Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев “Обожаю“ арнасына берген сұхбатында бір айда азық-түлік алуға қанша теңге жұмсайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Обожаю” видеосынан скриншот

Министрдің отбасында алты адам тұрады. Айтуынша, олар үйге көтерме сауда арқылы көп азық-түлік пен тұрмыстық химияны сатып алады.

“Отбасымызбен аптасына көп қылып азық-түлік алып қоямыз. Сонда 55-60 мың теңге кетеді. Оның ішінде ет, сұйық май, тұрмыстық химия, т.б. бар. Аптаның ортасында кішігірім заттар да алуымыз мүмкін. Демек азық-түлікке айына шамамен 240 мың теңге кетеді”, – деді Шаққалиев.

Министрдің сөзінше, ол айна 1-1,2 миллион теңге аралығында жалақы алады. 

Бұған дейін Арман Шаққалиев жаңа жыл қарсаңында азық-түлікті 24 мың теңгеге базардан сатып алғанын айтқан еді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.