Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм



жүктеу 68.29 Kb.
Дата14.04.2018
өлшемі68.29 Kb.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысына   
қосымша       

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм
беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет)Қазақстан Республикасының орта бiлiм беру ұйымдары көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет мынадай нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
      2) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңы;
      3) «Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беруҒдiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысы.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz. ресми сайтында орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызметтi алушыға берiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны бiлiм беру ұйымдарының жалпы орта бiлiм беретiн ұйымдарға оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Аталған қызмет Қазақстан Республикасының 7-18 жастағы азаматтарына (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмi мемлекеттiк қызметтi алушылар қажеттi құжаттарды тапсырған уақыттан бастап бiр жұмыс күнiн құрайды:
      1) өтiнiш берiлген күнi (тiркеу кезiнде) сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күту уақыты – 30 минут;
      2) өтiнiш берiлген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсету уақыты – 30 минуттан аспауы керек.
      Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң соңғы нәтижесiн (бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы бұйрық) алу мерзiмi – 3 айдан аспауы керек, себебi оқуға қабылдау туралы бұйрық барлық бiлiм алушылар үшiн ортақ болып табылады.
      8. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқу үшiн ұйымдарға құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша мемлекеттiк қызмет барлық санаттағы азаматтар үшiн мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн болып табылады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 13.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
      Алдын ала жазылу және жеделдетiп ресiмдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттiк қызмет өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша және аталған бiлiм беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) есепке ала отырып, бiлiм беру ұйымдарында көрсетiледi.
      Күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшiн ғимарат креслолармен және орындықтармен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы бiлiм беру ұйымына өтiнiш бiлдiрген жағдайда мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) баланың заңды өкiлдерiнен өтiнiш (еркiн нысанда);
      2) туу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      3) денсаулығы туралы анықтама (денсаулық паспорты);
      4) тұратын жерiнен анықтама немесе тұратын жерiн растайтын басқа құжат;
      5) 3х4 көлемiндегi 2 дана фотосурет.
      Бастауыш бiлiм беру ұйымына 1-сыныпқа келушi баланың заңды өкiлдерiнен өтiнiш ағымдағы жылғы 1 маусымнан 30 тамызға дейiн жүргiзiледi.
      1-сыныпқа қабылдау кезiнде жекеменшiк бiлiм беру ұйымынан басқа бастауыш бiлiм беру ұйымдары емтихан мен тестiлеу жүргiзбейдi.
      Бiлiм беру ұйымына құжаттарды қабылдау немесе оқуға қабылдау бойынша мемлекеттiк қызметтi алуға үмiткер мемлекеттiк қызметтi алушы таңдаған оқыту бейiнiне сәйкес бiлiм беру ұйымының мәртебесiн, бiлiм беру деңгейiн, сондай-ақ, бiлiм беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) ескергенi жөн.
      12. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпаратты Министрлiктiң www.edu.gov.kz ресми сайтынан, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдарының ақпараттық стендiлерiнен алуға болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алушының құжаттары бiлiм беру ұйымының кеңсесiне жауапты тұлғаға тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн құжаттарды тапсыру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға қажет құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, онда:
      1) өтiнiштi қабылдау нөмiрi және уақыты;
      2) құжаттардың саны мен атауы;
      3) құжаттарды қабылдаушы жауапты тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты.
      15. Қызмет көрсету нәтижесiн жеткiзу тәсiлi:
      бiлiм беру ұйымдарына өтiнiш берушiнiң жеке қатысуы арқылы.
      16. Мемлекеттiк қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болуы мүмкiн:
      1) осы стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттар пакетiнiң толық берiлмеуi;
      2) құжаттарда дәйексiз немесе бұрмаланған фактiлердiң (мәлiметтердiң) анықталуы;
      3) аталған бiлiм беру ұйымында сұратылған бiлiм беру деңгейiнiң жоқтығы немесе сәйкес келмеуi;
      4) мемлекеттiк қызметтi алушының оқу көрсеткiшiнiң таңдалған бiлiм беру ұйымының мәртебесiне сәйкес келмеуi;
      5) аталған бiлiм беру ұйымының қызмет көрсету аумағына тұрғылықты жерiнiң сәйкес келмеуi.
      Аталған бiлiм беру ұйымдарында қажеттi оқыту бейiнi жоқ болса, мемлекеттiк қызметтi алушыға аудан (қала) аумағындағы басқа да жалпы бiлiм беретiн мектептерде таңдаған оқыту бейiнi бойынша бос орындардың болуы туралы ақпарат берiледi.
      Бiлiм беру ұйымына қабылдау үшiн өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдау кезiнде басшылар мемлекеттiк қызметтi алушыларды бiлiм беру ұйымының Жарғысымен және басқа да бiлiм беру үдерiсiн реттейтiн құжаттармен таныстыруы тиiс.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Бiлiм беру ұйымдарының қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:


      1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтiк мiндеттi орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық
      4) жан-жақты және толық ақпарат беру;
      5) қорғау және құпиялылық
      6) мемлекеттiк қызметтi алушының мерзiмiнде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Мемлекеттiк қызметтiң сапалық және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағым беру тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды тұлғаның iс-әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне шағымдану қажет болған жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы немесе оның заңды өкiлi өңiрлiк уәкiлеттi бiлiм беру органдарына: аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерi (бұдан әрi – аудан (қала)ББ) хабарласуына болады.


      Егер мемлекеттiк қызметтi алушының заңды өкiлi қабылданған шараларға қанағаттанбаса не мәселе жоғары деңгейде қарауды талап еткен жағдайда заңды өкiл Астана қаласы, Орынбор к-сi, 8, 11-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне жазбаша түрде шағым жолдауына болады.
      Шағымдар поштамен немесе жұмыс күндерi министрлiктiң кеңсесi арқылы хат түрiнде қолма-қол қабылданады.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына наразы болған жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушылар аудан (қала) бiлiм бөлiмдерi бастығының атына шағымданады.
      23. Мемлекеттiк қызметтi алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағым беру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушы еркiн нысандағы өтiнiштi тапсырады.
      25. Қабылданған шағымдар бiлiм бөлiмдерiнiң кiрiс хат-хабарлар журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қарастырылады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қабылдау мерзiмi мен уақыты көрсетiлген, қабылдаған қызметкердiң аты-жөнi жазылған талон берiледi.
      Шағымды қарастыру нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта 


бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн  
бағдарламалары бойынша оқыту үшiн 
ведомстволық бағыныстылығына    
қарамастан бiлiм беру ұйымдарына  
құжаттарды қабылдау және оқуға   
қабылдау» мемлекеттiк қызмет   
стандартына қосымша       

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мағынасы

Көрсеткiштiң кейiнгi жылдағы мақсаттық мағынасы

Көрсеткiштiң есеп беру жылдағы ағымдық мағынасы

1

2

3

4

1. Уақтылылық

1.1. Құжат тапсыру кезiнен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесi)










2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










2.2. Құжаттардың дұрыс рәсiмделу жағдайларының % (үлесi) (есептелген сомалар, есептер ж.б.)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен қызмет көрсетудiң реттiлiгi жөнiнде ақпарат жайлы қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3.2 Электронды форматта қолжетiмдi болған қызметтер, ақпараттар % (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiмен қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)










5. Әдептiлiк

5.1. Қызметшi персоналдың әдептiлiгiне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)











Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет