Баскөл ауылдық округінің 2017 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінің тезистері Құрметті округ тұрғындары! 2017 жылғы 31 қаңтарда Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»



жүктеу 102.67 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі102.67 Kb.

Баскөл ауылдық округінің 2017 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінің тезистері

Құрметті округ тұрғындары! 2017 жылғы 31 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Елбасы Жолдауында еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру мақсаты қойылды. Үшінші жаңғырудың табысты болуы және жалпы еліміздің дамуының алға басуы – қазақстандық қоғамнан және жеке әр азаматтың ойы мен іс-әрекетіне байланысты. Үшінші жаңғырудың міндеттерін терең түсіну мен ұғынуды қамтамасыз ету маңызды, себебі нәтижесінде еліміздің мүлдем басқа деңгейге шығу мақсаты қойылған. Жолдаудың міндеттері әр азаматқа тиесілі. Сондықтан бұл түсінікті әр адамның санасына жеткізу аса маңызды.

Жолдау қабылдаған бағдарламалардың талдауы және ғылым мен технологиялардың жеделдетілген дамуын, еліміздің азаматтарының қажеттіліктерін ескеріп жасалған болашаққа бағдар. Елбасы экономиканың дамуын қамтамасыз ететін бес негізгі басымдықтарды айқындап берді: біріншісі – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

Ауылдық округтің аумағы 119874 га құрайды. Округ тұрғындарының саны-1765 адам, 3,7 %-ға азаюы байқалуда. Округтегі аулалардың жалпы саны – 467. Қарағайлы ауылында – 258, Башкөл ауылында – 115, Бөкебай ауылында – 96 аула.

Есептік кезең ішінде ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылығында келесідей көрсеткіштерге қол жеткізілді:

1. ІҚМ саны 2883 бас, өткен жылмен салыстырғанда 22 %-ға азайды,

2. ҰҚМ саны 4677 басты құрап, 30%-ға азайды,

3. жылқылар саны 1172 басты құрап, 10%-ға азайды,

4. шошқалар саны 45 бас, былтырғы кезеңдегідей,

5. құстардың саны 6300 бас, 3%-ға азайды.

2017 жылы ет өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 114%-ға өсті немесе 6341,5 цн, сүт 116%-ға немесе 67031 цн, жұмыртқа- 101%-ға немесе 552601 даны құрады.

Мал шаруашылығы саласында жетістіктерін атап айтарлықтай шаруа қожалықтары, негізгі жұмысы ет бағытындағы ІҚМ өсіру болып табылатын «Балыкбаев Н.А.», «Толқын», «Тасқұдық» шаруа қожалықтары. Осы шаруа қожалықтары мемлекеттік қолдауға бағытталған бағдарламаларға қатысады.

Округ аумағында негізгі бағыттары аралас өндіріс болып табылатын 49 фермерлік шаруа қожалықтары тіркелген. Округтен 18 шаруа қожалығы егістік жұмыстарын жүргізді. Егін өндірісімен айналысатын округтің ірі шаруа қожалықтарының бірі «Айжана» шаруа қожалығы басшысы Калишов Серикхан Кабдылханович, «Балыкбаев Н.А.» фермерлік қожалығы басшысы Рахимова Гульфия Алтынбековна. 2017 жылы шаруа қожалықтарымен 1843,9 га аумағында дәнді дақылдар және 792 га аумағында майлы дақылдар егілді. Жалпы 22126,8 центнер дәнді дақылдар жиналып, өнімділігі 12 ц/га құрады. Майлы дақылдардың жалпы жиыны 6336 центнерді құрады, өнімділігі 8 ц/га құрады. 10200 центнер көлемінде мал азығы дайындалып, жоспар 102%-ға орындалды.

2017 жылы округ тұрғындарымен 25 га алқапта картоп, 6 га алқапта көкөністер егілді. Көкөністердің жалпы жиыны 1798 цетнерді құрап, өткен жылмен

салыстырғанда 110 %-ға артқан. Картоп 5550 центнерді құрап, өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 105 %-ға ұлғайды.

Ауыл шаруашылық саласын дамыту үшін бізге егістік алқаптарын тиімді пайдаланып, өнімділіктің жаңа технологияларын енгізу қажет. Жыл көлемінде Семей қаласында, аудан орталығында өткізген жәрмеңкелерге белсене қатысып, осы жәрмеңкелерде өздерінің ауыл шаруашылық өнімдерін сатты. «Туған жерге тағзым» әлеуметтік бағдарламаларына қатысып, әлеуметтік азқамтылған халық топтарына материалдық көмек, округтегі әртүрлі іс-шаралар өткізуге демеушілік көмектерін көрсетіп отырады.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050 Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында ауыл шаруашылығын модернизациялауды қажет ететіндігін атап өтіп, бірнеше мақсаттарды айқындады. Солардың бірі болып, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін құрып, олардың жұмысына жеке қосалқы шаруашылықтарды тарту болып табылады. Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі, сондықтан маңызды шешімдердің бірі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен сатуды орталықтандыру мақсатында сүт қабылдау пункттерін және мал бордақылау алаңдарын құру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтеріне біріктіру болып табылады. 2017 жылы округте ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және ІҚМ мал басын асылдандыру бағыты бойынша жұмыс жасайтын «Тұлпар», «Қарағайлы -1», «Жазия» атты 3 ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркелді, мүшелерінің саны 65 адамды құрайды. Бүгінгі таңда кооперативтер ұйымдастыру (инфраструктураны жетілдіругеқатысты) жұмыстарын жүргізуде.

Негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі 2017 жылы 19 млн. 165 мың теңгені құрады, 2016 жылғы инвестиция көлемі 6386,9 мың теңгені құрады, оның ішінде «Балыкбаев Н.А.» фермерлік қожалығы 17 млн теңгеге асыл тұқымды мал сатып алды. «Құлагер», «Айжана» шаруа қожалықтар 6 бас қазақтың ақбас тұқымды бұқасын сатып алды.

Екінші басымдық- бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Округ бойынша шағын кәсіпкерліктің 40 субъектісі тіркелген. Негізгі бағыты- сауда-саттық, жекеменшік индосекторының малын бағу және қызмет көрсету. Олардың ішінде: 12 дүкені,1 дүңгіршек, 1 дәріхана, 1 жанар-жағар май құю станциясы, 2 техника жөндеу шеберханасы жұмыс істейді. Округтің кәсіпкерлерімен бизнес саласын дамыту, мемлекет тарапынан беріліп отырған бизнесті қолдауға бағытталған несиелендіру бағдарламаларына қатысу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта кәсіпкерлермен кездесулер мен жиналыстар өткізілді. Округте мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды орындауда «Ынтымақ» бағдарламасы бойынша «Құлагер» шаруа қожалығы 5 млн. Теңге алып, 23 бас ірі қара мал сатып алды. Ауылдық округ бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тіркелген белсенді кәсіпорындар саны - 3 кәсіпорын болды, оның екеуі «Наз-ерке» серіктестігі несиелерінің аяқтаулына байланысты жабылды және «Allians taxcnsulting service» ЖШС есепті нөлдік көрсеткішпен тапсырады. «Башкуль» ЖШС мал шаруашылығы

3
саласымен айналысуда, 2018 жылға сүтті бағыттағы мал басын өсіруді жоспарлап отыр.

Биылғы Жолдаудың негізгі басымдықтарының бірі болып сыбайлас жемқорлықпен және экстремизммен күрес белгіленген. Республикамызда «Нұр Отан партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған» бағдарламасы қабылданып, іске асырылуда. Округ әкімінің аппаратында мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары әзірленіп, іс-шаралар жоспары бекітілді. Ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізетін жұмыс тобы, жоспарға сәйкес қызмет атқаруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі мақсаттарының бірі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту болғандықтан, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ерекше назар аударылады. 2017 жылдың 11 айы ішінде ауылдық округ әкімінің аппаратында 1369 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылығы туралы анықтама алу - 1316, мектепке дейінгі мекемелерге мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою-11, сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу-3, жалпы білім беретін мекемелерге тегін жеткізу-39. 2017 жылдың 12 айы ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген жоқ. Аталған стратегияны орындау және қызметтік көлікті қоғамдық бақылауға алу мақсатында қызметтік автокөлікке арнайы белгілер орнатылды.

Әлеуметтік сала: Жоғары жетістіктерге жету жолындағы маңызды көрсеткіштердің бірі -әлеуметтік саланың дамуы болып табылады. Округтің экономикалық белсенді халқының саны 914 адам. Олардың ішінде жұмыс істейтін және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны -906. Жұмыспен қамту орталығында 11 адам тіркеліп, қоғамдық ақылы жұмыстарға тартылды. Округте 2017 жылы 27 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 17 тұрақты, 118 маусымдық жұмыс орындары. Жұмыс орындарының басым бөлігі «Семей орманы» МОТР РММ Бөкебай филиалында құрылды. Қайта даярлау бойынша кәсіптік білім алуға округтен 2017 жылы -15 адам, 2016 жылы - 4 адам оқуға жіберілді.

2017 жылдың басына 13 аз қамтылған отбасылар тіркелген. Жыл бойы аз қамтылғандар санатындағы 28 адам (14 отбасы) «Өрлеу» жобасының қатысушылары болып, 15 адам жұмысқа тұрғызылып, 2 адам қоғамдық ақылы жұмыстарға тартылды. Ауылдық округте 48 көпбалалы аналар тұрады: «Алтын Алқа» алқасымен марапатталғандар-15, «Күміс Алқа» алқасымен марапатталғандар-15, 18 жасқа дейінгі 4 немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар-18. Жыл көлемінде округ кәсіпкерлерімен мүгедек балаларға және көпбалалы отбасыларының балаларына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Жалпы зейнеткерлер санынан округте 1 ҰОС ардагері, 28 тыл еңбеккері тұрады. Жалғызбасты зейнеткерлерге және мүмкіндіктері шектеулі балаларға округте үш әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Округ мектептерімен жалғызбасты зейнеткерлерге тұрақты түрде көмек көрсетіледі.

Қоғамдық кеңеспен бірлесе 9- мамыр Жеңіс күніне, 1- маусым балаларды қорғау күніне, Қарттар күніне, Ауыл шаруашылығы жұмысшылары күні мерекелеріне орай құттықтаулар ұйымдастырылады, демеушілік көмек есебінен қайырымдылық дастархандары жайылды.


4
Инфроқұрылымды дамыту және абаттандыру: 2017 жылы көшелерді жарықтандыру мен көше фонарларын ұстауға 1217,9 мың теңге қаражат бөлінді. Округ тұрғындарымен елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырады, әр апта сайын елді мекендерді тазалау бойынша «Тазалық жұмасы», сенбіліктер өткізіледі. «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша округке 2441,7 мың теңге қаржы бөлінді, саябақтың ішіне сахна орнатылды, балалар алаңына төсемтас жайылды, М.Қайырбаев көшесіне фонарлар орнатылды. Қарағайлы ауылындағы саябақтың абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, демеушілер есебінен Н.Баймұратовтың аллеясы жасалынып, ақынға арналған ескерткіш, Башкөл орта мектебінің аумағында субұрқақ орнатылды. Жеке кәсіпкер М.Елюбаеваның демеушілігімен Қарағайлы ауылындағы саябақтың ішіндегі ескерткіш тақтаны жаңарту жұмыстары жүргізілді. Округ бойынша барлығы 810 түп әртүрлі көшеттер отырғызылды, 150 шаршы метр жерге гүлдер отырғызылды. Округ аумағындағы стелланы жаңарту, баннерлерді жаңалау бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде және сауда орындарын жаңарту бойынша жұмыстары жүргізілді. 2018 жылға Башкөл ауылында «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде Абай көшесіне фонарлар орнату жұмысы жоспарланып отыр.

Округ аумағында Қарағайлы ауылында дәрігерлік амбулатория және Башкөл, Бөкебай ауылдарында фельдшерлік пункттер қызмет атқаруда. Ауылдық округте бала туу көрсеткіші 1,8 пайызға азайған, 2017 жылы- 14 сәби дүниеге келді. Өлім жағдайы – 19 адам болды, 2016 жылы -22. Ана және сәби өлімі тіркелген жоқ. Республикалық «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша скрингтік тексеруден өтті, өкпе ауруын алдын алу бойынша флюротексеру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде, ағымдағы жылы берілген жоспар 102 пайызға орындалып, 1101 адам флюрографиялық тексеруден өтті.

Ауылдық округте 2 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды (Башкөл және Н.Баймұратов), оқушылар саны -276, мұғалімдер саны – 60. Мектептер жаңа заманауи кабинеттермен жабдықталған. 2017 жылғы мектеп түлектері 21 адамды құрады, 2 түлек «Алтын белгі» аттестатын және 1 түлек үздік аттестатын алды. ҰБТ Н.Баймұратов атындағы орта мектебі бойынша – 6 оқушы тапсырды, орташа балл – 73,6. Башкөл орта мектебі бойынша - 5 түлек тапсырды, орташа балл -63,2, 2016 жылы ҰБТ – дің орташа балы- 73,5 балды құрады.

6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету көрсеткіші былтырғы жылдың деңгейінде қалып отыр, округте қосымша орталықтар ашуға деген қажеттілік жоқ, Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің базасында 25 балаға арналған шағын орталық жұмыс істейді, Қарағайлы және Бөкебай ауылдарының балалары барады. 2017 жылы Н.Баймұратов атындағы орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттарға 28594,8 млн теңгеге мектептің есік- терезелерін толығымен ауыстыру жұмыстары, 800,0 мың теңге қаражатқа мектептің акт залын жөндеу, жиhaздарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ биылғы жылы мектепке 12 тақта, 5 кабинетке

5
интрекактивті құралдар сатып алынды, 200,0 мың теңге қаражатқа химия және физика кабинеттеріне жаңа талаптарға сәйкес жабдықтау жұмыстары жүргізілді.

Округте ауыл тұрғындарының тіршілік деңгейін жоғарлату бойынша жыл көлемінде мектептер, қоғамдық кеңестер, ауыл тұрғындарының қатысуымен кең көлемдегі мәдени және спорттық іс- шаралар тұрақты өткізіліп отырады. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылғы жылы округімізде жерлес ақынымыз, Н.Баймұратовтың 130-жылдығына арналған іс- шаралар аудандық деңгейде аталып өтті. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында округ бойынша тұрғындардың және жерлестеріміздің қатысуымен жалпы сомасы 1850,0 мың теңге қаражатқа жұмыстар жүргізілді. «Башкөл» ұлттық- мәдени орталығының, ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен Башкөл ауылында Сабантой мейрамы өткізілді. Қарағайлы ауылында Мәдениет үйі, ішінде ауылдық кітапхана қызмет жасайды. Мәдениет үйінде көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс жасайды. Жыл көлемінде мәдени мекемелерде мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шаралар ішінде: Наурыз мейрамы, Бірлік күні, 9 Мамыр Жеңіс күні, Балаларды қорғау күні, Халықаралық әйелдер күні, Астана күні, Конституция күні, Қарттар күні, Н.Баймұратовтың -130 жылдығына арналған іс- шаралар, дөңгелек үстелдер, Ауыл шаруашылық қызметкерлері күні, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні өткізілді. Мәдениет үйінде «Жезтаңдай әжелер» тобы жұмыс жасайды. Мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда мектеп ұжымдары, әлеуметтік қызметкерлер, ауыл жастары, қоғамдық кеңес мүшелері және округ әкімінің аппараты белсенді түрде қатысады. Жыл көлемінде Президенттің Жолдауын насихаттау, дін экстремизм сұрақтары бойынша 527 адамды қамтыған 27 кездесу, аудандық мәслихатының депутаты Л.Р.Хамитованың, учаскелік полиция инспекторы Е.Калиясовтың есеп беру кездесулері өткізілді. Аудандық жастар мәслихатының сайлауы ұйымдастырылып, сайлау өткізу нәтижесінде электр желілері учаскесінің мастері А.Е.Журтыбаев аудандық жастар мәслихатының депутаты болып сайланды.



Құқық қорғау және қауіпсіздік. Ауылдық округ аумағындағы қоғамдық қауіпсіздік және құқық сақтау тәртібі ауылдық округі әкімінің, ауыл активінің және полицияның учаскелік инспекторының тұрақты бақылауында. Аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру және қылмыспен күрес, құқық- бұзушылықтың алдын- алу мақсатында «Мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын», «Участок, жедел алдын- алу» акциялары өткізілді. Округ аумағында учаскелік полиция пункті қызмет етеді. Құқық бұзушылықтың алдын алу және бұзушылықтың статистикалық көрсеткіштері округтің басты мәселесі. 2017 жылы округ бойынша 10 қылмыс тіркеліп отыр, ашылмағаны – 2, 2016 жылы – 10. Округтің қоғамдық саяси жағдайы тұрақты, экстремизм фактілері, сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Қоғамдық кеңеспен, мектеп ұжымдарымен ауыл жастары арасында үнемі бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Мәдени іс-шаралар өткізу барысында, кешкі мезгілдерді кезекшілік және футболдан, шаңғыдан, волейболдан жарыстар ұйымдастырылады.

6
Бюджеттік түсім. Бақылау қаражат шотында 3 млн. 140 мың теңге қаржы түсті, Алгортим жүргізу және қосымша қаражат көздерін анықтау нәтижесінде бюджет 650,0 мың теңгеге толықтырылды.



2017 жылғы округ әкімімен кездесу барысында ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныс- пікірлер:

-Бөкебай мен Қарағайлы ауылы арасындағы жолды жөндеу, жолға ағымды жөндеу - ветеринар дәрігердің бірлігін бөлу, округ үшін ветеринар дәрігер бөлінді;

- Қарағайлы ауылына қосымша көше фонарларын орнату, М.Қайырбаев көшесіне 6 көше фонары орнатылды.

2018 жылға қойылған міндеттер

- жаңа жұмыс орындарын аша отырып ауыл шаруашылығының өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар ашуға бағытталған жұмыстарды жүргізу;

- «Башкуль» ЖШС базасында 100 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын ашу;

- бюджетке қосымша кіріс көздерін анықтауға бағытталған жұмыстарды жүргізу;



- Қарағайлы ауылында су құбыры желісінің құрылыс жұмыстарын жүргізу.

.

Баскөл ауылдық округінің әкімі М.Табылдин

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет