Базаршолан ауылдық кітапханасы



жүктеу 15.27 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі15.27 Kb.


Базаршолан ауылдық кітапханасы

Базаршолан ауылдық кітапханасы

мәдениет үйі ғимаратының

56 кв.м көлеміне орналасқан.
Ақжайық ауданындағы аудан орталығы Чапаев ауылынан оңтүстікке қарай 150 шақырым жерде. Базаршолан ауыл іргесі 1932 жылы қаланған.

Базаршолан ауылдық кітапханасы 1953 жылы «Оқырман отауы» деп аталып, совхоздың жеке ғимаратында ашылып ауыл тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын көрсетіп отырды. Ең алғаш кітапханада 2000-дай кітап қоры, 200-дей оқырман болды. Сол кезде оқырмандармен жұмыс істеген кітапханашы Сәуірбаев Тоқан кітапхана қызметін насихаттау мақсатында ауыл мәдениетін көтеруде елеулі істер атқарған. 1956 жылы кітапханада Есқалиев Нәсіпқали қызмет істеген.

1960 жылы ауылдық кітапханада кітапханашы болып Махамбетова Гүлжамал еңбек еткен. Кітапханада кітап қорын сақтауға және толықтыруға өз үлесін қосты.

1965 жылы кітапханада Әдилова Қазымжан қызмет істеді.

1971 жылы ауыл кітапханасында Сұлтанғалиев Мұхамбетқали жұмыс жасаған. Ол өзінің жігерлігімен, еңбекқорлығымен ауыл халқын рухани азықпен сусындатты.

М.Сұлтанғалиев «Жігітке жеті өнер аз» дегендей ауылдың атақты күйшісі атанды. Осы еңбекқорлығының арқасында совхоз еңбекшілері арасында оркестр құрды. Облыстық, аудандық, көлемдегі көркем өнерпаздар байқауларында жүлделі орындарға ие болды. Кітапхана саласында көп жылғы еңбегі бағаланып аудан көлемінде іс-тәжірибесі таратылды. Әртүрлі мақтау қағаздарына ұсынылып «Үздік кітапханашы» атанды.

1979 жылдары барлық кітапханалар «орталықтандырылған» кітапхана жүйесіне көшірілді. 1987 жылдың қыркүйек айында Базаршолан ауыл кітапханасына кітапханашы болып Даулетиярова Ғалия орналасты.

Ауыл-мәдениетін көтеруде село интеллигенциясы шешуші роль атқарады.



1994 жылдың желтоқсанында Базаршолан кітапханасында «Оқырмандармен жұмыс» атты тақырыпта аудандық зерделі кеңес өткізілді. Оқырмандарға, ауыл тұрғындарына еліміздің, қазақ халқының салт-дәстүстүрін, әдет-ғұрыптарын насихаттау да кітапханада 2000 жылдан бастап «Асыл әжелер» мүдделестер клубы (суретте) жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет