Баскґл ауылдыќ округі јкімініѕ округ тўрєындарыныѕ



жүктеу 32.67 Kb.
Дата11.04.2018
өлшемі32.67 Kb.

Баскөл ауылдық округі әкімінің есеп беру тезисі
2014 жылғы 11 қарашада Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы Жол- болашаққа бастар жол» Жолдауын жолдады. Елбасының тапсырмасы бойынша үкімет жаңа Жаңа экономикалық саясатты дамутыуға арналған кең масштабты бағдарламаны дайындады. Округте 10 адамнан тұратын ақпараттық- насихаттау тобы жұмыс істейді, жұмыс жоспары, тұрғындармен кездесу кестесі дайындалды, Елбасының Жолдауын түсіндіру бойынша тұрғындармен кездесулер өткізілді.

2014 жылы ауылдық округтің даму үшін негізгі келесі міндеттер қойылды: елді мекендерді абаттандыру, әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығын дамыту, Башкуль ауылында 80 орындық мектеп құрылысын жүргізу, мектептің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 1,6 млн теңгеге Башкуль ауылында балалар алаңының құрылысы жүргізілді. Қарағайлы ауылының су құбыры желісін жаңарту және қалпына келтіру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын дайындау, ЖСҚ дайындалды, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Тұрғындар саны 1834 адам, 2013 жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға төмен.

2014 жылы округ келесі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерге жетті: ауыл шаруашылығында 2014 жылы мал басының саны – 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда: ІҚМ 598 басқа өсіп, 4798 басты құрады, қой мен ешкі 1250 басқа өсіп, 6850 басты құрады, жылқы 167 басқа өсіп, 1318 басты құрады, шошқа –91 басқа азайып, 94 басты құрады. Егістік алқабының жалпы көлемі 8734,4 га. Шаруа қожалықтары 7464,7 га егіс алқабын жинады, жиналған астық көлемі гектарына 11,0 ц шықты. «Қазагрофинанс»АҚ лизинг арқылы 5,75 млн теңгеге «Айжана» ш/қ Беларусь- 1221,2 марклі тракторын сатып алды.

Негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі 2014 жылы 10114,800 тенгені құрады. Жергілікті салықтарды жинау жұмыстары бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына жиналған түсім сомасы 1380,4 мың теңгені құрады, 2013 жылы – 1325,5 мың тенге, көбеюі 54,9 мың теңге немесе 104 пайызды құрады.

Инфраструктура – абаттандыру бойынша мал қорымдарына ағымды жөндеу, қоқсықтарды үю, рұқсат етілмеген орындарға төгілген жерлерді қоқсықтардан тазарту жүргізілді, Қарағайлы ауылының кіре берісіне стелла дайындалып орнатылды, сомасы 250 мың теңге, көше фонарларына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, қосымша 18 көше фонарлары орнатылды. 106 мың теңгеге көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, қаржыландыру көзі жергілікті бюджет. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Мәдениет үйін қоршау жұмыстары жүргізілді.

2014 жыл көлемінде қоғамдық ақылы жұмыстарға 5 адам тартылды, 2013 жылы 9 адам болды. Ағымдағы жылы 22 жаңа жұмыс орыны құрылды, 80 адам маусымдық жұмыстарға орналастырылды, Морозов, Бөкебай орман шаруашылықтарына және Башкөл ауылындағы мектеп құрылысында 12 адам жұмыс істеді, 2 жас маман жастар тәжірибесінен өтті. Жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша салық басқармасында 9 бақташы, 1 ЖК «Мекенбаева» жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. «Өрлеу» бағдарламасына округтен 1 отбасы тартылды.



Білім беру бойынша округте 2 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Оқушылар саны 2014 жылы - 306 бала, 2013 жылы – 320 баланы құрады, мектепалды даярлық тобы – 28 бала. Н.Баймұратов атындағы орта мектептің базасында 25 балаға арналған шағын орталық жұмыс істейді. 2014 жылы округ бойынша ҰБТ – дің орташа балы-67,5 балды құрады, 2013 жылы -77 балды құрады.

Округ аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді, медициналық кадрлармен толық қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы 985 адам флюрография, «Саламатты Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында скринингтік тексерулерден өтті.

Округте мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды орындауда «Агробизнес - 2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылы АӨК мемлекеттің қолдауымен округтің шаруа қожалықтары мен «Башкуль» ЖШС 8,150 мың теңгенің субсидияларын алды, «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында екінші бағыты бойынша 2014 жылы округтен 6 қатысушы жалпы сомасы 12,5 теңгенің шағын несиесін алды, 6 жаңа жұмыс орыны құрылды, әлеуметтік жұмыс орындарына 9 адам жіберілді, жастар тәжірибесінен 3, қайта даярлау курстарынан 3 адам білім алды. «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы аясында 1 адам шаштараз мамандығына кәсіптік білім алды .

2014 жылғы округ әкімімен кездесу барысында ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныс- пікірлер:Ұялы байланыс мәселесі, мерзімді баспасөздің уақытында жеткізілуі, округтегі идеологиялық жұмысты жақсарту туралы, қосымша көше фонарларын орнату, елді мекеннің ішкі жолдарына түзету жұмыстарын жүргізу. Барлық ұсыныс – ескертпелерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілді.

2015 жылға қойылған міндеттер:

- «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша округте ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету,

- Қарағайлы ауылындағы саябақты қоршау жұмыстарын жүргізу,

- Башкуль ауылындағы мектепті енгізу,

- Қарағайлы ауылында арнайы жабылғымен жабылған футбол алаңын орналастыру.



Баскөл ауылдық округінің әкімі Н.Балыкбаев


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет