«Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101. 04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары



жүктеу 159.26 Kb.
Дата08.05.2018
өлшемі159.26 Kb.


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы «12» ақпандағы

№ 166 бұйрығына

9-қосымша

«Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы
25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомаларын есептеуге, сондай-ақ халықаралық шарт ережелеріне сәйкес салық салудан босатылатын табыстардың сомаларын, шартты банк салымында орналастырылған сомаларды көрсетуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі – есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 648-бабына сәйкес салық агентi жасайды.

2. Есеп осы есептің өзінен (101.04-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (101.04) тұрады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Есепке қосымша есептегі тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Есепке қосымша онда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Есепке қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Есеп жасау кезінде:

1) қағаз тасымалдағышта – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық нысанда – Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады.

11. Есепке салық агенті не оның өкілі қол қояды және Салық кодексінің 204-бабы 2-тармағына сәйкес қазақ және (немесе) орыс тілдерінде қағаз және (немесе) электрондық тасымалдағышта салық төлеушінің (салық агентінің) не оның өкілінің мөрімен (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен) куәландырылады.

12. Есепті табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз тасымалдағышта – екі данада жасалады, бір данасы есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) және қолын көрсете және мөр (мөртабан) бедерін қоя отырып салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасымалдағышта – салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) ақпаратты компьютермен өңдеуге жол беретін электронды нысанда –салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады..

13. Есепке қосымшаның «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде осы есептің «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.



2-тарау. Есепті толтыру бойынша түсіндірме (101.04)
14. «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық агенті мынадай деректерді көрсетеді:

1) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі


(бизнес-сәйкестендіру нөмірі);

2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – есеп табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

3) салық агентінің атауы-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы;

4) есеп түрі.

Тиісті торкөздер есепті Салық кодексінің 206-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызу ескеріле отырып белгіленеді;

5) хабарлама нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген есеп түрін табыс еткен жағдайда толтырылады.

15. «Есептік көрсеткіштер» деген бөлімде:

1) 101.04.001 І, 101.04.001 ІІ және 101.04.001 ІІІ жолдары салық кезеңінің әр айы үшін бейрезидентке есептелген және төленген табыстардың сомаларын көрсетуге арналған және есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады. 101.04.001 IV жолы 101.04.001 І, 101.04.001 ІІ және 101.04.001 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын осы тармақшада көрсетілген салық кезеңі үшін табыстардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған;

2) 101.04.002 І, 101.04.002 ІІ және 101.04.002 ІІІ жолдары Салық кодексінің 647-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық кезеңінің әр айы үшін бюджетке аударуға жататын табыс салығының сомасын көрсетуге арналған және есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады. 101.04.002 IV жолы 101.04.002 І, 101.04.002 ІІ және 101.04.002 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін салықтың жиынтық сомасын көрсетуге арналған;

3) 101.04.003-жолы салық агенті шегерімге жатқызған, есептелген, бірақ бейрезиденттерге төленбеген табыстардың сомасын көрсетуге арналған. 101.04.003-жолы есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады.

Бейрезиденттердің есептелген, бірақ төленбеген табыстарын шегерімге жатқызу күні болып есепті күнтізбелік жылдың 31 желтоқсаны танылады.101.04.003-жолы есепті күнтізбелік жылдың 4-тоқсаны үшін есепте толтырылады;

4) 101.04.004-жолы бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген, салық агенті шегерімге жатқызған, Салық кодексінің 647-бабы 1-тармағының
2) тармақшасына сәйкес бюджетке аударылуға жататын 101.04.003-жолында көрсетілген табыстарынан алынатын табыс салығының сомасын көрсетуге арналған. 101.04.004-жолы есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады;

5) 101.04.005 І, 101.04.005 ІІ, 101.04.005 ІІІ жолдары Салық көдексінің 644-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес салық кезеңінің әр айы үшін есептелген табыс сомасын көрсетуге арналған және есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады. 101.04.005 IV жолы 101.04.005 І, 101.04.005 ІІ және 101.04.005 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын осы тармақшада көрсетілген салық кезеңі үшін табыс салығының жиынтық сомасын көрсетуге арналған;

6) 101.04.006 І, 101.04.006 ІІ және 101.04.006 ІІІ жолдары Салық кодексінің 647-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес салық кезеңінің әр айы үшін бюджетке аударуға жататын табыс салығының сомасын көрсетуге арналған және есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады. 101.04.006 IV жолы 101.04.006 І, 101.04.006 ІІ және 101.04.006 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін салықтың жиынтық сомасын көрсетуге арналған.

16. «Салық агентiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:

1) «Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген жолда құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

2) есептің табыс етілген күні – есептің мемлекеттік кірістер органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) мемлекеттік кірістер органының коды – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;

4) «Есепті қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген жолда есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

5) есептің қабылданған күні – Салық кодексінің 209-бабы 2-тармағына сәйкес есептің табыс етілген күні;

6) құжаттың кіріс нөмірі – мемлекеттік кірістер органы берген есептің тіркеу нөмірі;

7) пошта штемпелінің күні – пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

Осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларын есепті қағаз тасымалдағышта қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.

17. Есепке қосымшада (101.04):

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында бейрезидентке табысты төлеу жүргізген тоқсанның айы көрсетіледі.

Есептелген, бірақ шегерімге жатқызылған, төленбеген табыстардың сомалары көрсетілген жағдайда, 4-тоқсан ішіндегі есептің В бағаны толтырылмайды;

3) С бағанында табыстар алушы шетел заңды тұлғасының (бұдан әрі – бейрезидент) толық атауы көрсетіледі;

4) D бағанында бейрезиденттің резиденттік елінің коды көрсетіледі.

Ел кодын толтыру кезінде «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының
2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Әлем елдерінің жіктеуіші» деген 22-қосымшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдетілген салық салуы бар мемлекеттерден басқа, елдердің кодтауын пайдалану қажет. Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдетілген салық салуы бар мемлекеттер үшін ел кодын толтырған кезде елдің коды ретінде бұйрыққа сәйкес осындай мемлекеттердің реттік нөмірін пайдаланылады;

5) Е бағанында бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі;

6) F бағанында Салық кодексінің 644-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидент алған осы Қағидалардың
19-тармағына сәйкес табыс түрлерінің коды көрсетіледі;

7) G бағанында дивидендтер түріндегі табыстарды қоспағанда, оған сәйкес табыстар туындайтын бейрезидент пен салық агентінің арасында жасалған келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні көрсетіледі;

8) Н бағанында олар бойынша салықтарды ұстап қалу бойынша міндеттеме туындайтын есептелген және төленген, оның ішінде халықаралық шартқа сәйкес салықтарды ұстаудан босатылған табыс сомасы көрсетіледі.

Операциялар шетел валютасында жасалған кезде, бұл бағанда табысты есептелген күнге немесе алдын-ала төлеген жағдайда, табыстарды төлеген күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген табыстардың есептелген және төленген сомасы көрсетіледі;

9) І бағанында халықаралық шартта немесе Салық кодексінің
646-бабында белгіленген төлем көзінен табыс салығының ставкасы көрсетіледі;

10) J бағанында Салық кодексінің 647-бабына сәйкес бюджетке аударылуы тиіс есептелген және төленген табыстардан табыс салығының сомасы көрсетіледі.

Операциялар (табыс төлеу) шетел валютасында жасалған кезде бұл бағанда табысты төлеген күнге немесе алдын-ала төлеген жағдайда табысты есептеген күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген төлем көзінен табыс салығының сомасы көрсетіледі.

Н – J бағандары бейрезиденттерге есептелген және төленген табыс сомалары бойынша толтырылады;

11) К бағанында салық агенті шегерімге жатқызған, салық кезеңі ішінде бейрезиденттерге есептелген, бірақ төленбеген табыс сомасы көрсетіледі.

Операциялар шетел валютасында жасалған кезде, бұл бағанда Салық кодекстің 314-бабында белгіленген, салық агенті шегерімге жатқызған салық кезеңінің соңғы күніне валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген, бейрезиденттердің төленбеген табыстарының сомасы көрсетіледі.

12) L бағанында халықаралық шартта немесе Салық кодексінің
646-бабында белгіленген төлем көзінен табыс салығының ставкасы көрсетіледі;

13) М бағанында Салық кодексінің 647-бабына сәйкес бюджетке аударылуға тиіс, салық агенті шегерімге жатқызған, есепті салық кезеңі ішінде есептелген, бірақ төленбеген бейрезиденттің табыстарынан алынатын табыс салығының сомасы көрсетіледі.

Операциялар шетел валютасында жасалған кезде бұл бағанда бейрезиденттің табысын шегерімге жатқызған күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген табыс салығының сомасы көрсетіледі.

К – М бағандары шегерімге жатқызылған кезде бейрезиденттерге есептелген, бірақ төленбеген табыстардың сомалары бойынша толтырылады және есепті күнтізбелік жылдың 4-тоқсаны үшін есепте толтырылады;

14) N бағанында Салық көдексінің 644-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес есептелген кірістер сомаларын көрсетіледі. Операциялар (табыстар төлеу) шетел валютасында жасалған кезде бұл бағанда табыс төлеген күнге немесе алдын-ала төлеген жағдайда, табыс есептеген күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;

15) О бағанында халықаралық шартта немесе Салық кодексінің 646-бабында белгіленген төлем көзінен табыс салығының ставкасы көрсетіледі;

16) Р бағанында Салық кодексінің 647-бабына сәйкес бюджетке аударылуға тиіс, Салық кодексінің 644-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес есептелген табыстан бюджетке аударуға жататын табыс салығының сомасын көрсетіледі.

Операциялар шетел валютасында жасалған кезде бұл бағанда резидент еместің табысын шегерімге жатқызған күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген табыс салығының сомасы көрсетіледі.

17) Q бағанында халықаралық шартқа сәйкес салықтарды ұстап қалудан босатылған есептелген (төленген) табыстардың сомасы көрсетіледі. Бұл ретте салықтарды ұстап қалудан босатылған деп халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төмендетілген салық ставкалары қолданылған сомалар да танылады. Операциялар (табыстар төлеу) шетел валютасында жасалған кезде бұл бағанда табыс төлеген күнге немесе алдын-ала төлеген жағдайда, табыс есептеген күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;

18) R бағанында N бағанында көрсетілген табысқа қатысты қолданылған осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес халықаралық шарт түрінің коды көрсетіледі;

19) S бағанында R бағанында 22 кодын көрсеткен кезде R бағанында көрсетілген халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;

20) T бағанында халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі. T бағаны осы Қағидалардың 17-тармағының 4) тармақшасына сәйкес толтырылады. Q-S бағандары егер салық төлеуші ратификацияланған мемлекетаралық және үкіметаралық шарттардың ережелерін қолданған жағдайда толтырылады.

Есепті тоқсанның тиісті айы үшін қосымшаның Н бағанының жиынтық сомалары 101.04.001 I, 101.04.001 II және 101.04.001 III тиісті жолдарына көшіріледі;

J-бағаны – 101.04.002 I, 101.04.002 II және 101.04.002 III тиісті жолдарына;

К бағанының қорытынды сомалары есепке барлық Қосымшасы бойынша жиынтық түрде 101.04.003-жолына, М-бағаны 101.04.004-жолына көшіріледі.

Есепті тоқсанның тиісті айы үшін қосымшаның N бағанының қорытынды сомалары тиісті 101.04.005 I. 101.04.005 II және 101.04.05 III жолдарына көшіріледі. Есепті тоқсанның тиісті айы үшін қосымшаның P бағанының қорытынды сомалары тиісті 101.04.006 I, 101.04.006 II және 101.04.006 III жолдарына көшіріледі.


3-тарау. Табыс түрлерінің кодтары
18. Есеп толтыру кезінде мынадай табыс түрлерін кодтауды пайдалану қажет.

Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс түрлерінің кодтары:

1010 – Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түсетін кіріс, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, оның шегінен тыс жердегі тауарларды өткізуден түсетін кіріс;

1020 – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кіріс;

1030 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін кіріс;

1040 – уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдетілген салық салуы бар мемлекетте тiркелген тұлғаның нақты орындалу, көрсету орындарына қарамастан, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ Салық кодексінің 644-бабында белгiленген өзге де кірістер;



1050 – уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдетілген салық салуы бар мемлекетте тiркелген тұлғаның мынадай:

аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткен соң бейрезидент қанағаттанбаған;

аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде таратудың салықтық есептілігін ұсынған күнге бейрезидент қанағаттанбаған шарттардың бірін орындаған кезде алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістері;

1060 – мыналарды:

құқығы немесе мәмілелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті;

резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент-заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;

бейрезидент шығарған акцияларды, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін, егер бейрезидент-заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс;

1070 – талап ету құқығын басқаға берген бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидент-заңды тұлғаға борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс;

1080 – талап ету құқығын сатып алатын бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезидент-заңды тұлғадан борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс;

1090 – бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және басқа да санкция түрлері түріндегі кіріс;

1100 – резидент-заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған инвестициялық пай қорларынан алынатын дивидендтер түріндегі кіріс;

1110 – борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар түріндегі кіріс;

1120 – эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі кіріс;

1130 – роялти түріндегі кіріс;

1140 – қаржы лизингінен басқа, Қазақстан Республикасында орналасқан немесе орналасатын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруден түсетін кіріс;

1150 – Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүліктен алынатын кіріс;

1160 – Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кіріс;

1170 – халықаралық тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;

1180 – теңіз тасымалы шартында (келісімшартында) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операциялары кезінде кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі кіріс;

1190 – Қазақстан Республикасының аумағындағы құбыржолдарды, электр беру желілерін, талшықты-оптикалық байланыс желілерін пайдаланудан алынатын кіріс;

1200 – жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасалған еңбек келісімшарты (келісімі, келісімшарты) бойынша бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірістері;

1210 – еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты бойынша бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;

1220 – резидентке қатысты өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты, мұндай міндеттерді нақты орындайтын жеріне қарамастан, басшының гонорары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелеріне аталған адамдар алатын өзге де төлемдер;

1230 – жұмыс берушілер болып табылатын резидент немесе бейрезидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты бейрезидент-жеке тұлғаға төлейтін үстемеақылары;

1240 – бейрезидент-жеке тұлғаның жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірісі;

1250 – бейрезидент-жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі кірісі;

1260 – резидент-жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;

1270 – қалай және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, театр, кино, радио, телевизия әртісінің, музыканттың, суретшінің, спортшының және өзге де бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы мәдениет, өнер және спорт саласындағы қызметтен түсетін кірісі;

1280 – ұтыс түріндегі кіріс;

1290 – Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызметтер көрсетуден түсетін кіріс;

1300 – бейрезидент-жеке тұлғаның резидент-жеке тұлғадан өтеусіз алған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс;

1310 – туынды қаржы құралдары бойынша кіріс;

1320 – сенімгерлік басқару құрылтайшысы болып табылатын бейрезидент үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемесін орындау жүктелмеген резидентке мүлікті сенімгерлік басқаруға беруден алынған кіріс;

1330 – ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс;

1340 – Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметтен пайда болған басқа да кірістер.



4-тарау. Халықаралық шарт (келісім) түрлерінің кодтары
19. Есепті толтыру кезінде халықаралық шарттар (келісім) түрінің мынадай кодталуын пайдалану қажет:

01 – Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға алдын алу туралы конвенция;

02 – Ислам Даму Банкiнiң Құрылтай шарты;

03 – Орта Азия Өңірлік экологиялық орталығы жұмысының шарттары туралы келісім;

04 – Азия Даму Банкінің Құрылтай шарты;

05 – Жаңа үкіметтік ғимараттың құрылысы жобасына грантты пайдалану бойынша келісім;

06 – Қаржылық ынтымақтастық туралы келісім;

07 – Өзара түсiнiстiк туралы меморандум;

08 – Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім;

09 – Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiнiң келісімі;

10 – Халықаралық валюталық қордың келісімі;

11 – Халықаралық қаржылық корпорацияның келісімі;

12 – Инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенция;

13 – Еуропалық Қайта құру және Даму Банкiн құру туралы келісім;

14 – Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы;

15 – Орта Азия университетін құру жөніндегі шарт;

16 – Инвестициялар кепiлдiгiнiң көп жақты агенттiгiн құру туралы конвенция;

17 – «Нұр–Мүбәрак» ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісім;

18 – Әуе қатынасы туралы келісім;

19 – «Агросервистік қызметті қолдау» жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісім;

20 – «Қазақстан Республикасында ауылдық елдi-мекендердi сумен жабдықтау» жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Yкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiм;

21 – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция;



22 – өзге де халықаралық шарттар (келісімдер, конвенциялар).


Каталог: sites -> default -> files -> npa -> fno -> 2018 27032018 -> fno pravila kaz
fno -> Нысан Жалпы ережелер
fno -> Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары
fno -> Банктік қызметті, сондай-ақ лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептiлiгiн жасау қағидалары
fno -> Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
fno -> Нысан Жалпы ережелер
fno -> Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
fno -> Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебінің салық есептілігін жасау қағидалары
fno -> Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
fno -> Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет