Баспасөз хабарламасы



жүктеу 19.13 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі19.13 Kb.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


Биыл белгілі жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Әди Шәріповтың 100 жылдық мерейтойы. Айтулы күнге орай 2015 жылы 30 қараша күні сағат 11.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Қажымұқан көшесі 5, УЛК, 323 ауд.) «Әди Шәріпов аудиториясы» ашылады. 

Әди Шәріпов соғыс жылдарында әйгілі партизан атанып, қаруымен бірге қаламын қатар алып жүрді. Ол осынау қанды қырғында басынан өткен оқиғаларды қағаз бетіне түсіріп, «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Тон», «Қапастағы жұлдыздар», «Дос сыры» сынды кітаптар жазып, келер ұрпаққа мол мұра қалдырды.

Тұлғаның құрметіне арналған «Әди Шәріпов кабинетінің» ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, белгілі қазақ ақын-жазушылармен қатар, Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары және студент-жастар қатысады.

1912 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданының Мариновка ауылында дүниеге келген Әди Шәріпов соғысқа дейін Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқыды және Түрікмен КСР-індегі Красноводск педагогикалық техникумында оқу меңгерушісі қызметін атқарып, Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес әскерінің қатарында болды.

Ал, соғыстан кейінгі уақытта Қазақ КСР Оқу министрінің орынбасары, Қазақ КСР Оқу министрі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Сыртқы істер министрі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы және КСРО Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарды. Оның 350-ге жуық ғылыми және публицистикалық еңбегі бар және көп жылдар бойы педагогика саласында зерттеулер жасаған.

Әди Шәріпов Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, КСРО медальдарымен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Ол сондай-ақ, «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» деген құрметті атақтың да иесі.



Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет