Батыр – елдіњ ажары



жүктеу 32.54 Kb.
Дата02.11.2017
өлшемі32.54 Kb.

БАТЫР – ЕЛДІҢ АЖАРЫ

Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2010 ж.

Ұлы Жеңіске 65 жыл! Соншама жыл өтсе де ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмады, ұмытылмай­тынын да дәлелдеп отыр. Өйткені, сұрапыл соғыста жауынгерлер Жеңіс сағатын минуттап күтті. Сол қасиетті жолда қаншама боздақтар қыршынынан қиылды, қаншама отбасы ойран болды. Бүгінгі мере­кенің құндылығы мен қымбаттығы осыдан. Демек, боздақтардың бақытты өмір үшін төккен терлері, аққан қандары бекер кетпеді. Сенімдері мен үміттері ақталды.

Әділетті соғыстағы Жеңіс туы биікке көтеріліп, күні бүгінге дейін мәңгілік алау шейіт болған жауын­герлердің рухының мәңгілігінің белгісіндей маздап тұр.

“Ерлік – елдің қасиеті, жүрек­тілік – жігіттің қасиеті” деген екен даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы. Сол сұрапыл жыл­дары Жетісу жерінен 120 мыңнан астам боздақ соғысқа аттанса, олардың 47052-сі ұрыс далаларын­да ерлікпен көз жұмған. Ал, хабар-ошарсыз кеткендері қаншама.

Отан қорғаудағы ерен ерлік­терімен көзге түскен жетісулық 53 жауынгер Кеңес Одағының баты­ры атағына ие болса, жауынгерлік “Даңқ” орденінің толық иегері атанғандары да жеткілікті. Есім­дері дүние жүзіне тараған 28 панфиловшы батырлардың тең жартысы Алматы облысынан екендігін де әрдайым мақтаныш­пен айтамыз. Бүгінгі Ұлы Отан соғысының 65 жылдығын қарсы алып отырған үштөбелік Косенков Иван Васильевич солардың бірі.

Ұлы Жеңіс – халықтар досты­ғының мызғымас бірлігін бейне­лейді. Біз олар­дың қа­сиет­ті жо­лын  қас­тер­­леп, оны ла­йықты түр­де жал­ғас­тыру­ға тиіспіз. Бүгінгі жастар бо­йын­­дағы елжан­ды­лық қа­сиет осын­дай бе­ре­ке-бірлік негізінде дамып отыр­­ғаны анық.

Қазіргі кезде облыста 161 мың­­нан астам зей­неткер бар болса, олардың 1136-сы соғыс ардагерлері. Облыстық әкім­дік тарапынан жыл өткен сайын ардагерлерге көр­сетілген қамқор­лық пен жеңілдік қатары арта түсуде. Тек жергілікті бюджет есебі­нен өткен жылы соғыс арда­герлерінің коммуналдық төлеміне 43 млн. теңге, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедект­ерге 121 млн. теңге көмек көрсетіл­ді. Соны­мен қатар 542 соғыс және тыл ардагерлеріне 42 млн. теңге бөлі­ніп, олар шипажайларда демалып, денсаулықтарын түзеп қайтты. Жүріп-тұруы қиындаған жалғыз­басты қарттар да қамқор­лықсыз қалған жоқ. Оларға әлеу­меттік мекеменің 295 адамдары қолұшын беріп, көмек көрсетуде.

Ардагерлер – кешегі Отан қорғаушылар, еліміздің көркеюіне үлес қосып, ерен еңбегімен соңы­на өшпес із қалдырған жандар. Демек, олардың оқ пен от орта­сын­дағы ерліктері әрдайым ел жадында. Сындарлы жылдарда қазақ пен орыс, украин мен өз­бек, грузин мен беларусь, латыш пен әзірбайжан, татар мен баш­құрт, тағы да бас­қа көп ұлтты жауын­герлердің тілі бас­қа болға­ны­мен, тілегі бір, жүзі басқа болға­ны­мен, жүрегі бір екендігінен, жұ­ды­­рықтай жұ­мыл­ды, жауды жең­ді. Сол кез­дегі тыл­да еңбек еткен әке-шеше­леріміз “бәрі май­­­­дан үшін, бәрі жеңіс үшін” деген ұран­­мен жал­ға­сып, май­дан да­ла­сындағы ерлік пен тылда­ғы жан­­қиярлық Жеңіс туын Бер­лин үстінде жел­біретті.

Өңірде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккер­лерінің тұрмыс­тық жағдайы зерт­теліп, оларға қажетті көмектер көрсетілуде. Нәтижесін­де жергілікті бюджеттен ардагер­лер­ді тұрғын үймен қамта­масыз ету мен күрделі жөндеуден өткізуге 53 млн. 500 мың теңге бөлінгенін атап айтқан жөн. Жасы келген қариялардың денсаулығы ерекше күтімді қажет ететіні дау­сыз. Бұл мәселе де шешімін тауып, соғыс және тыл ардагер­лерін емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 18 млн. 415 мың теңге қарас­тырылса, емдеу орын­дарына бару үшін 57 млн. 822 мың теңге, коммуналдық жеңілдіктерге 40 млн. 578 мың теңге, тағы басқа шараларға да бюджеттен қаржы қарастырылғанын айтуға болады.

Күн санап қатары азайған арда­герлерге көрсетілетін құр­мет ауқымы мереке қар­саңында да молая түсуде. Соғыс арда­герлеріне 50 мың теңгеден біржолғы көмек көрсетуге бюджеттен 60 млн, соғыс жылдарындағы тыл еңбек­керлеріне 5 мың теңгеден 128 млн. 680 мың теңге бөлінгенін айтуға болады.

Талдықорған қаласында Мәңгілік алау жанында арда­гер­лермен жүздесудің жас ұрпаққа берері мол. Өйткені, жастар ел басына күн туған шақта қайсар­лық көрсетіп, елімізді қорғаған­дардың ерлік­тері туралы әңгіме­леріне тебірене құлақ түреді. Қалай дегенде де кездесулердің өске­лең ұрпаққа берері мол. Өйт­кені, соғыс ардагерлері майдан­дас жолдастарын еске алып, олардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды. Есте­лік айтып, қанды қырғын­дағы бастан кешкендерін шынайы әңгімелейді. Мұның өзі бүгінгі ұрпақтың бойындағы елжанды­лық қасиеттің кеңінен өрістеуі­не жол ашатыны анық.



Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев Қазақстан Рес­публикасы Ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің 20 жыл­дығына орай құттық­тауында: “Ардагерлеріміздің, аға ұрпақ өкілдеріміздің еңбегін айтып жеткізу қиын. Сіздердің жастық шақтарыңыз Ұлы Отан соғысы­ның сұрапыл кезеңімен қатар келді. Сіздер бүлінген шаруа­шы­лық­тарды қалпына келтір­діңіз­дер, күйзелген елдің еңсе­сін қай­та тіктедіңіздер, Сіздер өз иық­тары­ңызға түскен ауырт­па­лықтың бәрін абыроймен жеңе білдіңіз­дер”, деген бола­тын. Бү­гін­гі соғыс­ты көрген, басынан өт­кер­ген жандар жайлы бұдан асыра айту мүмкін емес. Мереке құт­ты болсын, қадірлі ардагерлер!

Егеубек ДАЛБАҒАЕВ, Алматы облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы

Алматы облысы.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет