Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы



жүктеу 6.99 Mb.
бет17/117
Дата21.04.2019
өлшемі6.99 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   117

32. Коммерциялық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары (коммерциялық директор, вице-президент)



Лауазымдық міндеттері. Материалдық және қаржылық қорларды тиімді және мақсатты пайдалануды қамтамасыз ете отырып, олардың шығындарын азайтып, айналым қаражаттарының айналымын жеделдетіп, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шикізатты әзірлеу және сақтау, өнімді нарықта және жеткізіп беру шарттары арқылы сату, көліктік және әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету саласында ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Өз міндеттерін ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыста орындайды. Оған бағынышты қызметтер мен құрылымдық бөлімшелердің өнімді өндіру және өткізудің перспективалы және ағымдағы жоспарларын, кәсіпорынның коммерциялық қызметінің және қаржылық жоспарларының ұзақ уақытты стратегиясын белгілеуге, сондай-ақ өнімнің сапасын материалды-техникалық қамтамасыз ету, шикізатты сақтау және тасымалдау, дайын өнімді сату бойынша стандарты даярлауға қатысуын ұйымдастырады. Шикізат және өнім тұтынушыларымен шаруашылық және қаржылық шарттарын жасау бойынша, тікелей және ұзақ шаруашылық байланыстарды кеңейту бойынша уақытылы шараларды жүзеге асырады, өнімді жеткізіп беру бойынша шарттық міндеттерін (саны, номенклатурасы, ассортименті, сапасы, мерзімі және жеткізіп берудің басқа да шарттары бойынша) орындалуын қамтамасыз етеді. Өнімнің сатылуына, кәсіпорынның материалды-техникалық қамтамасыз етілуіне, ұйым қызметінің қаржылық және экономикалық көрсеткіштеріне, айналым қаражаттарының дұрыс шығындалуына және банкілік кредиттің мақсатты пайдалануына, сатылуы нашар өнімнің өндірілуін тоқтатылуына бақылау жүргізеді және жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақының уақытылы төленуін қамтамасыз етеді. Шикізатты үнемдеу және материалды шикізаттарды кешенді пайдалану, шикізаттың, материалдардың, айналым қаражаттарының және материалды құндылықтар қорының шығыс нормаларын жетілдіру, экономикалық көрсеткіштерді жақсарту және кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерінің жүйесін қалыптастыру, өндірістің тиімділігін арттыру, қаржылық тәртіпті бекіту, тауарлық-материалдық құндылықтардың нормадан жоғары қорының пайда болуының және жойылуының, сондай-ақ материалдық қорлардың шектен тыс шығындалуының алдын алуы бойынша шараларды әзірлеуді басқарады. Ұйым атынан шығарылатын өнімді жарнамалау және сату бойынша жәрмеңкелерге, саудаларға, көрмелерге, биржаларға қатысады. Тапсырмаларды және өнімді жеткізіп беру бойынша міндеттемелерді орындау кезінде және тәртіптің сақталуын және олардың шаруашылық шарттарға сәйкес болуын бақылайды. Қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады, материалдық ресурстар мен дайын өнімнің тиісті сақталуына қажетті жағдайлар жасайды. Көліктің барлық түрінің тиімді пайдаланылуын, тиеу-түсіру жұмыстарын жетілдіруді қамтамасыз етеді, бұл қызметтің қажетті тетіктермен және құрылғылармен барынша жабдықталуы бойынша шаралар қабылдайды. Қайталама ресурстарды және жанама өнімдерді пайдалану және сату бойынша жұмысты ұйымдастырады. Сметалық-қаржылық және басқа да құжаттардың, есептердің, дайын өнімді сату, қаржылық қызмет, материалды-техникалық қамтамасыз ету және көлік жұмысы бойынша белгіленген есептіліктің уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді. Өзіне бағынышты қызметтер мен бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді.

Білуге тиіс. Экономикалық қызметтің тиісті саласының және ұйымның қаржы-экономикалық қызметінің даму бағыттарын белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, ұйым құрылымының саласы, мамандануы, ерекшеліктері, ұйымның техникалық және қаржылық-экономикалық жағдайының перспективасы, ұйымның өндірістік қуаттылығы, ұйымның өнімді өндіру технологиясының негізі, ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің жоспарларын даярлау және бекіту тәртібі, ұйымның шаруашылық және қаржылық менеджментінің нарықтық әдістері, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің есебін жүргізу және есебін даярлау тәртібі, ұйымның қаржылық жұмысын, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, көліктік қызмет көрсетуді және өнімді өткізуді ұйымдастыру, тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру, айналым қаражаттарының нормативтерін әзірлеу тәртібі, тауарлық-материалдық құндылықтардың шығыс және қор нормалары, шаруашылық және қаржылық шарттардың жасалу және орындалу тәртібі, маркетинг және маркетингтік зерттеулерді жүргізу практикасы, экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және экономикалық жұмыста басшылық лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.


33. Персоналды басқару бойынша директордың орынбасары

(директор, вице-президент)



Лауазымдық міндеттері. Өзінің міндеттерін ұйымның бірінші басшысының жалпы басқаруымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыстылығында орындайды. Ұйымның персоналын қалыптастыруды, пайдалануды және дамытуын басқаруды әрбір қызметкердің еңбек потенциалын барынша жүзеге асыру негізінде ұйымдастырады. Кадрлық саясатты қалыптастыру бойынша, ұйымды дамыту және оны жүзеге асыру шаралары стратегиясына сәйкес оның негізгі бағыттарын анықтау бойынша жұмысты басқарады. Ұйымның бизнес-жоспарларын оны еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету бөлігінде әзірлеуге қатысады. Ұйымның даму перспективасын ескеріп кадр әлеуетін ұтымды пайдалану, өндірістік және әлеуметтік саланың тепе-теңдікте дамуын қамтамасыз етуді ескере отырып, кадрға қажеттіліктерді жоспарлау мен болжаудың ғылыми әдістері негізінде ұйымда талап етілетін мамандығы және біліктілігі бар қызметкерлерді тарту мен бекіту мақсатында персоналмен жұмыс бойынша жоспарлар мен бағдарламалар кешенін зерттеуді, әзірлеуді және жүзеге асырудың жүргізілуін ұйымдастырады. Мансапты жоспарлау саясаты негізінде басшы лауазымдарға ұсыну, персоналды үздіксіз дайындау жүйесін жасау үшін кадр резервін қалыптастыру мен дайындау бойынша жұмыс жүргізеді. Материалдық ынталандыру, еңбек жағдайларын жақсарту, оның мазмұны мен беделін арттыру, құрылым мен штатты ұтымды ету, еңбек тәртібін нығайтудың икемді саясатын жүзеге асыру негізінде барлық санаттағы қызметкерлерді еңбекке ынталандыру бойынша шаралар кешенін әзірлеуді ұйымдастырады және үйлестіреді. Ұжымдағы қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыру, өндірісті басқаруда қызметкерлердің қатысу нысандарын дамыту мен ынталандыру, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында персоналдың бос уақытын мазмұнды пайдалануын арттыру бойынша жұмыс бағытын анықтайды. Персоналды басқарудың нормативтік-әдістемелік қорын жасау, еңбекті қалыпқа келтіру мен ұйымдастыру аясында алдынғы қатарлы тәжірибені зерттеу мен жинақтау, персоналды бағалау, кәсіптік іріктеу мен кәсіптік бағыты, кәсіптік бейімделу, тәжірибеге әдістемелік және нормативті әзірлемелерді енгізу бойынша зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады және үйлестіруді қамтамасыз етеді. Персоналмен жұмыс жасаған кезде еңбек туралы заң нормаларының сақталуын қадағалайды. Жоғары тұрған басшыға, сонымен қатар бөлімшелер басшыларына персоналға қатысты мәселелер жөнінде кеңес береді. Ұйымдағы әлеуметтік және кадрлық мәселелер бойынша аналитикалық материалдарды мерзімдік дайындау мен уақытылы ұсынуды, персонал дамуының болжамдарын жасауды, пайда болатын мәселелерді анықтау және оларды шешудің мүмкін болатын нұсқаларын дайындауды қамтамасыз етеді. Басқарудың әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық әдістерін, кадрлық жұмыстың алдынғы қатарлы технологиясын енгізудің негізінде ұйым персоналын басқарудың процестерін, персонал дерекқорын жасау және жүргізуді, кадрлық құжаттаманың стандартталуы мен бірыңғайлығын, есептеп шығару техникасы құралдарын, коммуникация мен байланысты қолдануды ұдайы жетілдіруді қамтамасыз етеді. Персоналды басқаруды қамтамасыз ететін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Есепті құрастыру мен қажетті есеп жүргізуді ұйымдастырады.

Білуге тиіс. Еңбек және әлеуметтік даму мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңдары, нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар, персоналды басқару теориясының, қарым - қатынас психологиясының негіздері, ұйымның мақсаты, даму стратегиясы және бизнес-жоспары, ұйымның бағыты, мамандығын және құрылымдық ерекшеліктері, персоналға қажеттілікті жоспарлау және болжау әдістемесі, жұмыс істейтіндердің сандық және сапалық құрамын талдаудың әдістемесі, еңбек шарттары, салалық және аумақтық келісімдер мен еңбек дауларын шешудің шарттарын жасасу тәртібі, еңбек заңнамасы, экономика, әлеуметтану және еңбек психологиясы, персоналды басқарудың заманауи теориясы және оның себептері, еңбекақы төлеу, оны ынталандыру нысандары мен жүйесі, қызметкерлерді және олардың еңбегінің нәтижелерін бағалау әдісі, кадрлық жұмыстың алдынғы қатарды технологиясы, кадрлық құжаттаманың бірыңғай нысаны, өндіріс технологиясының негіздері, экономиканы және өндірісті ұйымдастыру, есептеуіш техника, коммуникация мен байланыс құралдары, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және тиісті мамандығы бойынша басшы лауазымында және персоналды басқару бойынша басқа да лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   117


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет