Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізудің тәртібі, соның ішінде оларды өткізуге рұқсат берілген орындар туралы ақпарат



жүктеу 201.91 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі201.91 Kb.

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізудің тәртібі, соның ішінде оларды өткізуге рұқсат берілген орындар туралы ақпарат
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізудің тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2123 Заңымен (ары қарай Заң) реттеледі.

Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу үшін өтiнiш оны өткiзу белгiленген датадан кемiнде он күн бұрын өткізілетін орны бойынша Шығыс Қазақстан облысының қалалар мен аудандарды әкімдіктеріне жазбаша нысанда берiледi.

Өтiнiште шараны өткiзудің мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Шығыс Қазақстан облысының қалалар мен аудандар әкімдіктерінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

Сонымен бірге, Заңның 10-бабы бойынша, мәслихаттар жергiлiктi жердегi жағдайларды ескерiп және осы Заңның талаптарына сәйкес жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттей алады.



2016 жылы Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары мәслихаттары (19 өңірінде) «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» шешімдер қабылдады, оңда бейбіт жиналыстар, митингтер, пикеттер, демонстрациялар және шерулер өткізуге арналған орындар бекітілді (1 кесте).

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі келесі талаптардың сақталуын көздейді.

  1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.  

  2. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.

  3. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

    1. көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

    2. елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

    3. ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

    4. шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

    5. жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

    6. өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

    7. егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы  Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, оларды өткізуге жол берілмейді.

  1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін пайдалануға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

  2. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.

  3. Пикет өткізу кезінде:

    1. пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;

    2. көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

    3. қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.

  1. Пикетті тұрпатын өзгерту/өзге түрде жалғастыру үшін митинг/жиналыс/шеру жергілікті атқарушы органның (облыстық маңызы бар қаланың) белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.

  2. Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.

  3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.

  4. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

1 кесте. Шығыс Қазақстан облысында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу келісілген шартты орындардың тізімі




Қала/аудан

Бейбіт жиналыстар, митингтер, пикеттер өткізуге рұқсат берілетін шартты орындар, шерулер мен демонстрациялардың маршруттары



Өскемен қаласы

Орындар:

  1. Республика алаңы;

  2. Амфитеатр;

  3. Ипподром;

  4. Комсомол аралындағы алаң;

  5. «Восток» стадионы жанындағы алаң.

Маршрут:

Тәуелсіздік даңғылы бойымен Металлургтар Мәдениет сарайынан Гагарин бульвары бойымен «Восток» стадионы жанындағы алаңға дейін.





Семей қаласы

Орындар:

  1. «Ажалдан да күшті» монументіне іргелес оң жақтағы (Биологиялық орталық жағынан) алаң;

  2. М.Әуезов атындағы алаң;

  3. Ж. Жамақаев көшесіндегі Ленин ескерткіші жанындағы саябақ (аллея);

  4. Абай атындағы алаң;

  5. Орталық алаң.

Маршрут: Ленин көшесінен бойымен (мәдениет және демалыс саябағынан бастап) Ертіс өзенінің жағасына дейін.




Риддер қаласы

Орындар:

  1. Гагарин даңғылы, 19/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Сокол» стадионы;

  2. Тәуелсіздік даңғылы, № 5 үй ауданы бойынша орналасқан Тойшыбаев атындағы гүлбақ;

  3. Бурова көшесі, № 6 үй ауданы мекенжайы бойынша орналасқан гүлбақ.

Маршрут: Даңк ескерткіші, (№ 15 үй ауданы) Гагарин даңғылынан (Гагарин данғылы, № 19/1) «Сокол» стадионына дейін.



Курчатов қаласы

Орын: «Құрылысшылар» аллеясы.

Маршрут:Тәуелсіздік көшесі № 51 үйден бастап Құрылысшылар саябағына дейін, Абай көшесінің қиылысынан бастап Жеңіс көшесі бойымен Жеңіс алаңына дейін.



Абай ауданы

Карауыл ауылы

Орындар:

  1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға қарама-қарсы «Риза» шаруашылық жүргізу құкығындағы ғимаратының алаңы;

  2. Карауыл өзенінің сол жақ жағалауындағы алаң.

Маршрут:

  1. Тоқтамыс және Бекбосынов көшелерінің қиылысынан коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға қарама-қарсы «Риза» шаруашылық жүргізу құкығындағы ғимаратының алаңына дейін.



Аягөз ауданы

Аягөз қаласы

Орын: «Ардагерлер» паркі.

Маршрут: Абай бульвары – Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысынан, Абай бульвары бойымен Ә.Тәңірбергенов көшесіндегі қиылысқа дейін жоғары қарай қозғалу, Ә.Тәңірбергенов көшесінің бойымен Абай бульвары қиылысына дейін қозғалу, Абай бульвары бойымен аудандық Мәдениет үйінің орталық кіре берісіне дейін төмен қарай қозғалу (Абай бульвары,14).



Бесқарағай ауданы

Бесқарағай ауылы

Орын: Орталық алаң.

Маршрут: С.Сейфуллин-Партизан көшелерінің қиылысынан, С.Сейфуллин көшесі бойымен Пушкин көшесіндегі қиылысқа дейін жоғары қарай қозғалу, Пушкин көшесінің бойымен М.Әуезов көшесінің қиылысына дейін қозғалу, М.Әуезов көшесінің бойымен Партизан көшесінің қиылысына дейін төмен қозғалу, Партизан көшесінің бойымен С.Сейфуллин көшесіндегі қиылысқа дейін Орталық алаңға қозғалу.



Бородулиха ауданы

Бородулиха ауылы

Орын: Аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаң.

Маршрут: Н.Островский ат. орта мектептен бастап (Ф.Середин көшесі, № 35) Мир тұйық көшесінің қиылысына дейін, Мир тұйық қөшесімен солға қарай Достық көшесімен қиылысына дейінгі қозғалыс, Достық көшесімен оңға қарай аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаңға дейінгі қозғалыс, Достык қөшесі № 217.



Глубокое ауданы

Глубокое кенті

Орын: Даңқ ескерткіші (Пирогов көшесі № 22 үйдін аумағы).

Маршрут: Даңқ ескерткішінен (Пирогов көшесі № 22 үйдін аумағы) стадионға дейін (Попович көшесі,13).



Жарма ауданы

Қалбатау ауылы:

Орын: Аудандық Мәдениет үйінің жанындағы орталық алаң (Достық көшесі, 92).

Маршрут: Достық көшесіндегі орталық алаңңан, Достық көшесі бойымен Достық – Әлімбетов көшелерінің қиылысына дейін төмен қарай қозғалу, Әлімбетов көшесі бойымен Әлімбетов - Қабанбай көшелерінің қиылысына дейін төмен қарай қозғалу Қабанбай көшесі бойымен Қабанбай - Мұсылманқұлов көшелерінің қиылысына дейін жоғары қарай қозғалу, Мұсылманқұлов қөшесі бойымен Мұсылманқұлов - Достық көшелерінің қиылысына дейін жоғары қарай қозғалу, Достық көшесі бойымен орталық алаңға дейін төмен қарай қозғалу.



Зайсан ауданы

Зайсан қаласы

Орындар:

  1. «Орталық алаң»;

  2. «Сайхан» стадионы.

Маршруттар:

  1. Жангельдин мен Желтоқсан көшесінің қиылысынан басталып, немесе Жангельдин көшесінің бойымен Кондюрин көшесінің қиылысына дейін;

  2. Желтоқсан мен Спамбетов көшесінің қиылысынан бастап, Спамбетов көшесінің бойымен Кондюрин көшесінің қиылысына дейін.



Зырян ауданы

Зырян қаласы

Орындар:

  1. Орталық алаң;

  2. Мәдениет орталығының алаңы;

  3. «Горняк» стадионы.

Маршрут: Қаланың орталық аланынан бастап Советская көшесі бойымен Мәдениет орталығына дейін.



Катонқарағай ауданы

Үлкен Нарын ауылы:

Орын: Аудандық Мәдениет үйінің жанындағы алаң.

Маршрут: Абылайхан көшесінен бастап Ш.Тумашинов көшесінің бойымен аудандық Мәдениет үйінің жанындағы алаңға дейін.



Көкпекті ауданы

Көкпекті ауылы

Орын: Қ. Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінің алаңы.

Маршрут: Абай көшесінің Жеңіс саябағынан бастап Абылайхан көшесінің қиылысынан өтіп Астана көшесіне дейін.



Күршім ауданы

Күршім ауылы:

Орын: «Жастар орталығы» ғимаратының жанындағы Орталық алаң.

Маршрут: Исабеков көшесінен бастап Бауыржан Момышұлы көшесі бойымен Ибежанов көшесіне дейін.



Тарбағатай ауданы

Ақсуат ауылы

Орын: Орталық алаң.

Маршрут: Абылайхан көшесінен бастап Байыс баба көшесіне дейін.



Ұлан ауданы

Қасым Қайсенов кенті:

Орын: «Ұлан» стадионы.



Маршрут: «Ұлан» стадионынан З. Ахметов көшесінің бойымен Абай ескеткіші жанындағы қиылысқа дейін.



Үржар ауданы

Үржар ауылы:

Орын: «Тәуелсіздік» алаңы.

Маршрут: Қ.Игенбаев көшесінен – Абылайхан даңғылы, Абай көшесінің қиылыстарына дейін, Абылайхан даңғылы бойымен аудандық Мәдениет үйінің орталық кіре берісіне дейін.



Шемонаиха ауданы

Шемонаиха қаласы

Орын: Аудандық Мәдениет үйінің жанында алаң (Астафьев көшесі, 36).

Маршрут: Вокзальная – Советская көшелерінің қиылысынан, Советская көшесі бойымен Бауыржан Момышұлы көшесіндегі қиылысқа дейін жоғары қарай қозғалу, Бауыржан Момышұлы көшесінің бойымен Астафьев көшесінің қиылысына дейін қозғалу, Астафьев көшесінің бойымен аудандық Мәдениет үйінің орталық кіре берісіне дейін төмен қарай қозғалу (Астафьев көшесі, 36.).


Информация

о порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, в том числе разрешенных местах их проведения
Порядок организации и проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан регламентируется Законом Республики Казахстан от 17 марта 1995 года № 2126 «О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан» (далее-Закон).

Для проведения собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации не позднее чем за 10 дней до намеченной даты их проведения подается заявление по месту проведения в акиматы городов и районов Восточно-Казахстанской области в письменной форме.

В заявлении указываются цель, форма, место проведения мероприятия или маршруты движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение общественного порядка, место их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в акиматах городов и районов Восточно-Казахстанской области.

Вместе с тем, согласно статьи 10 Закона предусмотрено, что маслихаты могут дополнительно регламентировать порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций с учетом местных условий и в соответствии с требованиями настоящего Закона.

В 2016 году маслихатами городов и районов Восточно-Казахстанской области (19 регионов) приняты решения «Об утверждении дополнительного порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций», в которых определены места для проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций (Таблица 1).

Дополнительный порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций предполагает соблюдение следующих требований.



  1. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации, а также выступления их участников проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и в обусловленном месте.

  2. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций уполномоченные (организаторы), а также иные участники обязаны соблюдать общественный порядок.

  3. Организаторами и участниками мероприятия не допускается:

    1. препятствование движению транспорта и пешеходов;

    2. создание помех для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;

    3. установление юрт, палаток, иных временных сооружений без согласования с местными исполнительными органами района (города областного значения);

    4. вмешательство в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественный порядок при проведении мероприятий;

    5. нанесение ущерба зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;

    6. иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы, могущие быть использованными против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;

    7. проведение собрания, митинга, шествия, пикетирования или демонстрации, если целью их проведения является расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, сословной исключительности, насильственное ниспровержение конституционного строя, посягательство на территориальную целостность республики, а также нарушение других положений Конституции, законов и иных нормативных актов Республики Казахстан, либо их проведение угрожает общественному порядку и безопасности граждан.

  4. В местах проведения собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации не допускается распитие алкогольных напитков, употребление наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов; использование транспарантов, лозунгов, иных материалов (визуальных, аудио/видео); а также публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, антиобщественного поведения и иных правонарушений.

  5. Пикеты должны проводиться в соответствии с целями, указанными в заявлении.

  6. При пикетировании разрешается:

    1. стоять, сидеть у пикетируемого объекта;

    2. использовать средства наглядной агитации;

    3. выкрикивать краткие лозунги, слоганы по теме пикета.

  1. Для переформатирования/продолжения пикета в иной форме митинг/собрание/шествие и т.д. требуется получение в установленном порядке разрешение местного исполнительного органа района (города областного значения).

  2. Не допускается проведение массовых мероприятий на объектах железнодорожного, водного и воздушного транспорта, а также у организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения (городской общественный транспорт, снабжение водой, электроэнергией, теплом и другими энергоносителями), и учреждений здравоохранения и образования.

  3. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации прекращаются по требованию представителя местного исполнительного органа района (города областного значения), если: не было подано заявление, состоялось решение о запрещении, нарушен порядок их проведения, а также при возникновении опасности для жизни и здоровья граждан, нарушении общественного порядка.

  4. В случае отказа от выполнения законных требований представителя местного исполнительного органа района (города областного значения) по его указанию органами внутренних дел принимаются необходимые меры по прекращению собрания, митинга, шествия, пикетирования и демонстрации.

Таблица 1. Перечень мест для проведения мирных собраний, шествий, пикетов и демонстраций в Восточно-Казахстанской области



Город/район

Места для проведения мирных собраний, митингов, пикетов; маршруты шествий и демонстраций



г. Усть-Каменогорск

Места:

  1. Площадь Республики

  2. Амфитеатр

  3. Ипподром

  4. Площадка на Комсомольском острове

  5. Площадка у стадиона «Восток»

Маршрут: по проспекту Независимости от Дворца культуры металлургов по бульвару Гагарина до площади у стадиона «Восток»



г. Семей

Места:

  1. Площадь, прилегающая к монументу «Сильнее смерти» с правой стороны (в направлении Биологического Центра);

  2. Площадь имени Мухтара Ауэзова;

  3. Аллея у памятника В. Ленину в сквере по ул. Жамакаева;

  4. Площадь имени Абая;

  5. Центральная площадь

Маршрут: по ул. Ленина (от парка культуры и отдыха до Набережной реки Иртыш)



г. Риддер

Места:

  1. Стадион «Сокол» (проспект Гагарина 19/1);

  2. Сквер им. Тойчибаева

(проспект Независимости, район дома № 5);

  1. Сквер ул. Буровая (район

дома № 6).

Маршрут: от Обелиска Славы,
проспекта Гагарина (район д. № 15) до стадиона «Сокол» (проспект Гагарина, 19/1).



г. Курчатов

город Курчатов

Место: Аллея «Строителей».

Маршрут: от дома 51 по ул. Тәуелсіздік до аллеи Строителей, от перекрестка улицы Абая по улице Победы до площади Победы.



Абайский район

село Караул

Места:

  1. Площадь КГП на ПХВ «Риза»;

  2. Площадь, на левом берегу реки Караул

Маршрут: от пересечения улиц Токтамыса и Бекбосынова до площади напротив КГП на ПХВ «Риза»




Аягозский район

город Аягоз

Место: Парк «Ардагерлер»

Маршрут: От пересечения бульвара Абая - улица Бауыржана Момышулы, движение вверх по бульвару Абая до перекрестка с ул. А.Танирбергенова, движение по ул. А.Танирбергенова до перекрестка с бульваром Абая, движение вниз по бульвару Абая до центрального входа на территорию районного Дома культуры (бульвар Абая,14).



Бескарагайский район

село Бескарагай

Места: 1. Центральная площадь;

2. Стадион.



Маршрут: от пересечения улиц С.Сейфуллина-Партизанская, движение вверх по улице С.Сейфуллина до перекрестка с улицей Пушкина, движение по улице Пушкина до перекрестка с улицей М.Ауезова, движение вниз по улице М.Ауезова до перекрестка с улицей Партизанская, движение по улице Партизанская до перекрестка с улицей С.Сейфуллина до Центральной площади.



Бородулихинский район

село Бородулиха

Место: Площадь перед Домом культуры, ул. Достык, 217

Маршрут: от здания средней школы имени Н.Островского (ул.Ф.Середина № 35) до перекрестка с переулком Мира, движение налево по переулку Мира до пересечения с улицей Достык, движение направо по улице Достык до площади перед районным Домом культуры (ул. Достык № 217).



Глубоковский район

поселок Глубокое

Место: Обелиск Славы (ул. Пирогова, район дома № 22).

Маршрут: от Обелиска Славы (ул. Пирогова, район дома № 22) до стадиона (ул. Поповича,13).




Жарминский район

село Калбатау

Место: Центральная площадь возле районного Дома культуры (улица Достык, 92).

Маршрут: От центральной площади по улице Достык, движение вниз по улице Достык до пересечения улиц Достык-Алимбетова, движение вниз по улице Алимбетова до пересечения улиц Алимбетова-Кабанбая, движение вверх по улице Кабанбая до пересечения Кабанбая-Мусулманкулова, движение вверх по улице Мусулманкулова до пересечения улиц Мусулманкулова-Достык вниз по улице Достык до центральной площади. 



Зайсанский район

город Зайсан

Места:

  1. Центральная площадь;

  2. Стадион «Сайхан».

Маршруты:

  1. От перекрестка улиц Желтоқсан и Жангельдина вдоль улицы Жангельдина до перекрестка улицы Кондюрина;

  2. От перекрестка улиц Желтоқсан и Спамбетова вдоль улицы Спамбетова до перекрестка ул. Кондюрина





Зыряновский район

город Зыряновск

Места:

  1. Центральная площадь;

  2. Площадь Центра Культуры;

  3. Стадион «Горняк».

Маршрут: От центральной площади города до Центра Культуры по улице Советская.




Катон-Карагайский район

село Улкен Нарын

Место: Площадь около районного Дома культуры

Маршрут: от ул. Абылайхана до площади районного Дома культуры по ул. Ш. Тумашинова.



Кокпектинский район

с. Кокпекты:

Место: Площадь дома культуры имени К. Алтынбаева, ул. Кенесары Бакина, 27

Маршрут:От парка Победы по улице Абая через перекресток по улице Абылайхана до улицы Астана.



Курчумский район

с. Курчум:

Место: Центральная площадь рядом со зданием «Центра молодежи»

Маршрут: от улицы Исабекова по улице Бауыржан Момышулы до улицы Ибежанова



Тарбагатайский район

село Аксуат

Место: Центральная площадь

Маршрут: от улицы Байыс баба до улицы Абылайхана



Уланский район

поселок Касыма Кайсенова

Место: Стадион «Ұлан»

Маршрут: от Стадиона «Ұлан» по улице Заки Ахметова до перекрестка у площади Абая



Урджарский район

село Урджар

Место: Площадь «Тәуелсіздік» около районного дома культуры.

Маршрут: движение вниз по проспекту Абылайхана до центрального входа районного Дома культуры, от пересечения улиц К. Игенбаева-проспект Абылайхана-Абая.



Шемонаихинский район

город Шемонаиха

Место: Площадь возле районного Дома культуры (улица Астафьева, 36,).

Маршрут: от пересечения улиц Вокзальная - Советская, движение вверх по ул. Советская до перекрестка с улицей Бауыржана Момышулы, движение по ул. Бауыржана Момышулы до перекрестка с улицей Астафьева, движение вниз по улице Астафьева до центрального входа на территорию районного Дома культуры (улица Астафьева, 36.).


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет