Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі күйеуі Дархан Нортаевтың сыйлығын көрсетті. Бұл туралы Stаn.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Спортшы күйеуі құны 2 миллион тұратын сыйлықты беру үшін арнайы мұз айдынын жалдаған. 

“Енді таныса бастаған кезде осы мұз айдынына келгенбіз. Оған да 5 жыл болыпты. Сол сәттерді еске түсіру үшін Дархан ешкім жоқ кезді пайдаланып түнде мұз айдынын жалдапты. Аяқасты “киін, кетеміз” деді де, ойламаған жерден осындай тосынсый жасап көңілімді жүрек жарды сөздерімен босатып қойды”, – деп жазды блогер. 

  • "Қынапты тарылту арқылы ләззат сыйлау". Косметологқа 1,5 миллион теңге төлеп, курсқа қатысқан әйелдер сан соғып қалды

  • Жалдамалы ана: Қазақстанда суррогат ана болу қанша тұрады

Сонымен қатар Фариза жылтырақ әшекей бұйымдарға құмар екенін мойындады. Айтуынша, қымбат білезікті көптен бері алғысы келіп жүрген көрінеді. 

“Әйел заты өз рөлінде әйел болып, шешімді еріне тапсырып, жүрегімен оған сенсе қалған береке Алладан. Әйелдің нәпсісі түрлі жылтырға құмар ғой, оны мойындаймыз. Алла солай жаратып қойыпты біздерді. Осы білезік ұнайтынын және қалайтынымды жеткіздім, қалған әрекет жолдасымнан болды. "Алла разылығы үшін жарымды қуантамын, отбасыма ең жақсыны беремін, қамтамасыз етемін" деп ниет қойып, тырмысып еңбек еткен әр ер азаматтың әрекетінің сауабын Алла өзі береді”, – деп жазды блогер. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.