Желіде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрлігі қазақстандықтарға өтемақы төлем жатыр деген ақпарат тарады. Министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Министрлік егер әлеуметтік төлем туралы қандайда бір сілтеме келетін болса, мұндай сілтемелерге кірмеуді сұрады. Өйткені бұл алаяқтықтың жаңа түрі дейді мамандар. 

"Әлеуметтік желілерде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен қазақстандықтарға өтемақы төленгені туралы жалған ақпарат таралуда. Белгіленген ақшаны аудару үшін белгісіз біреулер сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің бұл түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Сәйкесінше, хабарламада көрсетілген сілтеме шабуылдаушылар үшін пайдаланушыдан жеке деректерді алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен араласпау үшін сілтемені ешқашан баспауға кеңес береміз”, – делінген министрліктің таратқан хабарламасында. 

Осыған дейін мамандар жиһаз жасап беремін деп тақырға отырғызатын алаяқтарға алданбаудың жолдарын айтқан еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.