Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жалпы талдауы



жүктеу 36.73 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі36.73 Kb.
түріҚұрамы

Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жалпы талдауы.
Баянауыл ауданы әкімінің құрамына 12 жеке бөлім, 13 ауылдық округ әкімдерінің аппараты және әкім аппаратының 1 кенті кіреді. Бүгінгі күні аудан әкімдігімен халыққа мемлекеттік қызметтің 66 түрі көрсетіледі. 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Баянауыл ауданы жергілікті мемлекеттік органдармен заңды және жеке тұлғаларға 33782 мемлекеттік қызмет, соның ішінде ХҚКО арқылы 25787, мемлекеттік органдарда (ведомстваға бағынысты ұйымдарда) 7995 қызмет көрсетілді. Сапасына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзғаны үшін шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік органдармен және ұйымдармен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу 2016 жылдың басында жүргізілді. Мониторингтеу мақсаты процедуралық және субъективті бұзушылықтарды, мемлекеттік қызмет көрсету саласында әкімшілік барьерларды анықтау, одан әрі жетілдіру үшін мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттеріне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстарды өңдеу жұмыстары жүргізіліп, мониторингтеу барасында анықталған барлық кемшіліктер қарастырылып, кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды.

Баянауыл ауданының жергілікті атқарушы органдары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2016 жылға арналған жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр мен желтоқсан айлары аралығында Баянауыл ауданының «Білім бөлімі» ММ, Баянауыл ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, Баянауыл ауданының «Ветеринария бөлімі» ММ, Баянауыл ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Баянауыл ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ, Баянауыл ауданының «Құрлыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, Баянауыл ауданының «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Баянауыл ауданы әкімі аппараты» ММ-нің Мемлекеттік- құқықтық бөлімдерінде Баянауыл ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімі қызметкерлерімен тексеру жүргізілді.

Тексеріс қортындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік қызметшілердің салғырттығынан немесе жауапсыздығынан 2- мемлекеттік қызметтердің мерзімдерінің бұзылуы анықталды. Олар: 2016 жылдың ақпан айында Баянауыл аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Е.Б. Искаков Е-акимат жүйесі арқылы электрондық түрде түскен 1 мемлекеттік қызмет мерзімі бұзылған.Тиісінше бас маман Е.Б. Искаковтан түсініктеме алынып, ескерту берілді. 2016 жылдың мамыр айында Баянауыл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы мемлекеттік техникалық инспектор С.С. Сапабековтың «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай–ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электрондық түрде түскен 1 мемлекеттік қызмет мерзімі бұзылғаны анықталды. Тиісінше бас маман мемлекеттік техникалық инспектор С.С. Сапабековтен түсініктеме алынып, ескерту берілді. Мекемелердегі стендтарда мемелекеттік қызмет көрсету стандарттары және регламенттерінің соңғы редакциясына орай жаңартылмаған кемшіліктер орын алды. Аталған кемшіліктерді жою үшін мемлекеттік мекемелерге 4-5 күн уақыт беріліп, көрсетілген уақытта кемшіліктер жойылды. 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы 100% құрау керек болатын, алайда көрсеткіш 99,9% құрады.

2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы бойынша алынған талдау мәліметтеріне қарасақ, аса маңызды мемлекеттік қызметтер білім беру және халықты әлеуметтік қорғау саласында қызметтер болып саналады. Жергілікті атқарушы органдармен ауылдық жергілікті орындағы тұрғындарды мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру мақсатында Баянауыл ауданы әкімінің ресми сайтында, халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін ауданның мемлекеттік мекемелері мен ауылдық округ және кент әкім аппараттарының кіре берістерінде орналастырылған.

Баянауыл ауданы жергілікті атқарушы органдармен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған семинарлар, дөңгелек үстелдер, аудандық газеттерге мақалалар жариялау, ауылдық жерлердегі тұрғындармен жиындар өткізу сияқты әр түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және жетілдіру мақсатында облыс орталығына семинарларға жіберілді.

Павлодар облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Баянауыл ауданы бөлімінде арнайы автокөлікпен және қажетті компьютерлік техникамен жабдықталған мобильды тобы ұйымдастырылып қызмет көрсетеді. Мобильды тобының құрамында зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы, көші-қон полиция қызметкерлері өз саласы бойынша қызметін көрсетеді. Бекітілген шығу жоспары бойынша бір айда кемінде 4 шығу, жалпы тоқсанына Баянауыл ауданының 10 ауылдық округіне (Қаратомар, Бірлік, Жаңажол, Жаңатлек, Ұзынбұлақ, Құндыкөл, Қызылтау, Шөптікөл, Сатпаев) 2 рет шығу орындалады.



2017 жылы Баянауыл ауданы жергілікті атқарушы органдармен заңды және жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасатын болады. Сондай-ақ, тұрақты негізде ХҚКО (оның ішінде альтернативті негізді) және бұқаралық ақпарат құралдарында «электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі туралы тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет