Баян Мурынбаева, №187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі



жүктеу 24.89 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі24.89 Kb.

Баян Мурынбаева,

№187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі.

Қызылорда қаласы

Үш тұғырлы тіл


Қазақ тілі - қазақ халқының ана сүтімен дарып бойына сіңген қасиетті тілі. Қазақ халқы осы ана тілінің арқасында халықтың тұтастығын сақтап, туыстық, жақындық, бауырластық қасиетін дамытып келеді.Тіл арқылы Атыраудан Алтайға , Алатаудан Торғайдың сайын даласына дейінгі аймақты алып жатқан қазақ халқын бір тұтас елге айналдырып отыр. Қазақ жерінің иесі қазақ елін бір-біріне жақындастырып, тілдің тұтастығын сақтап отыр. Қазақ тілі барлығына бірдей түсінікті, ұғымы кең, ойы ұшқыр сөздері тартымды болып келеді. Қазақ тілінің қалыптасып дамуына ақын-жыраулар ,жазушылар көп еңбек сіңірген. Тілдің қалыптасып дамуы ананың әлдиінен басталып, ертегі ,аңыздар,тұрмыс-салт жырлары арқылы да қанатын кеңге жайған. Қазақтың қай баласы болса да,ана әлдиін,бесік жырын ,ертегі ,аңыздарды тыңдамай өспеген. Есейе келе ақын-жыраулардың , билердің келелі ,ойлы сөздерін тыңдаумен есейе бастаған. Қазақ тілі -қазақ халқының ұлттық нақыш бояуларын келтіріп қанықтырған көркем тіл.Қазақ тілінде афоризмдер,қанатты сөздер,ұйқасқа толы көркем бедерленген ойы терең,сап алтындай асыл сөздер кездесіп отырады. Осы айшықты сөздер арқылы түрленіп,ойды ажарландырып береді.

Қазіргі кезде әлем дамуының жаһандану дәуірі басталғалы көптеген тілдердің қосарлануы,сіңісуі қанат жайып отыр. Әсіресе, орыс тілі қазақ тілімен қатарласа жүріп, халыққа етене түсінікті болып отыр. Бұрынғы одақ көлемінде орыс тілінсіз араласу мүмкіндігі жоқ. Бұл қазақ тілінен кейінгі үлкен қатынас құралы екендігі даусыз.Ата заңымызда қазақ тілі мемлекеттік тіл екені нақтыланған,ал орыс тілі болса, халықаралық тіл қатынас тілі деп бекітілген.Ата заңымыз тілдердің жұмсалу аясын халық қажетіне жұмсау ретіне қарай айқындап отыр.

Қазіргі таңда еліміздің өркендеп, экономикалық, әлеуметтік -мәдени байланыстарының дүние жүзіндегі елдермен қарым-қатынасының кеңеюіне байланысты ағылшын тілі біздің елімізге көптеп ене бастады.Қоғамның даму кезеңінің қазіргі сатысында ағылшын тілінен бас тартып,одан қашқақтауға ешбір мүмкіншілік жоқ.Осы үш тіл еліміздің дамуына ,өсіп өркендеуіне бірдей қызмет етеді.Қазақ тілі мемлекеттік тіл болса, орыс тілі бұрынғы одақ көлеміндегі байланыс тілі қызметін атқарады,ал ағылшын тілі әлемдік тіл деңгейінде қалыптасып отыр. Әлемнің кез келген елімен қарым-қатынас жасап,байланыс жүргізу үшін мүмкіншілігі мол.

Үш тұғырлы тіл деп елімізде осыны дамыту мақсатты түрде қолға алып отырғаны өте орынды. Біздің келешегіміз қазақ тілін,орыс тілін,ағылшын тілін қатар дамытуға байланысты бұдан қашқақтаудың ,енжарлық танытудың ешқандай реті жоқ.



Тілді көп білгеннен ешкім де ұтылмайды,-қайта ұтады. Бұл тілдерді үйренгенде қазақшаны да,орысшаны да,ағылшын тілін де салыстырмалы түрде үйрену керек.Үш тілді білген оқушы болсын,азамат болсын оның қабілет –қарымы артады.Өмірден кез келген уақытта өзіне лайықты орын таба алады.Қазір біздің қоғамда басқа ұлт өкілдері келіп,инвестиция жасап жатыр. Ал бұл жұмыс орнындағы байланыс үшін үш тілдің үшеуі де қажет. Аудармашы керек,аудармашы болмаса, жұмысты жүргізу мүмкіндігі жойылады.Тіл - қоғамдық қарым-қатынас құралы,түсінісу құралы.Тілсіз бірін-бірі ұғуға ,ұғынысуға,байланысуға болмайды.Тілсіздік мылқаулыққа жеткізеді.Мылқау адамды қазақ кеміс деп атайды.Сондықтан Абай мен Мұхтардың,Пушкин мен Тургенев ,Гогольдің ,Шекспир мен Байронның тілін оқып үйренген адам қазіргі кезеңде салтанат құрып ,салиқалы өмір сүреді.

Үш тұғырлы тіл – қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі бүгінгі күнде өмірімізге ,тұрмыс-тіршілігімізге еніп,өзінің қажеттілігін білдіріп отыр.Әрбір қазақ осы тілдерді ,үш тұғырлы тілді игерсе, үйренуге ұмтылса, өмір жолы кедергісіз ,жасыл жарық жана түседі.Бақыттың ,ізгіліктің нұрына шомылады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет