Баяндама тақырыбы



жүктеу 86.88 Kb.
Дата19.05.2018
өлшемі86.88 Kb.

Тлеубергенова Бағдагүл Ноғайбайқызы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылы

М.Тәжин атындағы орта мектептің

математика пәнінің мұғалімі


Баяндама тақырыбы: Математика пәнінің қоғамдағы ролі

«Адамның ақыл ойының кеңейе түсуіне мате-

матиканың тигізетін әсерін айтып жеткізу

қиын. Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді»

О.А.Жәутіков

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы білім мен іскерліктің болуы, олардың шығармашылық жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәні оқушылардың өз ойын қысқа, дәл және дұрыс айта білуіне мүмкіндік туғызады. Білім сапасын арттыру әр мұғалімнің оқушылармен шығармашылықпен жұмыс істеуінің жемісі. Оқушыларға терең де тиянақты білім беру мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсатты жүзеге асыру өзінің шеберлігі мен ізденімпаздығына, сабақты қызықты, тартымды өткізу мүмкіндігінің белсенділігіне және сабақтың әр түрлі әдіс – тәсілдерін орынды қолдана білуінде.

Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты – оның пәнге қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызығып, оның құпияларын білсем деген оқушы оны тереңдете оқуға ұмтылыс жасайды. Пәнге қызығушылығы бар оқушының білім сапасы жоғары болатындығы белгілі. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білуге, білімге қызығушылығын тудырғанды ғана сабақтың мақсатына жетеді.

Математикаға қызығушылық тудырудың басты кезеңдерінің бірі – тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту сабақтары. Бұл сабақтарда олардың білімін өздігінен жұмыс істеуге арнап, алдарына белгілі мақсат қойып, қайталау сабақтарын жарыс, саяхат, КВН, ойын түрінде ұйымдастырып жүрмін. Математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін – өзі дамытудың басты шарты ретіндегі тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін құруда ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор екендігі мәлім.

Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімінң сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан мектептің техникалық материялды базасының жабдықталуыда әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білу керек. Соңғы кездері мектебіміз сабаққа қажетті электронды оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды.

Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең озық әдістемелер іздестіріп, оқу орындары әр түрлі оқу бағдарламамен жұмыс істеуде. Солардың ішінде оқушы үшін электронды оқулықты пайдалану арқылы:
- оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады: оқытудың көрнекілігін арттырып; оқу материалдарын саналы игеруге жеткізеді;
- абстрактылы оқу метериалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді;
- оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;

- Мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.

Электронды оқулықты пайдалану арқылы:


  • Сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

  • Мұғалімнің ақпараттық – коммуникативтік технологияны меңгеру;

  • Оқушының пәнге қзығушылығ;

  • Алынған білім, дағды деңгейі;

  • Білімнің тереңдігі;

  • Тексеру түрлері, бағалау;

  • Практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.

Математика сабағында тарихи мағлұматтарды беру пайдалану сабақтың құндылығын арттырып қана қоймайды, оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады.

Тарихқа көз салсақ



  • Ньютон биномын ашқан самарқандық математик (1040-1123 ж.) кім? Бұл жаңалық туралы кім өз еңбегінде жазған.

/ Омар Хайям; әл Каши «Арифметика кілті»/

  • «Толық төртбұрыш туралы трактат» атты еңбектің авторы кім?

/Насир ад Дина ат Туси/

  • Шығыс Аристотелі атанған қай ғалым?

/Әбу Насыр әл Фараби/

  • Қазақтың қай композиторы физика – математика факультетін бітірген. (фмғк)?

/Бақытжан Байқадамов/

  • Өзінің ойлап тапқан теоремасының қуанышына той жасаған (100 өгіз сойған) кезінде жұдырықтасудан олимпиада чемпионы болған, атақты грек математигі кім?

/Пифагор/

/Омар Хайям/

  • Тірідей өртке жағылып жазалаған бұл қай математик?

/Виет/

  • «Математика – барлық ғылымдардың патшасы, ал арифметика – математика патшасы» деген сөзді кім айтты?

/»Арифметика королі» Карл Фридрих/

  • «Абцисса», «Ордината», «Координата» теминдерін кім енгізген?

/Лейбниц

Логикалық есептер:

Арнайы формула қолдануға келмейтін, әрқайсысына талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер дейміз. Дегенмен, логикалық есептерді шешу әдістері бойынша бөлеміз.


  • Бүтін сандар өрісінде сандардың қасиетін қолдану.

  • Диофант

  • Ребустар

  • Таблицалық тәсіл

  • Санның бөлгіштік қасиетіне:

  • График арқылы.

  • Сіріңкені қолданып.

  • Таразыға тартып.

  • Әр түрлі есептер.

Мысалы:

Сынып біріншілігі. Үсен теннисі бойынша сынып біріншілігіне 6 бала қатысты: Айгүл, Бекжан, Тимур, Гүлім, Дамир, Еркін. Біріншілік айналу жүйесі бойынша өткізіледі- жарысқа қатысушы әрбір адам қалғандарымен бір-бір рет ойнап шығады. Бұған дейін бірнеше ойын өткізілген болатын: Айгүл Бекжанмен, Гүліммен, Еркінмен; Тимур – Гүліммен, Дамир – Тимурмен және Еркін – Айгүлмен және Тимурмен ойнаған. Бұған дейін неше ойын ойлаған және тағы неше ойын қалды?



Шешуі: Кесте арқылы шығарайық:




Айгүл

Бекжан

Тимур

Гүлім

Дамир

Еркін

Айгүл

0

+

х

+

1

+

Бекжан

х

0

2

3

4

5

Тимур

+

2

0

+

х

х

Гүлім

х

3

х

0

6

7

Дамир

1

4

+

6

0

8

Еркін

х

5

+

7

8

0

Ондағы 5 болатын екі таңбалы санды квадраттау. 25 – ке бірлік разрядындағы цифрды қосып, шыққан нәтижеге төрт таңбалы сан шығатындай етіп бірліктің квадратын тіркеп жазамыз.

Мысалы: 532=2809



  • 25+3=28

  • 32= 9. 09 жазамыз

592=3481

  • 25+9=34

  • 92= 81жазамыз

Математикалық диктант:

Оқудың сапасы мен тиімділігін арттыруда оқушының білімін, біліктілігін тексеру мен бағалау ерекше орын алады. Білімді бақылау түрлерінің бірі – математикалық диктант. Оны оқушы біліміндегі ол қылықтардың алдын – алу үшін жүйелі қолдануға болады. Бұндеғы тапсырма анық, қысқа болу керек. Математикалық диктант арқылы оқушының ереже, формула, қасиеттерді, теориялық білімді қаншалықты меңгергенін тексеруге болады.

Мсалы:


  • Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің ... тең

  • Қосындысына

  • Көбейтіндісіне

  • Бөліндісіне



  • Егер бір шама бірнеше есе артқанда, екінші шама сонша есе артатын болса, онда мұндай шамалар ... деп аталады.

  • Кері пропорционал шамалар

  • Тең пропорционал шамалар

  • Тура пропорционал шамалар

Ребустар:

Ребустар сандық, әріпті, жұмбақ суретті түрде болады. Яғни, әр түрлі таңбалармен, әріптермен немесе суреттермен көрсетілген жұмбақтар ребустар деп аталады. Ребусты шешу дегеніміз мысалдың алғашқы жазылуын қалпына келтіру.

Мысалы:


  • OZAN

  • DANS

  • RAST

  • DOST

  • SODA




  • SARP

  • PARK

  • SARP

  • PARS

  • SARK

Қорыта келгенде осы жаңа технологиядан жеткен жетістігім оқушылар өздігінен білім алуға, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағыт ала – алады. Сөздік қорларын молайтуға ойын, сөзін тиянақты жеткізуге, жинақы, дұрыс сөйлеуге, берілген сұрақтарға нақты, толық жауап беруге дағдыланады. Мұғалім сабаққа дейін жұмыс жасаса, ал сабақ кезінде оқушыларға тек бағыт- бағдар беруші ғана бола алады.

Жаңа технологияның тиімділігі осында деп түсінемін. Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар деп ойлаймын.



Пайдаланған әдебиеттер:

  • Математика және физика 2012 жылғы №4-5

  • Дәстүрлі және электрондық оқытуды кіріктіру. Қазақстан мектебі 2011 жылғы №7

  • Математика және логика 2012 жылғы №4

  • Тест тапсырмалары



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет