Бейнелеу өнеріндегі көркем бейнелердің трансформациясы: Қазақстандық ТӘжірибе



жүктеу 139.06 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі139.06 Kb.

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ КӨРКЕМ БЕЙНЕЛЕРДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Түгелбаева Айгерім Орынбасарқызы - Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтының 6М010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 1 курс магистранты. Алматы қ-сы.
Аннотация. В статье рассматривается некоторые вопросы Казахстанской практики трансформации художественных образов в профессиональном изобразительном искусстве Казахстана. Автор анализирует труды известных казахстанских и зарубежных ученых, педагогов и этнографов. А также автор дает определение к таким понятием как: «трансформация», «художественный образ», «форма и содержание». Автор предлагает глубоко и разносторонне рассмотреть о внедрении совершенно новой системы обучения в методики преподавания курса истории и теории изобразительного искусства Казахстана в художественных вузах. Так как на сегодняшний день в художественных учебных заведениях не на должном уровне поставлена система обучения и изучения студентами Казахстанской практики трансформации художественных образов при изучении произведении и творчество современных казахстанских профессиональных художников.
Ключевые слова: изобразительное искусство, художественный образ, трансформация, образ, форма, содержание, искусство, эстетика, традиция, мировозрение, идентификации, трансляция, образный язык, визуальный образ, миф, абстракция, живопись, архетип, социум, геополитика.
Annotation. The article describes some of the issues of the Kazakhstan practice transformation of artistic images in a professional fine art of Kazakhstan. The author analyzes the works of Kazakh and foreign scientists, educators and ethnographers. The author defines this concept as "transformation", "art image", "form and substance". The author offers a deep and versatile look on the introduction of a completely new system of training in teaching methodology of the course of history and theory of fine arts of Kazakhstan in the art universities. As of today in art schools not up to standard with the system of teaching and learning by students of the Kazakhstan practice transformation of artistic images in studying the work and creativity of modern Kazakh professional artists.
Keywords: Visual Arts, artistic image, transformation, image, shape, content, art, aesthetics, tradition, vision, identification, broadcast, figurative language, Visual identity, myth, abstraction, painting, archetype, society, geopolitics.


Қазақстан көркем өнерінің, соның ішінде бейнелеу өнерінің түпкі тамырларын зерделеп, ондағы ұлттық нақыштардың мәнін ашып, болмысымыздың, тұрмыс-тіршілігіміздің тарихи-әлеуметтік заманауи бейнесін қайта жаңғыртумен байланысты. Демек, аталған тақырып заманауи қажеттіліктер шартынан, рухани-мәдени қорымыздың кеңейе түсуі үшін жасалып отырған объективті талаптардан, қоғамымыздың ұлттық тұғырды негізге ала отырып бейнелеу өнеріңдегі көркем бейнелердің трансформациясының қазақстандық тәжірибесін живопись өнері ндегі көрінісін ашу. 

Осы мәселелердің дәйекті қарастырылуы бейнелеу өнеріміздің көркем бейнелердің трансформациясының заманауи қазақстандық тәжірибесінің бүгінін бірлікте қарастырып, келешегінің даму бағдарларын жобалауға мүмкіндіктер туғызады. Өнертану мен мәдениет философиясының концепцияларын негізге ала отырып, қазақстандағы бейнелеу өнерінің заманауи көріністерінің қазіргі суретшілердің шығармаларындағы көрінісі мен олардың туындыларындағы көркем бейнелердің трансформациясының заманауи қазақстандық тәжірибесінің берілу жолдары мен сабақтастығын айшықтаудың қажеттілігі туындап отыр, өйткені ол қазіргі кезге дейін дәстүр бойынша жалғасқан көркем шығармалардың өзгеріске ұшырауының тұрақты формасы мен мәнін, образы мен белгілерінің бүгіндегі көрінісін зерделеуге жол ашады.  Сонымен қатар бейнелеу өнерінің қандай да бір түпкі көзі болып есептелетін Қазақстан заманауи бейнелеу өнерінің жан жақты тұрғыда зерделеуді, зерттеуді қажет етеді. Қазақстандағы бейнелеу өнерінің теориялық негіздерінің терең зерттелмеуінің себебі оның басқа көркем өнер салаларынан кей тұстарда қалыс қалып отырғаны мәлім. Бейнелеу өнері қазақ халқы мен мәдениетін әлемдік деңгейден көрсететін ұлттық өнер мен мәдениеттің ең негізгі түрінің бірі болғандықтан, оның ұлттық және әлемдік мәдениеттегі алатын орны мен ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерделеу қажеттілігі туындайды. 

Осыған орай бүгінде бейнелеу өнерін, оның тәлім-тәрбиелік тәжірибелерін, өміршең идеяларын және өнегелі дәстүрлерін жоғары мектептің көркем білім берудің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану арқылы жастарымыздың бойына бейнелеу өнері мен рухани, мәдени, көркем құндылықтарды қалыптастыруды жүзеге асыру бүгінгі күннің мақсаты.

Осыған орай Қазақстан кәсіби бейнелеу өнері тарихы мен теориясының бағытында ЖОО да студенттерге көркем білім беру барысында бейнелеу өнеріндегі көркем бейнелердің трансформациясының бүгінгі жағдайы мен оның қазақстандық тәжірибесі мәселелері студенттерді қазіргі заманауи өнердегі болып жатқан өзгерістермен, ағымдармен, стильдермен қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнері саласының өзекті проблемаларымен және рухани өнер мен мәдениет құндылықтарының бүгіндегі көрінісімен айқындалады. Осыған орай бүгінде ЖОО ның көркем білім беру жүйесінің оқу мазмұнында қазақстан заманауи бейнелеу өнерінің жаңа туындыларындағы суретшілердің көркем бейнелерді өздерінің туындыларында трансформациялаудың ерекшеліктері жөнінде мәселелер жеткілікті деңгейде қамтылмауы арасында қарама-қайшылықтар бар.

Бейнелеу өнері тілінің негіздерін айқындау барысындағы басты еңбектерді алғанда, Кеңес дәуірінен ол туралы мағлұматтарды және теориялық талдауларды Р.Ерғалиева, Ә.Қайдаров, Ж.А.Манкеева, Р.Сыздық, Б.Шалабай, А.Әділова, З.М.Базарбаева, Қ.Мұхаметжанов, Р.Т.Көпбосынов, А.Жұбанов, В.Б.Мириманов сынды ғалымдардың еңбектерінен кездестіре аламыз. Осы теориялық ізденісте қазақ дәстүрлі мәдениетінің сан-алуан мәселелері көтерілген түрлі зерттеулер жұмыстың әдіснамалық негізі бола алады. Бейнелеу өнері тілінің рухани болмысының қыр-сыры тек қана тарихи және өнертанулық әдебиетпен шектелмей, философиялық және мәдениеттанулық ізденістерде көрінеді. Бұл сипатта ізденуші философтар А.Қасымжанов, С.Ақатаев, Д.Кішібеков, Ж.Алтаев, Б.Байжігітов, Т.Бурбаев, Ғарифолла Есім, Т.Ғабитов, А.Қасабек, Ж.Молдабеков, Қ.Нұрланова, М.Өмірбекова, М.Орынбеков және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерін атауға болады.

Қазақстан өнеріндегі ұмыт қалған дәстүрлер мен ұлттық дүниетаным ғылыми тұрғыда зерттеген ғалымдар: Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, Ө.Жәнiбеков, Ә.Тәжiмұратов, С.Ақатай, М.С.Мұқанов, А.Сейдiмбеков, С.Қасиманов, Б.Байжiгiтов, Н.Шаханова, т.б. еңбектерiнде дәстүр философиялық-этнографиялық-мәдениеттанымдық тұрғыда жан-жақты қарастырылады.

Ал енді өзіміздің зерттеу тақырыбымыздың аясында жазылған ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерін саралап көрелік. Мұнда әрине Луценко Юлия Владимировнаның «Возраждение и трансформация мифов в изобразительном искусстве якутии как фактор национальной идентификации» деген ғылыми мақаласын атап кетуге болады. Бұл мақалада автор әлемнің архаикалық моделін трансформациялаудың жолдарын, ежелгі мифологияға бет бұруы, якут халқының ұлттық суретшілерінің шығармашылығы және этникалық рухани мәдениет дәстүрлері жөнінде сөз етеді.[1]



Осыған орай, мұнда енді Ресейдің Барнаул қаласында өнертану саласында жазылған Серикова Татьяна Юрьевнаның «Трансформация художественных и визуальных образов в произведениях сибирских живописцев второй половины XX - начала XXI веков» атты кандидаттық диссертациясын талдап көрелік. Аталған диссертацияда автор бейнелеу өнеріндегі «көркем образ», «бейнелеу өнеріндегі визуалды және көркем өнер», бейнелеу өнеріндегі визуалды образдар, көркем мәдениеттегі визуализация, Сибирь өңіріндегі абстракциялық бағыттар сияқты мәселелерді терең зерделеген. [2]

Енді отандық ғалым зерттеушілерімізге келетін болсақ, бүкіл бейнелеу өнерінің философиялық, өнертанушылық қырын ашып, зерттеп көрсеткен Байжігітов Болат Кесікқалиұлының философия мен өнертану саласынан жазылған докторлық диссертациясын айтып кетуге болады. Жалпы Болат Кесікқалиұлының ғылыми жұмысының мазмұнында бейнелеу өнерінің қазіргі кездегі көрінісі, оның өткені мен болашақтағы келбетіне болжам боларлықтай даму өзегін айқындаған. Мұнда алдымен бейнелеу өнерінің қазіргі жағдайы, одан кейін дәстүрлі өнері мен мәдениет аясындағы көріну ерекшелігі мен өзіндік орны ашылған.[3­]

Оразқұлова Қалдыгүл Серікбайқызының философия саласы бойынша жазылған «Қазақ суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образ бен ұжымдық бейсана: мәдени-философиялық талдау» атты кандидаттық диссертациясының мазмұнына келетін болсақ, мұнда автор өзінің ғылыми еңбегінде бүгінгі таңдағы рухани дамуды өркендету жағдайындағы ұлттық болмыс пен дүниетанымымызды қайта жаңғырту мақсаты мен этномәдениеттің маңызды бір саласы болып табылатын бейнелеу өнерінің тарихи тамырлары зерделеніп, оның ұлттық рух шеңберінде дамуы үшін қажет терең астарлы көркемдік образдарға мәдени-философиялық сараптама жасағандығы аңғарылды.[4]

Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнері посткеңестік мәдениет сияқты ұлттық және мәдени кеңістікті іздеуде. Өнердің өзіндік тілінің бірегейленуі мәселесі өте күрделі болып табылады. Қазақстан мәдениеті ұлттық және геополитикалық ұқсастықтарын іздестіруде. С.Қалиев: «Мұндай қиын да қарама-қарсылықты үрдіс бірден бірнеше мәселелердің байланыстылығын білдіреді. Бір жағынан мәдени дәстүрлерді сақтау қажеттілігі, бұл үрдіске барлық мемлекеттер енген. Бір полюсте – өзінің барлық жағындағы әлемдік өнер, басқасында - өзіндік әлемді тудыру қажеттілігі, соған сәйкес көркемдік қимылдың тілін іздеу, мәселені шешу үшін нақты және тура форманы табу. Көркем мәдениеттің көпжақтылығы адам мен әлемнің көпжақтылығын білдіреді. Сондықтан да, өнер толығымен, сонымен бірге ұлттық өнер, оның социумдағы тұрмысы ғалым-гуманитарлардың назарына іліккен болатын» [5].

Бүгінде жоғары мектептің көркем білім беру жүйесінде қазіргі заманауи бейнелеу өнеріндегі көркем бейнелерінің трансформациясы бағыты жоғары оқу орнының көркем-теориялық пәндердің мазмұнында қамтылмаған. Атап айтқанда, «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» пәнінде төртінші семестрінде жүргізілетін «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» пәнінің мазмұнында тек Қазақстан кәсіби суретшілерінің шығармашылығымен таныстыру көзделген. Ал бөлімде тек: “Қазақстан кәсіби суретшілерінің шығармашылықтары мен көркем туындылары”, “Қазақстанның кәсіби бейнелеу өнерін негізін қалаған суретшілер”, “Қазақ халқының дәстүрлі сәнді-қолданбалы өнері”, “Қазақстанның алғашқы қауымдық ежелгі өнері” сияқты бөлімдерден тұрғанымен бұл тақырыптар кеңес дәуірі кезіңінен бері келе жатқан арнайы оқу бағдарламаларының шеңберінен шыға алмай жүргенін және академиялық оқыту жүйесі бойынша құрастырылған оқу бағдарламалары бойынша жүргізілгендіктен, аталған пән мазмұнында және оның тақырыптарында бейнелеу өнеріндегі көркем бейнелерінің трансформациясының қазақстандық тәжірибесіндегі орны мен негізгі бағыты жөнінде мағлұмат жоқтың қасы. Сонымен қатар студенттерге Қазақстанның бейнелеу өнері бағытында толық та, терең көркем-теориялық білім мен эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу жүйесі нақты қарастырылмаған. Сол себепті жоғары мектепте болашақ суретші-педагог мамандар даярлау жүйесінде студенттерге қазақстан бейнелеу өнері шығармаларының образдық тілі, суретшілер шығармаларындағы көркем бейнелердің трансформациясының заманауи қазақстандық тәжірибесі жөнінде мағлұмат бере отырып, көркем-теориялық білім алуларына жаңдай жасау мүмкіндігі орасан зор.

Осы орайда, жоғары мектептің көркем білім беру жүйесінде «Қазақстан бейнелеу өнері тарихы мен теориясы», «Академиялық живопись» пәндерінде 3-4 курс студенттеріне Қазақстан бейнелеу өнері суретшілерінің шығармашылығында көркем бейнелердің трансформациясының қазақстандық тәжірибесін және заманауи бейнелеу өнері бастауларының негіздерін ендіру мен қазақ ұлттық бейнелеу өнері шығармаларының теориялық және практикалық тұрғыдан жеткіліксіз деңгейде зерделенгендігі арасындағы қарама-қайшылықтың бар екендігі анықталды, атап айтсақ:

- қазақстан бейнелеу өнері шығармаларының образдық тілі, суретшілер шығармаларындағы көркем бейнелердің трансформациясының заманауи қазақстандық тәжірибесін зерделеу мен зерттеуге байланысты қоғамның әлеуметтік тапсырысы мен жоғары мектептің көркем білім беру жүйесінде (студенттердің өз бетімен жеке-дара жұмыс түрлерінде, арнайы курстар мен элективті курстарда) Қазақстан тарихы мен теориясы бағыты бойынша көркем-теориялық білім мен эстетикалық тәрбие беру шеңберінде оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өнертанушылық шаттардың нақтыланбауы арасында;

- студенттерге қазақстан кәсіби бейнелеу өнері тарихы мен теориясы мен академиялық живопись бағыттары негізінде көркем білім беру барысында қазақстан бейнелеу өнері шығармаларының образдық тілі, суретшілер шығармаларындағы көркем бейнелердің трансформациясының заманауи қазақстандық тәжірибесі негізінде студенттердің ұлттық рухани, адамгершілік құндылық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен заманауи бейнелеу өнері, ұлттық өнер мен рухани мәдениет құндылықтардың Қазақстан бейнелеу өнері тарихы мен териясы мен академиялық живопись курстарының мазмұнында жеткілікті деңгейде қамтылмауы арасында;

Енді зерттеу жұмысымыздың өзегінде яғни, мазмұнында кездесетін «трансформация», «живопись», «көркем образ», «бейне», «бейнелеу өнері», «көркем» ұғымдарының мәндік сипат ашып, анықтама беріп көрелік. Трансформация  латын тілінен аударғанда  (transformatіo) айналу немесе өзгергіштік деген мағынаны білдіреді екен. Жалпы трансформация құбылысын 1928 жылы тұңғыш рет ашқан ағылшын ғалымы Ф.Гриффит болған. Сонымен қатар ол трансформация процесін терең зерттеген тұңғыш зерттеді. Ал өзгергіштік дегеніміз - құбылыс пен заттың бойындағы әр түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі-қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір белгі-қасиеттерін жоғалтады. 

Енді біздер бейнелеу өнеріндегі өзгергіштік құбылыстарды қарастыратын болсақ, өнердің шындықты бейнелеудегі  формасының  ерекшелігі сол, ол көркем образ болып табылады.. әсемдік, әдемілік, сұлулық сынды бірдеңгейлік ұғымдар  мазмұнына негізделген өнер туындысы үшін адам мен  қоғамнің еркіндік туралы түсінігінің мәні зор.

Көркем образ дегеніміз ол ең маңызды, типтік образды жеке образ арқылы көрсету немесе өмірдің жалпы, маңызды типтік жақтарын жеке құбылыс формасында, яғни нақтылы сезімдік формада бейнелеп көрсету. Демек, көркем образды (бейнені) ұғыммен де, түйсікпен де теңгеріп қарауға болмайды. Көркем образдың ерекшелігі сол, ол жалпыны жеке арқылы танып білу. Нағыз өнер шығармаларындағы көркем образдар шындықтың сырт белгілерін бейнелемей, маңызды жақтарын бейнелейді.

Көркем шығарма -  өнерді осы нақты әлемде көрсетеді. Олар шынайы көркем жаңа мәдениетте өзінің-өнердің біртуар шығармалары тарихымен қатар дами отырады. Бұл әлемдегі заттардың бәрі өзінің мәніне, мағынасына және баға-құнына тікелей адаммен байланысында ғана ие болады. Бұл дүниеде мүмкіншілігі бар бүкіл болмыс және барлық мән-мағына осы дүниедегі ең биік құндылық әрі жалпы құндылықтар тудырушы - адамның маңайында орналасқан. Эстетикалық іс әрекеттің түп-тамыры өнермен байланысты. Көркем шығармашылықтың мәні де адам әлемін тұспалдай, белгілі бір көркем бейнелер арқылы жеткізеді. Көркем туындылар дүниеге деген белгілі бір көзқарастардың, ұжымдық ой-пікірдің, азды-көпті ақпараттың рәмізі болып табылады. Ол - болашақтағы  ұрпақтарға үндеу, белгілі бір мәдени-әлеуметтік құрылымның көрінісі.

Көркем туындылар көркем бейнелер арқылы қоғамның қойнауында сырт көзге білінбестей өтіп жатқан өзгерістерге, шиеленістерге сезімталдық танытып, көрнекілейді. Соның нәтижесінде керкем шығармалар әлгі күрделі жағдайлардың ушықпай, іші нара бәсеңдеуіне жәрдемдесетін сауықтыру шарасына да айналады. Шынайы туындылардың көркем бейнелері тек өз уақытында, яғни өзін қоршаған мәдени-әлеуметтік шындықта ғана өзектілігін танытпайды, ол өзінен кейінгі келер кезеңдердің бәрінде де өміршең болады.

Ғасырымыздың соңғы он жылдығында, әсіресе оның бірінші жартысында, көркемсуреттік нысандардың түрлену процесі қарқынды және біртұтас нысанда жүре бастады. Бейнелеу мен жалпылымалау құралдары мен әдістері рәміздендіру, белгілеу, шарттылық және метафорландыру бағытына қарай күрт өзгеруде. Суретшілердің өздерінің дербес және топтық шығармашылық концепцияларын яғни, бүгінде суретшілердің көркем жеке көрмелеріндегі туындылары қазақтардың әдеттегі түсініктерімен тығыз байланыстыра отырып бейнеленуі, оны өмірге әкелуі сол онжылдықтығы бейнелеу өнерінің ерекшелік белгілерінің бірі болды.

Қазақстан өнері танымал қасиеттерімен де ерекшеленеді. Олар: тұрмыстың трансформациялық мәселелерін қатысты мүдделер; үйлесімділіктің адам мен табиғаттың бірлесе өмір сүруінің негізі; шығармашылық көзқарастардың кең ауқымды болуы; ұлттық мәдени әдет-ғұрыптар , мұраларының шектеулілігі; дүниежүзілік мәдени кеңістікке ерікті түрде енуі. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы және ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстандағы бейнелеу өнері суретшілерінің күнделікті өмірдің табиғатпен үйлесімділігі туралы асықпай айтылатын әңгіме, адам мен универсумының үздіксіз байланысының философиялық жалпыламасының көркемсуреттік таңбаға айналуы деп түсінуге болады. Бүгінгі күн, суретшілерінің шығармаларында жұмбақтық метафоралары және мән мен толықтырылады және сол арқылы жанданады, адам мәдениетінің ежелгі ғарышын бүгінгі күндегі адам ой - санасының жаңа ағымдарымен байланыстыратын мәндер мен мазмұндар пайда болады, суретшінің өмірге деген махаббаты, оны түсінуге бағытталған мәңгілік ұмтылысы да қайталанбас түрде өмірге қайта келеді.

Классикалық академиялық халықтың көпғасырлық тарихының өзіндік жылнамасын жасайды және менің ойымша, қазақстан бейнелеу өнерінде ең маңызды орынға ие болды. Тарих пен мифологиялық сюжеттер, көшпенділердің өмірінен алынған фрагменттер, далалық және таулы пейзаждар генетикалық есті бейнелі түрде жаңғыртуға, болмыстың мызғымас категорияларын ұғынуға мүмкіндік береді. Бейнелердің байлығы, олардың мифологиялық мәні, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен салттардың тәжірибесі, дәстүрлі мәдениеттің трансляциялық және трансформациялық талабына жауап береді және бейнелеу өнер құралдарымен ашып беруге мүмкіндіктер береді.

Қорыта айтқанда, суретші өзінің ойы мен сезімін толық таныту жолында, тек қана өзіне қажеттілерін екшеп алуда, яғни толық қанды тұтас көркем образдарды жасау жолында ұзақ дайындықтан өтті. Ол барлық бейнелеу әдіс - тәсілдерін жете меңгере отырып, кенепке немесе ақ қағазға салған әрбір бояудың түрін жігерлендіруші қуатты күшті айналдыра білді. Ол бір мезгілде өнердің міндете - көзге көрінген нәрсенің бәрін жазып ала бермей, ең алдымен - шындықты дұрыс және терең түсіну, зат пен құбылыстың құпия сырларын жете ұғыну, сыртқы жалған көрініске құр еліктемей, оның ішкі әлемі, сезімін, ойын көре білу және оны бейнелеу өнерінің әр уақытта қолынан түспейтін, әрқашанда қалапта сақтайтын құралдармен дәл жеткізу қажеттігін жүрегімен ұғынды. Себебі, суретші алғашқы бояу жаққаннан-ақ, одан кейінгілерінде де салған суреттерін үнемі шындыққа жанаса ма және оған өзінің көзқарасы үйлесе ме деген жалғыз дара форманы тауып алғанға дейін кедергілерге кездесе береді ғой. Әрине, бояу жағылған сайын форма мен мазмұн да жетіле береді, мазмұны да жақсара түседі. Суретшінің ойы мен сезімі заттың мәнісіне терең үңілген сайын, оның жеткен шегіне, сырт көрінісіне қанағаттануға тура келеді. Ал, егер салған туындысына көңілі толмай одан әрі іздене түссе, ілгері қарай жетілдіре берсе, тіпті жақсы, себебі іздену үстінде жоғын табады, машықтанады. Ал, болмысты шығармашылық тұрғыдан меңгере берудің тіпті де шегі жоқ қой. Басқалардың шығармашылығынан үнемі үйреніп және қадағалап отыру суретшінің өзін-өзі сезінуіне және өз еңбегіне сырт көзбен қарай білуіне көмектеседі. Сондай-ақ, суретші өз өнерін басқалардың шығармашылығымен салыстыра бақылап, оны суреткердің қоғамдық міндетімен, мән-мағына туралы жалпы ұғыммен байланыстыра қарай алуы қажет.[6]



Кең мағыналы «трансформация» ұғымының шексіз кеңістігінде еркін қалыптап жүрген Қазақстан өнерінің санқырлығын айқын танытатын осы ерекшеліктер үшінші мыңжылдықтың басындағы Қазақстанның бейнелеу өнерінің шарықтауы туралы менің сенімімді қуаттайды. Бүгінгі танда Қазақстан өнері бірегей өркениетті ғарыш ретіндегі қазақ мәдениетінің сақталуы мен дамуындағы ұлы жасампаз қызметі атқарады және әлемдік мәдени кеңістікке енуіне жол ашады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Луценко Ю.В. «Возраждение и трансформация мифов в изобразительном искусстве якутии как фактор национальной идентификации». Гуманитарные исследования в Восточной Сибири и на Дальнем Востоке// № 2 (6), 2009. С44-46.

  2. Серикова Т.Ю. Трансформация художественных и визуальных образов в произведениях сибирских живописцев второй половины XX - начала XXI веков: дисс... канд. искусс.: 19.05.11, Барнаул, 2011, 366 с.;

  3. Бейненің тұрақты нақыштарына философиялық қатынас (Суреттің көркемдік кеңістік пен уақыт ырғағындағы көрінісі) : Философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Байжігітов Б.К. ­ Алматы : Б.ж., 1998. ­ 50 б.

  4. Қазақ суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образ бен ұжымдық бейсана: мәдени-философиялық талдау: Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Оразқұлова Қ.С. ­ Алматы : Б.ж., 2010.28 б.

  5. Қалиев С. Халық педагогикасын насихаттаудың маңызы мен мәні // Мұрагер.- 1992. - №2. - 31-36 б., 35 б.

  6. Андреев С.С. Информационность – критерий содержателности духовных ценностей // Социально-политический журнал. 1999. №3. 70-бет.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет