Кореяның геоғылымдар және минералдық ресурстар институты (KIGAM) Қазақстанның шығысындағы литий кен орнын игеру жоспарын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Korea Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: koreatimes.co.kr

Ғалымдардың мәліметінше, кен орнының көлемі 1,6 шаршы шақырымды құрайды. Бұрын бұл жерде тантал өндірілген.

"Тантал әдетте литий мен цезиймен бірге жеткізілетінін ескере отырып, KIGAM Қазақстан үкіметінің тапсырысы бойынша өткен жылдың мамыр айынан бастап аймақты зерттеп жатыр", – делінген ақпаратта. 

Литий аккумуляторлардың негізгі құрамдас бөлігі болғандықтан, электромобиль өнеркәсібі және басқа да заманауи салалар үшін маңызды минералдардың бірі. Табылған ресурстардың құны шамамен 15,7 миллиард долларға бағаланған.

KIGAM келесі жылы литий өндіруді бастау үшін аймақта бұрғылау құқығына өтініш беруді жоспарлап отыр.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.