Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



жүктеу 2.58 Mb.
бет1/17
Дата16.05.2018
өлшемі2.58 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының

мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және

кәсіптік білім беру ұйымдарының

облыстық оқу-әдістемелік кабинеті

«ШЕШЕНДІК ӨНЕР ӘЛІППЕСІ»

(1-4 сыныптарға арналған)

Орал, 2016 жыл

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама № 2 6.06.2016 жыл

Құрастырушылар:

Тукенова А.А., Карабалиева Қ.Қ., Самиева Б.О., Ерекешева Г.А. - Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері


Рецензент:

Хасанова И.У., М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты

Бұл 1-4 сыныптарға арналған «Шешендік өнер әліппесі» факультатив курсының бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байыту, молайту мақсатында жасалынды. Шешендік өнер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Бұл көмекші құрал әдебиеттік оқу пәніне көмек ретінде дайындалды.



Мазмұны

Түсінік хат .......................................................................4 бет

Курстың мақсаты мен міндеттері ..................................5 бет

Тақырыптық жоспарлар

1-сынып.............................................................................7 бет

2-сынып.............................................................................53 бет

3-сынып...........................................................................128 бет

4-сынып...........................................................................211 бет

Қорытынды ....................................................................268 бет

Пайдаланылған әдебиеттер ..........................................269 бет




Түсінік хат

«Шешендік өнер әліппесі» факультатив курсының бағдарламасы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналып жасалынды. Көмекші құрал ҚР «Білім туралы» Заңының, ҚР «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, бастауыш сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Ал бесіктен басталатын тәрбиенің бірден-бірі – қазақ ауыз әдебиеті. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең – жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқаулары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.

Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілеттерін дамыту мақсатын көздей отырып, «Шешендік өнер әліппесі» факультатив курсы ана тілі пәніне негіздей отырып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Бұл жинақ бастауыш білім беруде «Әдебиеттік оқу» пәніне қосымша сабақ ретінде алынып отыр. Осы орайда көмекші құрал ретінде М.Құлкенов, К. Ерешева, Ж.Әбділданың «Шешендік өнер әліппесі» оқу құралына сүйене отырып, 1-4 сыныптарға арналып, 1 сыныпқа 33 сағат, 2-4 сыныптарға 34 сағаттан жоспар құрылды

«Шешендік өнер» сабағының мақсаты:

1. Оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу;

2. Рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету;

3. Кітап оқуға деген ынтасын қалыптастыру.



Міндеттері:

оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;

шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;

шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

өзіндік ой пікірін айта білуге баулу;

оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.


Күтілетін нәтиже:

Көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп, ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады.

Би – шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады.

Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді.



Сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады. 
Шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері дамиды,өзіндік ой қорытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады. 
Халықтың қанатты сөздерінің мәнін, мағынасын түсініп, одан тәрбие алады.

1-сынып


р/с

Тақырыбы

Сағат саны

мерзімі

І тоқсан

1

Адамдардың қарым-қатынасы

1




2

Амандасу

1




3

Қош келдіңіз

1




4

Маңдайшалардағы суреттер мен жазулар

1




5

Бау-бақша

1




6

Сөз ренжітеді. Сөз күлдіреді

1




7

Сөз жұбатады

1




8

Қоштасу.Сағыныш.

1




9

Таңдану, қуану, ренжу, мұңаю, қорқу

1




ІІ тоқсан

1

Кел,санамақ айтайық

1




2

Сөйлейміз және тыңдаймйз.Оқимыз, жазамыз

1




3

Дауыс ырғағы

1




4

Спорт алаңында

1




5

Көңіл-күй.

1




6

Алғыс.

1




7

Телефон арқылы сөйлесу.

1




ІІІ тоқсан

1

Әдептілік белгісі.

1




2

Мәтін.Кім туралы? Не туралы?

1




3

Жұмбақтар.

1




4

Теңеу.

1




5

Тақырыбы. Аты

1




6

Ат қоя білу де өнер

1




7

Кешірім сұрау.

1




8

Өтіну.

1




9

Кешірші. Не үшін? Таныс, бейтаныстар

1




ІV тоқсан

1

Ең маңызды сөздер

1




2

Мәтіннің негізі.

1




3

Мәтіннің негізі.

1




4

Ертөстік туралы ертегі

1




5

Мәтін қалай жазылады?

1




6

Өлеңдегі сөздердің ұйқасуы.

1




7

Өтініп сұрау

1




8

Тілден артық не бар,тілден жаман не бар?

1




Барлығы

33






1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Адамдардың қарым-қатынасы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бір-бірімен дұрыс сөйлесуіне, ақылдасуына, пікірлесуіне үйрету.



Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: отбасы туралы суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2. Психологиялық дайындық.

Оқимыз, жазамыз,

Біз мектепке барамыз.

Оқимыз, жазамыз,

Оқып білім аламыз. (жай, орташа, тез айту)

Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ.

- Балалар, адамдар бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасайды?

Олар бір-бірімен сөйлеседі.

Не жайында сөйлесуі мүмкін?

Әңгімелеседі, достарымен ойнайды, сырласады.

Қарым- қатынасты неден бастайды?

Сөйлесуден.

Тіл-қарым-қатынас құралы.



Суретпен жұмыс.

Суретте ата-ананың баласын еркелетуі, балалардың ойнап отырғаны бейнеленген.

Әке-шешеңмен,ата-әжеңмен сөйлесесің. Олардың ақыл-кеңесін тыңдайсың. Достарыңмен ойнайсың, әңгімелесесің және сырласасың.

Оқулықпен жұмыс.

Берілген өлеңді мәнерлеп түсіне оқы.



Сергіту сәті.

Өлеңді талдау.

Ата-анаң сені қалай еркелетеді? Әжең мен атаң ше? Ағаң мен тәтең кім дейді? Ата-анаңа сен қалай еркелейсің?



Тіл дамыту жұмысы.

Әр сурет бойынша әңгіме құрастыр.



Дәптермен жұмыс.

Бір адамның басқа адаммен сөйлесуін,ақылдасуын,пікірлесуін аралас-құралас болу деп айтады.

Мектептегі қарым-қатынас, қоғамдық орындағы қарым-қатынас туралы мысалдар келтіру. (Сахналап көрсету)

4. Қорытынды бөлім.

Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік? Қарым- қатынас деген не?



2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Амандасу

Сабақтың мақсаты: «Сөз анасы-сәлем» мақалының мәнін ұғындыру. Амандасудың маңыздылығын меңгерту.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер,слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2. Психологиялық дайындық.

Кел, ортаға шығайық,

Шеңбер жасап тұрайық.

Дайындалып сабаққа

Бар зейінді бұрайық.

3.Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ.

-Балалар, мына тақтадағы сөздерге назар аударайық. (Мұғалім мәнерлеп оқиды)

Туған елім, армысың!

Туған жерім, бармысың?

Қайырлы таң, аталар!

Қайырлы күн, әжелер!

Қайырлы түн, балалар!

Күнде осылай тілдесем

Ағайынмен жүздесем. (М.Құлкенов)

-Өлең не туралы? Бұл сөздерді қай кезде естіп жүрміз?

-Амандасу кезінде.

-«Сәлем-сөздің анасы» дегенді қалай түсіндірер едіңдер?



Карточкамен жұмыс

-Мына сөздерді әрқайсысың оқып,қай кезде айтылатынын түсіндіріп беріңдер.

Қайырлы таң! Кеш жарық! Сәлеметсіз бе? Есенсіз бе? Армысыз!

Жұппен жұмыс.

Амандасудың түрлерін пайдаланып,өзінің қалай амандасатынын көрсетеді.



Мәтінмен жұмыс.

Ы.Алтынсариннің «Әдептілік» әңгімесін слайдтан мәнерлеп оқу.

-Оқымысты, ғалым деп қандай адамды айтады?

-Әңгіме неліктен «Әдептілік» деп аталған?

-Ғалым қандай әдептілік көрсетті?

Сөздікпен жұмыс.

Мұжық-орыстың шаруа адамы.

Қорытынды бөлім.

- Қай кезде адамдар амандасады? Қалай амандасады? Қандай сөздерді қолданады?
3-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қош келдіңіз.

Сабақтың мақсаты: Адамды қарсы алуда айтылатын сөздердің түрлерімен таныстыру.Орынды қолдануға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топқа бөлу,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2. Психологиялық дайындық.

«Шаттық шеңберін» құрып,тілек айту.



3.Негізгі бөлім.

Оқушыларды 3 топқа бөлу. (Ойын түрінде көрсету)

1-топ. «Қонақ қарсы алу»

Оқушылар тақтада жазылған сөздерді дұрыс қолдануы қажет.

Сәлеметсіздер ме? Кеш жарық! Төрлетіңіздер! Төрге шығыңыздар! Қош

қош келдіңіз! Сіздерді көрмегелі көп айдың жүзі болды.



2-топ. «Тұтынушыны қарсы алу»

-Балалар сатушымен қалай амандасады?

-Сатушы келушімен қалай амандасады?

3-топ «Дәрігерге келушіні қарсы алу»

-Дәрігерге келгенде қалай амандасу керек?

-Дәрігердің жауабы қандай болады деп ойлайсың?

Дәптермен жұмыс.

Ата-бабамыз қалай амандасқан?

* Қазақтың салтында жастар танымаса да,үлкендерге сәлем берген.

* Ат үстінде отырып сәлем бермейді.

* Бір адам көпшілікке сәлем береді.

* Атты адам жаяу адамға сәлем береді.

* Келе жатқан адам отырған адамға сәлем береді.

* Жолаушылап кетіп бара жатқан адам жолдағы ауылға сәлем беріп өткен.



Сергіту сәті.

Суретпен жұмыс.

-Суретте кімдер бейнеленген?

-Олар қайда,не үшін келді?

-Келген қонақтар қандай сөздер айтты?

-Оларды кімдер қарсы алды?

-Үй иелері не айтты?



Сәйкестіндір.

Қоштасу Төрлетіңіздер!

Амандасу Есенсіз бе?

4.Қорытынды бөлім.

-«Қош келдіңіздер» сөзі қай кезде айтылады?


4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Маңдайшалардағы суреттер мен жазулар.

Сабақтың мақсаты: Маңдайшалардағы суреттер мен жазулардың мағынасы мен маңызы туралы түсіндіріп,есте сақтап жүруге баулу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Жол белгілері бейнеленген слайдтар,ғимараттар суреті

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2. Психологиялық дайындық.

Біз балдырған ұланбыз,

Оқып білім аламыз.

Әдепті боп жүреміз,

Үлкенге сәлем береміз.

3.Негізгі бөлім.

-Балалар,мына белгілерді сендер қайдан көрдіңдер?

-Жолдың бойынан.

-Қандай түсінік береді?

Әр оқушы өз ойын айтады.

-Байқасаң,көшеде және жол бойында түрлі заттардың суреті ілініп тұрады.



Шығармашылық жұмыс.

Суретті белгілердің нөмірлерін атауларына сәйкес тауып қой.Өзің

білетін шартты белгілердің суретін шаршының ішіне сал.

Дәптермен жұмыс.

-Қалада және ауылда кейбір үйлердің маңдайшасында түрлі жазулар

ілініп тұрады. Олар нені білдіреді?

- Біздің мектептің маңдайшасында қандай жазу бар? Оның мағынасы

нені білдіреді?



Сергіту сәті

Бейнесуреттер көрсету, талдау жасау.

- Маңдайшадағы тағы қандай жазуларды білесің?



4.Қорытынды бөлім.

-Маңдайшалардағы жазулар қажет пе? Не үшін керек?


5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бау-бақша.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бау-бақша туралы әңгімелей отырып,өлеңдер жаттап,сөздік қорын молайту.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Бау-бақшаның суреттері, көкөністер мен жемістердің мульяждары.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2. Психологиялық дайындық.

Қоңырау да соғылды,

Міне,сабақ басталды.

Дайындалып бәріміз,

Отырамыз тып-тыныш.

3.Негізгі бөлім.

-Балалар, мынау ненің суреттері? Оларды біз қайдан көреміз?

-Бақшадан.

-Жемістер мен көкөністердің адамға қандай пайдасы бар?



Мәтінді түсіндіре оқу.

-Дәулет атасымен қайда барды? Бағбан сөзін қалай түсінесің?

-Бақта тағы қандай жеміс ағаштары өседі?

Көкөністер туралы өлеңдер оқу.

Шығармашылық жұмыс.

Өзің білетін көкөністердің суретін сал, әңгімеле.



Мақал-мәтелдер айту, мәнін ашу.

* Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

* Кім еңбек етсе,сол тоқ.

*Еңбек түбі-береке.

*Ексең егін,ішерсің тегін.



4.Қорытынды бөлім.

- «Қыстың қамын жаз ойла» мәнін ашу

- Бау-бақшаны қай кезде егеді?
6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөз ренжітеді. Сөз күлдіреді.

Сабақтың мақсаты: Сөз туралы,ренжітетін сөздер мен күлдіретін сөздер туралы әңгімелеу, сөздік қорын молайту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Негізгі бөлім.

«Сейтек-тентек» өлеңді мәнерлеп оқу.

Өлеңді талдау.

-Өлең кімдер туралы?

- Сейтек қандай бала?

Сейтекке мінездеме беру.

Сейтек

ерке салақ еріншек тентек шыдамсыз

- Сейтектің қылығына әжесі қандай көңіл-күйде деп ойлайсың?

-Адамдарды күлдіру үшін не істеу керек?

-Күлдіргі өлең,әзіл әңгімені қай кезде қолдануға болады деп ойлайсың?

-Теледидардан қандай күлкілі бағдарламалар көріп жүрсіңдер?

-«Әзіл әлемі», «Жайдарман», «Екі езу» (үзінділер көрсету)

-«Суайттың өлеңі» өлеңді мәнерлеп оқу.



Сөздікпен жұмыс.

Олақ - іске икемі жоқ,епсіз адам.

Оймақ - іс тіккенде ине кірмес үшін саусаққа киетін кішкентай ғана саусаққап. Ол жезден, темірден не былғарыдан жасалады.

Жаңылтпаштар оқу.

Не деген бақша таңғажайып бұл?

Төбеден қарша алма жауып тұр.
Қарға қарқалдамаса қарға бола ма?

Қарқылдап келіп,тобымен талға қона ма?



3.Қорытынды бөлім.

- Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік?

-Адамдарды ренжітуге болмайды.Әр сөзіңді ойланып сөйле.
7-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Сөз жұбатады.

Сабақтың мақсаты: Өткен сабақпен салыстыра отырып адамды жұбататын сөздер жайында түсінік беру.Адамгершілікке,бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер,әндер жинағы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



2. Психологиялық дайындық.

Әлди-әлди,ақ бөпем

Ақ бесікке жат бөпем.

Жұбатайын,жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.

- Бұл ән кімге арналған? Не үшін айтылады?

- Бөпені жұбату үшін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет