Баспасөз хабарламасы «жастар қуаты – 2016»



жүктеу 39.99 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі39.99 Kb.


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«ЖАСТАР ҚУАТЫ – 2016»
2016 жылы 27 қазанда сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында (Астана қаласы, Орынбор көшесі 10/1) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және EXPO-2017 орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші курс студенттеріне арналған салтанатты шара өтеді. Келесі жылы Орталық Азия аймағында алғаш рет, оның ішінде Қазақстанда өтетін бұл халықарлық көрмеге ЕҰУ-дің 3000 студенті қатысып, еріктілер қатарында болады.

Жарқын мерекеге 4000-нан астам бірінші курс студенттері, олардың ішінде 2595 мемлекеттік грант иегері, 400 «Алтын белгі» төсбелгі иесі және халықарлық олимпиада мен байқаулардың жеңімпаздары жиналмақ.

Шара барысында жылдағы дәстүр бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бүгінгі студент – ереңгі бакалавр иелеріне білім-ғылымның символикалық белгісі – студенттік билет тапсырады.

Салтанатты кеш барынша концерттік бағдарламамен өріліп, отандық эстрада жұлдыздарының орындауындағы әсем де әуезді әндер шырқалады. Сонымен қатар Еуразия ұлттық университетінің өнер ұжымы да бұл игі шарадан тыс қалмай, ән, би және театрландырылған көріністер қойып, көрермен көңілін баурайды деп күтілуде.

Университетіміздің соңғы жылдардағы жұмыстары бірнеше бағытта жүргізіліп келеді. Соның бірі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық одақ идеясын басшылыққа ала отырып, дүниежүзілік мәдениет, білім, ғылымның жетістіктерін игеру және ондағы өз орнымызды айқындау болса, екіншіден, ұлттық рухпен шыңдалған, жаңа заманға лайық жастардың рухани болмысын сомдау. Болашақтағы қызметінде де уақыт талабын ескере отырып, осы бағыттар бойынша үздіксіз дамудың тиімді жолдарын іздестіре беретін болады.

Университеттің ұлттық болып құрылуының өзі тәуелсіздік жемісі. Әлемнің беделді білім-ордаларымен иық тіресіп тұрған оқу орнында қазіргі кезде 13 факультет жұмыс істейді. Олардың әрқайсысының татымды тарихы, жемісті дүниелері бар.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті білім беру кеңістігінде ТМД лауреаттығын алса ол тегін емес: интелектуалдық, құқықтық, материалдық-техникалық базасы талапқа сай келеді. Оқу орны Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері. Соңғы жылдары қатарынан тәуелсіз Қазақстан агенттігінің білім беру саласында сапалық көрсеткіш бойынша ұлттық рейтингте көш бастап тұр. ЕҰУ «QS World University Ranking» халықаралық рейтинг агенттігінің қорытындысына сәйкес әлемнің 916 үздік ЖОО ішінде 345 орын иеленуі зор жетістік. Бұл әлемнің 17 000 ЖОО арасындағы бәсекеде қол жеткізетін орны, яғни Қазақстан мен Орта Азияны былай қойғанда, ТМД елдері ЖОО-лары арасында озық жетістік. Сонымен қатар Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық компаниясы ашылғанына 50 жыл толмаған әлемнің ЖОО арасында «QS Top 50 Under 50» деген жаңа рейтингісін жариялағанда нәтижесінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 32-орынға тұрақтады. Аталмыш рейтингке ТМД-ның бір де бір университеті ілінбегенін ескерсек, бұл зор жетістік.

Сондай-ақ Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы «Еуропалық стандарт: жоғары оқу орындарының рейтингі:» көрсеткіші бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемнің 2 678 ЖОО қатысқан байқауда Қазақстандағы 23 жоғары оқу орындары арасынан жетекші бестікке енді.

Еуразия ұлттық университетінің білім беру бағдарламасы халықаралық AQUIN, ASIIN агенттігімен аккредиттелген. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі нұсқасы бойынша 150 бағдарламадан 136-сы алғашқы үш позиция бойынша бірінші орында.

Еуразия ұлттық университетінде үштұғырлы тіл де жақсы жолға қойылған: 125 топта сабақ негізінен ағылшын тілінде өтеді, яғни соңғы үш жылда көптілділік көрсеткіші үш есеге дейін өскен.

Сондай-ақ шетелдік студенттердің Еуразия ұлттық университетін таңдауы да жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, өткен 2015 жылы әлемнің 25 елінен 486 студент білім алды. Алыс-жақын шетелдерден келіп, магистрлік білім алушылар қатары да аз емес. Олардың ішінде Қытай, Оңтүстік Корея, Монғолия, Ауғанстан секілді елдер болса, биылдан бастап сол шетелдік жастар үшін арнайы қазақ-орыс тілі курстары ашылған.

Университетте ғылыми-зерттеу жұмысы да жылдан жылға ілгерілеп келеді. Жалпы бұл бағытқа қарастырылған қаржы-қаражат қомақты: бүгінгі таңға 1 миллиард 770 миллион теңге құрап отыр.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2015 жылдан үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ-2) жүзеге асыру аясында «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструцияларын өндіру», «Ғарыштық техника және технология», «Бетон және темір бетон бұйымдары мен констукциялар өндірісіндегі қуат үнемдегіш және ресурс үнемдеуіш технологиялар» және «Ғарыштық роботехника мен мехтроника» сияқты 4 басым бағыт бойынша мамандар даярлайды. 2016-2017 оқу жылына «Биотехнология», «Радиотехника, электроника, телекоммуникация» және «Жылуэнергетика» мамандықтары қосылды.

Іргелі зерттеуге бет бұрған Еуразия ұлттық университетінің абыройын асқақтатқан бұл көрсеткіштер – білім беру ісі сапасының артып, әлемдік стандарттарға сай жарақтандырылуын төрткүл дүниеге дәлелдесе керек.

Осылайша біртін-біртін халықаралық басқару тәжірибесіне көшіп келе жатқан оқу орны көп ұзамай оң нәтиже көрсететіні анық.


Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com


Каталог: upload -> iblock -> 688
iblock -> 2016 жыл. 19 шілде №395 Әділет департаменті 2016 ж. 22 шілде №3905
iblock -> 7 қазан күні сағат 17: 00-де Қр тұңғыш Президент аудиториясында Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың шығармашылық кеші өтеді
iblock -> Құрметті студент! 2016 жылы «Гуманитарлық ғылымдар 2»
iblock -> Пресс-центр
688 -> Құрметті студент! 2016 жылы «Техникалық ғылымдар және технологиялар 1»
688 -> Құрметті студент! 2016 жылы «Техникалық ғылымдар және технологиялар 1»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет