«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» жшс “Beineu-Shymkent Gas Pipeline” llp «бейнеу-шымкент газ қҰбыры»



жүктеу 319.53 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі319.53 Kb.


«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС

Beineu-Shymkent Gas Pipeline” LLP


прямая соединительная линия 2


«БЕЙНЕУ-ШЫМКЕНТ ГАЗ ҚҰБЫРЫ» ЖШС 2015 ЖЫЛҒЫ МАГИСТРАЛЬДЫ ГАЗ ҚҰБЫРЫ БОЙЫМЕН ТАУАРЛЫҚ ГАЗДЫ ТАСЫМАЛДАУ

БОЙЫНША АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЕСЕП БОЙЫНША БАЯНДАМА


Жоба туралы жалпы ақпарат

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) 2011 жылғы 18 қаңтарда Алматы қ. әділет органында тіркелген.

Серіктестік Бейнеу-Бозой-Шымкент бағыты бойынша газ құбырын жоспарлау, құрылысын салу және пайдалануды жүзеге асыру үшін құрылған.

Серіктестіктің қатысушылары 50% «ҚазТрансГаз» АҚ және 50% Trans-Asia Gas Pipeline Co Ltd қытай компаниясы болып табылады.

Газ құбыры құрылысының жобасы 2010 жылғы 15 шілдедегі №330-IV Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған, Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы 2009 жылғы 14 қазандағы хаттамамен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №218-IV Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған, 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы келісім шеңберінде жүзеге асады.

Құбырының диаметрі 1067 мм құрайтын магистральды газ құбырының жолы Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағынан өтеді. Ол бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылады.



Бірінші кезек:

- «Бозой-Шымкент» учаскесі, тауарлық газды тасымалдау бойынша жобалық өткізу қабілеті жылына 6 млрд. м3 дейін;

- құбыр диаметрі – 1067 мм;

- жобалық қысым – 9,8 МПа;

- «Бозой» компрессорлы станциясы – 5 агрегат және 1 станция;

- жөндеу-пайдалану учаскелері – 4 бірл.;

- вахта кенттері – 5 бірл.;

- газ өлшеу станциялары – 2 бірл.



Екінші кезек:

- «Бейнеу-Бозой» учаскесі. Тауарлық газды тасымалдау бойынша жобалық өткізу қабілетін жылына10 млрд. м3 дейін ұлғайту.

- құбыр диаметрі – 1067 мм;

- жобалық қысым – 7,4 МПа;

- «Қараөзек» компрессорлы станциясы – 3 агрегат және 1 станция;

- газ өлшеу станциясы – 1 бірл.



Газ құбырының техникалық көрсеткіштері

Газ құбырының ұзындығы – 1 454,2 км.;

Төселіп жатқан құбырлар диаметрі – 1067 мм.;

Компрессор станцияларының саны – 2 бірл.;

Газ айдау агрегаттарының саны – 8 бірл.;

Вахта кенттерінің саны – 5 бірл.;

Жөндеу-пайдалану учаскелерінің саны – 4 бірл.;

«Бейнеу-Бозой» учаскесіндегі жобалық қысым – 7,4 МПа;

«Бозой-Шымкент» учаскесіндегі жобалық қысым – 9,8 МПа.

Жобаның мақсаты

ҚР оңтүстік аймақтарын табиғи газбен қамтамасыз ету және Қытайға табиғи газды экспорттау, ҚР энергетикалық қауіпсіздігін арттыру.



Жобаның ресурстық базасы

Кен орындарының Батыс және Ақтөбе топтары



Жобаның іске асу орны

Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары



  1. 2015 жылғы бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша ақпарат

2015 жылғы Серіктестіктің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (бұдан әрі – ИБ) орындау келесіні құрайды:

Мың. теңге

р/с

Бап атауы

2015 жылға

бекітілген ИБ

2015 жылғы ИБ нақты орындалуы

 

Барлығы

23 702 960

23 702 960

1

"Бейнеу-Бозой" (0-311 км) учаскесінде МГҚ желілік бөлігінің құрылысын салу

22 182 289

22 182 289

2

Ақсуат, Шорнақ, Сексеуілді, Қараөзек ЖПУ құрылысын салу

1 018 566

1 018 566

3

Ақсуат, Шорнақ, Сексеуілді, Қараөзек, Бозой ВК құрылысын салу

444 452

444 452

4

Авторлық бақылау

57 652

57 652



  1. Серіктестіктің 2015 жылғы негізгі

қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы

Төменде Серіктестіктің қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындысы көрсетілген кесте ұсынылған.



мың. тенге

Атауы

2015 жылғы факт

Негізгі қызметтен алынған табыс

14 305 380

Негізгі емес қызметтен алынған табыс

522 446

Шығыстар, оның ішінде:

197 409 327

Өндірістік

11 194 594

Әкімшілік шығыстар

5 999 777

Қаржылық шығыстар

5 444 889

Негізгі емес қызметтен басқа да шығыстар

174 770 067

Салық салуға дейінгі қаржылық нәтиже

-182 581 501

КТС

0

Таза кіріс

-182 581 501

Серіктестіктің жағымсыз қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің негізгі себебі ұлттық валютаның құнсыздануы, сондай-ақ жоспардағы көрсеткіштердің тауарлық газ тасымалының нақты көлемінен ауытқуы болып табылады.

3. 2015 жылғы ұсынылған реттелетін қызметтер
көлемі туралы ақпарат

2015 жыл бойынша Серіктестік магистральды газ құбыры бойымен газды 1 215 926 мың. м3 көлемінде тасымалдады:


р/с

Атауы

Өлш. бірл.

Бекітілген тарифтік сметамен

Нақты орындау

1

Магистральды газ құбыры бойымен тауарлық газ тасымалының көлемі

мың. м3

2 500 000

1 215 926



2

Меншікті мұқтаждықтар және технологиялық шығындарға арналған газ

мың. м3

36 163





  1. 838




  1. 2015 жылғы реттелетін қызметтерді тұтынушылармен атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат

Төменде тұтынушылармен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет көрсетілген. Серіктестік жүзеге асырды:




  • Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген үлгілік шартқа сәйкес магистральды газ құбыры бойымен газ тасымалдау бойынша тауарлық газды тұтынушымен шарт жасалды;




  • ҚР «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 7 бабы 7-3) тармақшасы және ҚР Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №150 Бұйрығымен бекітілген Тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi табиғи монополия субъектiсiнiң қызметi туралы жыл сайынғы есептi өткiзу қағидаларына сәйкес, 2014 жылы өзінің атқарған қызметтері бойынша жыл сайынғы есепті тыңдауды өткізді;




  • тарифтің шекті деңгейінің өзгеруі жөніндегі ақпарат тұтынушыға уақытылы жеткізілді.




  • тұтынушыдан магистральды газ құбыры бойымен газ тасымалы бойынша қызмет көрсету сапасы жөнінде шағым түскен жоқ.




  1. 2015 жылғы тариф сметатасын баптар бойынша орындау туралы ақпарат

2014 жылғы 1 маусымнан бастап Серіктестік оңайлатылған нұсқа бойынша бекітілген көлемі мың.м3 үшін ҚҚС есептемегенде 11 765 теңге болатын тарифті қолданады (ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы №101-НҚ бұйрығымен бекітілген).

Төменде 2015 жылғы Серіктестіктің магистральды газ құбыры бойымен тауарлық газды тасымалдауы бойынша қолданыстағы тарифтік сметасының орындалуы көрсетілген кестелер ұсынылған:



р/с

Атауы

Өлш. бірл.

Қолданытағы тарифтік смета

Нақты орындау

I

Тауар өндірісі мен қызмет көрсету бойынша шығындар:

мың.тенге

11 396 138

11 186 706

II

Кезең шығындары барлығы:

мың.тенге

2 503 297

6 901 902


III

Шығындар барлығы

мың.тенге

13 899 435

18 088 608

IV

Пайда

мың.тенге

15 513 065

-3 783 228

V

Кірістер барлығы

мың.тенге

29 412 500

14 305 380

VI

Көрсетіліп жатқан қызметтер көлемі

мың. м3

2 500 000

1 215 926

VIII

Тариф

теңге/мың. м3

11 765

11 765



р/с/ Seq.No.

Көрсеткіштер атауы

Өлш.бірл.

Қолданыстағы тарифтік сметамен қабылданған

2015 жылғы нақты шығындар

Ауытқу %


Ауытқулар негіздемесі


1

2

3

4

5

6

7

I

Тауар өндірісі мен қызмет көрсету бойынша шығындар:

мың. тенге

11 396 138

11 186 706

98%

 

1

Материалдық шығындар, барлығы:

-//-

339 349

110 098

32%

 

 

оның ішінде:

 










 

1.1

меншікті мұқтаждықтар және технологиялық шығындарға арналған газ

-//-

331 982

104 350

31%

Үнемдеу меншікті мұқтаждықтар және технологиялық шығындарға (бұдан әрі – ММжТШ) газ құнының төмендеуіне байланысты қалыптасқан.

Бекітілген тарифтік сметада ММжТШ газды алу құны мың.м3 үшін ҚҚС қоспағанда 9 180 теңге көлемінде жоспарланған, ал 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында газдың нақты құны мың.м3 үшін ҚҚС қоспағанда 5 598,6 теңгені және 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында мың.м3 үшін ҚҚС қоспағанда 5 696,1 теңгені құраған.



Меншікті мұқтаждықтар және технологиялық шығындарға газ тұтыну көлемі 2 500 000 мың. м3 мөлшердегі тауарлық газ тасымалы көлеміне қарай жоспарланған, 2015 жылғы нақты газ тасымалының көлемі 1 215 926 мың. м3 құрады.


1.2.

электр қуаты

-//-

2 935

0

0%

Жөндеу-пайдалану учаскелері мен вахта кенттерінің пайдалануға уақытылы берілмеуіне байланысты, электр қуаты бойынша шығын жасауға қажеттілік болмаған.

1.3

жанармай (ЖЖМ)

-//-

4 431

5 748

130%

Қайта орындау жанармай (ЖЖМ) құнының өсуіне байланысты пайда болды. Қолданыстағы тарифтік сметада бензиннің құны 1 литр үшін 103 теңгені құрайды, ал ЖЖМ есептен шығарудың нақты орташа бағасы 1 литр үшін 110 теңгені құраған.

2

Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы

-//-

63 901

61 269

96%

 

 

оның ішінде:

 










 

2.1

жалақы

-//-

58 144

56 757

98%

Ұйғарынды ауытқу көлемінде.

2.2

әлеуметтік салық

-//-

5 756

4 512

78%




3

Амортизация

-//-

8 347 560

9 491 532

114%

Амортизациялық аударымдардың көбеюі негізгі құралдарды алуда нақты көрсеткіштердің жоспардағы көрсеткіштерден асуымен байланысты.

4

Сақтандыру

-//-

4 677

113 702

2431%

Сақтандыру бойынша шығындардың ұлғаюына, негізінен, «Операциялық кезеңді сақтандыру» бойынша нақты шығындар себеп болған. Серіктестік автивтерін сақтандыру –

кредиторлардың міндетті шарты болып табылады.



Қолданыстағы тарифтік сметаның сақтандыру шығындарында «Операциялық кезеңді сақтандыру» шығындары қарастырылмаған.


5

Газ құбырын пайдалану шығындары

-//-

2 110 926

1 140 007

54%

Үнемдеу газ құбырын пайдалану бойынша шығындардың төмендеуіне байланысты қалыптасқан. Шеттегі ұйымдармен шарттың уақытылы жасалмауы және мердігерлердің жоспардағы көрсеткіштерді орындамауы негізгі себеп болып табылады.


6

Салықтар және төлемдер

-//-

4 625

1 437

31%

Бекітілген тарифтік сметада салық және төлемдер бойынша шығындар сомасы 93,9 мың.теңге «автокөлікке салынатын салықтан» және сомасы 4 531,1 мың. теңге «жер учаскелерін пайдалану бойынша төлемдерден» тұрады. Сонымен бірге, жер учаскелерін пайдалану бойынша төлемдерге қатысты үнемдеу қалыптасып, нақты шығындар -1 310 мың. теңгені құраған. Бұл меншік және жер учаскелерін пайдалану құқықтарын рәсімдеу процесінің ұзаққа созылуына негізделген.

7

Басқа да шығындар, барлығы

-//-

517 700

240 677

46%

 

 

оның ішінде:

 










 

7.1

әуепатрульдеу

-//-

238 457

65 332

27%

Магистральды газ құбыры трассасына әуепатрульдеу жүргізу бойынша үнемдеу ұшулардың нақты санының азаю нәтижесінде пайда болған, себебі аталған қызмет түрін көрсететін мердігермен шарт уақытылы жасалмаған.

7.2

өлшеу құралдарын тексеру (метрология және стандарттау қызметтері)

-//-

6 314

0

0%

Мердігерлік ұйымдар тарапынан шарт міндеттемелерінің орындалмауы. Ағымдағы мезгіл жағдайы бойынша Серіктестікке мердігерлермен аталған жабдық берілген жоқ.

7.3

газ құбырын күзету (ведомстводан тыс және өрттен қорғау)

-//-

185 431

169 911

92%

Жөндеу-пайдалану учаскелері мен вахта кенттерінің пайдалануға уақытылы берілмеуіне байланысты, ведомостводан тыс күзет пен өрттен қорғау бойынша шығындарға қажеттілік болмады.

7.4

өрт дабылы бойынша қызмет көрсету

-//-

87 497

0

0%

Жөндеу-пайдалану учаскелері мен вахта кенттерінің пайдалануға уақытылы берілмеуіне байланысты, өрт дабылы бойынша қызмет шығындарына қажеттілік болмады.

7.5

іссапарлық шығындар

-//-

-

3 115




Оңайлатылған тәртіпте тарифті бекіткенде уәкілетті органмен өндірістік қызметкерлердің іссапарлық шығындары ескерілмеген.

7.6

спутник байланысы және телекоммуникация жүйелеріне қосылу қызметтері

-//-

-

2 320




Оңайлатылған тәртіпте тарифті бекіткенде уәкілетті органмен спутник байланысы және телекоммуникация жүйелеріне қосылу қызметтері бойынша шығындар ескерілмеген.

7.7

Кадрларды дайындау

 




0




 

8

Басқа шығындар, барлығы

-//-

7 401

27 983

378%

 

 

оның ішінде

 










 

8.1

газ құбырының өтуі жөнінде БАҚ хабарландыру беру

-//-

1 607

3 533

220%

Оңайлатылған тәртіпте тарифті бекіткенде уәкілетті органмен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жасау көлемі азайтылған.

8.2

тұрғын жайды жалға алу

-//-

3 782

4 106

109%

Уәкілетті органмен Орталық диспетчерлік басқарма үшін автокөлік орындарын жалға алу шығындарының тізімнен шығарылуына байланысты, үй-жайларды жалға алу баптары бойынша шығындардың көбеюі пайда болған.

8.3

автокөлік шығындары

-//-

2 012

3 511

174%

Шығындардың ұлғаюы есептік кезеңде автокөлік құралдарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша шығын материалдарының құнының қымбаттауына негізделген.

8.4

НТҚ және техникалық әдебиетті жасау, сатып алу, жазылу бойынша шығындар

-//-

-

0




 

8.5

Магистральды газ құбырын пайдалану кезеңінде жер бойынша шығындар

-//-

-

4 210




Бұл шығындар тарифтік сметада қарастырылмаған.

8.6

қосымша қызметкерлер қызметтері

-//-

-

12 625




Бұл шығындар тарифтік сметада қарастырылмаған.

8.7

Вахта кенттерінің шығындары

-//-

-

0




 

8.8

Элетрмен жабдықтау

 




0




 

8.9

Кеңсе шығындары

 




0




 




р/с/ Seq.No.

Көрсеткіштер атауы

Өл.бірл.

Қолданыстағы тарифтік сметамен қабылданған

2015 жылғы нақты шығындар

Ауытқу %

Ауытқулар негіздемесі

1

2

3

4

5

6

7

II

Кезең шығындары, барлығы

-//-

2 503 297

6 901 902

276%

 

 

оның ішінде

 










 

9

Жалпы және әкімшілік шығындар, барлығы

-//-

967 211

1 457 014

151%

Ауытқудың негізгі себебі – еңбекақы қорына айда/тоқсанда жасалған жұмыстар нәтижесі бойынша сыйақы төлемдерінің; мерекелік сыйақылардың; есептік кезеңде жасалған жұмыстар нәтижесі бойынша сыйақылардың; демалысқа материалдық көмектің қосылуы, бұл, өз кезегінде, салық аударымдарының көбеюіне әсер еткен.

 

оның ішінде:

 










 

9.1

әкімшілік қызметкерлердің жалақысы

-//-

490 221

836 356

171%

Қызметкерлердің жалақысы бойынша шығындардың ұлғаюына қолданыстағы тарифтік сметада есептік кезеңде жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы шығындарының; демалыс бойынша берілетін материалдық көмектің қосылмауы себеп болған. Бұдан басқа, бекітілген тарифтік сметаға сәйкес, әкімшілік-басқару қызметкерлерінің саны – 110 адамды құрайды, 2015 жылғы нақты орташа саны – 114 адамды құраған.

9.2

жалдамалы қызметкерлер

-//-

49 892

76 346

153%

Қайта орындау уәкілетті органның жолдамалы қызметкерлердің (аудармашылар, хатшылар) бірнеше бірлігін алып тастауымен байланысты болған.

9.3

әлеуметтік салық

-//-

48 532

78 274

161%

 

9.4

амортизация

-//-

45 613

54 540

120%

Жаңа негізгі құралдарды сатып алуға байланысты, амортизациялық аударымдардың сомасы ұлғайған.

9.5

кеңселерді жалға алу

-//-

155 737

147 999

95%

Ұйғарынды ауытқу көлемінде.

9.6

шеттегі ұйымдардың қызметі

-//-

18 985

22 092

116%

Шығындардың асып кету себебі антивирустық бағдарламалық қамтамасыз ету және Параграф (заңгер және бухгалтер) ақпараттық құқықтық базасын сатып алу бойынша ұсынылатын қызметтер құнының ұлғаюына байланысты.

9.7

шеттегі ұйымдардың қызметі

-//-

68 474

98 452

144%

Шығындардың асып кетуі айлық есептік көрсеткіштің өсуі мен іссапар күндерінің көбеюіне байланысты.

9.8

банк қызметтері

-//-

6 974

7 517

108%

Ұйғарынды ауытқу көлемінде.

9.9

аудиторлық ұйымдардың қызметтері

-//-

15 050

23 075

153%

Аудиторлық қызметтер құнының өсуі аталған қызмет бойынша шығынның өсуіне ықпал етті.

9.10

ведомстводан тыс күзет

-//-

10 202

7 209

71%

Қолданыстағы тарифтік сметада кеңселерді күзету сомасы Алматы қ. бойынша 8 114 мың. теңге және Астана қ. бойынша 2 088 мың. теңге көлемінде бекітілді. Астана қ. кеңселерін күзету жүзеге аспағандықтан, үнемдеу пайда болған.



9.11

салықтар

-//-

1 294

20 239

1564%

Автокөлікке салынатын салық 1 336 мың. теңгені құраған. Резидент еместен көлемі 18 903 мың.теңге корпоративтік табыс салығы төленгендіктен, шығындардың аталған бабы бойынша қайта орындау жасалған.



9.12

байланыс қызметі

-//-

14 729

10 147

69%

 

Қалааралық байланыс саны мен бағасының төмендеуіне, сондай-ақ үнемді тарифтерге көшуге байланысты, үнемдеу қалыптасқан.



9.13

автокөлік шығындары

-//-

23 376

28 615

122%

Қайта орындау жанармай (ЖЖМ) құнының өсуіне байланысты пайда болды. Қолданыстағы тарифтік сметада бензиннің құны 1 литр үшін 103 теңгені құрайды, ал ЖЖМ есептен шығарудың нақты орташа бағасы 1 литр үшін 110 теңгені құраған.



9.14

сақтандыру

-//-

1 165

3 928

337%

Қолданыстағы тарифтік сметада сақтандыру бойынша шығындар құрамына автокөлік құралдары иелерінің ерікті сақтандыру бойынша шығындары қосылмаған. Айлық есептік көрсеткіштің өсуі де шығындардың ұлғаюына себеп болған.


9.15

кадрларды дайындау

-//-

6 233

8 107

130%

Шығындардың өсуі оқушылардың, сонымен қатар оқу құнының өсуімен байланысты.



9.16

басқа өтемақылар

-//-

0







 

9.17

басқа шығындар

-//-

10 736

34 117

318%

Шығындардың асып кетуінің себебі ипография, пошта және курьерлік қызметтер құнының өсуі болып табылады.


10

Сыйақы төлеу бойынша шығындар

 

1 536 086

5 444 888

354%

Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруы және 2015 жылғы тамызда теңгенің еркiн өзгермелi айырбас бағамына көшуі сыйақыларды АҚШ долларымен төлеу бойынша шығындардың көбеюіне себеп болды.







III

Шығындардың барлығы

-//-

13 899 435

18 088 608

130%

Шығындардың көбеюі кезең шығындарының өсуіне байланысты. Шығындардың негізгі меншікті салмағы сыйақыларды төлеу бойынша шығындардың ұлғаюына байланысты. Сыйақыларды төлеу ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамына байланысты.

IV

Пайда

-//-

15 513 065

- 3 783 228

-24%

Залал магистральды газ құбыры бойымен газ тасымалы бойынша табыстардың төмендеуі мен кезең шығындарының көбеюіне байланысты.

V

Кірістердің барлығы

-//-

29 412 500

14 305 380

49%

Табыстардың төмендеуі газ тасымалының нақты көлемінің жоспардағы мәнінен төмендеуімен байланысты.

VI

Көрсетіліп жатқан қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемі

мың. м3

2 500 000

1 215 926

49%

Көрсетілетін қызметтер көлеміндегі ауытқулардың себебі тапсырыс берушінің газ тасымалы көлемі бойынша қажеттіліктерінің төмендеуі болып табылады.


VII

Нормативтік шығындар

%

1,45

1,55




 

1000 м3

36 164

18 838

52%

Меншікті мұқтаждықтар және технологиялық шығындарға арналған газ тұтыну көлемі 2 500 000 мың. м3 мөлшердегі тауарлық газ тасымалы көлеміне қарай жоспарланған, 2015 жылғы нақты газ тасымалының көлемі 1 215 926 мың. м3 құрады.


VIII

Тариф (НДС есептемегенде)

теңге/ 1000 м3

11 765

11 765

0%

 

$/1000 м3

64

36

57%

Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыру және 2015 жылғы тамызда теңгенің еркiн өзгермелi айырбас бағамына көшуі тарифтің шетел валютасына (АҚШ доллары) өзгеруіне себеп болды.

Үнемдеу келесіге негізделген:

  • Меншікті мұқтаждықтар және технологиялық шығындарға (бұдан әрі – ММжТШ) газ құнының төмендеуі.

Бекітілген тарифтік сметада ММжТШ газды алу құны мың.м3 үшін ҚҚС қоспағанда 9 180 теңге көлемінде жоспарланған, ал 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында газдың нақты құны мың.м3 үшін ҚҚС қоспағанда 5 598,6 теңгені және 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында мың.м3 үшін ҚҚС қоспағанда 5 696,1 теңгені құраған.

  • ММжТШ газының тұтыну көлемінің төмендеуі.

Меншікті мұқтаждықтар және технологиялық шығындарға газ тұтыну көлемі 2 500 000 мың. м3 мөлшердегі тауарлық газ тасымалы көлеміне қарай жоспарланған, 2015 жылғы нақты газ тасымалының көлемі 1 215 926 мың. м3 құрады.

  • Жөндеу-пайдалану учаскелері мен вахта кенттерінің пайдалануға уақытылы берілмеуі.

Электр қуаты, күзет, өрт дабылы бойынша қызмет көрсету және т.б. шығындарға қажеттілік болмады;

  • Газ құбырын пайдалану бойынша шығындардың төмендеуі.

Шеттегі ұйымдармен шарттың уақытылы жасалмауы және мердігерлердің жоспардағы көрсеткіштерді орындамауы негізгі себеп болып табылады.

Асып кету келесіге негізделген:

  • инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыру және еркін өзгермелі айырбас бағамы теңге көшу;

  • уәкілетті органмен сұрауды оңайлатылған тәртіпте қарау кезінде енгізуге жоспарланған кейбір объектілердің қосылмауы және шығындардың бөлек баптарының ескерілмеуі;

  • шығыс материалдарының құнының артуы.




  1. Қызмет перспективалары (даму жоспары), тауарлық газ тасымалы бойынша реттелетін қызмет тарифінің өзгеру мүмкіндігі туралы ақпарат


Қызмет перспективалары (даму жоспары)

1. 2010 жылғы 15 шілдедегі № 330-IV Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған, Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы 2009 жылғы 14 қазандағы хаттамамен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 218-IV Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған, 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы келісімді орындау шеңберінде, Серіктестік «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының құрылысын 2017 жылы аяқтауды және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының жобалық қуатын жылына 10 млдр. м3 дейін жеткізуді көздеп отыр.

2. Табиғи газды сенімді және қауіпсіз тасымалдау Серіктестік қызметінің негізгі бағыты болып табылады. Серіктестік берілетін газ көлемін адамдар мен қоршаған ортаға қауіп келтіретін жағдайлардың орын алуына жол бермей, сонымен қатар өндірістік-шаруашылық қызметінің оңтайлы көрсеткіштерін қамтамасыз ете отырып тасымалдауы қажет. Серіктестік жобаларды жүзеге асыру кезеңінде келесіні көздейді:

а) табиғи газ тасымалының белгіленген деңгейін сақтау

б) газ құбыры объектілерінде жазатайым жағдайлардың, өндірістің тоқтауына және экологиялық залалдың келуіне апаратын апаттық жағдайлардың болмауын қамтамасыз ету

в) газ құбырын пайдаланудың тиімділігін арттыру

г) энергия ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру (технологиялық газдың, электр қуатының, судың және басқалар)

д) жоғары еңбек өнімділігін сақтау және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.



 

 

Газ тасымалы бойынша реттелетін қызмет тарифінің өзгеру мүмкіндігі



ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәскелестікті қорғау комитеті Алматы қаласы бойынша Департаментімен 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енетін, 2015-2019 жылдар арасында магистральды газ құбыры бойымен 1000 м3 үшін ҚҚС қоспағанда 18 071 теңге көлемінде тауарлық газды тасымалдау бойынша реттелетін қызмет бойынша тарифтің шекті деңгейі мен тарифтік сметасы белгіленген.
Назар аударғандарыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет