Баскөл ауылдық округі әкімінің 018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2019 жылға арналған міндеттері туралы тезисі 2018 жылғы қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі



жүктеу 94.13 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі94.13 Kb.

Баскөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2019 жылға арналған міндеттері туралы тезисі
2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауын орындауда, еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуының басты басымдықтары белгіленген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына және Бесқарағай ауданының әкімімен бекітілген кестеге сәйкес, 2019 жылдың қаңтар айында ауылдық округ әкімдерінің және аудан әкімінің есебі өтеді.

Баскөл ауылдық округі тұрғындарының саны-1697 адам, 9,5 %-ға азаюы байқалуда. Округтегі аулалардың жалпы саны – 468. Қарағайлы ауылында – 256, Башкөл ауылында – 116, Бөкебай ауылында – 96 аула. Ерлер – 836, әйелдер -861.Қазақтар – 1275, орыстар – 166, татарлар- 194, өзге ұлттар – 62 адам. Округтің экономикалық белсенді халқының саны - 879 адам, олардың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 222 адам, жалдамалы жұмыстағылар саны -629. жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер – 3 адам.

Ауылдық округтің аумағы 119874 га құрайды.
Ауыл шаруашылығы

Есептік кезең ішінде ауылдық округ ауыл шаруашылығында келесідей көрсеткіштерге қол жеткізілді:

1. ІҚМ саны 2992 бас, өткен жылмен салыстырғанда орындалуы 102 пайыз,

2. ҰҚМ саны 5747 бас, өткен жылмен салыстырғанда орындалуы 102 пайыз

3. жылқылар саны 1481 басты құрап, 113 пайызға өсті,

4. шошқалар саны 45 бас, былтырғы кезеңдегідей,

5. құстардың саны 7526 бас, 107 пайызға өсті.
2018 жылы ет өндірісінің көлемі 7232 цн, немесе 60,3 пайызды, сүт - 57489 це немесе 85 пайызды, жұмыртқа- 802570 дананы құрады. Елбасының биылғы Жолдауының бесінші басымдығы Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру болып табылады. Мал шаруашылығы саласында жетістіктерін атап айтарлықтай шаруа қожалықтары, негізгі жұмысы ет бағытындағы ІҚМ өсіру болып табылатын «Айжана», «Тасқұдық», «Балыкбаев Н.А.» шаруа қожалықтары. Осы шаруа қожалықтары мемлекеттік қолдауға бағытталған бағдарламаларға қатысады. Округ аумағында негізгі бағыттары аралас өндіріс болып табылатын 48 фермерлік шаруа қожалықтары, 2 ЖШС тіркелген. Округтен 18 шаруа қожалығы егістік жұмыстарын жүргізді. Егін өндірісімен айналысатын округтің ірі шаруа қожалықтарының бірі «Айжана» шаруа қожалығы басшысы Калишов Серикхан Кабдылханович, «Балыкбаев Н.А.» фермерлік қожалығы басшысы Рахимова Гульфия Алтынбековна. 2018 жылы шаруа қожалықтарының егіс алқаптарының көлемі -5590,0га болды, оның ішінде 2048,4 га аумағында дәнді дақылдар және 1880,4 га аумағында майлы дақылдар, қатаң мал азығы -1589,3 га егілді. Жалпы жиналған өнім 24732,4 центнер дәнді дақылдар, өнімділігі 12 ц/га, майлы дақылдардың жалпы жиыны 18866,0 центнерді құрады, өнімділігі 10 ц/га құрады. 10200 тонна көлемінде мал азығы дайындалып, жоспар 102%-ға орындалды. Жиналған дәнді дақылдардың -2473 ц тұқымға салынды.

2018 жылы округ тұрғындарымен 26 га алқапта, картоп 6 га алқапта көкөністер егілді. Көкөністердің жалпы жиыны 2010 цетнерді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11 %-ға артқан. Картоп 5980 центнерді құрап, өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 8 %-ға ұлғайды.

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын іске асыруда, ауыл шаруашылық малдарына серологиялық тексерулер мен алдын- алу іс- шаралары уақытымен жүргізіліп отырады.

Округтің шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары жыл көлемінде Семей қаласында, аудан орталығында өткізілген жәрмеңкелерге белсене қатысып, осы жәрмеңкелерде өздерінің ауыл шаруашылық өнімдерін сатты.

Негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі 2018 жылы 18 млн. 465 мың теңгені құрады, оның ішінде «Балыкбаев Н.А.» фермерлік қожалығы 10млн 625 мың теңгеге, «Айжана» шаруа қожалығы – 4165 мың теңгеге, «Ди-Нар» шаруа қожалығы – 1300 мың теңгеге ауыл шаруашылық техникаларын сатып алды. «Балыкбаев Н.А», «Құлагер», «Толқын» шаруа қожалықтары 7 бас қазақтың ақбас тұқымды бұқасын сатып алды. 2017 жылғы инвестиция көлемі 19 млн 165 мың теңгені құрады.
Кәсіпкерлік

Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастыру мақсатында округтен 12 адам «Даму» бағдарламасы аясында оқыту курстарынан білім алды. Округ бойынша шағын кәсіпкерліктің 38 субъектісі тіркелген. Негізгі бағыты- сауда-саттық, жекеменшік индосекторының малын бағу және қызмет көрсету. Олардың ішінде: 11 дүкені, 1 дүңгіршек, 1 дәріхана, 1 жанар-жағар май құю станциясы, 2 техника жөндеу шеберханасы жұмыс істейді. Округтің кәсіпкерлерімен бизнес саласын дамыту, мемлекет тарапынан беріліп отырған бизнесті қолдауға бағытталған несиелендіру бағдарламаларына қатысу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.


Бюджеттік түсім

Жылдық жоспар бойынша 2 млн. 500 мың теңге қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсуі жоспарланған, орындалуы 3 млн 7 мың 682 теңгені құрады, оның ішінде мүлік салығы – 85996 теңге, жер салығы – 134748 теңге, төлем түсімдеріне салынбайтын жеке табыс салығы – 705497 теңге, жеке тұлғалардың көлік салығы – 2215220 теңге.


Мемлекеттік қызмет көрсету

Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ерекше көңіл бөлінеді. 2018 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратында 722 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылығы туралы анықтама алу - 690, сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу-6, жалпы білім беретін мекемелерге тегін жеткізу-26. Барлық қызметтер Баскөл ауылдық округі әкімінің аппараты арқылы қағаз түрінде көрсетілді.


Әлеуметтік сала

Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы. Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты.  Округте 2018 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 10 адам жұмысқа орналасты, 68 адам маусымдық жұмыстарға орналасты. Жұмыс орындарының басым бөлігі «Семей орманы» МОТР РММ Бөкебай филиалында құрылды. Округтен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша Бесқарағай колледжіне тракторист мамандығы бойынша кәсіптік білім алуға - 4 адам және орманшы мамандығына -1 адам оқуға жіберілді.

2018 жылы атаулы әлеуметтік көмекті 18 отбасы алды, шарты ақшалай көмекті- -16 отбасы, біржолғы ақшалай көмекті - 2 отбасы алды. Жыл көлемінде «Қайырымдылық» айлығы, «Мектепке жол» акциясы аясында округ кәсіпкерлерімен төменқамтылған отбасыларының балаларына оқу құралдары, киімдермен қайырымдылық көмек көрсетілді. Жыл көлемінде қоғамдық кеңеспен бірлесе 8- Наурыз Халықаралық әйелдер күніне, 9- мамыр Жеңіс күніне, 1- маусым балаларды қорғау күніне, Қарттар күніне орай құттықтаулар ұйымдастырылады, демеушілік көмек есебінен қайырымдылық дастархандары жайылды.

Жалпы зейнеткерлер санынан округте 1 ҰОС ардагері, 21 тыл еңбеккері тұрады. Жалғызбасты зейнеткерлерге және мүмкіндіктері шектеулі балаларға барлығы – 13 адамға округте үш әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Округ мектептерімен жалғызбасты зейнеткерлерге тұрақты түрде көмек көрсетіледі.

Округ жастары «ZhasProjekt» конкурсына қатысып, 2 жоба бойынша 2,0 млн теңгенің грантын ұтып алды. Башкуль ауылынан Р.Хабибуллин аналық мал басын сатып алуға және Қарағайлы ауылынан Г.Токтагулова «Coworking» орталығын ашуға.
Инфроқұрылымды дамыту және абаттандыру

Округ тұрғындарымен елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырады, әр апта сайын елді мекендерді тазалау бойынша «Тазалық жұмасы», сенбіліктер, Бөкебай филиалының бастамасымен жыл сайын «Саябақтар шеруі» экологиялық акциясы тұрақты түрде өткізіліп отырады. Осы акция аясында округ бойынша барлығы 630 түп әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды,

«ERALI строй» ЖШС Қарағайлы ауылының саябағында аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша «WORKAUT» алаңының құрылысын жүргізді, саябақты абаттандыру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Округ аумағындағы баннерлерді жаңалау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Құрылыс

2018 жылға тұрғын үйді енгізу жоспары -169 шаршы метр, жоспар орындалмады. Округтің көптеген тұрғындар өздерінің тұрмыстық жағдайларын үйлеріне қосымша құрылыстар мен аулаларына құрылыстар жүргізу арқылы жақсартуда, инфрақұрылымдар тартуда (су құбыры, кәріз жүйесі).


Денсаулықсақтау

Елбасы жолдауының алтыншы басымдығында айтылғандай ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету болып табылады. Округ аумағында Қарағайлы ауылында дәрігерлік амбулатория және Башкөл, Бөкебай ауылдарында фельдшерлік пункттер қызмет атқаруда. Ауылдық округте бала туу көрсеткіші 12 пайызға көтерілді, 2018 жылы- 17 сәби дүниеге келді. Өлім жағдайы былтырғы жылғыдай 19 адам болды, ана және сәби өлімі тіркелген жоқ. Республикалық «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша скрингтік тексеруден өтті, өкпе ауруының алдын алу бойынша флюротексеру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде, ағымдағы жылы берілген жоспар 100 пайызға орындалып, 1117 адам флюрографиялық тексеруден өтті.
Білім беру

Ауылдық округте 2 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды (Башкөл және Н.Баймұратов), оқушылар саны -243, мұғалімдер саны – 55. 2018 жылғы ҰБТ Н.Баймұратов атындағы орта мектебі бойынша –13 оқушы тапсырды, орташа балл – 55. Башкөл орта мектебі бойынша - 4 түлек тапсырды, орташа балл -64,2. 2017 жылы ҰБТ – дің орташа балы- 73,5 балды құрады. 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету көрсеткіші былтырғы жылдың деңгейінде қалып отыр, Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің базасында 25 балаға арналған шағын орталық жұмыс істейді.


Кең көлемдегі мәдени іс- шаралар

Жыл көлемінде ауылдық округ аумағында мектептер, қоғамдық кеңестер, ауыл тұрғындарының қатысуымен кең көлемдегі мәдени және спорттық іс- шаралар тұрақты өткізіліп отырады. Ауылдық округ аудандық іс- шараларға да белсене қатысып отырады. Бесқарағай ауданының 90- жылдығына арналған іс – шарада, киіз үйлер сайысы бойынша бас жүлдені және «Ауылдық округінің күндері» іс- шарасында үшінші орынды иеленді. Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің оқушысы А.Фидельская «Бесқарағай аруы» сайысына қатысып, «Көрермендер көзайымы» номинациясына ие болды, 2018 жылы округ жастары Б.Саду мен Б.Касенова «Екі Жұлдыз» сайысына қатысты, Б.Касенова 7 аудандық Шәмші Қалдаяқов фестивалінде лауреат атанды, Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің «Атаның балалары» командасы КТА сайысына қатысып –екінші орынды иеленді. Мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда мектеп ұжымдары, әлеуметтік қызметкерлер, ауыл жастары, қоғамдық кеңес мүшелері және округ әкімінің аппараты белсенді түрде қатысады. Жыл көлемінде Елбасы Жолдауын насихаттау, дін экстремизм, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру сұрақтары бойынша 428 адамды қамтыған 17 кездесу өткізілді.


Құқық қорғау және қауіпсіздік

Ауылдық округ аумағындағы қоғамдық қауіпсіздік және құқық сақтау тәртібі ауылдық округі әкімінің, ауыл активінің және полицияның учаскелік инспекторының тұрақты бақылауында. Құқық бұзушылықтың алдын алу және бұзушылықтың статистикалық көрсеткіштері округтің басты мәселесі. 2018 жылы округ бойынша 10 қылмыс тіркеліп отыр, ашылмағаны – 3, 2017 жылы – 13. Округтің қоғамдық саяси жағдайы тұрақты, экстремизм фактілері, сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтар тіркелген жоқ. Ауылдық округ әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасау немесе сыбайлас жемқорлық бағытындағы бұзушылықтарды болмау мақсатында лауазымдық міндеттерінің орындалуына мекемеде ішкі бақылау жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған іс- шаралар жүргізіледі. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді іске асыру бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіледі.

Округтің ер балалары арасында ауылдық округтің аппараты әскер қатарына шақыру бойынша жұмыстарды жүргізеді. Көктемгі шақыртуда берілген жоспар -4 адам, әскер қатарына – 2 шақыртылды, күзгі шақыртуда берілген жоспар -3 адам, әскер қатарына – 3 шақыртылды. 2018 жылы Бесқарағай ауданының қорғаныс бөлімінің шақырту учаскесіне 2002 жылы туғандардан -10 адам тіркелді, барлығы округ бойынша әскери міндеттілер 120 адам.
2018 жылғы округ әкімімен кездесу барысында ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныс- пікірлер:

- облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойына Қарағайлы ауылының атауы жазылған жол көрсеткіш белгісін орнату туралы, автомобиль жолының бойына Қарағайлы ауылының атауы жазылған жол көрсеткішінің белгісі орнатылды.

- Бөкебай ауылында балалар алаңын салу туралы, 2018 жылы балалар алаңының құрылысын жұргізуге ЖСҚ дайындалды.

- қыс мерзімде елді мекендердің ішкі жолдарын тазалау туралы; Қыс мерзімінде елді мекендердің ішкі жолдары уақытымен тазаланып отырды.

- қаңғыма иттерді аулау іс- шараларын жүргізу туралы; Қаңғыма иттерді аулау іс- шаралары келісім- шарт бойынша жүргізілді, 72 қаңғыма ит ауланды. Басқада іс- шаралар бақылауға алынып, орындалды.

Елбасының «Рухани жаңғыру» қоғамдық келісімді жаңғырту бағдарламасының тапсырмаларын іске асыруда, Баскөл ауылдық округінде «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 3 жоба ұйымдастырылды:

Жеңіс күні қарсаңында Башкөл ауылында ауыл тұрғындары мен жерлестерінің демеушілік көмегімен 800,0 мың теңгеге ҰОС қатысушыларына арналған ескерткіш ашылды;

27 қазан күні Башкөл орта мектебінде Бесқарағай ауданының 90-жылдығына, Астана қаласының -20 жылдығына орай «Патриот» күрес үйірмесі ашылды;

Тәуелсіздік күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Н.Баймұратов атындағы орта мектебінде аудан әкімінің бастамасымен еркін күрес залы ашылды. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттарға 2,0 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, қажетті спорттық құралдар сатып алынды.
2019 жылға қойылған міндеттер:


  1. Қарағайлы ауылының мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  2. Мал шаруашылығында мал басын 3 пайызға арттыру;

3. Жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жұмыстарды жүргізу;

4. Бюджетке қосымша кіріс көздерін анықтауға бағытталған жұмыстарды жүргізу;



5. Бөкебай ауылында балалар алаңының құрылысын жүргізу.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет