында тұрған адамдардың конструкцияның құлайтын элементтерінен жарақат алуына әкелмеуі көзделуі тиіс.

17. Жобалау кезінде, егер ғимараттардың немесе құрылыстардың конструкцияларында конструкциямен жанасудан тиісті тұрақты қорғау (қоршау) көзделмесе, конструкциялардың және олардың бекітпелерінің пайдалану жағдайларында түсетін барлық жүктемелерге (пайдалану, климаттық т.б.) төтеп беруі көзделуі тиіс.

18. Жобалау кезінде сыртқы қоршауларға орнатылатын конструкцияларды таңдау мыналарға:



1) осы Техникалық регламенттің талаптарымен үйлестірілген нормативтік құжаттар бойынша жобалау тапсырмасында белгіленген пайдалану жүктемелеріне;

2) конструкцияның салмағына;

3) осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес конструкцияны пайдалану өңіріндегі ең төмен және ең жоғары ықтимал температураларға, сондай-ақ ең төмен және ең жоғары атмосфералық қысымға;

4) осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес өңірі үшін конструкцияға түсетін ең жоғары жел қысымына және қолданылу биіктігіне;

5) осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес қолданылу өңірі үшін ең жоғарғы қар жүктемесіне (қар қалталарының түзілу ықтималдығын ескере отырып);

6) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция сіңіретін күн сәулесінің қарқындылығы мен ұзақтығына;

7) сейсмикалық жүктемелерге (сейсмикалық қаупі бар аудандар үшін) сәйкес жүргізілуі тиіс.

19. Жобалау кезінде тік жазықтыққа қарай 15o-тан аспайтын еңкейтілген конструкциялар, егер көлденең кескіні 50 см. аспаса, тік конструкциялар ретінде қарастырылуы тиіс.

20. Статикалық жүктемелерге қойылатын төзімділік жөніндегі талаптар оларға әсер ететін жүктемелерге байланысты көлденең жазықтықтан 75o-тан кем бұрышпен орналасқан барлық конструкцияларға қойылуы тиіс.

21. Жобалау кезінде қасбеттік қоршау конструкцияларын таңдау осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес орындалуы тиіс, бұл мына талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қажет:



1) өрт шыққан жағдайда конструкцияның орнықтылық қасиеттері болуы тиіс;

2) экран термикалық-механикалық жоғары қасиеттері бар, ойылуға төзімді, жарылысқа төзімді, отқа төзімді материалдан жасалуы тиіс;

3) конструкцияның пайдалану жағдайларындағы жүктемелер кезінде қаптама элементтерінің орнықтылығын қамтамасыз ететін бекітпелері болуы тиіс.

22. Жобалау кезінде конструкциялар үшін материалдарды таңдау осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ластану және агрессивтілік дәрежесі бойынша нақты атмосфералардың жіктелуіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

23. Ғимараттар мен құрылыстарда, оның ішінде шыны қабырғаларда, балкондар мен лоджияларды шынылауда, сөрелерде, қысқы бақтарда, сауда павильондарын қоршауда, жарық өткізгіш мөлдір қасбеттер мен аралық қабырғаларда, шыны едендерде, баспалдақ баспаларында, шыны қоршауларда, баспалдақ таяныштарында, төбелерде, зениттік шамдарда, мансардалық терезелерде, шатырларда, күн қағарларда, кіру топтарында қолданылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар пайдалану жағдайларында шыныдан жасалған конструкциялар қираған кезде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей таңдалуы және жобалануы тиіс.

24. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жобалау кезінде осы Техникалық регламенттің мыналар:



1) отқа төзімділігі;

2) оққа төзімділігі;

3) жарылысқа төзімділігі;

4) соққы әсеріне төзімділігі;

5) термикалық төзімділігі;

6) жылу өткізуге немесе эмиссия коэффициентіне кедергісі;

7) бағытталған жарық өткізу коэффициенті;

8) жарық сіңіру коэффициенті;

9) күн энергиясын сіңіру коэффициенті;

10) шудан қорғау;

11) сейсмикалық төзімділігі бойынша белгіленген осы көрсеткіштерге жауап беруі тиіс.

25. Жобалау кезінде шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар мына талаптардың орындалуын қамтамасыз ететіндей таңдалуы тиіс:



1) конструкция (шыныны, бекітпелер мен көтергіш конструкция) адамның одан өтіп, құлауын болдырмауы тиіс. Шыныдан жасалған конструкция мен оның бекітпелері пайдалану жағдайларда түсетін барлық жүктемелерге төтеп беруі тиіс;

2) шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар қираған кезде сынықтары соғу немесе құлау аумағындағы адамдарды жарақаттамауы тиіс.

26. Жобалау кезінде конструкциялардың механикалық беріктігінің есебі көтергіш қаңқаның мына элементтерінің:



1) тік және/немесе көлденең бағыттауыштардың;

2) кронштейндердің;

3) көтергіш қаңқа элементтерінің өзара бұрандамалық және/немесе тойтарма қосылыстарының;

4) негізге бекітпелер;

5) қаптама панельдердің беріктігі мен деформацияларын тексеруді қамтуы тиіс.

27. Жобалау кезінде механикалық беріктікті есептері қаптама тақталардың салмағынан түсетін тік жүктемені, жел қысымының (теріс қысымнан) көлденең жүктемесін, көктайғақтық жүктемені, климаттық температура әсерлерінің жүктемесін, ерекше сейсмикалық жүктемені қабылдау үшін жүргізілуі тиіс.

28. Жобалау кезінде қасбеттік қоршау конструкцияларының қаптама тақталарына түсетін жүктемелер осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс.

29. Күштер (майысу сәттері), көлденең және бойлық күштер, сондай-ақ конструкциялар элементтерінің иілулері материалдар мен құрылыстық механика кедергілерінің негізгі ережелерін пайдалана отырып, айқындалуы тиіс.

30. Жобалық құжаттардың сараптамасы осы Техникалық регламентпен үйлестірілген Техникалық регламенттердің, осы Техникалық регламенттің талаптарына, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін бағалау үшін жүргізілуі тиіс.

31. Конструкциялардың жобаларын сараптау кезінде мыналар тексерілуі тиіс:



1) жобаның толықтығы мен ақпараттылығы;

2) техникалық шешімдердің конструкциялардың беріктілігі, сенімділігі, ұзақ мерзімге шыдамдылығы функционалдығы бойынша таңдалуының негізділігі;

3) материалдар мен жинақтаушы бұйымдардың беріктігі, сенімділігі және ұзақ мерзімге шыдамдылығы бойынша таңдалуының дұрыстығы;

4) орындалған есептердің дұрыстығы, есептік деректердің ғимараттың (құрылыстың) көтергіш конструкциялары элементтеріне түсіретін жүктемелерінің ұсынылатын мәндеріне сәйкестігі;

5) мемлекеттік стандарттарға енгізілмеген қолданылатын материалдар мен жинақтаушы бұйымдардың сәйкестік сертификаттары.

 

 


Каталог: files -> gos-uslugi -> reglament
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы №514 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 008 жылғы ақпандағы №96 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> «Аєаш конструкцияларыныѕ ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар» техникалыќ регламентін бекіту туралы
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі №392 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы №199 Қаулысы Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 008 жылғы мамырдағы №411 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 008 жылғы мамырдағы №410 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Регламенті бекітілсін. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 008 жылғы наурыздағы №217 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет