Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы



жүктеу 6.99 Mb.
бет31/117
Дата21.04.2019
өлшемі6.99 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   117

65. Кадр бөлімінің бастығы



Лауазымдық міндеттері. Ұйымның мақсатына, стратегиясына және бейініне, оның қызметінің сыртқы және ішкі жағдайларының өзгеруіне сәйкес оны талап етілетін кәсіптің, мамандықтың және біліктіліктің жұмысшы және қызметші кадрлармен жиынтықтау, кадрлардың сандық және сапалық құрамы, олардың дамуы және қозғалысы туралы деректер базасын қалыптастыру және жүргізу бойынша жұмысты басқарады. Болжамдарды әзірлеуді, кадрларға ағымдағы және перспективалы қажеттілікті және оны еңбек нарығын зерттеу негізінде қанағаттандыру көздерін айқындауды, оқу орындарымен және жұмыспен қамту қызметтерімен тікелей байланыстарды, ұқсас саладағы ұйымдармен байланысты, ұйым ішінде қызметкерлерді бос жұмыс орындары туралы хабардар етуді, бұқаралық ақпарат құралдарына қызметкерлер жалдау туралы хабарландырулар жариялауды ұйымдастырады. Ұйымның кадр саясатын және кадр стратегиясын әзірлеуге қатысады. Кадрларды олардың біліктілігін, жеке және іскерлік сапасын бағалау негізінде таңдау, іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, кәсіпорынның бөлімшелерінде қызметкерлердің дұрыс пайдаланылуын бақылайды. Қызметкерлерді кәсібіне және мамандығына сәйкес қабылдауды, орналастыруды қамтамасыз етеді, бөлімшелер басшыларымен бірлесіп олардың тағылымдамадан өтуін және өндірістік қызметке бейімдеу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Іскерлік мансапты жоспарлау, кандидаттарды жеке жоспарлары бойынша ұсынуға даярлау, басшылар мен мамандардың ротациялық қозғалысы, арнайы курстарда оқыту, тиісті лауазымдарда тағылымдамадан өту сияқты ұйымдастыру нысандары негізінде ұсыну үшін резерв құру бойынша жоспарлы жұмысты жүзеге асырады. Ұйым қызметкерлерін аттестациядан өткізуді, оның әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, аттестацияның нәтижесін талдауға, аттестациялық комиссияның шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, аттестациядан қайта өтетін мамандар тобын айқындайды. Қызметкерлерді және олардың қызмет нәтижелерін, қызметкерлердің қызметтік-кәсіби жоғарылауын кешенді бағалау жүйелерін әзірлеуге, аттестация өткізуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар дайындауға қатысады. Еңбек заңнамасына, ережелерге, нұсқаулықтарға және ұйым басшысының бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеуді, жеке құрамның есебін жүргізуді, қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек жолдары туралы анықтамалар беруді, еңбек кітапшаларын сақтау мен толтыруды және кадрлар жөніндегі белгіленген құжаттамаларды жүргізуді, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыруға және марапаттауға ұсынуға арналған материалдарды дайындауды ұйымдастырады. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес қажетті құжаттарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Кадр жұмысының ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін, оның материалдық-техникалық және ақпарат базасын жаңарту, қолданыстағы автоматтық жүйелерді («АСУ-кадрлер» шағын жүйесі) және кадр қызметі қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындарын пайдаланумен кадрларды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ұйым бөлімшелерінің кадрлар жөніндегі мамандарының және инспекторларының қызметін әдістемелік басқаруды және үйлестіруді жүзеге асырады, бөлімшелер басшыларының заңнамалық актілерді және үкімет қаулыларын, кәсіпорын басшысының кадр саясаты және қызметкерлермен жұмыс жөніндегі қаулыларын, бұйрықтарын және өкімдерін орындауын бақылайды. Ұйымдағы кадр жұмысын жүйелі түрде талдауды жүргізеді, оны жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Табельдік есеп жүргізуді, демалыс кестелерін жасауды және орындауды, кәсіпорын бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жай-күйін және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережесінің сақталуын бақылауды, кадрлар тұрақтамауын талдауды ұйымдастырады, еңбек тәртібін нығайту, кадрлар тұрақтамауын, жұмыс уақытының жоғалуын төмендету жөнінде іс-шаралар әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды. Жеке құрамның есебін жүргізу және кадрлармен жұмыс жүргізу жөніндегі белгіленген есептілікті жасауды қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс. Қызметкерлерді басқару жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы, ұйымның құрылымы мен штаты, оның саласы, ерекшелігі және даму перспективасы, ұйымның кадр саясаты мен стратегиясы, болжамдар жасау, кадрға болашақтағы және ағымдағы қажеттілікті айқындау тәртібі, ұйымды кадрлармен қамтамасыз ету көздері, еңбек нарығының жай-күйі, қызметкерлерді бағалау жүйесі және әдістері, кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымын талдау әдістері, кадрларға және олардың қозғалысына байланысты құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібі, ұйымның қызметкерлері туралы деректер базасын қалыптастыру және жүргізу тәртібі, табельдік есеп жүргізуді ұйымдастыру, кадрлар қозғалысының есебін жүргізу әдістері, белгіленген есептілікті жасау тәртібі, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кадр қызметінің жұмысында пайдалану мүмкіндігі, қызметкерлермен жұмыс істеудің алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибесі, еңбек социологиясының, психологиясының және ұйымдастыру негіздерін, профессиография негіздері, кәсіби бағыт беру жұмыстарының негіздері, экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару негіздері, есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және кадрларды басқаруды ұйымдастыру бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болу тиіс.


66. Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы

Лауазымдық міндеттері. Күрделі құрылыс және өндірістік объектілерді қайта салу бойынша жұмыстарды тікелей орындауға басшылық жасауды жүзеге асырады. Күрделі құрылыстың ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларының жобаларын әзірлеуді, барлық күрделі құрылыс объектілеріне титулдық тізімдер, құрылыс материалдарына және жабдығына өтінімдер жасауды ұйымдастырады. Қаражатты кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыруға және қайта құруға бірінші кезекте бағыттауды, оларды іске қосылатын объектілерге шоғырландыруды, аяқталмаған құрылыстың көлемін қысқартуды жүзеге асыра отырып, күрделі салымдарды жүзеге асыруға және олардың тиімділігін арттыруға арналған қаржы қаражатын мақсатты және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Жобалау ұйымдарымен және бас мердігерлермен шарттар жасауға қатысады. Жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерін орындауын қадағалайды, қажетті жағдайларда шартта көзделген санкцияларды қолданады. Мердігерлік ұйымдармен жасалған шарттар бойынша банк операцияларын ресімдеуді, мердігерлік немесе шаруашылық тәсілмен орындалатын құрылыс объектілері бойынша құжаттамаларды белгіленген мерзімдерде банк мекемелеріне ұсынуды қамтамасыз етеді. Күрделі құрылыс жоспарларының орындалуын, құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманы уақтылы беруді ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыстардың орындалу мерзімдерін және сапасын, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, техникалық қауіпсіздік нормаларына, өндірістік санитарияға, еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкес келуін техникалық қадағалауды жүзеге асырады. Объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылауды жүзеге асырады. Жабдықты құрылыс алаңдарына орнатуға, сынақтан өткізуге және тіркеуге байланысты мәселелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органмен келіседі. Титулдық тізімге сәйкес жабдық сатып алу үшін босатылған қаражаттың жұмсалуын, орнатылмаған жабдықты сақтау ережелерінің және консервациялау сапасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Құрылыстағы еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, шығындарды азайту және құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру, олардың мерзімдерін қысқарту, жобалау-іздестіру жұмыстарын жақсарту және арзандату бойынша жұмысқа жетекшілік жасайды. Құрылыстың құнын арзандатын және мерзімдерін қысқартатын, күрделі салымдардың өтелуін жеделдететін (құрылғының беріктігін төмендетпей және құрылыс жұмыстарының сапасын нашарлатпай) өнертапқыштық ұсыныстарды ендіруге ықпал етеді. Күрделі құрылыс жөніндегі есеп жүргізу және есеп беру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бөлімнің қызметкерлеріне жетекшілік жасайды.



Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері және күрделі құрылыс мәселелері жөніндегі әдістемелік материалдар, ұйымның техникалық және экономикалық даму перспективалары, күрделі құрылыс жоспарларын әзірлеу тәртібі, мердігерлік ұйымдармен шарттар жасау тәртібі, құрылыс жұмыстарының технологиясы, күрделі құрылысты жүргізу тәсілдері, құрылысты қаржыландыру және жобалау-сметалық құжаттарды жасау тәртібі, құрылыс нормалары мен ережелері, құрылыс объектілерін жобалау кезінде еңбекті ұйымдастыру талаптары, жобалау құжаттамасын ресімдеу жөніндегі стандарттар, техникалық талаптарды және басшылыққа алатын басқа да материалдар, құрылыс жұмыстарын орындау туралы есеп жүргізу және есеп беру құжаттамасын жүргізу тәртібі, экономикалық қызметтің тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер мен күрделі құрылыс саласындағы алдыңғы қатардағы ұйымдардың тәжірибесі, экономика және құрылысты, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және құрылыстағы мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   117


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет