Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы



жүктеу 6.99 Mb.
бет11/117
Дата21.04.2019
өлшемі6.99 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   117

15. Инвесторлармен байланыс жасау жөніндегі директор

Лауазымдық міндеттері. Инвесторлармен байланыс аясында ұйымның стратегиялық саясатын қалыптастыруға, жүзеге асыруға және дамытуға басшылықты жүзеге асырады. Инвесторлармен байланыс аясында ұйым қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды. Акционерлермен, қаржы сарапшыларымен, мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым қатынастың барлық кешенін жүзеге асыруды, акционерлердің жылдық жиналысын дайындауды және өткізуді жүзеге асырады, осы жұмысты стратегиялық үйлестіруді жүргізеді. Ішкі және сыртқы ақпарат саясатының, ашықтылық (транспаренттілік) саясатының тұжырымдамасын, ақпаратты ашу жүйесін бекітеді. Кешенді бағдарламаларды, инвестициялық жобаларды дайындауға, ұйым қызметінің келешектегі және ағымдағы жоспарын құрастыруға қатысады. Жылдық есепті дайындау мен келісуді ұйымдастырады. Қор нарығының кәсіпқой қатысушыларымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық және сауда ұйымдарымен, жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынас жасау кезінде өкілеттік қызметін атқарады, инвесторлармен байланыс бойынша ұйым қызметінің әрекеттері мен аспектілеріне түсінік береді және түсіндіреді. Қоғамдық пікірді инвесторлармен байланыс аясындағы ұйымның ішкі және сыртқы саясаты бағдарламалары мен тұжырымдамасын, әрекет ететін жоспарларды түзету мақсатында кешенді зерттеу жүргізу туралы шешім қабылдайды. Инвестициялық қоғамдастықтың қоғамдық пікірін зерттеудің нәтижелері негізінде ұйым қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді. Инвесторлармен байланыс аясында ұйым қызметінің тиімді көрсеткіштеріне жету үшін бақылауды жүзеге асырады. Ұйымның іскерлік атағына кері әсер ететін ұйым қызметіндегі кемшіліктерді уақытылы жоюды қамтамасыз етеді. Жоғары тұрған басшылықты, сонымен қатар инвесторлармен байланыс, ақпараттық-жарнама саясаты аясындағы ұйым қызметімен байланысты барлық мәселелер бойынша ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын жедел ақпараттандыруды, инвестициялық өнімді, ұйым өнімінің инновациялық түрлерін өткізу бойынша ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша, қызметтің жаңа бағытын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қамтамасыз етеді. Ұйымның қызметінде инвесторлармен байланыс жасау аясында кәсіпқойлық мінез-құлықтың халықаралық қағидалары мен заң нормаларының сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ұйым қызметінің ұдайы жетілдірілуін инвесторлармен байланыс аясындағы алдынғы қатарлы технологияларды енгізу негізінде қамтамасыз етеді. Инвесторлармен байланыс жасау аясында ұйымның сыртқы саясатын, бірлескен басқарудың сапасын және компанияның әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған ішкі саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына басшылық етеді және үйлестіреді.



Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының инвесторлармен байланыс саласын, инвестиция мәселелері, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мен жарнаманы реттеу мәселелеріне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер, инвесторлармен байланыс жасау аясында кәсіптік және этикалық қағидалар кодексі, бірлесіп басқару кодексі, инвесторлармен байланыс жасау аясындағы сапаның халықаралық стандарттары, ұйымның мақсаты, даму стратегиясы және бизнес-жоспары, бағытын, саласын, өндіріс технологиясын және ұйым құрылымының ерекшеліктері, экономиканың, ұйымның және жалпы аймақтардың инвестициялық мүмкіндігінің жағдайы, қаржы нарығының құрылымы, нарықтың қаржылық институттары, нарық қатысушылары, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредит беру, инвестицияларды және заем құралдарын тарту, бағалы қағаздарды шығару мен сатып алу және өз қаражатын пайдалану тәртібі, ұйымның қызметі туралы объективті ақпарат ұсыну мақсатында қаржы есебін талдау әдістері, ұйым акциясының нарықтағы ағымдағы жағдайы, борыш жағдайы, эмитентті бағалау қаржы-экономикалық өлшемдерін анықтау жүйесі, эмитентті бағалау әдістемесінің негіздері, экономиканың инвестициялық секторында ақпараттық үдерістерді талдау, жоспарлау мен болжау әдістері, инвесторлармен байланыс жасау аясындағы қызметті ынталандыру мен тиімділігіне баға беру әдістері, ақпараттық технологиялар даму бағыты мен келешегі, инвесторлармен байланыс жасау аясындағы озық технологиялар, отандық және шетелдік тәжірибе, келіссөздер жүргізу негіздері, іскерлік қарым-қатынас жасау этикасы, саясаттану, әлеуметтану, психология, инвестициялық маркетинг, инвестициялық менеджмент негіздері, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы немесе жоғарғы кәсіптік білімге «Іскерлі әкімшілендіру магистрі» бағдарламасы бойынша қосымша білімі және басшы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.


16. Баспахана (полиграфия) директоры



Лауазымдық міндеттері. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау мен бойынша басшылықты жүзеге асырады, өз құзыреті шеңберінде әкімшілік мәселелерді шешеді, өзінің міндеттерін ұйымның бірінші басшысының жалпы басқаруымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыстылығында орындайды. Баспахана қызметінің барлық түрлерін басқарады. Өтімділігі жоғары өтімді сапалы қажетті баспа өнімінің шығарылуы мақсатында нысандық, баспалық, брошюралық-мұқабалық учаскелердің, бөлімшелердің, цехтардың және баспахананың басқа құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және тиімді қарым-қатынасын ұйымдастырады. Тапсырыстардың, шарттардың, міндеттемелердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді, тапсырыс берушілердің баспагерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияларының болуын бақылайды. Баспахананы қажетті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, жұмысшылардың білімі мен тәжірибесін тиімді пайдалану, ұжымның әлеуметтік дамуы, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарын сақтау бойынша шараларды қабылдайды. Ұжымдық шарттарды дайындауды, жасауды және орындауды ұйымдастырады, өндірістің тиімділігін арттыру, еңбек және өндірістік тәртіпті күшейту бойынша жұмыстарды жүргізеді. Баспахана қызметінде заңдылықтың сақталуын, белгіленген салықтарды және салымдарды уақтылы төленуін, басшылықтың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік мәселелерді шешу кезінде дара басшылық және алқалылықты, материалдық және моральдық ынталандыруды қолдануды қамтамасыз етеді. Баспахана жұмысшыларын басқарады.

Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер, баспа өнімдерін өндіру технологиясы, өндірілетін өнім түрлері және ерекшеліктері, баспаханалық терімнің нысандары, полиграфия жабдықтары, өндірістің саласы және баспахана құрылымының ерекшеліктері, оның техникалық дамуының перспективалары, баспахананың өндірістік қуаттылығы, тапсырыстарды даярлау, құрастыру және орындау тәртібі, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, салықтарды және салымдарды төлеудің қолданылып жүрген тәртібі, қоршаған ортаны қорғау талаптары, баспа өнімін өндірудің отандық және шетелдік озық тәжірибесі, экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   117


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет