“Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымы орындарына конкурс жариялайды



жүктеу 98.61 Kb.
Дата05.05.2018
өлшемі98.61 Kb.
түріКонкурс




«Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымы орындарына конкурс жариялайды. 140300, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 45-үй. Анықтама телефондары: 8(71840) 91355 факс: 8(71840) 91803, электрондық пошта мекенжайы:  tulegenova.abr@pavlodar.gov.kz
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-G-3*** санаттары үшін: жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» №12 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №158 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып).

Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты
мына санаттар үшін:





Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

E-R-5

64960

88279

Е-G-3


69957

94108

***Ескерту: «Баянауыл ауданының қаржы бөлімі» ММ Е-R-5 санатындағы лауазым, «Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ және «Баянауыл ауданы Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-інің Е-G-3 санатындағы лауазымдар мемлекеттік мекемелердің штат кестелерінде төменгі лауазымдар болып табылады.



1. «Баянауыл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, ***Е-R-5 санаты (лауазым индексі 27-12-1-08-03).

Функционалдық міндеттері: Бюджеттің күнделікті және ай сайынғы кіріс жағының орындалуы жөнінде мониторинг жүргізу, бюджеттің кіріс жағының орындалуы бойынша ақпарат дайындау. Аудан бюджетінің орындалуы жөнінде айлық және жылдық есептерін қабылдауға қатысу. Бюджеттің орындалуы бойынша ауданның бөлімдерінен айлық және жылдық есептерді қабылдау. Жиынтық жоспар дайындау, бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің өтініштері бойынша жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика) немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, статистика, әлемдік экономика).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

      Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. «Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Е-G-3 санаты*** (лауазым индексі 27-33-06-12-04).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік наградаларға құжаттар рәсімдеу. Азаматтардың әскери есебін жүргізу, әскер қатарына шақырушылармен жұмыс жүргізу. Баспасөз ақпарат құралдарына жазылуды ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімінің жекелеген тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. «Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Е-G-3 санаты*** (лауазым индексі 27-28-10-06-03).

Функционалдық міндеттері: Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға және балаларға төленетін жәрдемақыға құжаттарды жинап, тапсыру. Баспасөз ақпарат құралдарына жазылуды ұйымдастыру. Ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру. «АИС Избиратель - Сайлау» бағдарламасымен жұмыс жүргізу. Азаматтардың әскери есебін жүргізу, әскер қатарына шақырушылармен жұмыс жүргізу. Ауылдық округ әкімінің жекелеген тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға

бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4.«Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Е-G-3 санаты*** (лауазым индексі 27-29-13-04).

Функционалдық міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдарына жазылуды ұйымдастыру. Жастар саясатын жүргізу, жастар туралы мәліметтер жинақтау, жастармен және мектеп оқушыларымен тығыз байланыста жұмыс атқару. Салауатты өмір салтын насихаттау. Ауылдық округте дене тәрбиесі мен спортты дамыту. Ауылдық округте мәдени іс-шараларды өткізу. Жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін өзі басқару органдарына берілетін салық түсімдері жөнінде мәлімет беру. Ауылдық округ әкімінің жекелеген тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. «Баянауыл ауданы Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Е-G-3 санаты*** (лауазым индексі 27-29-6-12-04).

Функционалдық міндеттері: Округтегі жастар саясатын, спорт және денешынықтыруды дамыту жұмыстарын жүргізу. Салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізу. Округ аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштерді, зираттарды тиісті жағдайда ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Идеологиялық және мәдени-ағарту жұмыстарға байланысты құжаттар, хабарлар, мәліметтер, іс – шаралар дайындау. Азаматтардың әскери есебін жүргізу, әскер қатарына шақырылушылармен жұмыс жүргізу. Ауылдық округ әкімінің жекелеген тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

6. «Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Е-G-3 санаты*** (лауазым индексі 27-35-5-18-07).

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштермен «Айқын ЕУОЛ» бағдарламасы бойынша жұмыс жасау. Мемлекеттік стандарт негізінде мемлекеттік қызмет көрсету. Ауылдық округ әкімінің жекелеген тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)   бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5)   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)    конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмау үшін негіз болып табылады.

Конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Баянауыл ауданы әкiмiнің аппараты» ММ-нің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуге жібермейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Баянауыл ауданы әкiмiнің аппараты» ММ-нің ғимаратында, Баянауыл ауданы Баянауыл ауылы Сәтбаев көшесі, 45-үй мекенжайында өтеді.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы E-R-5, Е-G-3 санаттары үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутты құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-R-5, Е-G-3 санаттары үшін: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық–1,5 балл, коммуникативтілік–1,5 балл, сарапта-малық–2 балл, ұйымдасқандық–1,5 балл, әдептілік–1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Бірыңғай конкурс комиссияның жұмысының ашықтығын және нақтылығын қамтамасыз ету үшін оның мәжілісіне байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда және ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.








Каталог: assets -> files
files -> Тоо "Аксесс Энерго птэц-2" объявляет о проведении тендера по закупкам следующих материальных, финансовых ресурсов и услуг: раз
files -> Конверттерді ашу хаттамасы
files -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
files -> «севказэнерго»
files -> Акционерное Общество «Северо-Казахстанская Распределительная Электросетевая Компания»
files -> «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мм, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova
files -> «Фармацевтикалық қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Бағдарламасы Жосалы кенті, 2015 жыл Мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет