Бейсенбекова Нурсахан Ахметқызы



жүктеу 115.09 Kb.
Дата19.05.2018
өлшемі115.09 Kb.

Бейсенбекова Нурсахан Ахметқызы

т.ғ.к., доцент

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы,

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,

«Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры

nurapai@mail.ru
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯСЫ «МӘҢГІЛІК ЕЛ»
Аннотация. Мақаланың негізгі мақсаты сонау Түрік қағанаттынан бастап бүгінгі кунге дейінгі Ұлы Даланың Мәнгілік Ел идеясының қалыптасу және даму жолдарын көрсету. Соған орай көне дәуір деректері Күлтегін, Білге қағанның тарихи сөздеріне талдау жасай отырып, урпақ сабақтастығын көрсету. Сонымен қатар мақаладағы негізгі талдау Қазақ хандығы дәуірінде өмір сурген Асан Қайғының «Жерүйық» идеясының бүгін Мәнгілік Ел идеясына дейінгі даму жолы баяндалады.
Кілт сөздері: Мәнгілік Ел, Тәуелсіздік, Қазақ хандығы, Ұлы Дала, тарихи тұлғалар, қазақ ойшылдар, қазақ халқы мемлекеті
Өзектілігі. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап тойлап отырған Қазақстан мемлекеті өткен тарихының сабақтарымен бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуын халық бірлігінің, жетістігінің нәтижесін сараптай келе мемлекеттің ұлттық идеологиясы ретінде Ұлы Даланың «Мәңгілік Ел» идеясын негіз етіп алды. Осы идеяның қалыптасуы, дамуы және бүгінгі күнмен байланысы туралы зерттеу өзекті. Сондықтан да осы мақаланың негізгі мақсаты сонау Көне түріктерден бастап Ұлы Далада өмір сүріп, артына өшпес мұра, жер бетінде мәңгілік із қалдырған қазақтың ұлттық ұстанымын зерттеу, оны бүгінгі күнмен байланыстыру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелер қаралды.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізгі мәселелері талқыланады [1].



«Мәңгілік Ел» ұғымының тарихи негіздерін түсіндіруді көне түрік мұраларын оқып үйренуден бастаған дұрыс. Біздің ойымызша, «Мәңгілік Ел» деген тұжырымдаманы сонау Түрік қағанатының кезіндегі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған. Елтеріс Құтлық қаған Екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік Ел» идеясының мәнін түсіндерген. «Мәңгілік Ел» идеясының басты мақсаты жер бетінде түріктес халықтардың жойылып кетпеуін қамтамасыз ету. Яғни, елдің қауіпсіздігін сақтау, геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін (шекрасын) бекіту сияқты «Мәңгілік Ел» саясатын іске асыру жолындағы азаттық күресі мен «Мәңгілік Ел» идеясының түп тамыры тарихи тұлғалардың еңбектерінде берілген [2, 39 б].

Сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» болып сақталып қалу үшін мемлекетіміздегі ел бірлігі, халықтардың достығы «бір - халық бір - ел бір - тағдыр» деген ұстаным Күлтегін жазуларындағы тұжырымдаманың іске асуы болып табылады. Күлтегін жазуында «түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» - деген жолдарды талдай келе бүгінгі қазақ жерінде еліміздің тарих сахнасынан жоғалып кетпеуін, сақталуын қамтамасыз ету үрдісі тұр. «Мәңгілік Ел» дегеніміз - мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп санады көне түрік ғұламалары.

Ғұлама ойшыл, сазгер, қобызын Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді. Қорқыт атаның мәңгі өмірді іздегені халқының жер бетінде ізі қалып, жойылып кетпеуі деп түсіну керек [3, 61 б].

Ұлы даланың «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасы қазақ халқының тарихының әр кезеңінде өз ғалым, идеологтары болды. Соның бірі Әбу Насыр Әл-Фараби. Әл-Фарабидің «Қайырымды қала» еңбегі жер бетіндегі жойылып кетпеуінің бірден бір себебі оның парасаттылығында. Адам өзін-өзі жетілдіру үшін үнемі оқу керек, іздену керек. Оқу - білімнің адам өмірінде де, қоғам өмірінде де мәнінің жоғары екендігін жазған [4, 200 б].

Қазақ халқы «Мәңгілік Ел» болу үшін білім мен қатар тәрбие беруге де үлкен мән берген. Ұл бала ел қорғаушысы, қыз бала ошақтың иесі. Ұлға ел қорғау билігі беріледі, қыз балаға ошаққа ие болу билігі беріледі. Шаңырақты сақтап қалуды білген ғана халық «Мәңгілік Ел» бола алады.

Бүгінгі Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтып отырған «Мәңгілік Ел» идеологиясының өміршеңдігі қазақ мемлекетінің рухани, экономикалық дамуының нәтижесінде ғана іске асады. Экономикалық жағынан, рухани жағынан жақсы дамыған, әділ заңы болған ел ғана мәңгі өлмейтін ел бола алатындығын кезінде Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» еңбегінде жазды [5, 281 б].

ХV ғасырдың екінші жартысында Ұлы Далада қазақ халқының өзінің ұлттық мемлекеті Қазақ хандығы құрылды. Халықтың болашағы үшін алаңдаған Асан Қайғы желмаясына мініп жаңадан құрылған хандық үшін «Жерұйық» іздеп шыққан кезі осы заманның тұсында болды.

Асан Қайғының желмаясына мініп жаңадан құрылған хандықтың халқын топтастырып, елге құтты қоныс болатын жер іздеді. Қазақ халқының Асан Қайғының іздеген «Жерұйық» ілімі, қазіргі саяси тілмен айтсақ, геосаясат болып шығады. Жаңадан құрылатын қазақ хандығы қай жерде құрылуы керек деген геосаясат мәселесімен айналысқан тұлға халық даналығында Асан Қайғы болып тұр [6].

Ежелгі түркілер заманынан басталған «Мәңгілік ел» идеясының заңды тарихи жалғасы болған «Жерұйық» идеясы XV – XVIII ғғ. Қазақ хандығы мемлекетіндегі қоғамдық дамумен өрлеудің локомативі болып, халықты ұйыстырушы идеологиялық құрал болды. «Жерұйық» идеясымен шебер ұштастырған Асан Қайғы [7, 378-380 б].

Қазақ ойшылдарының ойы бойынша «Мәңгілік Ел» болудың тағы бір ұстанымы мемлекетті басқаруға қажетті нұсқауларды көрсетеді. Ол Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінде былай деп тұжырымдалады: өз елін аздырмайтын, тоздырмайтын көшбасшы туралы ел билеу теориясын тұжырымдады. Ол ел басқарудың он рухани, әкімшілік негіздері мен шарттарын ұсынады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің ел басқаруға көрсеткен осы шарттары «Мәңгілік Ел» болуға апаратын әдістердің бірі. V ғасыр бойы өзінің тарихи танымдық, практикалық, танымдық мәнін жоймай келе жатқан бұл шарттар «Мәңгілік идея» болып табылады [8, 312 б].

Қазақ хандығы өз алдына дербес мемлекет болып құрылған кезде жан-жақты қауіптен сақтанып, Ұлы далада «Мәңгілік Ел» болып қалудың негізгі тарихи істерін атқарды: қазақ елінің шекарасын анықтады, территориясын кеңейтті, хандықты нығайтты. Сонымен қатар, мәңгі өлмейтін мемлекетті басқарудың құқықтық негіздемесі «Жеті жарғы» жасалды. Ұлы даланы басқарудың құқықтық негізі «Жеті жарғыда» көрсетілді. Ондағы басты қағидалар жерді, елдің бірлігін сақтау, көрші елдермен тату тұру, рақымшыл, қайырымды болу, елге қауіп төндіретін іс-әрекеттерді жасаған жағдайда қатаң жазалау. Олай болса, қазақ даласындағы Тәуке хан тұсынан бері қарай келе жатқан ел болып қалудың ұстанымы әділ заң, әділ ел билеушісі болып келеді. Қазақ елінің дәстүрлі Дала заңының озық демократиялық негіздері бүгінгі тәуелсіз еліміздің ата-заңында жалғасын тапты. Бұл да «Мәңгілік Ел» идеясының нақты айғағы болып саналады [9, 46 б].

Қазақ халқы мемлекеттілігінің сақталып қалу жолында ел басқарушылардың жанында ақылгөй, данышпан билері болды.

Қазақ халқы ежелден-ақ бейбітшілікті жақтайтын, достыққа адал, елінің құт берекесін сақтау үшін туған жеріне қауіп төндіретіндерді аямайтын, батыр халық екендігін және басқалармен терезесі тең тұратын халық болғандығы жөнінде қазақтың үш биінің қанатты сөздерінде кездеседі [10, 87-96 б].

XV ғасырдан басталып XX ғасырдың басына дейін өмір сүрген ақын-жыраулардың еңбектерінде де «Мәңгілік Ел» идеясы жалғасын тапқан. Қазтуған Сүйінішұлы шығармаларында елді, жерді жалға бермеуді соның ішінде, Еділді, Жайықты жауға бермеуді айтады. Ол бүгінгі біздің «Мәңгілік Ел» идеологиямызға тарихи тұғырын түсіндіруге өте қажет [11, 81 б].

XIX ғасырдың ортасында өздері зар заман ақындары деп айдар тағып, тарихта ізін қалдырған ақын-жыраулардың еңбектерінен «Мәңгілік Ел» болудың негізгі принциптерін оқуға болады.

Халықтың жеке ел болып, билігі өз қолдарында болып, кең-байтақ қазақ даласын еркін жайлаған, өткен кезеңін аңсаған ақын-жыраулардың жыр-өлеңдері тарих сахнасына шықты, олардың деректік мәні өте жоғары. Олардың қатарынан біз Шортанбай, Дулат, Мұрат ақындарды көреміз.

Шортанбай ақын өз дәуіріндегі отаршылдықтың қазақ халқына әкелген зорлық-зомбылығын және ұлттық салт-дәстүрге тұрпайы мінез-құлықтың тарап бара жатқандығынан сақтандырып айтады. Халқымызды жат мінез-құлықтан сақтандырған, өлең жолдарының біздің заманымызға дейін мәңгі өшпес тәрбиелік маңызы бар. Өйткені оның жырларында ел билеушілерге де, қарапайым еңбекші халыққа да, қазақтың қызы мен ұлына да, қажетті ар-намыс, адалдық туралы өсиет бар [12].

XIX ғасырда қазақ халқы өзінің тәуелсіздігінен бір жолата айырылған елге сырттан келе жатқан жағымсыз іс-әрекеттерді көріп, олардың болашағына алаңдаған Мұрат Мөңкеұлы: «... аузы басын түк басқан, ащы суға үйренген ұрпақ келема деп қорқамын». Өйткені, бұл жыр жолдарында мәңгі өлмейтін ұлтжандылық, елін сүйгіш жастарды тәрбиелеу жайлы баяндалған. Өзінің замандастары сияқты Дулат Бабатайұлы да қазақ халқының басына төнген қауіпті көрді, сезді [13]. Олар қазақтың өз ішінен шыққан билер мен бектердің, дуанбасыларының, байлардың Ресей отаршылдық ел басқару жүйесінен үйренген жаман қылықтарын сынап жазды.

Азаттық үшін ән мен жырды жазған ақын-жыраулармен қатар елінің елдігін, жерінің кеңдігін сақтап қалу үшін қолына қару алып күрескен батырлардың іс-әрекетінде де мәңгі өлмейтін ерлік, мықты рух бар. Азаттық жолында қазақ даласында 300-ден аса ұлт-азаттық көтерілістер болды. Мысалы, Исатай мен Махамбет әрі батыр, әрі шешен бола тұрып, елінің бүгінде есінен кетпейтін ерлік жасады, азаттықтың жырын жазды [14, 236 б]. Азаттық пен тәуелсіздік жолындағы күрестің қысқа да болса нәтижесі Кенесарыдан Қазақ хандығын қайта қалпына келтірді. Бұл тарихи оқиға ел болу үшін, елдің ішіндегі бірлік, татулық, тұтастық қажет екендігін дәлелдеді.

Отаршыл елдің озбыр саясатына қарсы тұра қазақ халқының ұлттық мүддесін ойлаған, қазақ халқы мәңгі өлмес үшін оқу - білімнің, ағартушылықтың қажет екендігін түсінген тарихи тұлға Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов болды. Шоқан Уәлиханов орыс тілін жетік білгендіктен Ресей зиялы қауымына қазақ даласының өзіндік ерекше тарихы, мәдениеті туралы ғылыми мақалалары арқылы таныстырды. Қазақ даласында оқыту, ағарту мәселелерін дұрыс жолға қою жөнінде Ресей билігінің алдында талап қоя білді. Қазақтың өзін-өзі танып білуі үшін қазақтың дәстүрлі сот жүйесі, қазақ билері туралы, жерді реттеу әдістеріне байланысты Ресейдің қазақ даласындағы «Жер реформасына» сын-пікір айта білді [15, 9 б].

Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанда басқа этностардың көп болуы ежелден келе жатқан халықтар арасындағы сыйластықтың тарихын білуді қажет етеді. Өйткені ол «Мәңгілік Елде» тұрақтылықтың болуына ықпалын тигізеді.

Ұлы Далада мекендеген қазақ халқының мәңгі өлмес рухани дүниесінің бар екендігін көрген, естіген, және оның болашығына сенген Адольф Янушкевич: «...придет время, когда кочующий сегодня номад займет почетное место среди народов, которые нынче смотрят на него сверху вниз...» деп баға берген болатын [16].

XX ғасырда жер бетінде ұлт болып сақталу үшін қазақтың азаттық күресінің жаңа кезеңі басталды. Бұл күрестің мазмұны да, формасы да бұрынғыларға қарағанда өзгеше болды. Қазақтың азаттық, демократиялық күресінің орталығы арқа жеріндегі Қарқаралы болды. Осы қалада жаңа ғасырда (XX ғ.) қазақтың мәңгілік өмірі үшін күрес жолындағы атақты «Қарқаралы петициясы» жазылды. Бұл күресті бастаған Алаш зиялылары еді. Қазақ зиялылары бұл құжатта қазақтың арын, намысын қорғап, Ресей патшалығының алдына саяси талап қойды. Бұл петиция кешегі Білге қағанның кезінде тасқа ойып жазған тұжырымдаманың жалғасы іспеттес. Олай болса «Мәңгілік Ел» болудың идеясы VI ғасырдан бастап қазақ даласында ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан елдіктің басты мақсаты, арманы болғандығының дәлелі.

Олар «Мәңгілік Ел» болудағы күресті жүргізуде оқыған қазақ жастарына үлкен үміт артты. Сондықтан да, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялылары ел болу үшін жастарды тәрбиелеуге үлкен көңіл болды [17, 25-30 б].

Ұлы Дала елінде демократия мен гуманизмнің айқын үлгісін көрсеткен екі тұлға Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлихан Бөкейхан. Олар өз еңбектерінде «Мәңгілік Ел» болып қалудың экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани тұғырын көрсетті. Ұлттың болашағы Тәуелсіз мемлекет құру, елді басқару, жерге қоныстану және шаруашылық жүргізу, мемлекетті қорғау, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаты, бала тәрбиесі, оқу-ағарту, тіл, дін тағы басқа ұлттық мүддені білдіретін мәселелерді күн тәртібіне қоя білді. Ал, олардың бұл айтқандары қазақ мемлекетінің «Мәңгілік Ел» болып қалудағы өзекті мәселелері еді. Осы жолда өмірінің соңына дейін күрескен, бүгінде туғанына 150 жыл толып отырған, бүкіл әлем мойындаған, қазақтың мұңын мұңдаған, тарихын жазған, ұлт көшбасшысы, ұлт мақтанышы, ұлт жанашыры, бірінші призденті, Алаштың Әлиханы атанған - Әлихан Бөкейхан [18].

Алаш зиялыларының мәңгілік арманы өз халқының тәуелсіз болуы. Осыны түсіне білген Қазақстанда өмір сүрген Ресейдің алдыңғы қатарлы демократ ғалымдары да терең ойлы пікірлер айтқан. Соның бірі Әлихан Бөкейханның досы Г. Потанин: «Қараөткел Алаштың ортасы (астанасы Н.Б.) болса, онда университет салып, қазақтың ұлын-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуды» шығарған, Шоқан, Абайды, Ахмет, Міржақыпты дүниеге әкелген қазақтың кім екенін Европа білер еді-ау...» [19].

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихи даму жолындағы ең маңызды оқиға – еліміздің ғасырлар тоғысында яғни ХХ ғасыр соңында Тәуелсіздікке қол жеткізу. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы үлкен беделі көптеген мемлекеттерге үлгі болып келеді. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 1999 жылғы жарық көрген «Тарих толқыны» еңбегінде қазақ зиялыларының ұлттық идеяны қалыптастырудағы орнына кең тоқталды [20, 161 б].

Қазақстанды Әлемге таныту Н.Ә. Назарбаев есімімен байланысты. Қазақстан халқы үшін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеяны 2014 жылы 17 қаңтарда Ұлт лидері Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының» жариялады. Бұл Жолдауда қазақ ұлтын биік мақсаттар мен армандарға жетелейтін күш - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы болатынын былай деп жеткізді: «Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел. Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым!», - деп еліміздің тарихында жаңа рухани-мәдени және қоғамдық – саяси жаңғыру кезеңінің басталғанын салатанатты түрде жариялады. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық идеологясы «Мәңгілік Ел» деген атаумен қабылданды. Бүгінде осы идеяны іске асыру бағытында игі істер атқарылуда.


Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты// Егемен Қазақстан, 2012, 14 желтоқсан.

2. Тарих – адамзат ақыл ойының қазынасы: Он томдық. – Т. 10: Түркі халықтарының тарихи ойы. – Астана: Фолиант, 2006. – 39 б.

3. Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» Алматы «АНА ТІЛІ»; – 1991 ж. 61б.

4. Әл-Фараби. Таңдамалы трактаттары. / Құрастырғандар: Нысанбаев Ә., Құрманғалиева Ғ., Сандыбаев Ж. – Алматы: Арыс, 2009. – 200 б.

5. Жүсіп Баласағұн. Құтты Білік. Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 281 б.

6. Қоңыратбаев Ə. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 288 б.

7. Бес ғасыр жырлайды - 2 томдық, Алматы. Жазушы, 1989. 2 томдық. – 378-380 б.



8. Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди. – Алматы: М.Х. Дулати қоғамдық қоры, 2003. – 312 б.

9. Омарханов Қ. Қазақ елінің дәстүрлі құқығы. I-кітап. - Астана : Елорда, 2003. – 46 б.

10. Зиманов С.З. Қазақтың билер соты – бірегей сот жүйесі. –Алматы: Атамұра, 2008. -87-96 б.

11. Бес ғасыр жырлайды -3 томдық, Алматы. Жазушы, 1989. Т.2-81-106 б.

12. Шортанбай. Толғаулар, айтыстар, дастан. Алматы: Айқап, 1993.

13. Омарұлы, Б. Зар заман әдебиеті. (Монография) - Астана: Елорда, 2005. - 372 бет.



14. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. «Алматыкітап баспасы», 2009. -236б.

15. Шоқан Уәлиханов.Таңдамалы. Алматы, 1980. -9 б.

16. Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар немесе Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар/ А. Янушкевич -Алматы: Жалын, 1979.

17. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы: Білім, 1990.-25-30 б .

18. Таңдамалы: Шығармалар жинағы. 2-кiтап / Бөкейхан, Әлихан. - Алматы: Өлке, 2003. - 224 б.



19. Дулатұлы М. Шығармалары: Мақалалар мен зерттеулер. 2-т. Алматы: Ғылым, 1997. -344 б.

20. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы. «Атамұра» баспасы. 1999 ж. -161 б.




Beisenbekova Nursahan Ahmetovna

candidate of historical sciences, docent

Republic of Kazakhstan, Karaganda c.

Karaganda State University

named E.A.Buketov

director of research center «Tulgatanu»



nurapai@mail.ru
THE NATIONAL IDEA OF THE REPUBLIC

OF KAZAKHSTAN, “MANGILIK EL”
Annotation. This paper considers the key stages in the formation and development of the idea of the Great Steppe, “Mangilik El” –from the days of Turkic Khanate to our days. “Mangilik El” has always been the main concept of the Great Steppe what can be confirmed by the statement of Kultegin, Bilge Kagan and others. One of the most important sources on this subject is the spiritual legacy of founding fathers, statesmen, and ideologists of Kazakh Khanate, particularly the idea of “Zheruiyk” of Assan Kaigy, which has been reflected in the modern interpretation of the Mangilik El concept.

Keywords: Mangilik El, independence, Kazakh Khanate, Great Steppe, historical figures, Kazakh intellectuals, Kazakh statehood.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет