Баспасөз қызметі



жүктеу 52.61 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі52.61 Kb.



Баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасындағы

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды

есепке алу әдіснамасына қатысты
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды есепке алу әдіснамасы бойынша келіп түсетін сұрауларға және БАҚ жариялымдарға байланысты осы мәселе бойынша қолда бар ақпаратты ұсынады.

Қазіргі уақытта әлемдегі елдердің көпшілігі жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар туралы деректер қалыптастыруда халықтың пікірлерін жинау жолымен жүргізілетін, өлшеуге мүмкіндік беретін экономикалық қызмет түрімен жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды және экономикалық енжар тұлғаларды Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі- ХЕҰ) критерийлеріне сәйкес еңбек нарығын іріктеп зерттеуін қолданады.

Қазақстанда халықтың жұмыспен қамтылуына зерттеу жүргізу 2001 жылдан бері тоқсан сайын жүргізіледі, онда 15 жас және одан жоғары жастағы 75 мыңға жуық адам зерттеледі. Зерттеумен елдегі барлық өңірлер қамтылған.

Еңбек нарығының негізгі индикаторларын, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар саның қоса алғанда Агенттікпен қолданылатын есепке алу әдіснамасы ХЕҰ халықаралық стандарттарына сәйкескестендірілген – ХЕҰ құрастырылған «KILM индикаторлар жүйесін қолдану бойынша басшылық»

Нақты тұлғаларды жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар қатарына жатқызу бойынша ХЕҰ әдіснамалық әдістемесін көптеген елдердің статистикалық тәжірибесінде қолданылады, яғни ол халықаралық салыстырмалы деңгейде еңбек нарығының көрсеткіштерінің алуға мүмкіндік береді.

Халықтың пікірін жинау сұрақтардың жүйелік логикалық принцпіне негізделген халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалнамасы негізінде жүргізіледі. Респонденттердің жауаптарынан халық экономикалық тұрғыдан белсенділігі бойынша жұмыспен қамтылғандарға (жалдамалы және өз бетінше жұмыспен қамтылу бойынша), жұмыссыздарға және экономикалық тұрғыдан енжар халық болып жіктеледі, ол халықтың экономикалық сипатамасы және жұмыспен қамтылу мәртебесінің Халықаралық Жіктемесі бойынша БҰҰ негізгі принцптеріне және ұсынымдарына сәйкес келеді..



Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар деген кімдер?

Жұмыспен қамтылу мәртебесінің Халықаралық жіктемесіне (ICSE-1993) сәйкес жұмыспен қамтылғандар жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлерге және өз бетінше жұмыспен қамтылғандарға жіктеледі.

Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлерге ақы төлеуді сыйақы түрінде (жалақы) көздейтін жалдау шарты бойынша(жазбаша немесе ауысша) жұмыс істейтін қызметкерлер жатқызылады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар- жалдау бойынша жұмыспен қамтылмағандар.

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды келесі топтарға бөлуге болады:


Жұмыс берушілерге қандай да бір экономикалық қызметттің түрінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және тұрақты негізде бір немесе одан да көп қызметкерлердің жалдамалы еңбегін қолданатын тұлғаларды жатқызылады.

Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер – ол экономикалық қызметтің қандай да бір түрін жүзеге асыратын және қызметкерлерді тұрақты негізде жалдамайтын тұлғалар.

Отбасылы кәсіпорындарының ақы төленбейтін қызметкерлері- бұл табысты ішкі отбасылық негізде бөлу негізінде өзіннің сыйақысын жалақы түрінде алатын отбасылық кәсіорынның қызметкерлері.

Кооператив мүшелеріне кәсіпкерлік қызметпен айналысатын еңбек кооперативінің мүшесі болып табылатын тұлғалар жатқызылады.

Қазақстанда 2013 жылғы 4 тоқсандағы халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалнамасының қорытындысы негізінде өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың саны 2596,0 мың адамды құрады (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 30,3% ), соның ішінде жұмыс берушілер – 160,7 мың адам, өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер -2388,3 мың адам, отбасы кәсіпорынының көмекші қызметкерлері – 32,2 мың адам, коператив мүшелері – 14,8 мың адам.

«Өз бетінше жұмыспен қамтылған халық» санатындағы негізгі үлесті «өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер» (92%), құрайды,ол өз бетінше немесе бір немесе бірнеше серіктестіктермен жұмыс істеп, өз бетінше жұмыспен қамтылу негізінде қызметпен айналысатын және тұрақты негізде негізгі қызметкерлерді жалдамайтын тұлғалар. Өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлердің ішінде (2388,3 мың адам) – 63,3% жеке негізде жұмыс атқарады (тіркелген және тіркелмеген жеке кәсіпкерлер), 36,7%- жеке үй іргесінде өнім өңдірумен қамтылғандар (өз тұтынушы үшін, сонымен қатар сату үшін). 2013 жылғы 4 тоқсандағы халықтын жұмыспен қамтылуын зерттеудің деректері бойынша жеке үй іргесіндегі аулада жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі (52,4%) жеке үй іргесіндегі ауладан алған өнімдерді өткізден табыс алған.

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың көп бөлігі өз бетінше қызметін ауыл шаруашылығында – 1362,0 мың адам (52,5%), бөлшек саудада - 674,9 мың адам (26,0%) және халыққа әртүлі қызмет көрсетуде (көліктік, денсаулық сақтау, білім беру және т.б)- 599,1 мың адам (21,5%) қызметін жүзеге асырады.

Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеудің нәтижесі бойынша орташа алғанда бір өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкер аптасында 35 сағат жұмыс істейтінің көрсетеді (2010 жылы - 31 сағат) және тек қана барлық өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың 0,4% 5 сағат және одан аз жұмыспен қамтылған.

Дамыған елдерде жұмыспен қамтылғандардың ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі 12-14% құрайтының айта кеткен жөн, мысалға, Францияда – 11,0%, Германияда – 11,6%, Великобританияда – 14,6%. Чехияда – 18,5%, Италияда – 25,1%, Кореяда – 28,2%, Турцияда – 37,1%.

2013 жылы Ел басының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғыру: Жалпы Еңбек қоғамына жиырма қадам» баяндамасы барысындағы Үкімет алдына қойған тапсырысына сәйкес ҚР Статистика агенттігі Еңбекмині, ЭБЖМ, ӨДМ және АШМ бірлесіп Қазақстан Республикасындағы өз бетінше жұмыспен қамтылғандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау жаңа Әдістемесін (бұдан әрі-Әдістеме) бекітті.

Әдістеменің негізгі мақсаты болып нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін тұлғалар санатын анықтауға мүмкіндік беретін, сонымен қатар Жұмыспен қамту жол картасы - 2020 механизмі арқылы, сондай-ақ оларды формализациялау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру және зейнетақы жүйесімен қамту және әлеуметтік сақтандыру үшін өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың құрлымын қалыптастыру болып табылады.

Жаңа Әдістемеге сәйкес Қазақстанда барлық өз бетінше жұмыспен қамтылған тұлғалар жұмыспен нәтижелі және нәтижесіз қамтылғандар болып 2 топқа бөлінеді.

Топқа бөлу кезінде негізгі критерий тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіруден алынатын орташа айлық табыстар деңгейі болып табылады. Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан ең төменгі күнкөріс мөлшерімен ара қатынасы белгіленген. Бұл ретте орташа айлық табыс Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан ең төменгі күнкөріс мөлшерімен сәйкестендірілген.

2013 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының ішінде нәтижелі жұмыспен қамттылғандардың үлесі - 64,5 %, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі -35,5%.


Осы ақпарат Қазақстандағы халықтың жұмыспен қамтылу көрсеткіштерін қалыптастыру , сонымен қатар өз бетінше жұмыспен қамтылған халықты қалыптастыру әдістемесін түсіндіру мақсатында ұсынылған.

Осы тақырып бойынша кеңейтілген ақпарат ҚР Статистика агенттігінің http://www.stat.gov.kz/ресми статистикалық ақпарат/желдел деректер/еңбек/ халықты жұмыспен қамту сайтында қол жетімділікпен орналастырылған.

ҚР Статистика агенттігінің Баспасөз қызметі



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет