Баспасөз-релиз петропавл қ. 2015ж. 28 қыркүйек



жүктеу 44.01 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі44.01 Kb.

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Петропавл қ. 2015ж. 28 қыркүйек
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО және «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС энергетика объектілері бойынша баспасөз-туры
2015 жылғы 28 қыркүйек күні «ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ бастамасы бойынша «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ көмегімен, Петропавл 2-ЖЭО мен «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС қайта құру және жаңғырту объектілері бойынша баспасөз-туры өтті. Шараға мемлекеттік органдардың, қоғамның және БАҚ өкілдері қатысты. Баспасөз-турының барысында энергетиктер Петропавл қ. жылу энергияны генерациялауына, тасымалдауына және таратуына тарифтен алынған қаражаттардың көздері болып табылатын кәсіпорындарында әрекет ететін инвестициялық бағдарламалар туралы айтып берді.

Петропавл 2-ЖЭО-да баспасөз-турының қатысушыларына №12 ст. қазанагрегатын қайта құру мен № 5 ст. турбоагрегатын жинақтау бойынша ірі ауқымды жұмыстарды көрсетіп шықты. Бұдан басқа, энергетиктер 2015 жылғы 18 қыркүйек күні пайдалануға қосылған №1 ст. жаңа турбоагрегатты қолданыста көрсеткен.

2016 жылы БКЗ-220-100-4 № 12 ст. қазанагрегатты қайта құрудан кейін, қазанның бу өнімділігі 50 тонна/сағатына үлкейеді. Отынның үнемдеуі жылына 4,2 мың тонна көмір құрайды. Электр энергиясын қосымша өндіріп шығару жыл бойы шамамен 104 623, 842 МВт құрайды.

2017 жылға дейін № 5 ст. турбоагрегатты Т-95/105-8,8 түріне ауыстыру, станцияның орнатылған қуаттылығын 62 МВт және 35 Гкал көтеруге мүмкіндік береді, онынның үнемдеуі 2585 тонна көмір құрайды. Электр энергиясын қосымша өндіріп шығару жыл ішінде 650 051,20 МВт құрайды.

Жуырда іске қосылған К-63-90 турбина, 2-ЖЭО-ның қолдағы электрлік қуаттылығын 63 МВт-қа үлкейтті. №1 турбоагрегатты пайдалануға қосу, жыл ішінде электр энергиясын 500 млн кВтч астам өндіріп шығаруға мүмкіндік береді. Бұл 2013 жылдан бастап санағанда станцияда іске қосылған екінші жаңа турбина: ол 1961 жылдан істеген, өз мерзімін істеп шыққан демонтаж жасалған Т-42-90/1,2 орнына орнатылған. 2013 жылы желтоқсан айында Петропавл 2-ЖЭО-да Т-50/60-8,8 турбоагрегат пайдалануға енгізілген. Осылайша, станцияның жиынтық онатылған қуаттылығы 455 МВт құрайды. Турбина салудың жалпы сметалық құны 2013-2014 ж. Бағасында 5,6 млрд теңгеге тең.

Сондай-ақ, станцияда АТҚ (ашық тарату құрылғы) жабдығын ауыстыру мен станцияның жылу қуаттылығын берудің сұлбасын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Петропавл 2-ЖЭО жылу қуаттылығын беру сұлбасын қайта құру, тұтынушыларды жылу энергиямен қамтамасыз ету сапасын және сенімділігін көтеруге мүмкіндік береді. АТҚ жаңғыртуы станцияның жабдығы жұмысының сенімділігін жоғарылатуына бағытталған. Жабдықты ауыстыру кезінде қазіргі заман талаптарына сай келетін озық сандық құрылғылар қолданылады. 2015 жылы станцияда 1,8 млрд теңге сомасында жұмыстар көлемі жоспарланған, сонда 653 млн теңгеден астам жылу энергия бойынша тарифтің есебінен инвестициялық іс-шараларға бағытталған.

2016-2020 жылдарға жылу энергия бойынша инвестициялық бағдарламаның шараларын жүзеге асыру шеңберінде, Петропавл 2-ЖЭО-да жабдықтың энергия тиімділігін көтеру есебінен оның ауыстыруы жоспарлануда. Жұмыстар нәтижесінде 2020 жылға жабдықтың тозуы 14,1 % төмендейді. Сонымен бірге жылу энергияның үнемдеуі 89 549 Гкал (31 652 тонна немесе көмірдің 455 толымды вагондар). «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ инвестициялық жоспарларын жүзеге асырудан кейін 2021 жылға жылу электр орталығы жабдығының тозуы 51,23% құрайды. Осылайша, станция жабдығының тозу көрсеткіштерінің азаюына жылу энергия бойынша инвестициялық бағдарлама маңызды үлес қосады.

Петропавл 2-ЖЭО-на кіріп шыққаннан кейін баспасөз-турдың қатысушылары «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-не аттанды. Бүгінгі таңда кәсіпорын 10,858 км жылу желілерін ауыстырды, және де 3,654 км жылу оқшаулауды қалпына келтіру бойынша жұмыстар өткізді.

Ең бірінші объект Орталық жылу таратқышы бекетінен (ОЖТБ) бастап ТП-406 жылу бекетіне дейін ТМ № 1 2Ду1000мм жылу магистралі болып табылады. Бұл объектінде жалпы ұзындығы 1836 м құбыр өткізгішке пенополиуретан (ППУ) қабығын қабылданып, оқшаулауды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Жұмыстар құны – 12,5 млн теңге. Инвестициялар көзі – Еуропалық реконструкциялар және дамыту банкі (ЕРДБ). Озық технологияларды пайдалану арқылы жылу энергия шығындары біраз азайды, және де жаңа оқшаулауды пайдалану мерзімі көтерілді.

Кейін баспасөз-тур қатысушылары Интернационал к. бойынша және Демиденко к. мен 308 Краснознамённый Полк к. мекенжайында ұзындығы 500 м ТМ № 11 жылу магистраліндегі жөндеу жұмыстары орнына беттеді. Осы жылу магистраліндегі жұмыстар жылу энергияға қолданыста болған тариф есебі арқылы күрделі жөндеу шеңберінде жасалып жатыр. Шығындардың жалпы мөлшері 4,8 млн теңгеге жуық сома құрайды. Бұл учаскедегі реконструкция жақын жатқан тұрғын аудандарын жылумен жабдықтау параметрлерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Энергетиктердің айтуы бойынша, қазіргі кезде Петропавл қ. жылу желілері кәсіпорындарының негізгі проблемасы 72,86 % құрайтын жылу желілерінің тозу пайызының жоғарлығы болып табылады. Тозудың көтерілу себебі - құбыр жүргізудің төмен жөндеу қарқынымен салыстырғанда тозу деңгейінің артып шығуы болып табылады. Жылу желілердің тозу деңгейі асып кетпеу үшін жыл сайын 19 км құбыр жүргізуді ауыстыру керек, тозу пайызын азайту үшін – бір жылда 25 км-ге жуық құбыр жүргізуді ауыстыру керек. Қазіргі кезде «Петропавл Жылу желілері» ЖШС қолданыста болған инвестициялық бағдарламасы тарифте бекітілген ақшалай қаражатының жеткіліксіздігінен бір жылда 10-14 км ғана жылу желілерін ауыстыруға мүмкіндік береді.

Бұл күрделі жағдайдан шығу үшін кәсіпорында қолданыста болған активтерін қайта құру және жаңғырту үшін тарифтік құрастырушыларын көтеру жағынан елеулі салымдар қажет.

Жылу желілері кәсіпорны 2015 жылғы 2 шілдеде «СҚО бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің департаменті» ММ-не 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі ұзақ мерзімді кезеңіне жылу энергияны беру және тарату қызметтеріне тарифтің шеткі деңгейін бекітуге өтінім жолдады.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі

СҚО бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды

реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі

комитеті департаментінің баспасөз қызметі

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет