Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық



жүктеу 0.57 Mb.
бет1/3
Дата19.09.2017
өлшемі0.57 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы

мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық

және кәсіптік білім беру ұйымдарының

облыстық оқу-әдістемелік кабинеті



«Мектеп жасына дейінгі балаларды

компьютерлік сауаттылыққа үйрету» бағдарламасы

(Мектепке дейінгі ұйымдарының

педагогтеріне арналған әдістемелік құрал)

Орал, 2016


Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының

мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті



«Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік

сауаттылыққа үйрету» бағдарламасы

(мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтеріне

арналған әдістемелік құрал)

Орал-2016

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама №1 04.03.2016 жыл

«Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйрету» бағдарламасы №44 «Мерей» МКҚК бөбекжай компьютерлік сауаттылыққа үйрету пән мұғалімі Алигазиева Айгул Қалиматованың іс-тәжірибесінен



Құрастырған:

Алигазиева А.К., №44 «Мерей» МКҚК бөбекжай компьютерлік

сауаттылыққа үйрету пән мұғалімі
Пікір жазғандар:

Алипкалиева. Г.Б., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» МК ДППҚ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі


Ергалиев.С.А., Орал қаласының білім беру бөлімінің информатика пәні бойынша әдіскері
Бағдарлама 4-5 жастағы балалардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп және оны мектепте оқуға дайындауға, баланың логикалық ойлап, өздігінен шешім қабылдай білуін үйретуге бағытталған білім берудің базистік мазмұнын анықтайды.

Бағдарламаның мазмұны мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жеке жас ерекшелік қабілетінің ашылуына жағдай жасап, оның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін білім жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік ортада жағымды қатынас жасауға қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге негізделген оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптардағы информатика пәні мұғалімдеріне ұсынылады.

Мазмұны:
Кіріспе......................................................................................................................4



1.Аналитикалық бөлім

«Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің маңыздылығы»..............................................................................5

1.1 Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі......................................6

1.2 «Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің» бағдарламасы..................6

1.3 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері..................................................7

2. Практикалық бөлім

Күтілетін нәтижелерге сипаттама..........................................................................8



2.1 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өту түрі...........................................9

2.2 Оқу принциптері.Түсініктілік. Көрнекілік. Жеке жұмыс түрлері............9

2.3 Бағдарламаның оқу іс әрекетінде қамтылуы.Бағдарламаның жүзеге асу шарттары................................................................................................................10 Қорытынды............................................................................................................12

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар (4-5 жас)........................................................14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................23

Қосымша.................................................................................................................24



Кіріспе
Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, педагогикалық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.

Барлық теориялық және практикалық маңызды зерттеулерге қарамастан ойын – пән ортасында әлі де жеткіліксіз өңделмеген құру аспектілері кездеседі. «Ойын – пән ортасы» деген ұғымның мағынасы, оның құрылымы оқу – пән ортасында балалардың өзіндік танымдылығын дамытуды іске асыру механизмі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа оқыту балалардың оқу тәрбие жұмысында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, тіл дамыту, сурет салу, құрастыру оқу іс әрекеттеріне және экологиялық білімін кеңейтіп, баланың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Ойын арқылы оқу іс әрекетін ұйымдастырғанда балалардың ойлау қабілетімен қатар есте сақтау, бақылай білу қабілеттері дамиды. Компьютерлік құрылғыларды қолдана отырып, бала алдына қойылған тапсырманы орындау барысында теориялық біліміне ой салып, тапсырманы шешудің жолын іздестіре бастайды. Компьютерлік технологияны меңгерген мектеп жасына дейінгі бала «Өздігімен ойлай алады», ал бұл мектепке баратын оқушының ойлау қабілетін дамытудың негізгі қажеттілігі. Өзгерісі мол қазіргі ортада мектеп жасына дейінгі баланың ұйымдастырушылық, интеллектуалдық және ізденушілік қабілеті қалыптаса отырып, түрлі ақпарат көздеріне қызығушылығы қалыптасады. Жаңа ақпарат алудың қажеттілігін, оны қалай түсіндіру керектігін, оның кімге қызық екендігін түсінеді.

Жаңашыл баланың болашағы – өмір, шығармашылық, жұмыс, ақпаратты өмірдегі құзыреттілік.

Мемлекет мектепке дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа оқытуды қамтамасыз ету арқылы түрлі ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етіп отыр.

Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде құрылған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары төмендегі негізгі міндеттерді жүктейді.

бала бойында маңызды, шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік-даму ортасын құру;

тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала әрекеті түрлерін қалыптастыру; әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;

мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.


1. Аналитикалық бөлім

«Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің маңыздылығы»

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілсе,бүгінгінің заман талабына сай ашылып жатырған балабақшалар да информатика кабинетімен жабдықталып отыр. Компьютер бала үшін қоршаған әлемді танудың табиғиқұралы болып табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандырутехнологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар компьютерлік сауаттылықты жеңіл және тезмеңгеруде.Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатнасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.

Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал мектепке дейінгі ұйымдарда бұл жеке пән ретінде емес тіл дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру, орыс тілі, ағылшын тіліне қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:

- Информатиканың өзге оқу іс әрекеттермен сабақтастығы;

- Логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу іс әрекетін ұйымдастыруда компьютерді жиі пайдаланса мектеп жасына дейінгі балалар компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады.

Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатын – мектепке дейінгі ұйымға да өз әсерін тигізуде. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне басты мақсат – әрбір баланы информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін бөбекжайда жүргізілетін өзге оқу іс әрекеттерімен үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.


1.1 Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл тәрбиешіге бөбекжайдағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланысты күшейте отырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерін көре алады.

Информатиканың бастамасы ретінде компьютерлік сауаттылыққа үйрету мектепке дейінгі ұйымның оқу үрдісіне енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектепке дейінгі ұйымдары үшін өте тапшы. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылық оқу іс әрекетін жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.


1.2 «Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің» бағдарламасы

Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретуге және оларды мектепке даярлауға бағытталған. (санау мен оқу барысында жаңадан өткен мәліметтерді пысықтау, уақытты оқып-үйрену, логикалық ойлау мен жадыны дамыту т.б.с.с.). «Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің» бағдарламасы эксперименттік түрге жатады: белгісі жағынан жалпы дамытушылық, ал мақсаты мен шешу жолдары, мазмұны мен педагогтік іскерлік процесін ұйымдастыру формасы жағынан интегриривті.

Соңғы жылдары дәстүрлі оқулықтармен қатар жаңаша оқу электронды ресурстары көбею үстінде. Компьютерлік оқу – оқытудың жаңа түрі, оның кең тараған түрлерінің біріне ойын бағдарламаларын үйренушілерді жатқызуға болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретуге негіз болатын факторлар

-баланы ерте жастан ақпараттық қоғамға бейімдеу;


-ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
-мектеп жасына дейінгі баланың ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, болашақ әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.

Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек мектепке дейінгі информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:



1. Қолданушылық. Бұнда балалар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бөбекжайдағы ұйымдастырылатын оқу іс әрекеттерінің мазмұнына құралған логикалық тапсырмалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл оқу іс әрекетінде компьютерді берілген тапсырмаға қарай пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.

Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде балаларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:

-ойын бағдарламаларымен жұмыс істей білу; компьютер құрылғыларымен жұмыс істеуге машықтану

2. Ақпаратты – логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, балалардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 4-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.

3.Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.

Мектепке дейінгі ұйымдарда компьютерлік сауаттылыққа үйретудің мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:

Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі балалардың логикалық ойлау қабілетін компьютерлік сауаттылыққа үйрете отырып дамыту, алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік, компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.

Мектепке дейінгі ұйымда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой – өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста компьютерді қолдану әдістемесін пайдалана отырып, баланы мектепке даярлау барысында кездесіп жататын көптеген мәселелерді шешуге болады.



1.3 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйрете отырып, логикалық, интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін дамыту.Негізгі міндеттері

- бала бойында танымдық, ақпараттық құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік-даму ортасын құру;

- тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала әрекеті түрлерін қалыптастыру;

- балалардың көру жадыларын, есте сақтау қабілетін берілген тапсырмалар арқылы дамыту;

- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;

- балалардың логикалық ойлау қабілетінің дамыту;

-Күнделікті өмірде қарапайым өзіне қажетті техникалық құралдарды қолдана білге үйрету

- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;

- мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.
2. Практикалық бөлім

Күтілетін нәтижелерге сипаттама:

«Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің» бағдарламасын тәмамдаған балалар жүйелі білімге және айқын нәтижелерге қол жеткізеді.

Балалар білуге тиіс:

- компьютер құрамына енетін негізгі құрылғылардың сипаттамасын: жүйелік блок, монитор, перне тақта, тінтуір;

- компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін;

-тінтуірмен жұмыс істеуді;

-монитордан курсор мен тінтуірдің бағыттағышын айыруды;

- тінтуірдің көмегі арқылы экраннан қажетті объектіні таңдай білуді (тінтуірдің бағыттағышын анықтап, сол жақ түймесін басу );

- тінтуірдің сол жақ түймесін басу арқылы экранға қоршау салуды;

- тінтуірдің сол жақ түймесін басу арқылы қажетті объектіні орналастыруды;

- перне тақтаны қолдануды: әріптер мен сандарды енгізуді; «Enter» клавишін қолдануды;

- тінтуірді түрту арқылы сұрау алаңынан « тізім » типтес ( басты мәзір, мәзір деңгейі ) қажетті жолды таңдауды;

-тінтуірдің көмегі арқылы экранда жұмыс істеуді;

бейнелер жолына терезені енгізуді; «BackSpacе» клавишінің көмегімен бейнелерді жоюды.

-Заттарды қасиеттеріне қарай топтастыру

-класстарды белгілеуді (біркелкі заттардың топтары, мысалы: көліктер, жемістер, көкөністер, оқу құралдар т.б);

-суреттен белгілі мазмұнды бейне құрастыра алады, оны түсіндіреді

-компьютерде жұмыс істеудің санитарлы-гигиеналық талаптарын;

-қазіргі заманғы ақпарат көздерінен хабардар болады.

-санитарлы-гигиеналық талаптардың бұзылу қызметіндегі қателіктерді көрсетіп және жөндей алады;

-ақпараттар, берілгендердің ұқсастығын таба алады және таниды;

-алдыға қойылған мақсатты шешуде ақпаратты ұйымдастыру тәсілдерін түсінеді;

-компьютерді қолданудағы іс-әрекетті жоспарлау тәсілдерін түсінеді;

Оқу жылының соңында оқу бағдарламасының деңгейін анықтау үшін диагностика жүргізіледі. Талдау жасау үшін оқытуға және дамытуға арналған компьютерлік ойындар пайдаланылады.

Бағдарламаны меңгеру қиындық тудырмайтыны іс жүзінде дәлелденді. Компьютерді (пернетақтаны, тінтуірді ) басқаруды балалар автоматты түрде еркін меңгереді. Балалар ойын ойнау арқылы өздерінен талап етілер дидактикалық міндеттерді өз бетінше оңай шеше алады, компьютерлік жаңа ойын түрлеріне тез бейімделуге үйренеді.

Оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгеруді бағалауда негізінен ойын барысында баланың өз бетінше қалай жұмыс істеуін жіті қадағалау басшылыққа алынады.

І деңгей – бала осы не басқа іс-әрекетті жасайды, яғни мұғалімнің айтуы бойынша компьютерлік тапсырмаларды орындай алады.

ІІ деңгей – бала не істейтінін түсінеді, яғни бала тапсырманы орындау барысында алға мақсат қоя біледі, және оны шешу жолдарын іздестіреді.

ІІІ деңгей – бала өзінің білетінін қолданады, яғни бала берілген тапсырманы мақсатты түрде орындап, мұғалімнің көмегінсіз келесі кезеңнің тапсырмаларын орындайды.

Бұл білім бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтауға арналған диагностикалық талдаулардың балаларға оқу барысында кезігетін сан алуан проблемалардың алдын-алуда және мамандар назарын осы жайттарға аудара отырып, бірлесе шешу жолдарын табуда алар орны орасан зор.



2.1 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өту түрі: жеке және топтық.

Қолданылатын әдістер:

  • сарамандық ( практикалық ) оқу іс-әрекеті;

  • сұхбат оқу іс-әрекеттер;

  • дидактикалық материалдармен жұмыс (сандар, суреттер, әріптер салынған түрлі топшамалар, құрастыруға арналған түрлі заттар және т.б.

  • белсенді топтық оқу әдістері: ойындар, жарыс-оқу іс әрекеті, пікірталас.

2.2 Оқу принциптері

Балалармен, әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс ұстаздан көп қажыр-қайратты керек ететіні белгілі. Осы кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып, оқу бағдарламасында төмендегідей принциптер басшылыққа алынады.



Түсініктілік

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі дидактикалық материалдарды қолдану арқылы жеңіл де түсінікті түрде беріледі.

Түсініктілік принципі оқыту барысында қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды таңдауда негізгі критерийлердің бірі болып табылады. Олар бағыттауға жеңіл және қабылдауға қарапайым да қолайлы мазмұнда беріледі.

Көрнекілік

Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда көбіне-көп көрнекі қимыл мен көрнекі образды ойлау басты орында болу себепті, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде көрнекіліктің қолданылуы өте маңызды.

Олар:арнайы жабдықталған кабинет: тінтуірге арналған ашық түсті кілемшелер; магнитофон және сабақта музыка тыңдау үшін қолданылатын CD-ROM;


  • суреттер мен әріптерді, сандарды т.б. басып шығаруға арналған принтер;

  • балаларды оқу іс-әрекетінің барысында ынталандыру үшін және тапсырмаларды түсіндіруде қолданылатын суреттер;

  • жұмыс дәптерлерімен жұмыстануды;

  • әдемі де ашық түсті суреттерді, анимацияны, дыбысты қолдану арқылы оқуға пайдаланылатын компьютерлік бағдарламаларды таңдау

Жеке жұмыс түрлері

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс мектеп жасындағы оқушыларды оқытудан әлдеқайда күрделі. Бұл тек жас айырмашылығына байланысты ғана сөз емес. Балалар әлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбына сай «Жұмыс істеп, оқи алмайды». Оның үстіне, мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейі түрліше болады. Сол себепті, оқу бағдарламасында жеке жұмыс түрлеріне де көп көңіл бөлінеді.

Тіпті жұмыс топтасқан түрде ұйымдастырылғанның өзінде ( бір топтың құрамы үш баладан аспаған дұрыс ), мұғалімнің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысында әр балаға арнайы көңіл бөлуге, жекелеген тапсырма беруге, тапсырманың орындалуын қадағалауға мүмкіндігі болуы керек.

Сонымен, жеке жұмыс түрлері мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда кеңінен қолданылады.



2.3. Бағдарламаның оқу іс әрекетінде қамтылуы

Оқу іс әрекетінің жүргізілу жүйесі:

Техникалық сұрақтар (5 минут ). Техника жайында сөз қозғағанда, техниканың қауіпсіздік ережелерінен айналып өту мүмкін емес. Тек әңгіменің бала түсінігіне сай келуін басты назарда ұстаған жөн. Осы орайда компьютер құрамы, тінтуірдің жұмысы, диск мен принтердің маңызы жайында қайталай кеткеннің тіпті де артықтығы жоқ.

Сергіту сәттері (3 минут). Сергіту сәттеріне сурет салу, ойын жаттығулары, көзге және саусақ, қолға арналған жаттығулар қолданылады.

Оқу іс әрекетінің тақырыбына сәйкес – (7-8 минут)

компьютерлік бағдарламалармен жұмыс ( 5-7 минут ).

Қорытынды (2-3 минут)

Бағдарламаның оқу-тақырыптық жоспары негізгі үш бөлімді қамтиды:

« Компьютерлік әліпби »,

« Компьютерде жұмыс істеп үйренеміз »,

« Компьютермен бірге дамимыз ».



« Компьютерлік әліпби » бөлімін оқытуда компьютерді қолдану тәсілдері туралы видеоматериалдар; компьютермен жұмыс істеу ережелері, компьютер құрылғылары, компьютерді дұрыс айыру мен қосу, компьютерге қосуға болатын қосымша құрылғылар туралы баяндайтын видеороликтер, слайдтар пайдаланылады.

Соңынан видеоматериалдар мен видеороликтерді көру барысында туындаған сұрақтар талқыланатын болады.

Балалардың жаңа түсініктері естерінде жақсы қалу үшін, компьютерлік терминдерге баса көңіл бөлінеді.

«Компьютерде жұмыс істеп үйренеміз» бөлімін оқуда балаөзіне түсінікті түрде компьютермен жұмыс істеудегі негізгі дағдыларға үйренеді.

Әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қарапайымнан күрделіге ауысып отырады. Сондықтан да, балалар дайындық деңгейінің түрлілігіне қарамастан, оқу барысында пайдалы да қажетті нәрсе ала алатын болады.

Бала материалды өзіне қолайлы қарқында қабылдау үшін ойнатқыш оқу роликтерін қолдана алады. Роликтер арқылы оқытуды кез-келген жерден тоқтатып, қажетті тұстан бастап тыңдауға болады.

«Компьютермен бірге дамимыз» бөлімін оқытуда баланың жадын, зейінін, логикалық, образды және жүйелі ойлауын, түстер мен геометриялық фигураларды тану, санау мен оқу, өз бетімен жұмыс істеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие ойындар мен тапсырмалар қолданылады.

Бағдарламаның жүзеге асу шарттары

Компьютер өндірушілер 3 жастағы балаларға арналған өте көп мөлшерде бағдарламалар шығару арқылы психологтар мен педагогтердің балаға неше жастан компьютермен айналысуға болатындығы турасындағы айтыстарына өздерінше нүкте қойғандай. Шындығында да, егер бала мультфильмдерге аса қызығар болса, онда ол сурет және қуыршақ бейнелері бар дамыту ойындарына да бей-жай қарамайтын болады. Бірақ баланы компьютерге отырғыза салуға асықпаған дұрыс. Алдымен балаға компьютерді дайындау қажет.

Пернетақта диагоналы 17 дюмнан кем болмау керек. Экранға мүмкіндігінше биік емес меже орнатылсын. Экран жылтылының жиілігін, шама келгенше, кем дегенде, 80 Гц, ең дұрысы, 100-120 Гц келтірген жөн, сонда ғана көзге ауыртпалық аз түспек.


Каталог: storage
storage -> Перспективы развития угольной промышленности
storage -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің
storage -> Техникалыќ жјне кјсіптік білім беретін кјсіптік оќу баєдарламаларын жїзеге асыратын білім беру ўйымдарына оќуєа
storage -> Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі
storage -> Қазақстан республикасының Қосымша білім беру педагогикалық Қызметкерлерінің секциясы «Қосымша білім беру саласын жаңҒырту арқылы білім алушылардың ҚОҒамдық санасын қалыптастыру»
storage -> Бағдарламасы өткізу орны: Астана қ., ҚР инвестициялар және даму министрлігі Өткізу мерзімі: 2016 жылғы 18 қараша
storage -> Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру 12 сәуір 2017 ж
storage -> Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған
storage -> «Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №123 Қаулысы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет