Бастаушы селолық округінің әкімі А. Б. Отаршинаның есеп беру тезистері



жүктеу 26.74 Kb.
Дата14.04.2018
өлшемі26.74 Kb.

Бастаушы селолық округінің әкімі А.Б.Отаршинаның есеп беру ТЕЗИСТЕРІ
Бастаушы ауылдық округіне Бастаушы және Көкжота елді мекендері кіреді. Округтегі тұрғындар саны 1235 адам. Олардың ішінде 16 жасқа дейінгі балалар 304, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 250 адам, жалдамалы жұмыстағылар 420 адам, зейнеткерлер мен мүгедектер 208 адам. Округ бойынша 2015 жылы 15 бала, 2016 жылы 10 бала дүниеге келді.

Ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі 23926 га, оның ішінде егістік жер 6622 га, шабындық 1497 га, жайылым 13164 га. Округ бойынша егін шаруашылығымен 33 ШҚ айналысады.

Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту барысында округте 5 сауда дүкені, 1 май сығатын цех, компьютерлік қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетеді.

Орта білім беру мекемелері – 2: Абай атындағы және Көкжота орта мектептері. Онда оқитын оқушылар саны -177. Екі мектепте де шағын орталықтар, мектеп алды даярлық топтары бар, ондағы балалар саны- 90.

2016 жылы 3240 бас ірі қара, 11900 бас ұсақ мал серологиялық тексеруден өткізіліп, ірі қара малы 138, ұсақ мал 146 бас «оң» нәтиже көрсеткені анықталды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2016 жылы он шаруа қожалығымен 4 млн. 800 мың теңгеге меморандум жасалды. Меморандумдарға сәйкес ауылды көркейту мен абаттандыруға, мәдениет пен спортты дамытуға, санитарлық тазалық пен төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

2016 жылдың қорытындысында жергілікті салықтар бойынша түсім 1 499 474 теңге, соның ішінде қосымша кіріс көздерінен түсім 358 853 теңгені құрады.

Округке тартылған инвестиция 2015 жылы 23 540,0 мың теңгені құраса (техника, мал), 2016 жылы 18 350,0 мың теңгені құрады. Соның ішінде «Құдайбергенов» ШҚ (басшысы Кудайбергенов Ришат) 3830,0 мың теңге, «Ахмадиұлы» ШҚ (басшысы Рапеков Бауыржан) 12020,0 мың теңге, «Дархан» ШҚ (басшысы Рапекова Мейрамгуль) 2500,0 мың теңге түсті.

Қылмыстың алдын алу шаралары бойынша учаскелік инспектор жұмыс жасайды. Бастаушы селолық округі бойынша жағдай тұрақты. 2016 жылы бір ұсақ қылмыс тіркеліп, ісі сотқа жеткізілмей тараптардың келісуімен тоқтатылды, жайылымнан мал жоғалудың бір фактісі тіркелді.

2016 жылы төмендегідей жұмыстар атқарылды:

1. Республикалық бюджеттен 890,0 мың теңге қаражат бөлініп, Көкжота ауылы бойынша 1 километр қашықтыққа Абай көшесіне жол жөндеу жұмыстары «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жүргізілді.

2. Бастаушы ауылындағы Новостройка, Рысқұлов, Строительная, Қабанбай көшелеріне 2,8 шақырым жолға 8 484,0 мың теңге бөлініп «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша тас төгу, тегістеу жұмыстары жүргізілді.

3. Бастаушы ауылындағы «Жеңіс» саябағының маңайына тегістеу жұмыстары жүргізілді. Төрт орындық қойылды, алты фонарь, екі шам орнатылды. Көшеттер отырғызылып, гүлзарлар жасалды.

4. Қатты тұрмыс қалдықтары мен қоқыс тастайтын орын белгіленіп, тегістеу жұмыстары жүргізілді.

5. «Белаин» мобильдік байланысы орнатылды.

6. Тұшпара жасау цехы ашылды.



Алға қойған басты мақсаттар мен міндеттер:

  1. Бастаушы ауылындағы Новостройка көшесін жарықтандыру.

  2. Бастаушы ауылында жастарға демалыс саябағын жасау.

  3. Округтегі екі мектепке демеушілерді тарта отырып қысқы ойын түрлеріне спорт инвентарларын(шаңғы, коньки) алу.

  4. Көкжота ауылындағы Мектеп көшесіне тас төгу, тегістеу жұмыстарын жүргізу.

  5. Көпшілік пайдалану орындарын көгалдандыру, шағын сәулет нысандарын орнату.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет