Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы



жүктеу 6.99 Mb.
бет6/117
Дата21.04.2019
өлшемі6.99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117

8. Ақпаратты қорғау жөніндегі бас маман



Лауазымдық міндеттері. Ұйымның бірінші басшысының және оның орынбасарларының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің өзара байланыста өз міндеттерін орындайды. Өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау және үйлестіру бойынша басшылық жасайды, әкімшілік мәселелерді шешеді. Құпия мәліметтерді қорғау және құпиялық режимін қамтамасыз ету мақсатында қолда бар барлық ұйымдық және инженерік-техникалық шараларды тиімді қолдануды қамтамасыз ете отырып, экономикалық қызмет түрінде, ұйымда ақпаратты кешенді қорғау бойынша жұмыстарды орындауға басшылық жасайды. Техникалық бақылау құралдарының техникалық саясатын әзірлеуге және даму перспективаларын айқындауға қатысады, мемлекеттік және коммерциялық құпияны құрайтын қызметтік ақпаратқа кіруге жол бермейтін немесе рұқсатсыз кіруді біршама қиындататын техникалық және бағдарламалық-математикалық қорғаныш құралдарын әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады. Бұйымдардың жобаларына арналған техникалық тапсырмаларды, қорғалуға тиіс ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қарауға қатысады, оларға ақпаратты қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық және әдістемелік құжаттардың талаптарын енгізуді және осы талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Ақпарат жүйелерін қорғау жөніндегі ұйымдық және инженерлік-техникалық шараларды жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына енгізу үшін ұсыныстар дайындайды. Ақпаратты кешенді қорғау талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз ақпарат технологияларын құру бойынша жұмыстарға қатысады. Ақпаратты қорғау жүйесін жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады. Әзірленген бағдарламалар мен әдістемелер негізінде ақпаратты бақылауға және қорғауға байланысты жұмыстардың барлық кешенін (оның ішінде ерекше күрделі) орындайды. Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін қажетті арнайы бұйымдарды (өнімдерді) құруға және өндіруге байланысты зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу кезінде ақпарат жария болып қалатын, оның ішінде техникалық арналар бойынша ықтимал арналары туралы материалдарды жинауды және талдауды ұйымдастырады. Ақпаратты қорғау, жобаланған және жүзеге асырылатын ұйымдық-техникалық шешімдердің техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде жүргізілетін ұйымдық-техникалық іс-шараларды, әдістемелік және нормативтік материалдарды әзірлеуді және қажетті әдістемелік көмек көрсетуді үйлестіруді қамтамасыз етеді. Қорғалатын объектілер және қорғалатын мәліметтер туралы қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, ақпаратты қорғау жөнінде әзірленген шаралардың техникалық-экономикалық деңгейін және тиімділігін бағалау бойынша жұмысқа әдістемелік басшылық және бақылау жасауды жүзеге асырады. Ақпарат қорғаудың техникалық және бағдарламалық-математикалық құралдарына, бақылау аппаратурасына деген қажеттілік туралы деректерді қорытындылау, осы құралдарды дайындауға арналған өтінімдерді жасау бойынша жұмысқа басшылық жасайды, оларды алуды және қорғау объектілері арасында бөлуді ұйымдастырады. Ақпараттың тиімділігін арттыру мақсатында озық тәжірибені таратуға және ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы ұйымдық-техникалық шараларын, құралдарын және тәсілдерін ендіруге ықпал жасайды. Ақпаратты қорғауға қатысты мәселелерді шешу кезінде нормативтік-техникалық құжаттама талаптарының орындалуын, жұмыстарды орындаудың белгіленген тәртібінің, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Экономикалық қызмет саласындағы, ұйымдағы ақпаратты қорғау бойынша бөлімшелер мен мамандардың қызметін үйлестіреді. Персоналға құпия ақпаратты қорғауды оқытуды ұйымдастырады.

Білуге тиіс. Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, экономикалық қызмет түрінің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын құжаттар жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар, ұйымның және оның бөлімшелерінің даму перспективалары, мамандануы және қызметінің бағыттары, бөлімшелердің зерттеулер мен әзірлемелер процесіндегі өзара іс-қимыл жасау сипаты және қызметтік ақпараттың өту тәртібі, экономикалық қызмет түрінде, ұйымда қолданылып жүрген ақпаратты кешенді қорғауды ұйымдастыру жүйесі, ақпаратты қорғаудың техникалық және бағдарламалық-математикалық құралдарын дамытудың перспективалары мен бағыттары, қорғалатын мәліметтерді бақылау әдістері мен құралдарын, ақпараттың жария болып қалу арналарын, техникалық барлау ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер, әзірлемелер жүргізуді, ақпаратты қорғау бойынша жұмыстарды орындауды жоспарлау және ұйымдастыру әдістері, арнайы зерттеулер мен тексерулерді, ақпаратты өткізудің, өңдеудің, көрсетудің және сақтаудың техникалық құралдарын қорғау бойынша жұмыстарды жүргізу шарттарын жасау тәртібі, техникалық барлау және ақпаратты қорғау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибелер, экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және тиiстi мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.


9. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі

бас техникалық басшы



Лауазымдық міндеттері. Ұйымда еңбекті қорғаудың басқару жүйесінің әзірленуін және қызмет етуін қамтамасыз етеді. Ұйымның барлық бөлімшелерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қағидалардың, нормалар мен стандарттардың жоғары тұрған органдардың қаулылары мен өкімдерінің, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының сақталуына бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында анықталған ережелер мен нормалардың бұзылушылығын жою туралы, сонымен қатар жұмысты ұйымдастыруда кемшіліктер туралы бөлімшелер мен қызметтер басшыларына нұсқау береді. Қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларда жеке учаскелерде, машиналарда, механизмдерде және станоктарда жұмыс істеуге тыйым салады. Еңбек қауіпсіздігі ережелері мен шараларының бұзылуына жол берген тұлғаларды жұмыстан шеттетеді (тиісті бөлімшенің басшылары арқылы). Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысады, олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлейді. Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу бойынша жұмыс жүргізеді (автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу). Осы іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Еңбек жағдайларын жақсартудың кешенді жоспарларын әзірлейді және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында ұйымның жұмысы туралы жиынтық есептерді, ақпаратты, анықтамаларды дайындайды. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді (қағидаларды, нұсқаулықтар мен стандарттарды) әзірлеуге қатысады және олармен ұйымның бөлімшелерін қамтамасыз етеді. Өндірістік объектілерге еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізуді қамтамасыз етеді. «Еңбек қызметімен байланысты жарақаттанушылық және кәсіптік аурулар туралы», «Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер саны туралы» есептілікті әзірлейді және белгіленген мерзімде статистика органына тапсырады. Еңбек жағдайын жақсартатын жабдықтар және механизмдермен, сонымен қатар ұжымдық және жеке қорғау құралдарымен ұйымның жабдықталуына бақылауды жүзеге асырады.

Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері және еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша басқарушы және әдістемелік материалдар, өнім өндірудің негізгі технологиялық процестері, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттеу әдістері, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау әдістері, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша жұмысты ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесін, қызметкерлерге қойылатын психофизиологиялық талаптар, жұмыстың ауырлық санатына негізделе отырып (әйелдердің, жасөспірімдердің, жеңіл жұмысқа ауыстырылған қызметкерлердің) қолданудағы шектеулерді басшылыққа ала отырып, қанағаттанарлықсыз еңбек жағдайлары үшін қызметкерлерге қарастырылған өтемақылар, ұйымда қолданылатын жабдықтарды пайдалану ерекшеліктері, жабдықтардың техникалық жағдайының жұмыстың қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілуіне сәйкестігін бақылау ережелері мен құралдары, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибе, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша насихаттау пен ақпараттандыру әдістері мен нысандары, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы есепті құрастыру тәртібі мен мерзімдері, экономика, еңбекті, өндіріс пен басқаруды ғылыми ұйымдастыру негіздері.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және мамандығы бойынша еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі саласындағы лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет