Павлодар облысында қарлы боран мен дауылдың салдарынан 120-ға жуық ауыл жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі уақытта апатты жою үшін 56 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатқаны айтылады.

“10 қаңтардан 11-не қараған түні дауылды желдің салдарынан 117 ауылдық елді мекенде электр қуаты үзілді. Бүгін сағат 11:00-де 69-да электр қуаты қалпына келтірілді”, – делінген әкімдіктің бейсенбіде таратқан ақпаратында.

Облыстың сегіз ауданында (Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты), сондай-ақ Ақсу және Екібастұз қалаларының ауылдық округтерінде 48 ауыл электр қуатынсыз қалған.

  • Ақмола облысында қарлы боранда құтқарушы өзін үсік шалғанына қарамастан жүкті әйел мен баланы іздеп тапқан
  • "ҚазАвтоЖол" қыста жолдардың жабылуына қатысты жауапкершілікке тартылды деген ақпаратқа түсініктеме берді

Апатты жою үшін 56 жөндеу бригадасы, барлығы 168 адам мен 56 техника жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ дауыл бірнеше әлеуметтік нысандардың – Ақсу қаласындағы №7 мектептің, Аққулы ауданындағы Қазы ауылындағы мәдениет сарайының, Май ауданындағы Ақжар, Саты, Ақшиман ауылдарындағы мектептердің шатырын жұлып әкеткені белгілі болды.

Қазір аудан әкімдіктері келтірілген шығынды есептеп жатыр. Түнде желдің екпіні секундына 37 метрге жеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Қатты желдің салдарынан теміртаулықтар жарықсыз қалып, Қарағандыда жылу желілерінде ақау шыққанын жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.