Семейдегі орталық полиция бөлімінің қызметкері кінәсін мойындату үшін күдіктіні азаптады деген айыппен қамауға алынды. Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлауынша, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ria.ru

“Қылмыстық қудалау органдары қызметкерлері тарапынан азаптауға жол бермеу мақсатында прокурорлар тәулік бойы ақпараттық сайттарды бақылайды, уақытша ұстау изоляторын және құқық қорғау органдарының қызметтік ғимараттарын тексереді”,– деп атап өтті баспасөз қызметі.  

Ресми мәлімдемеде айтылғандай, бейнебақылаудың жай-күйіне, оның жұмысқа жарамдылығы мен бейнежазбалардың сақталуына, сондай-ақ ғимараттардағы бақыланбай қалуы мүмкін бұрыштарды жоюға ерекше назар аударылады. 

“Қылмыс жасағанын мойындату мақсатында азаптау, яғни қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағында (азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Семей қаласы орталық полиция бөлім қызметкерінің ұсталуы – оның жарқын мысалы. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына 2 ай мерзімге қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат жария етілмейді”, – делінген Абай облысы прокуратурасының ресми мәлімдемесінде.

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.