Бастауыш сынып оқушыларының математика пәнінен



жүктеу 64.56 Kb.
Дата14.04.2018
өлшемі64.56 Kb.


Бастауыш сынып оқушыларының математика пәнінен

шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, оқушылардың белсенді, шығармашылық пен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты – жүйелі түрде оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің шығармашыл, техника мен экономикада жаңа жолдар мен таба алатын, жаңашыл, ақыл-ойы дамыған тұлға даярлау талап етеді. Сондықтан математиканы шығармашылықпен оқыту технологиясы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушылардың ізденімпаздығы мен белсенділігін арттыруға негізделген. Оқу танымдық барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы дамытылады. Елбасы «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технология мен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру қажет» деп атап көрсеткендей инновациялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, жаңаша білім берудің бір шарты. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану дегеніміз- келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасау. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашыл ізденісі, өз пәніне сүйіспеншілігі, өз алдындағы шәкірттерді бағалауы ерекше орын алады.Осы жағдайларды ескере отырып, өз тәжірибеме академик П. М. Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы бойынша жұмыс жасап келемін. Автор оқу материалына кіші көлемде берілетін ақпаратты алып тастамай, олардың құрамын өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға өріс ашылады. Бүгінде ДБІ технологиясы ретінде кеңінен қолданылады. ДБІ әдістемесін жүзеге асырудың негізгі қағидалары төмендегідей:

  1. Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты операцияларды қатар оқыту.

  2. Тура есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.

  3. Деформацияланған жаттығуларды пайдалану.

  4. Өзбетінше шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың үлес салмағының артуы.

Оқыту практикасы қосу мен азайту, көбейту мен бөлу бұрынғыдай төрт бөліп, тақырып етіп өтілмей, қатар ұсынылуының тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл арқылы оқу уақыты үнемделеді. Үнемделген уақыт білімді тереңдетуге қажет. Ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді. Оқытудың гумандық ізгіліктік принциптеріне сәйкес оқушы мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады. ДБІ –технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару. Кері есептерді шығару, тура есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың белсенділігі артады, шығармашылық дербестігі пайда болады. Жаңа буын оқулыққа бес түрлі қосындыны табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық не кем санды табуға, айырмалық салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты табуға байланысты есептер 1-ші сыныптан бастап енгізілген. 3-ші сыныпта «көбейту мен бөлу» өзара кері амалдар тақырыбын өткенде 1 амалды есепке кері есептер құру қажет. Кері еесептер құру үшін, оқушылардың уақытын үнемдеу үшін сызбаны пайдаланамын Мысалы: мұғалім 15кітапты 3 оқушыға тең бөліп берді. Әр оқушы неше кітаптан алды? Кері есеп сызбасы:

15:3=5 (кітап саны)


15:5=3 ( оқушы саны)

5*5=15 (барлық кітап)




1 оқушы алған кітап

Оқушы саны

Барлық кітап саны

?

3

15

5

?

15

5

3

?

Деформацияланған жаттығуларды шешу –ДБІ технологиясындағы басты ерекшелік. 18: +65=67 түрінде «әйнекшелермен» берілген мысалдарды шығару психологиялық тұрғыдан алып қарасақ, оқушы бірнеше қайтара салыстырудан тұратын әрекет барысында логикалық операциялардың жаңа түрлерін меңгере отырып, ойлаудың жоғары сатысына көтеріледі. Деформацияланған жаттығулар бірте-бірте күрделене түседі. Оқушы талдау, жинақтау, салыстыру, байқау арқылы өз пайымын айтуға, ортаға салуға машықтанады. Математика сабақтарында деформацияланған жаттығуларды кеңінен қолданамын.

1-жағдай.

Салыстыруды төмендегідей етіп жүргізу сұралады:


16 10+6 16 20-4

16 8+8 16 9+7

2-жағдай

Әйнекшелермен берілетін теңсіздіктер:



8> 11< <17




< 15> >12
3-жағдай.

Математикалық заңдарға негізделген теңсіздіктерді шешу.

10+6 6+10 10+4=4+

17 -7 17-10 15-4> 15-

9 +4 9+5 7+8< 7+

4-жағдай. Атаулы сандарды қосу, азайту салыстыруға берілетін есептеулер:

6 м 60 м

6 м 600

2м+5= дм
Шығармашылық тапсырмалар баланың интеллектісін, қабілеттерін, шығармашылығын дамытады. Шығармашылық тапсырмаларды шешу балалардан ойлылықты, байқампаздықты талап етеді. Оқушының шығармашылығы қалыптасады. Математика сабақтарында жоғары деңгейге үнемі шығармашылық тапсырмалардың мынадай түрлерін қолданамын.

3-сыныптағы тапсырмалар үлгісі:

1. Қыздың көгершіндері мен қояндары бар. Осылардың барлығының 26 басы мен 60 аяғы бар. Қызда қанша көгершін және қоян бар?

2. 2 алма, 3 алмұрт, 1 шабдалы 85 теңге тұрады. 1 алма, 3 алмұрт, 1 шабдалы 75 теңге тұрады. Егерде 1 шабдалы мен 2 алманың бағасы бірдей болса, алма мен алмұрт және шабдалы қанша тұрады?

3. 2 балықшы бірігіп 36 балық аулады. Екіншіге қарағанда біріншісі 8 есе көп аулады. Екінші балықшы қанша аулады?

4-сынып. Экономикалық есептер.

1. Жанармай құю бектіне бір мезгілде 2 автомамина келді. Олардың біріне жанармай құюға 7 минут, екіншісіне 3 минут уақыт кетеді. Жанармай құю бекеті автомашинаның мұнда бөгелген әр минуты үшін айып төлейді. Автомашиналардың қайсысын бірінші жіберу керек?

2. Балаларға жаңа жыл мерекесіне сыйлықтар әзірлеу үшін 80 дана апельсин, 160 дана «тоник» шоколадтары және 320 дана жаңғақ сатып алынды. Бірдей болатындай етіп ең көп дегенде қанша сыйлық дайындауға болады? Әр сыйлықта неше апельсин, неше шоколад, неше жаңғақтан болар еді?

3. Қоймаға бірнеше бума дәптер келіп түсті. Әр бумада 100 дәптер бар. Қоймашы 578 дәптерді қалай тез санап бере алады?


Халықтық есептер.
Ауылдасы жылқыңды қалай бағып отырсың деп үй иесінен сұрады. Сонда ол: Жылқыларыма күнде 10 қадақ жем беремін, 2 бием бар. Құнанға 2 қадақтан, тайға 1 қадақтан жем беремін. Ар жағын өзің есепте.
Қызықты есептер.
1 Қоян қорқынышты түс көреді. Оның түсінде түлкі сағатына 150 км, ал қасқыр одан 2 есе артық жүгіре алады екен. Егер қоян 5 минутта 30км жүгіре алатын болса, түлкі мен қасқыр оған жете ала ма?

2. Бір патшаның сұлу қызы болыпты. Ол 18 жасқа толғанда, кімнің байлығы көп болса, соған қызымды беремін депті. Сонда бір жігіт келіп, менің 27360 сандық алтыным бар, оған жыл сайын 33 сандық қосылып тұрады депті. Патша жігітке 30000 сандық алтын әкелсе, қызын беретінін айтыпты. Жігіт 30000 сандық алтын жиғанша қыз неше жасқа толады?


Қорытынды.

Шығармашылық тапсырмалар өз дәрежесінде орындалып, тисті нәтиже беру үшін оларды дұрыс ұйымдастырудың ролі зор. Оқушыларды қызықтыру, ойландыру, барлық жауаптарды тыңдау, оларды талдау, дұрыс шешімді дәлелдеу сияқты кезеңдер тәртібі сақталу керек. Тек сонда ғана оқушы жаңалық ашу мүмкіндігіне ие болады. Осы атап өткен әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру үшін шығармашылық тұрғыдан ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасай білу қажет. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамытуға бағытталған оқытудың дамытушылық жүйесі бойынша жұмыс жүргізу нәтижесінде төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады. Өзімнің іс- тәжірибемдегі нәтижелерді атап өтейін. Аудандық бастауыш сынып оқушыларының олимпиадасында оқушыларым: Әлкешов Сырым, Әмен Айшуақ жүлделі 1-ші, 2-ші орындарға ие болды. Математика пәнінен 2-ші, 3-ші, 4-ші сыныптарда 4 пен 5-ке оқитын балалардың саны арта түсті.


Математика пәнінен білімнің теориялық негіздегі қолданбалы көрсеткіші:

Сыныптар

Оқушы саны

Оқу үлгерімі

Оқу сапасы



23

100%

58%



23

100%

60%



25

100%

68%



Оқу жылдарының қорытындысы өзім таңдап алған бағыттың тиімді екенін көрсетіп отыр. Әр оқу жылында осы бағыт бойынша дейгейлік жұмыстарды дамытып, толықтырып жүргізу негізінде сапалы, терең білімді шәкірттердің саны арта түсетіні белгілі. Өзімнің іс- тәжірибемді қорыта келіп, шығармашыл тұрғыдан дамыған тұлғаның моделін ұсынамын.



\
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет