Баспасґз-релизі



жүктеу 29.93 Kb.
Дата13.04.2018
өлшемі29.93 Kb.

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

2017 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары бойынша ҚР ОСК кеңейтілген отырысы болды 

2017 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы болды, онда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары қаралды.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 16 мандатына ұсынылған 89 үміткердің ішінен 52   кандидатты тіркеді (салыстыра кетсек,  2014 жылы бұл сан 53 кандидатты құраған).

Тіркелген кандидаттардың ішінде 47 (90,7%) ер адам және 5 (9,3%) әйел адам (салыстыра кетсек, 2014 жылы 51 (96,1%) ер адам және 2 (3,9%) әйел адам).

Кәсіп тобы бойынша: 4 (7,7%) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қазіргі депутаттары, 3 (5,8%) мәслихаттардың депутаттары, 15 (28,8%) мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің қызметкерлері; 11 (21,2%) мемлекеттік қызметшілер; 16 (31,8%) коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері; 3 (5,8%) басқалар.

Мамандығы бойынша: дәрігер – 3 (5,8%), инженер - 16 (30,8%); заңгер - 6 (11,5%), саясаттанушы - 1 (1,9%),  оқытушы - 8 (14,8%), экономист - 11 (21,1 %), ауыл шаруашылығы қызметкері - 7 (13,5%), басқалар - 2 (3,8%) адам. Ал көптеген кандидаттардың бірнеше мамандығы бар.

Тіркеу барысында жеке өтініші бойынша 17 кандидат, кірістері мен мүлкі туралы ұсынылған мәліметтердің сәйкес еместігі бойынша – 13 кандидат алып тасталды, 7 үміткерге қажетті құжаттарды ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылды.

Кандидаттардың орташа жасы 51,5 жас (салыстыра кетсек,  2014 жылы бұл сан – 54,1 жас болған).

 Тіркелген кандидаттар тізімінде: қызмет басындағы 4 сенатор- Қылышбаев Н.Н. Алматы облысынан, Нұрғалиев Ж.М. Қостанай облысынан, Бахтиярұлы М. Қызылорда облысынан, Чельпеков Б.А.  Маңғыстау облысынан, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Нүкетаева Д.Ж., әйгілі грек-рим стиліндегі күресші Шәміл Серіковтің баласы Тимур Серіков, мәслихат хатшылары Баймулдинов А.А. Шығыс Қазақстан облысынан, Әбдікеров Р.К. Қарағанды облысынан, Әжікенов Е.Е. Қызылорда облысынан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары әкімдерінің орынбасарлары: Әділбеков Д.З., Жұмағазиев М.С., Дүйсембаев Г.И., Мусин Д.М., Нұралиев А.Т., Орал қаласының әкімі Төреғалиев Н., танымал бизнесмендер-ЧиликбаевА.К.-  «Алматыинжстрой» АҚ-ның бас директоры, Балаганский А.С. – «Элитстрой» ЖШС- ның бас директоры.

Сондай-ақ, ҚР ОСК отырысында «2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы» қаулы қабылданды. Қаулыға сай облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік таңдаушыларының санына сәйкес сайлау бюллетеньдерін дайындау тапсырылды.

Ортсайлаукомның отырысында «2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу кезінде ҚР Орталық сайлау комиссиясы Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламентін бекіту туралы» қаулы қабылданды.

Бұл жоба сайлау жүйесін цифрландыру шеңберінде электораттық процестерді байқаудың неғұрлым кең мүмкіндіктерін беру үшін әзірленді.

Электрондық тіркеу таңдаушылардың келуі туралы, сондай-ақ өңірлерде дауыстарды санау рәсімі аяқталған соң дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы ақпаратты Ортсайлаукомның ресми сайтында онлайн режимде орналастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Ортсайлауком таңдаушыларды электрондық тіркеудің пилоттық жобасын техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды бастады.

Әзірленген функционалды тестілеу сынақтары келесі аптаға жоспарланып отыр. 

Қазіргі сәтте Ортсайлаукомға кандидаттардан екі өтініш келіп түсті, оларға сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіре отырып, жауаптар берілді. 

2017 жылғы 8 маусымнан Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың барлығы 2017 жылғы 27 маусым күнгі 00.00-сағатқа дейін созылатын сайлау алдындағы үгітке кірісу мүмкіндігіне ие.

Барлық кандидаттарға  үгіт жұмысын жүргізу үшін бірдей жағдайларға кепілдік берілген.

Үгіт науқаны барысында сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Ортсайлауком, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары БАҚ мониторингін жүзеге асыратын болады.   

 ҚР ОСК кеңейтілген отырысының жұмысына облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары және Астана қ. мәслихатының депутаттары қатысты.



Сайлау науқаны сайлау заңнамасына сәйкес өтуде. 
Каталог: sites -> default -> files -> osnovnaya
osnovnaya -> 2016 жылдың қазан айының 1-31 қазан аралығындағы дсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша комитеті жариялаған хабарламалар тізімі
osnovnaya -> Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18
osnovnaya -> Дүниежүзілік сауда ұйымының Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетімен жарияланған
osnovnaya -> Дсұ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2017 жылдың


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет