Баяндама тақырыбы: Білім беру үрдісіндегі студенттердің тұлғалық қасиеттерін дамыту



жүктеу 65.6 Kb.
Дата13.10.2017
өлшемі65.6 Kb.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ
Қойшыбаева М.О. «Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы
Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет- тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік  қасиетке  тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында ешқандай құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай тереңи білім толтыра алмайды. Сондықтан тұлғаға айналдыру үшін құндылық- бағдарлы тәрбиенің маңызы зор.

Тәрбиедегі басты мәселе- студенттердің тұлға аралық қатынасын дамыту, өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым –қатынасын жасай білу, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, өзінің көңіл-күйі, атқарған іс-әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс.

Бүгінгі студент тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны ары қарай өзінің белсенді, зерделі, дарындық іс-әрекетімен сабақтастыра білу қажет.

Елбасы Н.Назарбаевтың «ҚР-ның болашағы- қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы- адам,бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр» деп, көрсетілген. Ендеше, студенттің өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда- студенттердің өмірлік ұстанымын, адам өміріндегі ең жоғарғы құндылық екенін санаға сіңіруде құндылық-тәрбиенің маңызы зор. Демек, тұлға ұғымына ерекше мән беруіміз керек.

Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.

Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.



Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.

Тұлға - белсенділігімен сипатталынады, яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс-әрекеттерінің саласын кеңейтуімен талап қойылған жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп-қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер -қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас және т.б. жүйелермен бейнеленеді.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі педагогтардың алға қойған негізгі мақсаты - тәрбие жұмысының мәні-жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті меңгерген, бәсекекге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:

-тәрбиелеу және қадағалау іс-әрекетін дамыту;

- құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту;

- студент жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;

-мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.

Осы әдістерді ,технологияларды іске асыру нәтижесінде студент бойында жеке тұлға ретінде мынадай жетістіктер қалыптасатын болады.

-студенттің жеке  тұлғалық   қасиеттері  қалыптасады, оның қазіргі заманға , қоғамға бейімделу мүмкіндіктері артады;

-жеке ерекшеліктері ескерілген оқу –тәрбие берген нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығы игереді;

-өзін-өзі дамыту, өзін-өзі көрсету мүмкіндіктері жетіледі.

Жоғарғы білім беру жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі «ұлттық ителлекттың ұйытқысын» жасау, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Бәсекеге қабілетті маманның маңызды  қасиеттерінің  қатарында жасампаз ой, алған білімді іске жарату, жаңа шешімдер қабылдау, технологиялар мен инновациялар болуы шарт. Аталған  қасиеттерді  жетілдіру ең алдымен университет түлектерін инновациялық ғылыми, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаға тартудың, студенттердің академиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының интеграциясының, оқу процесін сабақтан бос уақытпен үйлестірудің, студенттердің шығармашылық дарындарын анықтаудың алғышарттарын жасауды талап етеді.

Осыған байланысты студенттердің бойындағы тұлғалық қасиеттері дамыту мақсатында келесідей мәселелр шешімін табуы қажет:

- Жастар арасында азаматтылықты, елжандылықты, салауатты өмір салтын және дәстүрлер жалғастығын қалыптастыру:



Елдің стратегиялық капиталы және оның қазіргі дамуының маңызды факторы – жастардың рухани және тәндік дамуы. Жастардың өз елінің рухани мәдениетіне жақындасуы, еліміздің тарихына үңілуі, қоғамдағы достық, бейбіт және татулық жағдайы жас ұрпақ бойында Отаны – Қазақстан Республикасы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру керек.

Жастардың рухани, адамгершілік, патриоттық тәрбиесінің маңызды бағыты – оларды діни экстремизмнің, фанатизмнің кері әсерінен оқшаулату; жастар ортасында асоциальды жүріс-тұрыстың таралуын тоқтату,, тәртіп бұзушылықтың алдын алу.

- университет жастарының қатысуымен патриоттық тәрбие беретін бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

- студенттерді діни идеологияның теріс бағыттарына қарсы көзқарасын қалыптастыру, қоғамдық-саяси сауаттылыққа баулу, жастар арасында ыланкестік, әлеуметтік, ұлтаралық алауыздық және діни-экстремистік идеялардың таралуына жол бермеу бойынша іс-шаралар өткізу;

- студент жастардың бойында адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, мемлекеттік және ұлттық мерекелердің идеологиялық мәні мен маңызын кеңінен пайдалану;

- жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа деген қарсы көзқарасты қалыптасру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру;

- волонтерлік қозғалысты  дамыту  арқылы қоғамға қызмет ету мәдениетін қалыптастыру, түрлі қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру;

- әртүрлі акциялар, пікірсайыс аландарын ұйымдастыру арқылы азаматтық белсенділікті арттыру;

- жастарға азаматтық және патриоттық тәрбие беруге ардагерлердің қатысуына ықпал ету;

- жастар арасында университет тарихын, дәстүрлер сабақтастығын насихаттау, дәстүрді қалыптастыру, оның танымал, көрнекті түлектері туралы ақпаратты тарату;

- қорғаныс-спорт клубын құру, жастарға арналған дене шынықтыру, сауықтыру және спорттық үйірмелер мен секцияларды  дамыту ;

- жастардың бойында дене шынықтыру мен спортпен, туризммен, денсаулықты сақтау мен нығайтуға студенттік спортты дамытуға қажеттілікті қалыптастыруға ықпал ететін іс-шаралар өткізу;

- жастар арасында нашақорлық, маскүнемдік, асоциалды құбылыстардың алдын алу бойынша ақпараттық және үгіт жұмыстарын жүргізу.

Тағы бір айрықша атап айтар мәселе – тәлімгер мен  студент  ынтымақтастығы. Кейбір университеттер мысалы, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінде қалыптасып жатқан бір жаңа үрдіс- оқытушылары тек дәріс жүргізумен шектелмей,  студенттерді  тәр­биелеу ісіне жаппай тартылып отыр. Рек­тор, проректорлардан бастап әрбір профессор-оқытушы 9  студенттен  құралған топқа жетекшілік етеді екен.. Олар өз тобындағы  студенттердің  күнделікті тіршілігін, тұрмыс жағдайын, тәртібін қадағалаумен қатар, отбасымен де тікелей байланыс жасап отырады. Жетекші өзінің тобындағы әрбір  студенті  үшін тікелей жауапты. Сөйтіп, ұлттық тәрбие тек дәріс, насихат түрінде жүргізілмей, тәлімгер мен  студенттің  ынтымақтасқан әрекеті арқылы күнделікті тіршіліктің арқауына айналуда.

Осылайша,басқа ЖОО –ң машықтарын зерделеп студенттер бойында тұлғалық қасиеттер дамыту мақсатында Университетімізге қажетті мағлұматтар алмасудың еш артықшылығы болмас еді.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі адам капиталына тікелей тәуелді. Ал адам капиталы ұғымының түпкі иірімінде тек қана ғылым-білім жатқан жоқ, онда рухани тәрбие маңызы да зор. «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп данышпан әл-Фараби айтқандай, жастар жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасы мен шын мақсатын түсіне алмайды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа Қазақстанды құрудың басты стратегиялық желілерінің бірі ретінде адами капиталды дамытуды белгіледі. Сонымен қатар, Елбасы зияткер ұлтты қалыптастыру жөнінде ауқымды міндет қойып отыр. Оның негізгі үш аспектісі – білім, ғылым және инновация. Ал бұл аспектілердің жемісті нәтиже беруі - педагог мамандардың еншісінде екенін ұмытпаған жөн.

Қорыта келгенде, кәсіби оқытушы педагог үшін ең маңыздысы  студенттің іс-әрекеттерін, тұлғалық өзін-өзі ұйымдастыруын, басқара алуы және қоғамда болып жатқан жағдайды дұрыс түсіне біліп, сол бағытқа сәйкес қызмет ету.

Кәсіби оқытушы  педагогтың міндеті –  өз бетімен білім алуға бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету.



 
Әдебиеттер тізімі:

  1. Б. Жұмағұлов. «Білімді дамытуға бағытталған заңның толығуы – уақыт талабы»

Заң газеті, сәуір 2012ж

  1. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005ж.

  2. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005ж.

  3. Устемиров К. Шаметов  Н.Р. Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. Алматы 2005ж.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет