Қазақстандық бессайысшылар Людмила Яковлева мен Темірлан Әбдірайымов Египетте өткен әлем кубогінде күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті   

Бессайысшылар Людмила Яковлева мен Темірлан Әбдірайымов Египет астанасы Каирде өткен әлем кубогі кезеңінде үздіктер қатарынан көрінді. Аралас эстафетада сайысында ел намысын қорғаған спортшылар 1337 ұпай жинап, турнирді күміс медальмен қорытындылады. Ал бірінші орынды 1350 ұпаймен Мексика спортшылары жеңіп алса, Оңтүстік Корея елінің өкілдері 1322 ұпаймен үздік үштікке енді. 

Айта кетейік, Людмила Яковлева мен Темірлан Әбдірайымов былтыр Азия ойындарында да сәтті өнер көрсеткен еді. 

 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.