Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Аkorda.kz

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде мемлекет басшысы ұлттық олимпиада комитетінің алдағы жұмысының басым бағыттарына назар аударды.

Қазақстан президенті, ең алдымен, халықаралық олимпиада комитеті аясындағы сенімді және тиімді қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін айтты.

"Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрамалардағы спортшылардың алдағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарына даярлығына қатысты зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сонымен қатар лицензиялар санын көбейту және Париж Олимпиадасында елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жүйе құру маңызды міндет екеніне тоқталды", – делінген баспасөз хабарламасында.

  • Құлыбаев кетті: Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетін басқарады

  • Головкин карьерасын жалғастырса орта салмаққа орала алмайды

Мемлекет басшысының айтуынша, өз әлеуетін таныту үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай жасап, отандық спорттың өркендеуіне кері әсер ететін жағымсыз құбылыстарды жою қажет. Сонымен бірге ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу әділ жүргізілуі керек.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің кәсібилігі мен мол тәжірибесі еліміздегі олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелерін тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді", – деді Ақорда.

Геннадий Головкин ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) президенті болу ұсынысын қабылдау үшін қандай шарт қойғанын айтты. 

“Маған Қазақстан ҰОК басшылығына ұсыныс түскенде, қазақ спортының дамуына өз үлесімді қосуға рұқсат беру шартымен ғана келістім. Өздеріңіз білесіздер, мен саясаткер немесе шенеунік емеспін. Мен өз ниетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеуге дағдыланғанмын. Менің өз көзқарасым бар, көп жылдық халықаралық тәжірибем, ұжымым бар, ең бастысы – барлығын өз елімде жүзеге асыруға деген шынайы ниетім бар екенін айтқым келеді”, – деді Головкин.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.