Батыс қазақстан облысы



жүктеу 11.49 Kb.
Дата29.04.2018
өлшемі11.49 Kb.

жоба

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Қ А У Л Ы
2011 жылғы «___»______________ №_____


Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 07 шілдедегі №1572 «Орал қаласы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2011 жылғы 07 шілдедегі №1572 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-211 тіркелген, 2011 жылғы 11 тамыздағы «Жайық үні» газетінде №32 және 2011 жылғы 12 тамыздағы «Пульс города» газетінде № 32 жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін.

көрсетілген қаулының 1 тармағының 2 тармақшасы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«Меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін».



2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Сафималиевке жүктелсін.


Қала әкімі С.Оразов
Каталог: fileadmin -> user upload -> app ak -> проекты и программы развития
user upload -> «Ќазаќстан Республикасыныѕ Азаматтыќ процестік Кодексі» Ќазаќстан Республикасыныѕ 2015 жылєы 31 ќазандаєы №377-v кодексі
user upload -> Ќазаќстан Республикасыныњ
user upload -> «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
проекты и программы развития -> «Орал қаласы бойынша 2010 жылы кәсіпкерлік субъектілері үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулы жобасына толықтырулар енгізу туралы түсіндірме хат


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет