Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Кереева Зарина Жарасовна Тақырыбы



жүктеу 41.12 Kb.
Дата17.04.2018
өлшемі41.12 Kb.

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Кереева Зарина Жарасовна

Тақырыбы: «Зерделілер мен зейінділер» (7-сыныптарға арналған сыныптан тыс шара)

Сайыстың мақсаты:

а) білімділік-оқушылардың алгебра және геометрия пәндері бойынша білімдерін толықтырып, кеңейту.

ә) тәрбиелік-оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру, білімді азаматтар тәрбиелеу.

б) дамытушылық-оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін дамыту, жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұосымша материалдар, тірек-сызбалар.

Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, ватман, үлестірмелі картотекалар.

Әдісі: Сұрақ-жауап, жинақтау, ой туғызу.

Түрі: Сайыс-жарыс

Типі: Білімді тексеру, қайталау, білімді бағалау.

Байланысы: қоршаған ортамен байланыстыру, пәнмен, өмірмен.

Сайыстың барысы:

І тур. «Сәлемдесу» .

ІІ тур. «Қалауың білсін!»

ІІІ тур. «Қателеспе!»

ІV тур. «Ойлы болсаң-озып көр!»

-Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Күш өнер білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға

Қанекей, кім шығады сайысуға-дей отырып, сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

-Бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Әр сайыстан кейін әділ қазы топтардың бағасын беріп отырады.



І тур. «Сәлемдесу». (Ең жоғары ұпай-5.)

Топтар қарсыластарына және әділ қазы алқаларына өз топтарының аттарын, эмблемаларын, ұрандарын, газеттерін қорғап таныстырады.

-Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан-цифр термек үшін.

Көрсетіп есептердің жолын қалай

Келдім мен оларды айтып бермек үшін-деп, ойынымыздың келесі турына өтейік. ІІ тур. «Қалауың білсін!». (Ең жоғары ұпай-3.)

3 ұяшық көрсетіледі. І турдан жоғары ұпай жинаған топ бірінші таңдау кезегін алады.

1-ұяшық сұрақтары:


  1. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)

  2. 1 метрде неше сантиметр бар? (100 см)

  3. Бұрыш өлшейтін құрал? (Транспортир)

  4. Ең кіші жай сан? (2)

  5. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура? (Бұрыш)

  6. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшты, ал кері қарай 80 минут ұшты. Айырмашылығы қанша минут? (екеуі бірдей)

  7. Қандай 3 бір таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)

2-ұяшық сқрақтары:

  1. Екі ғасырда неше жыл? (200 жыл)

  2. Шеңберді сызатын құрал? (циркуль)

  3. Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі? (сәуле)

  4. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш? (квадрат)

  5. Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4 ширек)

  6. 50-ді 0,2 ге бөл? (250)

  7. 1 кг мақта ауыр ма, әлде 1 кг темір ауыр ма? (тең)

3-ұяшық сұрақтары:

  1. Миллионда неше ноль бар? (6)

  2. Тік бұрыш неше градусқа тең? (90º)

  3. Тік бұрыштан кіші бұрыш? (сүйір)

  4. Квадрат қабырғасы 3 см-ге тең. Периметрі нешеге тең? (12 см)

  5. Шаршының неше қабырғасы бар? (4 қабырғасы)

  6. 11 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)

  7. Күн көзі жылына неше рет шығады? (365 рет)

-Келесі ІІІ турымыз «Қателеспе!» деп аталады. Бұл турға 7 минут уақыт беріледі. (Ең жоғары ұпай-5.)

Сұрақтары:



Жауаптары:



-Топтар, міне біздер соңғы шешуші «Ойлы болса-озыр көр!» ІV турына да жеттік.



Шарты: Берілген логикалық және викториналық сқрақтарға тез әрі дұрыс жауап берулері сұралады.

  1. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді? (атасы, баласы, немересі)

  2. Қосарланып жегілген атымен арбашы Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (25 шақырым)

  3. Бойы екі қарыс, сыйып тұр 25 арыс? (сызғыш)

  4. Қалай 10 метр сатыдан секіріп, жараланбауға болады? (Ең төменгісінен секіреді немесе жерде жатқан басқалдақ)

  5. Қай жағдайда 19+15=10 теңдігі дұрыс? (19 сағат-7 сағат, 15 сағат-3 сағат)

  6. Боранда тау ық болады ма? (Боранда тау ық болады.)

  7. Бір адамда 10 саусақ, 10 қолда неше саусақ? (50)

  8. Қай кезде қысқартатын бөлшекті қысқартуға болмайды? (Үйдің нөмірі мен пәтер нөмірі)

  9. Үстел беті төрт бұрышты, әр бұрышын арамен кесіп тастасақ, неше бұрыш қалады? (8)

  10. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

  11. 1000 санының 1 пайызы? (10)

  12. 1 пұт неге тең? (16 кг)

  13. Ең кіші натурал сан? (1)

  14. Қай сан үлкен: және 2 ? (тең)

  15. Санның жүзінші бөлігі? (пайыз)

  16. Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым? (теорема)

  17. Геометрияның атасы кім? (Евклид)

  18. Анасы 16 мандарин сатып алған. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, қалғанын Дина жеді. Дина неше мандарин жеген ? (6)

  19. Жасы жүзге келген бір қария болыпты. Бүкіл өмірінде туған күнін тек жиырма бес рет қана атап өтіпті. Бұлай бола ма? (29 ақпан, 4 жылда 1 рет келеді.)

  20. Неше рет арттырса да, өзгермейтін қандай сан? (0)

-Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

Әділ қазы сіздерге сөз береміз,

Жеңімпаздар кім болып сарапталды?-дей отырып, әділ қазы алқаларынан бүгінгі сайысымыздың жалпы қорытындысын жариялауыңызды сұраймыз.

Алдыңызда жайнаған жұздер әні,

Сіздермен кездесерміз біздер әлі.

Әділ қазы, көрермен, сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жақсы күндер әлі-деп, кешті аяқтап, сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.




Каталог: 2016
2016 -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
2016 -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы
2016 -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
2016 -> 2016 жылғы 18 қараша №706 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
2016 -> Силлабус (syllabus) – студенттерді оќыту баєдарламасы
2016 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 -> Саламатты Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет